Ќазаќстан Республикасыныѕ жоєары оќу орындары студенттерініѕ жаратылыстану, техникалыќ, јлеуметтік-гуманитарлыќ жјне экономикалыќ єылымдар бойынша єылыми зерттеу жўмыстарыныѕ жыл сайынєы байќауын ўйымдастыру мен ґткізу жґніндегі


I, II, III кезеңдерде конкурстық комиссияға жұмыстарды ұсыну және оны қарау тәртібі



бет2/5
Дата04.01.2024
өлшемі59.5 Kb.
#488503
1   2   3   4   5
ереже каз

I, II, III кезеңдерде конкурстық комиссияға жұмыстарды ұсыну және оны қарау тәртібі
12. СҒЗЖ конкурсының 1 кезеңі (ЖООішілік) қорытындысы бойынша ректордың бұйрығымен бекітілген конкурстық комиссия конкурстық негізде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын іріктеп, үздік жұмыстарды II кезеңге қатыстыру үшін жолдайды.
Жұмысты ұсынған кезең пошта мөрі арқылы анықталады.
13. Жұмысты екінші кезеңге қатыстыруға ұсыну барысында жоғары оқу орны базалық ЖОО-ға конкурстың бөлімдеріне сәйкес төмендегі құжаттарды ұсынады:
1) ғылыми жұмысты;
2) ғылыми жұмыс аннотациясын (№ 1 қосымша);
3) орындалған жұмыстың дербестік дәрежесі жайлы ғылыми жетекшінің пікірін (еркін формада);
4) автор (авторлар) және ғылыми жетекші жайлы мәліметтер (№ 2 қосымша);
5) бірінші кезең қорытындысы жайлы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе ЖОО Ғылыми кеңесінің жұмысты конкурсқа ұсынғаны жайлы протокол толтырылған шешімі (№ 3 қосымша).
14. СҒЗЖ конкурсына студенттердің ғылыми жұмыстарының біржарым интервалмен терілген бірінші данасы ұсынылады. Жұмыс көлемі 20-40 беттен аспауы тиіс. Жұмысқа қойылған шекті ұлғайтылу жағына қарай конкурс бөліміне сәйкес базалық ЖОО өзгертуі мүмкін. Макеттер мен натуральды экспонаттар конкурсқа жіберілмейді. Жұмысқа қосымша сызбалар мен иллюстрациялар стандартты көлемде парақтарда жинақы сызылуы қажет.
*** Ескерту: титул беті мен жұмыс бірге тігіледі, қосымшалары бірреттік (одноразовый) файлға салынады. Екі құжат А4 форматындағы конфертке салынады.
Ғылыми жұмысқа оның енгізген жаңалығы жайлы акт (актілер көшірмесі), патенттер және ғылыми мақалалар көшірмесі қосымша ретінде ұсынылуы мүмкін. Сонымен қатар конкурсқа ғылыми жаңалығы бар немесе қорытындысы өндіріс пен оқу үдерісіне енгізуге қарастырылған диплом, курстық жұмыстар мен жобалар ұсынылуы мүмкін.

15. Арнайы жабық пакетте автор (авторлар) мен ғылыми жетекші (жетекшілер) жайлы мәліметтер, сонымен қатар ашық конкурстың бірінші туры жайлы ректор (проректор) қол қойған хат немесе ЖОО Ғылыми кеңесінің жұмысты СҒЗЖ конкурсына ұсыну туралы шешімі ұсынылады. Егер, жұмысты авторлық ұжым орындаса, авторлар тізімі оның әрқайсысының жеке үлесіне сәйкес беріледі.


16. Жұмысты ұсыну барысында осы Нұсқама талаптары бұзылған жағдайда базалық ЖОО комиссиясы жұмысты конкурсқа қатыстырмауға құқылы (міндетті түрде себебі көрсетілуі керек).
17. Базалық ЖОО-ның конкурстық комиссиясы ОМК комиссия құрамының 2/3 қатысқан отырыста ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды. Дауыс тең жағдайда төраға даусы шешуші саналады.
18. Базалық ЖОО ОМК-і министрліктің республикалық комиссиясына студенттердің үздік ғылыми жұмыстарын III кезеңге қатыстыру үшін, 2 сәуірге дейін конкурс бөлімінің талаптарына сәйкес, барлық мүшелерінің қолы қойылған ОМК отырысының протоколымен (№ 4 қосымша) ұсынады.
19. Базалық ЖОО ОМК конкурстық комиссиясы протоколмен қатар министрліктің республикалық комиссиясына:
1) конкурс қорытындысы бойынша мәліметтер базасы жинақталған дискет;
2) базалық жоо студенттерінің жұмысына сырт мекемелер берген рецензия.
3) ғылыми бөлімдегі конкурстық жұмыстың мазмұны мен тематикасы жайлы қысқа сараптамалық материал.
20. Базалық ЖОО ОМК-і СҒЗЖ әр бөлімі бойынша мынадай ретте жүлдегелерді марапаттауға ұсыну құқығына ие:
1 орын үшін – ҚР Білім және ғылым министрлігінің I дәрежелі дипломы (1 жұмыстан артық емес);
2 орын үшін – ҚР Білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі дипломы (2 жұмыстан артық емес);
3 орын үшін – ҚР Білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломы (3 жұмыстан артық емес).
21. Конкурстың III кезеңінің жеңімпазын анықтау жайлы республикалық комиссия шешімі тиісті протоколға сәйкес толтырылады және барлық комиссия мүшелерінің қолы қойылады.
22. Республикалық комиссияның протоколды шешімінің негізінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының қорытындысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
23. Студенттердің конкурсқа ұсынылған ғылыми жұмыстары кері қайтарылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет