Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет318/352
Дата03.01.2022
өлшемі1.9 Mb.
#451576
түріКодекс
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   352
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

426-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу

1. Жазасын өтеп жүрген немесе алдын ала қамауға алынған адамның бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашуы – 

үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған

2) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп

3) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып 

жасалған дәл сол іс-әрекет – 

үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. Қашқан кезiнен бастап жетi күн мерзiмде қамауға алу немесе күзетпен ұстау орнына өз еркiмен қайтып оралған адам, егер ол өзге жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасамаса және егер қашуы осы баптың екiншi бөлiгiнің 2) және 3) тармақтарында көзделген әрекеттермен ұштаспаған болса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   352




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет