Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi



бет16/33
Дата24.02.2016
өлшемі1.88 Mb.
#16149
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
Заңымен (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.06.10. № 343-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 183-бап өзгертілді

183-бап. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату

1. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi алдын ала уәделеспей сатып алу немесе сату -

елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Нақ сол әрекет:



а) автомобильге, мұнай және мұнай өнімдеріне немесе ірі мөлшердегі өзге мүлікке қатысты;

б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасаса;

в) бірнеше рет жасалса, -

г) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салып немесе мүлкi тәркiленiп немесе онсыз төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген ұйымдасқан топ немесе адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеттер -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2010.06.10. № 343-ІV ҚР Заңымен 183-1-баппен толықтырылды



183-1-бап. Мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу

1. Мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды ірі мөлшерде тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу

қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлік тәркіленіп, екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттерді:

а) бірнеше рет;

б) ұйымдасқан топ жасаса, -

сотталған адамның мүлкі тәркіленіп не онсыз, сондай-ақ қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлік тәркіленіп, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 184-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 90-III Заңымен (бұр. ред. қара) 184-бап жаңа редакцияда; 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 184-бап өзгертілді; 2012.12.01. № 537-IV ҚР Заңымен 184-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



184-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу

1. Авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл әрекет автордың немесе өзге де құқық иеленушiнің құқықтарына немесе заңды мүдделерiне айтарлықтай зиян, оның ішінде елеулі залалға әкеп соқтырған айтарлықтай зиян келтiрсе, -

жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын елеулі мөлшерде жасалған сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, -



бес жүзден жеті жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

3. Электрондық цифрлық форматтағы туындылардың және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналарын алмастыруға, сақтауға, тасымалдауға одан әрі қол жеткізу үшін интернет-ресурстарды ұйымдастыру, құру арқылы елеулі залал келтірген авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, -



алты жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жүз сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

4. Осы баптың екiншi және үшінші бөлiктерiнде көзделген:



а) бiрнеше рет;

б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;

в) iрi мөлшерде немесе iрi залал келтiрген;

г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2005.22.11 № 90-III  ҚР Заңымен 184-1-баппен толықтырылды; 2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 184-1-бап өзгертілді



184-1-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу

1. Өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгінің, селекциялық жетістіктің немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнін, олар туралы мәліметтер ресми түрде жарияланғанға дейін автордың немесе арыз берушінің келісімінсіз жария ету, сол сияқты авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер осы әрекеттер авторға немесе өзге құқық иеленушіге елеулі залал келтірсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірсе, -

жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті немесе интегралдық микросхема топологиясын елеулі мөлшерде жасалған заңсыз пайдалану, -

бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген:

а) бірнеше рет;

б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;

в) ірі мөлшерде немесе ірі залал келтірген;

г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту.

1. Егер залалдың мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтардың объектілері даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе acca, осы Кодекстің 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер елеулі залал келтірген немесе елеулі мөлшерде жасалған деп танылады.

2. Егер залалдың мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтардың объектілері даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе acca, осы Кодекстің 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер ірі залал келтірген немесе ірі мөлшерде жасалған деп танылады.

 

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара)  185-бап өзгертілді



185-бап. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену

1. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап кету) -



бес жүз айлық есептік көрсеткіштен екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекет:

а) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша;

б) бiрнеше рет;

в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолданумен не дәл сондай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса -

бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топ жасаған не iрi зиян келтiрген әрекеттер -

бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданумен не сондай күш қолданбақшы болып қорқытумен жасалған әрекеттер -

алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 186-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 186-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

186-бап. Жерге заттай құқықтарды бұзу

1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соққан, күш қолдану арқылы не күш қолданамын деп қорқыту арқылы немесе адамдар тобымен немесе заңсыз тiнтумен ұласып жасалған бөтен жер учаскесiне заңсыз кiрiп кету, сол сияқты бөтен бiреудiң жер учаскесiн заңсыз басып алу -



айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi адамның өз қызмет бабын пайдаланып жасауы, -



айлық есептiк көрсеткiштің бес жүзден сегiз жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 187-бап өзгертілді



187-бап. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру

1. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру, едәуiр зиян келтiрсе -



айлық есептiк көрсеткiштің елуден бір жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жүз сағаттан бір жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттер:

а) өрт қою, жару арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi әдiстермен жасалса;

б) абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса;

в) жәбiрленушiнiң өзiнiң қызметтiк немесе қоғамдық борышын орындауымен байланысты не өзiнiң жақын туыстары жөнiнде нақ сондай себептермен жасалса;

г) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық себептер бойынша жасалса, -



екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:

а) абайсызда адам өлiмiне;

б) тарих, мәдениет ескерткiштерiн, табиғат кешендерiн немесе мемлекет қорғауға алған объектiлердi, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды жоюға немесе бүлдiруге әкеп соққан әрекеттер -

үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асып түсетiн зиян мөлшерi елеулi зиян деп танылады.

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 188-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 188-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



188-бап. Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру

Отпен немесе өзге де аса қауiптi көздермен абайсыз жұмыс iстеу салдарынан болған не абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан бөтен адамның мүлкін жою немесе бүлдіру -

айлық есептiк көрсеткiштің екі жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

 

 



7-тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 189-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



189-бап. 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) .

 

ҚР 16.07.99 ж. № 430-1; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 190-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 190-бап өзгертілді



190-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк

1. Кәсiпкерлiк қызметтi тiркеуден өтпей не рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсiпкерлiктiң тыйым салынған түрлерiмен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен байланысты болса -



бес жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып не онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекеттi:

а) ұйымдасқан топ жасаса;

б) аса iрi мөлшердегi табыс табумен ұштастырып;



в) бірнеше рет жасаса, -

бір мыңнан бір жарым мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.



1. Осы Кодекстiң 190 және 191-баптарында сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс - iрi мөлшердегi табыс деп, сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс аса iрi мөлшердегi табыс деп танылады.

2. Осы Кодекстiң 190-бабында құны бір мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын тауарлар саны едәуір мөлшердегi тауарлар деп танылады.

3. Осы тараудың 190, 191, 192-1, 215, 216, 217, 219 және 220-баптарында ірі мөлшердегі залал деп қылмыс жасау сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен мың есе асатын сомада азаматқа келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомада ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал танылады.

4. Осы тараудың 194, 198, 199, 200, 202-1, 203, 204, 205 және 218-баптарында ірі мөлшердегі залал деп қылмыс жасау сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомада азаматқа келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал танылады.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет