Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет270/352
Дата03.01.2022
өлшемі1.9 Mb.
#451576
түріКодекс
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   352
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

380-бап. Билік өкiлiне қатысты күш қолдану

1. Билік өкiлiнің өз қызметтік мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру –  

үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдарға қатысты олардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш қолдану – 

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, мынадай: 

1) екi немесе одан көп адамға қатысты

2) кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан

3) аса қатыгездiкпен; 

4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 

5) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен

6) бірнеше рет; 

7) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты

8) төтенше жағдай кезiнде немесе жаппай тәртiпсiздiк барысында; 

9) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет – 

жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 380-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   352




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет