Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет328/352
Дата03.01.2022
өлшемі1.9 Mb.
#451576
түріКодекс
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   352
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

438-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүрлеу

1. Бастыққа, сол сияқты өзiне жүктелген әскери қызмет  

мiндетін орындайтын өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны осы мiндеттердi бұзуға күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру арқылы мәжбүрлеу – 

екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не елу тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамаққа алуға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған

2) қару немесе арнайы құралдар қолданып

3) денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiріп жасалған дәл сол іс-әрекет – 

үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған, сол сияқты адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер – 

он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер – 

он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады. 

Ескерту. 438-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   352




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет