Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет225/352
Дата03.01.2022
өлшемі1.9 Mb.
#451576
түріКодекс
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   352
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

335-бап. Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу

1. Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу, егер бұл іс-әрекет: 

1) айтарлықтай залал келтіре отырып

2) жарылғыш немесе химиялық заттар, электр тогы не балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерін жаппай жоюдың өзге де тәсiлдерi қолданыла отырып жасалса, – 

мүлкi тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет – 

мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген: 

1) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға, оның ішінде бекіре тұқымдас балық түрлеріне қатысты; 

2) уылдырық шашатын орындарда, басқа да су жануарларының көбею орындарында немесе ол жерге өріс аудару жолдарында; 

3) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып

4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 

5) өздiгiнен жүретiн жүзгiш көлiк құралы пайдаланылып; 

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және төтенше экологиялық ахуал аумақтарында жасалған іс-әрекеттер – 

мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзiмге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген, мынадай: 

1) iрi залал келтiре отырып жасалған; 

2) қылмыстық топ; 

3) балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін қолға түсіру жөніндегі қызметпен айналысу құқығынан айырылған адам жасаған іс-әрекеттер – 

мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 335-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   352




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет