290-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау
1. Атыс қаруын, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету тапсырылған адамның өз мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, егер бұл олардың жымқырылуына немесе жойылуына не өзге де ауыр зардаптардың туындауына әкеп соқса, –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Жаппай қырып-жою қаруын не жаппай қырып-жою қаруын жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдарды немесе жабдықты күзету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау, егер бұл ауыр зардаптарға әкеп соқса не олардың туындау қатерін туғызса, –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 290-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |