Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет27/352
Дата03.01.2022
өлшемі1.9 Mb.
#451576
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   352
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

125-бап. Адамды ұрлау

1. Адамды ұрлау – 

төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 

2) бiрнеше рет

3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып; 

4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып

5) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты; 

6) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрінеу белгілі әйелге қатысты

7) екi немесе одан да көп адамға қатысты; 

8) пайдакүнемдiк ниетпен жасалған

9) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған; 

10) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды бұрмалап, жасырып не жойып жасалған дәл сол іс-әрекет – 

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды: 

1) қылмыстық топ жасаса; 

2) ұрланған адамды қанау мақсатында жасалса

3) абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса – 

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. Ұрланған адамды өз еркiмен босатқан адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 

Ескерту. 125-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   352




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет