267-бап. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру
1. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды құру, сол сияқты осындай құралымға басшылық ету –
екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымға қатысу –
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Заңсыз әскерилендірілген құралымға қатысуын өз еркімен тоқтатқан және қаруы мен әскери жарағын тапсырған адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 267-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |