431-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға сот белгiлеген әкiмшiлiк қадағалаудан жалтару
Қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерін өз бетімен тастап кетуінен немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейiн қадағалаудағы адамның таңдап алған тұрғылықты жерiне, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, бес тәулік ішінде бармауынан көрінген, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға сот белгiлеген әкiмшiлiк қадағалаудан жалтару –
бір мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 431-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |