Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет288/352
Дата03.01.2022
өлшемі1.9 Mb.
#451576
түріКодекс
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   352
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

396-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын құқыққа қайшы өзгерту

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын құқыққа қайшы өзгерту мақсатында шекаралық белгiлердi алып тастау, орнын ауыстыру немесе жою – 

екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Бiрнеше рет жасалған немесе ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер – 

төрт мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 396-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   352




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет