Қазақстан республикасының кеден кодексі



бет13/22
Дата04.07.2016
өлшемі4.41 Mb.
#177210
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

307-бап. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау

Қазақстан Республикасының Кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің және Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабын қолдану жөніндегі келісімнің кедендік бағалауының жалпы принциптеріне негізделеді.

 

308-бап. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдiстерi



1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн тауарлардың кедендік құнын айқындау:

1) әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;

2) бірдей тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;

3) бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;

4) құнды шегеру;

5) құнды қосу;

6) резервтік әдiстердi қолдану жолымен жүргізіледі.

2. Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша әдiс тауарлардың кедендік құнын айқындаудың негiзгi әдiсi болып табылады.

3. Негiзгi әдiстi пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда тізіп көрсетілген әдiстердiң әрқайсысы бірінен кейін бірі қолданылады. Бұл ретте, егер алдыңғы әдiстi қолдану арқылы тауарлардың кедендік құнын айқындау мүмкiн болмаса, онда әрбір келесi әдiс қолданылады. Декларанттың өтiнiшi бойынша құнды шегеру және қосу әдiстерi керi ретпен қолданылады.

3-1. Кедендік құнды айқындау әдістерін қолдану ерекшеліктерін уәкілетті орган айқындайды.

4. Осы баптың 1-тармағында көзделген қолданылатын әдістердің қандай да бірі бойынша тауарлардың кедендік құнын айқындауға арналған ақпарат Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүргізу принциптеріне сәйкес келетін тәсілмен әзірленуге тиіс.

309-бап. Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiленiң бағасы бойынша кедендік құнды айқындау әдiсi

1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауардың кедендік құны Қазақстан Республикасына экспортқа сату кезінде оған нақты төленген немесе төленуге тиiстi баға болып табылады.

2. Тауардың кедендік құнын айқындау кезiнде мәмiле бағасына, егер олар бұрын енгізілмеген болса, мынадай шығыстар:

1) тауарды әуежайға, портқа немесе тауарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелетін өзге орынға дейін жеткізу бойынша шығыстар:

тасымалдау құны;

тауарларды тиеу, түсіру, қайта тиеу және ауыстырып тиеу бойынша шығыстар;

2) сақтандыру құны;

3) сатып алушы шеккен шығыстар;

тауарларды сатып алу жөнiндегi комиссиялық сыйақыны қоспағанда, комиссиялық және брокерлік сыйақылар;

егер Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес олар бағаланатын тауарлармен бiртұтас зат ретiнде қаралса, контейнерлердiң немесе айналымға көп түсетiн басқа да ыдыстардың құны;

буып-түю материалдары мен буып-түю жөніндегі жұмыстардың құнын қоса алғанда, буып-түю құны;

4) бағаланатын тауарларды әкетуге арнап өндiруге және сатуға байланысты пайдалану үшiн тегiн немесе арзандатылған бағамен сатып алушы сатушыға тiкелей немесе жанама түрде берген мынадай тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер):

бағаланатын тауарлардың құрамдас бөлiгi болып табылатын шикiзаттар, материалдар, бөлшектер, жартылай фабрикаттар мен басқа да жинақтаушы бұйымдар;

бағаланатын тауарларды өндiру кезiнде пайдаланылған құрал-саймандар, штамптар, қалыптар мен басқа да осы тәрiздес заттар;

бағаланатын тауарларды өндiру кезiнде жұмсалған материалдар (жағар материалдар, отын және басқалар);

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жасалған және бағаланатын тауарлар өндiру үшін тiкелей қажеттi инженерлiк талдамалар, тәжiрибе-конструкторлық жұмыстар, дизайн, көркем безендiру, нобайлар мен сызбалар құнының тиiстi бөлiгi;

5) сатып алушы бағаланатын тауарларды сатудың шарты ретiнде тiкелей немесе жанама түрде төлеуге тиiстi, бағаланатын тауарларға байланысты лицензия бергені үшін роялти және алымдар, егер мұндай роялти және алымдар нақты төленген немесе төленуге тиісті бағаға қосылмаған болса;

6) бағаланатын тауарларды кез келген кейiннен қайта сатудан, беруден немесе пайдаланудан сатушының тiкелей немесе жанама кiрiсі бөлiгiнiң шамасы енгізіледі.

Іс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiс мәмiле бағасына осы тармақтың бiрінші бөлігінде аталмаған шығыстар енгізiлмейдi.

3. Атауы әр түрлi тауарларды бiр лекпен жеткiзген кезде, әрбiр әкелiнген тауардың кедендік құнына енгізілуге тиісті және тауарлардың барлық тобы үшiн айқындалған шығыстарды айқындау әрбір тауардың құнының тауарлар легінің құнына қатысымен айқындалатын шамаға барабар түрде жүзеге асырылады.

4. Тауардың кедендік құнын айқындау кезінде мына төлемдер және шығыстар:

1) жабдықтарды монтаждауға, жинауға, ретке келтіруге немесе мұндай жабдықтарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелгеннен кейін техникалық көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды;

2) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды әкелгеннен кейін жеткізу бойынша шығыстарды;

3) импорт елінде төленетін кеден баждарын және салықтарды импортталатын тауарлар үшін нақты төленген және төленуге тиісті бағасынан бөліп алынған жағдайда кедендік құнға енгiзуге болмайды.

5. Егер:

1) сатып алушының бағаланатын тауарларға иелік ету немесе пайдалану құқығына қатысты:

Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген шектеулерді;

тауарлар қайта сатылуы мүмкiн географиялық аймақтың шектеулерін;

тауар құнына елеулi әсер етпейтiн шектеулерді қоспағанда, шектеулер болса;

2) 2009.08.12. № 224-IV ҚР Заңымен алып тасталды

3) сату немесе мәміленің бағасы әсер етуін есеп теп шығару мүмкін емес жағдайлардың сақталуымен байланысты болса;

4) кедендік құнды мәлiмдеген кезде декларант пайдаланған деректер құжатпен расталмаса не сан жағынан айқындалатын және дұрыс болып табылмаса;

5) мәмiлеге қатысушылар өзара байланысты тұлғалар болып табылса және мәмiле бойынша құн осы баптың талаптарына сәйкес кедендік құнды анықтау үшiн негiз ретiнде жарамды болып табылмаса, әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiленің бағасы бойынша әдiс тауардың кедендiк құнын анықтау үшiн пайдаланылмайды. Бұл ретте мынадай белгiлердiң бiрiне сай тұлғалар:

мәмілеге қатысушылардың бiрi немесе мәмiлеге қатысушылардың бiреуiнiң лауазымды адамы бір мезгілде мәмiлеге басқа бiр қатысушының лауазымды адамы болып табылатын;

мәмiлеге қатысушылар кәсiпорынды бiрлесiп иеленушiлер болып табылатын;

мәмiлеге қатысушылар еңбек қатынастарымен байланысты болатын;

қандайда бiр тұлға әрбір мәмiлеге қатысушының айналымында жүрген дауыс беруші акциялардың немесе әрбір мәмiлеге қатысушылардың жарғылық капиталындағы салымдардың (пайлардың) бес немесе одан да көп проценттерiн тiкелей немесе жанама иеленетін не олар бақылауында болатын;

мәмiлеге қатысушылар үшiншi адамның тiкелей немесе жанама бақылауында болатын;

мәмiлеге қатысушылар үшiншi адамды бiрлесiп тiкелей немесе жанама түрде бақылайтын;

мәмiлеге қатысушылардың бiрi мәмілеге басқа қатысушының тiкелей немесе жанама бақылауында болатын;

мәмілеге қатысушылар немесе олардың лауазымды адамдары жақын туыстар болып табылатын тұлғалар өзара байланысты тұлғалар деп түсініледі.

5-1. Әрқайсысында басқасының айрықша құқықтары бар агенттер, дилерлер, дистрибьютерлер болып табылатын сыртқы экономикалық қызметтiң қатысушылары, егер олар осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында айқындалған белгiлердiң бiрiне сай келсе, өзара байланысты болып есептеледі.

6. Мәмiлеге қатысушы тұлғалардың өзара байланыстылық фактiсi мәмiле бағасын жарамсыз деп есептеуге жеткiлiктi негiз болып табылмайды. Мұндай жағдайда, кеден органы мәмiлеге септiгiн тигiзетiн мән-жайды зерделеуi тиіс және егер өзара байланыстылық бағаға әсер етпеген болса, оның бағасы тауардың кедендiк құнын айқындау үшiн пайдаланылуы мүмкiн.

7. Кеден органында мәмiлеге қатысушы тұлғалардың өзара байланыстылығы тауардың бағасына әсер еттi деген негiз туындаған жағдайда, декларантқа тұлғалардың өзара байланыстылығы тауардың бағасына әсер етпегенін растайтын қосымша қажеттi ақпарат беру мүмкiндiгі туралы ұсыным (декларанттың қалауы бойынша жазбаша нысанда) берiледi.

8. Егер декларант шамамен сол уақытта белгiленген:

1) Қазақстан Республикасына экспорттау кезiнде өзара байланысты болып табылмайтын қатысушылар арасындағы бірдей немесе біртектес тауарлармен мәмiле бойынша құнның;

2) бірдей немесе бiртектес тауарлардың құнды шегеру әдiсi бойынша айқындалған кедендік құнының;

3) бірдей немесе бiртектес тауарлардың құнды қосу әдiсi бойынша айқындалған кедендік құнының бiреуiне жақын екендiгiн дәлелдесе, декларанттың бастамасы бойынша тауардың кедендік құнын айқындау негiзiне мәмiле құны қабылдануы мүмкiн.

9. Салыстыру үшiн декларант ұсынған бағалар:

1) коммерциялық деңгейдегi (көтерме, бөлшек саудадағы);

2) санындағы;

3) осы баптың 2-тармағында тізіп көрсетілген элементтердегi (шығыстардағы);

4) егер сатушы өзара байланысты тұлғамен мәмiле жасаған кезде мұндай шығындарды шығармаса, өзара байланысты емес тұлғалар арасындағы мәмiле кезiнде туындайтын сатушының өзге де шығындарындағы айырмашылықтар ескерiле отырып түзетiледi.

10. Салыстыру үшін декларант берген бірдей немесе біртектес тауарлардың бағасы тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін мәміле бойынша бағаның орнына пайдаланылмайды.

11. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына өзінде ақпарат жазылған ақпарат тасы ғыштарды (магнитті дискілер, магнитті таспалар, компакт-дискілер, флоппи-дискілер және бас қалар) әкелген кезде кедендік құнға, мәміленің ны санасы көрсетілген тасығыштарда жазылған ақ парат болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты тасығыштың құны ғана қосылады.

 

310-бап. Бірдей тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша кедендік құнды айқындау әдiсi



1. Бірдей тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша бағалау әдiсiн пайдаланған кезде осы бапта көрсетiлген шарттар сақталған кездегі, тауардың кедендік құнын айқындау үшiн негiз ретiнде, бірдей тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы қолданылады.

2. Бағаланатын тауарлармен бiркелкі, соның iшiнде мынадай белгiлері:

1) физикалық сипаттамалары;

2) рыноктағы сапасы мен танымдылығы бойынша біркелкі тауарлар бірдей тауарлар деп түсініледі.

3. Осы баптың негізiнде кедендiк бағалау әдiсiн пайдаланған кезде:

1) егер тауарлар бағаланатын тауарлар өндірілген елде өндірілмеген болса, бағаланатын тауарлармен бірдей деп есептелмейдi;

2) бағаланатын тауарларды өндiрушi емес, басқа тұлға өндiрген тауарлар бағаланатын тауарларды өндiрушi тұлға өндiрген бірдей тауарлар болмаған жағдайда, назарға алынады;

3) егер тауарлардың жобалануын, оларға жасалатын тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды, олардың көркемдiк безендiрiлуiн, дизайнын, нобайларын немесе сызбаларын:

сатып алушы сатушыға оны өндiруге және Қазақстан Республикасына экспортқа сатуға байланысты пайдалану үшін тегін немесе төмендетілген құны бойынша берген болса;

олар Қазақстан Республикасында шығарылған, соған байланысты құны осы Кодекстің 309-бабы 2-тармағы 4) тармақшасы бесінші абзацының негізінде тауарлардың кедендік құнына енгiзілмеген болса, тауарлар бірдей деп саналмайды.

4. Егер тауарлар осы баптың талаптарына сай келсе, сыртқы түрiндегі болымсыз өзгешелiктер оларды бірдей тауарлар ретінде қараудан бас тарту үшiн негiз болып табылмайды.

5. Егер бұл тауарлар:

1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшiн сатылса;

2) әкету үшін сатылса және бағаланатын тауар лармен бір немесе соған сәйкес уақыт кезеңінде әке лін се немесе бағаланатын тауарлар әкелінгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен ерте әкелінбесе;

3) шамамен сол мөлшерде және сол коммерциялық деңгейде (көтерме, бөлшек саудада) әкелiнсе, бірдей тауарлармен жасалатын мәміле бағасы кедендік құнды айқындау үшiн негiз ретінде алынады.

6. Егер тауарларды сол мөлшерде және сол коммерциялық деңгейде (көтерме, бөлшек саудада) әкелу жағдайлары болмаса, өзге мөлшерде және(немесе) өзге коммерциялық деңгейде (көтерме, бөлшек саудада) әкелiнген бірдей тауарлардың осы айырмашылықтары есепке алынып, бағасы түзетіле отырып, құны пайдаланылуы мүмкiн.

7. Егер бірдей тауарлар үшін осы Кодекстің 309-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген шығыстардың құны арақашықтық пен көлiк түрлерiнiң айырмашылығы себепті бағаланатын тауарлардың мұндай шығыстарының құнынан айтарлықтай ерекшеленетін болса, бірдей тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша айқындалатын кедендік құн тиісті түрде түзетілуге тиіс.

8. Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген түзетулер дұрыс және құжаттармен расталған мәлiметтер негiзiнде жүргізілуге тиіс.

9. Егер осы әдiстi қолданған кезде бірдей тауарлар бойынша мәмiленiң бiреуден көп бағасы анықталса, онда әкелінетiн тауарлардың кедендік құнын айқындау үшiн олардың ең төменi қолданылады.

311-бап. Бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша кедендік құнды айқындау әдiсi

1. Бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша бағалау әдiсiн пайдаланған кезде, осы бапта көрсетілген шарттар сақталған кезде, тауардың кедендік құнын айқындау үшiн негiз ретiнде, әкелiнетiн тауарлармен бiртектес тауарлар бойынша мәмiле бағасы қолданылады.

2. Бiрдей болмаса да, бағаланатын тауарлардың функциясын атқаруға және коммерциялық тұрғыда өзара алмастыруға мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамасы бар және ұқсас компоненттерден тұратын тауарлар біртектес деп түсініледі.

3. Тауарлардың бiртектестiгiн айқындау кезінде олардың мынадай белгiлерi:

1) сапасы, тауар таңбасының болуы;

2) рыноктағы танымдылығы ескерiледi.

4. 2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен алып тасталды

4-1. Егер тауарлар осы баптың талаптарына сәйкес келсе, сыртқы түрiндегі болмашы өзгешелiктер мұндай тауарларды бiртектес деп қараудан бас тарту үшін негіз болмайды.

4-2. Егер бұл тауарлар:

1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін сатылса;

2) әкету үшін сатылса және бағаланатын тауар лармен бір немесе соған сәйкес уақыт кезеңінде әкелінсе немесе бағаланатын тауарлар әкелінгенге дейін тоқсан күнтізбелік күннен ерте әкелінбесе;

3) шамамен сол мөлшерде және сол коммерциялық деңгейде (көтерме, бөлшек саудада) әкелiнсе, бiртектес тауарлармен жасалатын мәміленің бағасы кедендік құнды айқындау үшін негіз ретінде алынады.

4-3. Егер тауарларды сол мөлшерде және сол коммерциялық деңгейде (көтерме, бөлшек саудада) әкелу жағдайлары болмаса, өзге мөлшерде және (немесе) өзге коммерциялық деңгейде (көтерме, бөлшек саудада) әкелінген біртектес тауарлардың құны осы айырмашылықтары есепке алынып, бағасы түзетіле отырып пайдаланылуы мүмкін.

4-4. Егер, біртектес тауарлар үшін осы Кодекстің 309-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шығыстардың құны, арақашықтық пен көлік түрлерінің айырмашылығына байланысты, бағаланатын тауарлардың осындай шығыстарының құнынан айтарлықтай ерекшеленетін болса, біртектес тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша айқындалатын кедендiк құн тиiстi түрде түзетiлуге тиiс.

5. Кедендiк бағалаудың осы әдiсiн пайдаланған кезде:

1) егер тауарлар бағаланатын тауарлар өндiрiлетін елде өндірілмесе, бағаланатын тауарлармен бiртектес болып саналмайды;

2) бағаланатын тауарларды өндiрушi емес, басқа тұлға өндiрген тауарлар бағаланатын тауарларды өндіруші тұлға өндірген біртектес тауарлар болмаған жағдайда назарға алынады;

3) егер тауарлардың жобалануын, оларға жасалатын тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды, олардың көркемдiк безендiрiлуiн, дизайнын, нобайлары мен сызбаларын:

сатып алушы сатушыға оны өндiруге және Қазақстан Республикасына экспортқа сатуға байланысты пайдалану үшiн тегiн немесе төмендетiлген құны бойынша берген болса;

олар Қазақстан Республикасында орындалып, соған байланысты осы Кодекстің 309-бабы 2-тармағы 4) тармақшасының бесiншi абзацы негiзiнде тауарлардың кедендiк құнына енгізілмеген болса, тауарлар біртекті деп саналмайды.

6. Осы баптың 4-3 және 4-4-баптарында көзделген түзетулер дұрыс және құжаттармен расталған мәлiметтер негізiнде жүргізiлуге тиіс.

7. Егер осы әдiстi қолданған кезде біртектес тауарлар бойынша мәміленiң бiреуден көп бағасы анықталса, онда әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын айқындау үшiн олардың ең төменгiсi қолданылады.

 

312-бап. Құнды шегеру негізінде кедендік құнды айқындау әдісі



1. Егер бағаланатын (әкелінетін) немесе бірдей немесе біртектес тауарлар ең алдымен бастапқы қалпы өзгертілмей сатылатын болса, мұндай жағдайда құнды шегеру негізінде бағалау әдісі бойынша тауардың кедендік құнын айқындау жүргізіледі.

2. Тауардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде құнды шегеру әдісін пайдаланған кезде бағаланатын (әкелінетін) немесе бірдей немесе біртектес тауарлар сатушымен өзара байланысты болып табылмайтын тұлғаларға бағаланатын тауарлар импортымен бір уақытта ең көп жиынтық мөлшерінде сатылатын тауар бірлігінің бағасы қолданылады.

3. Бұл ретте, сату бағаланатын тауарларды әкелумен бір уақытта, ал мұндай мерзімдерде сату болмаған кезде - бағаланатын тауарлар әкелінгеннен кейін неғұрлым жақын күнде, бірақ бағаланатын тауарларды әкелген кезден бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей жүзеге асырылуға тиіс.

4. Тауар бірлігінің бағасынан:

1) төленетін немесе төлеуге келісілген комиссиялық сыйақылар немесе әкелінетін тауарлардың сол класын немесе түрін Қазақстан Республикасында сатуға байланысты пайда табу және жалпы шығыстарды жабу мақсатында есептелетін үстеме;

2) Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелуге және (немесе) сатуға байланысты Қазақстан Республикасында төленуге тиісті әкелу бажы, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы;

3) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тасымалдауға, сақтандыруға, тиеу және түсіру жұмыстарына Қазақстан Республикасында төленетін шығыстар шегеріледі.

5. Сол кластағы немесе сондай түрдегі тауарлар дегеніміз өнеркәсіптің белгілі бір саласында өндірілген тауарлардың тобына не разрядына жататын және бірдей немесе біртектес тауарлар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін тауарларды білдіреді.

6. Бағаланатын бірдей немесе біртектес тауарларды әкелінген кездегідей қалпында сату жағдайлары болмаған кезде, декларанттың өтініші бойынша, қосылған құнды шегере отырып және осы баптың 2-4-тармақтарының ережелері сақталған кезде, қайта өңдеуден өткен тауар бірлігінің бағасы пайдаланылуы мүмкін.

7. 2009.08.12. № 224-IV ҚР Заңымен алып тасталды

 

313-бап. Құнды қосу негізінде кедендік құнды айқындау әдісі



1. Құнды қосу негізінде бағалау әдісін пайдалану кезінде тауардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде мыналарды:

1) бағаланатын тауарды өндіруге байланысты дайындаушының жұмсаған материалдары мен шы ғындарының құнын;

2) Қазақстан Республикасына беру үшін экспорт елінде өндірілген, бағаланатын тауарлардың сол сы ныбындағы немесе түріндегі тауарларды сату кезінде бағасына енгізілетін пайда мен жалпы шығыстар сомасын;

3) осы Кодекстің 309-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында санамаланған шығыстардың құнын қосу жолымен есептелген тауардың бағасы қабылданады.

2. Кеден органының шетелдік адамнан кедендік құнды растау туралы ақпаратты талап етуге құқығы жоқ. Бұл ретте кеден органдары тауарларды өндіру шінің кедендік құнды анықтау мақсатында берген ақпаратын өндірушінің келісімімен және өндіруші елдің үкіметін алдын ала хабардар ету және оның келісімін алу шартымен тексере алады.

 

314-бап. Кедендік құнды айқындаудың резервтік әдісі



1. Егер импортталатын тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің қоса алғандағы 309-313-бап тарының ережелеріне сәйкес айқындау мүмкін болмаса, онда кедендік құн Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VІІ бабын қолдану жөніндегі келісімнің және 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VІІ бабының жалпы ережелерімен үйлесімді ақылға қонымды прин циптерін пайдалану жолымен және импорт елінде бар деректердің негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.

2. Осы баптың ережелеріне сәйкес айқындалған кедендік құн бұрын айқындалған кедендік құндарға негізделуі тиіс.

3. Кедендік құнды айқындаудың осы бапқа сәйкес пайдаланылатын әдістері осы Кодекстің 309-313-баптарында көзделгендер болып табылады. Осы бапқа сәйкес кедендік құнды айқындау кезінде осы әдістерді қолдану кезіндегі икемділікке жол беріледі. Атап айтқанда, мыналарға жол беріледі:

бағаланатын тауарлар өндірілген елден өзге елде өндірілген бірдей немесе біртектес тауарлардың құны әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде қабылдануы мүмкін;

бірдей немесе біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құнының негізінде бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде бірдей немесе біртектес тауарлар Қазақстан Республикасы ның кедендік аумағына әкету үшін сатылуға тиіс және бағаланатын (әкелінетін) тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік аумағына бір немесе соған сәйкес уақыт кезеңінде әкелінуге тиіс немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен ерте әкелінбеуге тиіс деген осы Кодекстің 310 немесе 311-баптарында белгілен ген талаптардан ауытқушылыққа жол беріледі;

әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде осы Кодекстің 312 және 313-бап тарына сәйкес айқындалған бірдей немесе біртектес тауарлардың кедендік құны қабылдануы мүмкін.

4. Тауарлардың кедендік құны осы бапқа сәйкес мыналардың:

1) әкелу елінің ішкі нарығындағы, осы елде өндірілген тауарлардың бағасы;

2) кедендік мақсаттар үшін баламалы екі құнның неғұрлым жоғарысын қабылдауды көздейтін жүйе;

3) әкету елінің ішкі нарығындағы тауарлардың бағасы;

4) осы Кодекстің 313-бабына сәйкес бірдей немесе біртектес тауарларға қатысты қосу әдісін пайдалана отырып, кедендік құнды айқындау кезінде тауар лардың есепті құнына қосуға жататыннан өзге де шығыстар;

5) оны үшінші елдерге әкетуші елден берілетін тауардың бағасы;

6) ең төменгі кедендік құн;

7) еркін немесе жасанды құн негізінде айқын дал мауға тиіс.

Тиісті сұрау салу бойынша декларантты кеден органы осы баптың ережелеріне сәйкес айқындалған кедендік құн туралы және осындай құнды айқындау үшін пайдаланылған әдіс туралы жазбаша хабарландырады.

 

315-бап. Тауардың кедендік құнын айқындау және бақылау тәртібі



1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларант осы тарауға сәйкес мәлімдейді.

2. Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығын бақылауды кеден органы жүзеге асырады. Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде таңдалған әдісті қолданудың және мәлімделген кедендік құн құрылымының дұрыстығы айқындалады.

3. Кедендік құнның декларациясын тексеруді жүзеге асыратын кеден органы өз бастамасы, декларанттың тапсырмасы немесе өтініші бойынша аталған декларацияға мәлімделген кедендік құн туралы қандай да бір дерек жазуға, өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізуге құқылы емес.

4. Жекелеген кеден режимдерін қолдану және өзгерту кезінде тауарлардың кедендік құнын айқындаудың ерекшеліктері осы Кодекстің 6-бөлімінде көзделген.

5. Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіпті қолдана отырып өткізетін тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 270-бабына сәйкес айқындалады.

316-бап. Мәлімделген кедендік құнды растау үшін құжаттарды табыс ету

1. Кедендік құн жөніндегі мәлімделген мәліметтерді растау үшін декларант жазбаша және (немесе) электрондық нысанда мына құжаттарды:

1) осы Кодекстің 317-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедендік құн декларациясын;

2) шартты (келісім-шартты) және мәліметтері тауарлардың кедендік құнын айқындауға әсер етуі мүмкін оған қосымша келісімдерді;

3) шот-фактураны (инвойс) немесе шот-проформаны (сатып алу-сату мәмілесінен бөлек мәмілелер үшін);

4) егер кедендік декларацияны беру күніндегі мәміле бойынша төлем шарттарына сәйкес ол үшін төлем толық немесе ішінара жүзеге асырылса, тауардың құнын растайтын төлем құжаттарын;

5) егер беру шарттары бойынша тасымалдау және сақтандыру жөніндегі шығыстарды сатып алушы жүзеге асыратын болса, көлік және сақтандыру құжаттарын;

6) тасымалдағаны үшін шотты немесе көлік шығыстары шот-фактураға енгізілмеген, бірақ сатып алушы шығын шеккен жағдайларда, көлік шығыстары туралы ресми расталған анықтаманы;

7) егер декларанттың жөнелтуші елдің кедендік декларациясының көшірмесін ұсынуға мүмкіндігі болса, оны табыс етуге тиіс.

2. Егер мәлімделген кедендік құнды растау үшін осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар жеткіліксіз болған жағдайда, декларант бұл үшін қажетті жазбаша және (немесе) электрондық нысанда мына қосымша құжаттарды:

1) тауарды өткізетін тұлғаның құрылтай құжаттарын;

2) мәмілеге қатысы бар үшінші тұлғалармен жасалған келісім-шарттарды;

3) сатушының пайдасына үшінші тұлғаларға жасалған төлем шотын;

4) бағаланатын тауармен мәмілеге қатысы бар комиссиялық, брокерлік қызмет көрсетулер үшін шотты;

5) сатып алушының тауар құнын растайтын бухгалтерлік құжаттамасынан көшірмені;

6) лицензиялық немесе авторлық шарттарды;

7) қоймалық түбіртектерді;

8) беруге тапсырыстарды;

9) дайындаушы фирмалардың каталогтарын, айрықша тізбелерді, баға прейскуранттарын (прайс-парақтарын);

10) бағаланатын тауарға дайындаушы фирманың калькуляциясын;

11) кедендік құн декларациясында мәлімделген мәліметтерді растау үшін пайдаланылуы мүмкін өзге де құжаттарды табыс етуге құқылы .

3. Осы баптың 1-тармағының 2) - 6) тармақшаларында, 2-тармағының 1) - 8) тармақшаларында тізіп көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары тауарларды шығарғаннан кейін декларантқа қайтарылуға тиіс.

Бұл ретте кедендік ресімдеу мақсаты үшін аталған құжаттардың түпнұсқасымен бірге олардың декларант куәландырған көшірмесі табыс етілуге тиіс.

317-бап. Тауардың кедендік құнын мәлімдеу шарты

1. Тауарлардың кедендік құнын декларант кедендік құн декларациясын толтыра отырып, тауарларды декларациялау кезінде кеден органынажазбаша және (немесе) электрондық нысанда мәлімдейді. Кедендік құн декларациясын толтырудың нысаны мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

2. Декларант мәлімдеген кедендік құн және оны айқындауға қатысты ол ұсынған мәліметтер дұрыс, сан жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпаратқа негізделуге тиіс.

3. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік құн декларациясы еркін айналыс үшін тауарларды шығару немесе тауарлар экспортының кедендік режимінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізілетін барлық тауарларға толтырылады.

4. Егер:

1) бір келісім-шарттың шеңберінде әлденеше рет беруді, сондай-ақ әртүрлі келісім-шарттар бойынша белгілі бір алушының мекен жайына белгілі бір тауарды бір жөнелтушінің қайталап беруін қоспағанда, әкелінетін (әкетілетін) тауарлар легінің кедендік құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тоғыз жүз айлық есептік көрсеткішке барабар сомадан аспаса;

2) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген норма мен шарттар сақталса, кедендік құн декларациясы толтырылмайды.

5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайларда кедендік құн кедендік декларацияда мәлімделеді.

318-бап. Тауарлардың кедендік құнын түзету

1. Егер:


1) кедендік құнды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау барысында: осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, декларант мәлімдеген тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі, тауарлардың кедендік құнының шамасы және (немесе) құрылымы оларды растау үшін ұсынылған құжаттарға сәйкес келмейтіндігі анықталса;

кедендік құн декларациясының нысандарында мәлімделген кедендік құнның шамасына әсер еткен техникалық қателер анықталса;

осы Кодекстің 321-бабына сәйкес тауар декларанттың пайдалануына берілген және кеден органдарында бар баға ақпараттарын қолдана отырып шартты түрде шығарылған болса;

2) тауар шығарылғаннан кейін:

шартты шығарылған тауарға қатысты тауардың түпкілікті кедендік құнын айқындау кезінде не шартты шығарылған тауарға қатысты кеден органы жүзеге асырған тауардың кедендік бағалауы қабылданған кезде декларант табыс еткен қосымша ақпарат негізінде;

тауарды декларациялау кезінде орын алған, кедендік құнның шамасына және (немесе) құрылымына әсер еткен техникалық қателіктер анықталса;

кейіннен тексеру жүргізу барысында анықталған (кеден органында сақталатын құжаттар пакетін кейіннен бақылау кезінде болсын және сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргізу кезінде болсын) дәйектемесіз декларациялау, оның ішінде декларацияланатын тауар шыққан елдің Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы қодының сәйкессіздігі табылса;

әкелінген немесе әкетілген тауардың саны және (немесе) сапасы бойынша сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) талаптарынан ауытқуларына байланысты, тауарлардың нақты құнының мәлімделген кедендік құнына сәйкес келмеуі анықталса;

егер, сатушы кейіннен қайта сатудан тікелей немесе жанама түрде кіріс алса, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын мемлекеттерден алған кірісі болса;

3) трансферттік баға белгілеуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәміленің бағасы өзгерсе, тауарлардың кедендік құнын түзету жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Тауардың саны сәйкес келмейтінін растайтын құжаттар:

1) кедендік төлемдер мен салық салынбайтын тауарлар бойынша экспорттаушы (импорттаушы) өкілінің қатысуымен, экспорттаушы (импорттаушымен) келісілген саны жөніндегі наразылық-талап (қабылдау актісі) және Қазақстан Республикасының кеден органының тексеріп қарау актісі;

2) қалған тауарлар бойынша тәуелсіз сараптаманың қорытындысы (актісі) және кеден органының тексеріп қарау актісі болып табылады.

3. Тауардың жоғалу, кем шығу, зақымдану (бүліну) фактісі кедендік құн мәлімделген кезге дейін анықталған жағдайда декларант мәлімдеген құнның шот-фактурада көрсетілген шамаға сәйкес келмеуі, егер мәлімделген құнның шот-фактурада көрсетілгеннен жоғалған, кем шыққан, зақымданған (бүлінген) тауар мөлшеріне сәйкес шамада айырмашылығы болса, бұл кедендік құнды түзетуге әкеп соқпайды. Тәуелсіз сараптама қорытындысы (актісі) мен кедендік тексеріп қарау актісі жоғалу, кем шығу, зақымдану (бүліну) фактісін растайтын құжаттар болып табылады.

Мөлшері шартта келісілген франшиза сомасының шегінен шықпайтын немесе баға туралы келісімде айтылған саны және сапасы бойынша ауытқуларды кеден органы бағаны төмендету немесе ұлғайту үшін негіз ретінде танымайды.

4. Трансферттік баға белгілеуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәміле бағасы өзгерген жағдайда, уәкілетті органның кедендік төлемдер мен салықтардың сомасын есептеу туралы шешімі тауар мәмілесінің бағасын түзетуді растайтын құжат болып табылады.

Сатушыға кейіннен қайта сатудан тікелей немесе жанама түрде түскен кіріске, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын мемлекеттерде алынған кіріске байланысты мәміле бағасы өзгерген жағдайда, сатып алу-сатудың не айырбастың сыртқы сауда шарты (келісімшарты) және (немесе) жарғылық капиталында мәміленің әрбір қатысушысының айналасында жүрген дауыс беретін акциялары немесе резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы салымдардың (пайлардың) 5 немесе одан да көп проценттері тікелей немесе жанама резидентке тиесілі резидент еместің және үшінші тұлғаның шот-фактурасы (инвойсы) тауар мәмілесінің бағасын түзетуді растайтын құжат болып табылады.

Бұл ретте түзетуді резидент емес тұлға өз атынан үшінші тұлғаға түпкілікті қайта сату жөніндегі мәліметтермен ұсынатын құжаттар бойынша резидент жүргізеді.

5. Тауарларды кедендік ресімдеуден кейін төленуге тиіс кедендік төлемдер мен салықтарды есептей отырып түзету жасаған кезде (оның ішінде қаржылық тексеру басталғанға дейін декларанттың бастамасы бойынша) есептелген және нақты төленген кедендік төлемдер мен салықтар арасындағы айырмашылыққа Қазақстан Республикасы ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселенген ресми ставкасы мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күнге өсімпұл есептеледі. Өсімпұл кедендік декларация кедендік ресімдеуге тіркелген күннен бастап есептеледі.

6. Кедендік құнды түзету нысаны кедендік құны және (немесе) кедендік төлемдері және (немесе) салықтары түзетілетін, оның ішінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды және шығарылған елі өзгеруіне байланысты тауарларға ғана толтырылады. Кедендік құнды түзетуді толтырудың нысаны мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Кедендік құнды түзетудің көрсетілген нысандары кедендік декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.

7. Кедендік ресімдеуге құжаттарды қабылдағаннан кейін кеден органы жүргізетін декларант мәлімдеген кедендік құнды түзетулердің барлығы тауарларды кедендік бағалау ретінде қаралады және оларға декларант белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

8. Кеден органдары кедендiк құнды түзетудi тіркеудiң мерзiмi мен тәртiбін осы Кодекстің 384-бабына сәйкес айқындайды. Кеден органдары осы Кодекстің 440-бабында белгiленген мерзiмде кедендік құнды түзетуге тексеру жүргізедi.

 

319-бап. Кедендік құнды айқындау кезіндегі декларанттың құқықтары мен мiндеттерi



1. Декларанттың:

1) кедендік құнды анықтау үшiн табыс еткен мәлiметтерінiң дұрыстығына кеден органында күмән туындаған жағдайда, олардың дұрыстығын дәлелдеуге;

2) мәлiмделген кедендік құнды нақтылау қажеттiгi туындаған жағдайда, тауарды кеден органы жүзеге асырған кедендік бағалауға сәйкес кедендік баждар мен салықтардың төленуiн қамтамасыз еткен жағдайда, декларацияланған тауарды алуға құқығы бар. Кедендік төлемдер мен салықтар салынбайтын тауарлардың мәлiмделген кедендік құнын нақтылау қажет болған жағдайда, кеден органы белгiлеген мерзiмде қажеттi құжаттарды ұсыну жөнiнде мiндеттеме болған кезде декларацияланған тауарды алуға;

3) тауарлардың мәлімделген кедендік құнын кеден органының қабылдай алмау себебін түсіндіруді кеден органынан жазбаша сұратуға;

4) тауардың кедендік құнын айқындауға қатысты кеден органының шешiмiмен келiспеген кезде, бұл шешiмге Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен шағымдануға құқығы бар.

2. Декларант:

1) кедендік құнды мәлiмдеуге және оны айқындауға қатысты дұрыс, сан жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпаратқа негiзделген мәлiметтердi беруге;

2) мәлiмделген кедендік құнды растау қажет болған кезде, кеден органының талап етуi бойынша оған растау үшiн керек деректердi табыс етуге;

3) өзі мәлiмдеген кедендік құнды нақтылауға не кеден органына қосымша ақпарат табыс етуге байланысты өзінде туындаған барлық қосымша шығыстарды мойнына алуға мiндеттi.

320-бап. Кеден органының кедендік құнды айқындау жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi

1. Тауарға кедендiк ресiмдеу жүргiзетiн кеден органы:

1) декларант таңдаған кедендік құнды айқындау әдісін пайдалануға болатындығы және декларант берген құжаттар мен мәліметтер негізінде, сондай-ақ кедендік құнды айқындау кезінде пайдаланылатын өзінде бар ақпараттың негізінде декларант мәлімдеген тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығы туралы шешiм қабылдауға;

2) 2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен алып тасталды

3) декларант мәлiмдеген кедендік құнды айқындаудың дұрыстығын растайтын құжаттар мен мәліметтер болмаған кезде не декларант табыс еткен мәлiметтер мен осы Кодекстiң 316-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген құжаттар дұрыс емес немесе жеткiлiксiз болып табылатындығына негiздеме болған кезде, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылатын түзетулермен, өзiнде бар мәлiметтер (соның iшiнде, бірдей немесе бiртектес тауарлар бойынша баға ақпараты) негiзiнде, осы Кодексте белгiленген тауарлардың кедендік құнын айқындаудың әдiстерiн бірінен кейін бірін қолдана отырып, декларацияланатын тауардың құнын дербес айқындауға құқылы. Бұл ретте кеден органы қабылданған шешім туралы екi жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде декларантқа жазбаша хабарлауға мiндетті.

2. Кеден органы декларанттың жазбаша сауал салуы бойынша:

1) тауарлардың кедендік құнын кеден органы айқындаған жағдайда, оны айқындау тәртібі мен әдісі туралы ақпаратты;

2) тауарлардың декларант мәлiмдеген кедендік құнын кеден органының қабылдай алмау себептерін түсіндіруді жазбаша нысанда беруге мiндеттi.

321-бап. Кеден органдарының баға ақпаратын қолдана отырып тауарларды шартты шығару

1. Егер импортталатын тауарлардың кедендік құнын айқындау процесінде әкелінетін тауардың ке ден дік құнына қатысты түпкілікті шешім қабылдауды кейінге қалдыру қажеттігі туындаса, кеден органы қолда бар баға ақпаратынан ескере отырып, жүзеге асыратын тауардың кедендік бағасына сай декларант осы Кодекстің 43-тарауына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз еткен кезде тауарларды шартты түрде шығаруға құқылы.

2. Кеден органдарында бар баға ақпаратын кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган дұрыс, сан жағынан айқындалатын және құжатпен расталған ақпарат негізінде ресімделген жүктің кедендік декларациялары статистикалық деректерінің мәліметтерін пайдалана отырып, сондай-ақ шет мемле­кеттермен деректер алмасу және Осы Кодекстің 314-бабының 2-тармағында айқындалған дерек тердің негізінде қалыптастырады.

3. Растайтын құжаттар ретінде төлем құжаттары табыс етілуге тиіс және мәміле шарттары бойынша төлеу мерзімі көрсетілген мерзімнен асып кеткен жағдайларды қоспағанда, кедендік төлемдер және салықтардың төленуін қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тауар шығарылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн болады.

4. Әкелінетін тауардың кедендік құнына қатысты түпкілікті шешім шығарылғаннан кейін кеден органы осы Кодекстің 43-тарауына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қайтаруды (немесе есептемені) кедендік құнды түзету нысанын толтыра отырып, жүзеге асырады.

5. Әкелінетін тауарлар мәмілесінің бағасы бой ынша мәлімделген кедендік құнды растайтын қажетті құжаттар ұсынылмаған жағдайда, кеден органы осы Кодекстің 308-бабында белгіленген тауарлардың ке ден дік құнын айқындау әдістерін дәйекті түрде қол да на отырып, тауарлардың кедендік құнын ай қындайды.

Күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін кеден органы қабылдаған кедендік құнды айқындаудың тиісті әдісін қолдану туралы түпкілікті шешімді ескере отырып, осы Кодекстің 318-бабына сәйкес кедендік құнды түзету жүргізіледі.

 

321-1-бап. Тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысты қосымша



ережелер

Кеден ісі саласындағы қылмыстық істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде кедендік шекара арқылы тауарларды заңсыз өткізуден болатын кедендік төлемдер мен салықтар бойынша залалды белгілеу мақсатында тауарлардың кедендік құнын айқындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы осы Кодексте белгіленген талаптар мен шарттарды бұза отырып өткізілген тауарларға қатысты және кедендік төлемдер мен салықтар төленбеген тауарларға қатысты өсімпұлды қоса алғанда, төлеуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы шекарадан өткен күні, ал егер де мұндай күнді анықтау мүмкін болмаса, кеден органдары осындай тауарларды анықтаған күні қолданылатын ставкалар негізге алына отырып есептеледі.

Кеден органына тауарлардың сипаты туралы, олардың атаулары туралы, мөлшері, шығарылған елі туралы нақты мәліметтерді ұсынбауға бай­ланысты кедендік төлемдер мен салықтардың сома ларын анықтау мүмкін болмаған кезде кеден дік төлемдер мен салықтардың сомасы кедендік төлемдер мен салықтардың ставкалары ның анағұрлым көп шамасының, тауардың мөлшері мен шығарылған елінің негізінде анықталады.

 

40-тарау. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет