116-бап. Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою
1. Трансплантациялау не өзгедей пайдалану үшiн тірі адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою, сол сияқты тірі адамның ағзалары мен тiндерiне қатысты заңсыз мәмiлелер жасасу –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрiнеу белгілі адамға қатысты;
2) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
3) екi және одан да көп адамға қатысты;
4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
5) бiрнеше рет;
6) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
7) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;
8) алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен;
9) адам өзiнің қызмет бабын пайдалана отырып;
10) жәбiрленушінің материалдық немесе өзгедей тәуелділігін пайдаланып жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда жәбiрленушiнің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |