Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 202-1-бап өзгертілді
202-1-бап. Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi
Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамдарының бағалы қағаздарды ұстаушыларға не эмитентке iрi зиян келтiрген, мүлiктiк пайда табу мақсатында мемлекеттік органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, -
үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен шұғылдану құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмде белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен шұғылдану құқығынан айыра отырып, не онсыз, бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 203-бап өзгертілді
203-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне көрiнеу жалған мәлiметтер енгізу
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне осы бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеп соғатын көрiнеу жалған мәлiметтер енгізу -
үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
2. Iрi зиян келтiрген дәл сол әрекет -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 204-бап өзгертілді
204-бап. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының көрiнеу жалған мәлiметтер беруi
Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының iрi зиян келтiрген, мүлiктiк пайда табу мақсатында мемлекеттік органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарындағы бағалы қағаздардың саны мен түрлерi туралы және бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, -
үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 205-бап өзгертілді
205-бап. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерiн бұзу
1. Iрi зиян келтiрген бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерiн бұзу -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Бiрнеше рет не адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет -
мыңнан екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу не белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 205-1-баппен толықтырылды
205-1-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын құжаттар мен мәліметтерді жоғалту
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын құжаттар мен мәліметтер қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сеніп тапсырылған адамның оларды жоғалтуы, егер жоғалту көрсетілген құжаттарды сақтаудың және олармен жұмыс істеудің белгіленген қағидаларын бұзу нәтижесінде болса, -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2007.08.01. № 210-III ҚР Заңымен 206-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
206-бап. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалған банкноттары мен мәнеттерiн, мемлекеттік бағалы қағаздарды немесе Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа бағалы қағаздарды не шетел валютасы мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау немесе сақтау, сол сияқты сату -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) ірі мөлшерде жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 207-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
207-бап. Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату
1. Жалған төлем карточкаларын, сол сияқты бағалы қағаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын сату мақсатында жасау немесе сату -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салына отырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 16.07.99 ж. № 430-1 Заңына сәйкес 208-бап жаңа редакцияда; ҚР 2006.31.01. № 125-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 208-бап өзгертілді
208-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану
1. Айтарлықтай зиян келтiруге әкеп соққан акцизделетiн тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен ережесін бұзу, -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiн айыра отырып, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi түзеу жұмыстарына, не белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiн айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көрінеу жалған акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын өткізу мақсатында әзірлеу немесе сатып алу, сондай-ақ пайдалану немесе өткізу, -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салына отырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға және белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыруға немесе онсыз жазаланады.
Ескертулер.
1. Осы бапта айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асатын сомада келтiрiлген залал елеулі залал деп танылады.
2. Егер келтірілген залалдың орнын өз еркімен толтырған адамның әрекетінде өзге қылмыстың құрамы болмаса, ол осы баптың бірінші бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 209-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 209-бап өзгертілді
209-бап. Экономикалық контрабанда
1. Кеден одағының кедендiк шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, осы Кодекстiң 250-бабында көрсетiлгендерiн қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәндi декларациялаумен ұштасқан кедендiк шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендiк шекара арқылы өткізудiң арнайы ережелерi белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды iрi мөлшерде өткізу -
мүлкі тәркіленіп не онсыз, бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;
в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып;
г) аса ірі мөлшерде;
д) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса, -
мүлкi тәркiленiп бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:
а) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса;
б) ұйымдасқан топ жасаса, -
мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айрылып, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге, ал а) тармағында көзделген жағдайда мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көзделген әрекеттер, егер өткізілген тауарлардың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ірі мөлшерде және егер өткізілген тауарлардың құны бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса, аса ірі мөлшерде жасалған әрекеттер деп танылады.
210-бап. ҚР 09.07.98 ж. № 277-1 Заңына сәйкес алынып тасталды
211-бап. ҚР 09.07.98 ж. № 277-1 Заңына сәйкес алынып тасталды
212-бап. ҚР 09.07.98 ж. № 277-1 Заңына сәйкес алынып тасталды
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 213-бап өзгертілді
213-бап. Ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау
Ұйым басшысының немесе жеке кәсіпкердің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті банкіндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден iрi мөлшерде қайтармауы -
он мыңнан жиырма мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көзделген әрекет, егер қайтарылмаған ұлттық және шетел валютасындағы қаражат сомасы он бес мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, iрi мөлшерде жасалған деп танылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 214-бап өзгертілді
214-бап. Кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару
1. Кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын немесе басқа кедендiк төлемдерiн төлеуден жалтару әрекетi iрi мөлшерде жасалған болса, -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып;
в) ұйымдасқан топпен немесе қылмыстық сыбайластықпен (қылмыстық ұйыммен) жасалса -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Егер төленбеген кеден төлемдерiнiң құны бес мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, кеден төлемдерiн төлеуден жалтару iрi мөлшерде жасалған деп танылады.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бересінің сомасын, есептелген өсімпұлдарды, айыппұлдар сомасын өз еркімен төлеген адамның әрекетінде өзге қылмыстың құрамы болмаса, ол осы баптың бірінші бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2008.05.07 № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 215-бап өзгертілді
215-бап. Банкроттық жағдайындағы заңсыз iс-әрекеттер
1. Мүлiктi немесе мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның мөлшерi, тұрған жерi туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзгенiң иелiгiне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызмет көрiнiс табатын бухгалтерлiк және өзге де есеп құжаттарын жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттi банкроттық жағдайында немесе банкроттықты күнiлгерi бiле отырып, борышкер ұйымның басшысы немесе меншiк иесi, не жеке кәсiпкер жасап iрi зиян келтiрсе -
бiр мыңнан бір жарым мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жеті жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Өзiнiң шын мәнiнде дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның басшысы немесе меншiк иесi, сол сияқты конкурстық іс жүргізу немесе оңалту рәсімі кезінде дәрменсіз борышкердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттік берілген адам басқа несие берушілерге көпе-көрiнеу зиян келтiре отырып, жекелеген несие берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңсыз қанағаттандыруы, егер бұл әрекет iрi мөлшерде зиян келтiрген болса -
жеті жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2008.05.07 № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 216-бап өзгертілді
216-бап. Әдейi банкроттық
Әдейi банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң жеке мүддесi немесе өзге адамдардың мүддесi үшiн төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасауы немесе ұлғайтуы iрi зиянға немесе өзге да ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
жеті жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен Заң 216-1- баппен толықтырылды; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 216-1-бап өзгертілді
Достарыңызбен бөлісу: |