397-бап. Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл эмблемалары мен белгiлерiн заңсыз пайдалану
Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл эмблемалары мен айырым белгiлерiн, сол сияқты Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл атауын заңсыз пайдалану –
бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Ескерту. 397-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |