Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет28/352
Дата03.01.2022
өлшемі1.9 Mb.
#451576
түріКодекс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   352
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру

1. Адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан заңсыз айыру – 

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 

2) бiрнеше рет

3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып; 

4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып

5) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты; 

6) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты

7) екi немесе одан да көп адамға қатысты; 

8) пайдакүнемдiк ниетпен; 

9) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзгедей тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалған

10) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған; 

11) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды бұрмалап, жасырып не жойып жасалған дәл сол іс-әрекет – 

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды: 

1) қылмыстық топ жасаса; 

2) заңсыз бас бостандығынан айырылған адамды қанау мақсатында жасалса

3) абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса – 

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 126-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   352




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет