«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы



Дата25.02.2016
өлшемі170.07 Kb.
#21428





Жоба

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, № 18-II, 92-бап; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 145-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) монументтік өнерінің жаңа құрылысын орнату талаптарын бұзушылықтар;»;

2) 156-баптың бірінші бөлігі 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«3-1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн (жеткiзiлетiн) фильмдердің кинотеатрларда және осы мақсаттарға арналған кинозалдар мен өзге орындарда қазақ тіліне аударылған нұсқасысыз, немесе қазақ субтитрлармен немесе кадрдан тыс дауыспен сүйемелдеусіз прокаттауы :

3-2) кинотеатрларда және осы мақсаттарға арналған кинозалдар мен өзге орындарда ұлттық фильмдердің қазақ тіліндегі нұсқасысыз прокаттауы;».

2. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

1) 3-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«5-1) монументтік өнердің жаңа құрылыстары – белгілі тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру мақсатында орнатылатын монументалдық өнер шығармалары (ескерткіштер, стеллалар, мүсіндер, мемориалдық тақталар және өзге де құрылыстар);»;

2) 17-бап мынадай мазмұндағы 3-2) жәнеи 3-3) тармақшаларымен толықтырылсын:

«3-2) монументтік өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бекітеді;

3-3) монументтік өнердің жаңа құрылыстарын орнату бойынша ереже бекітеді және Мемлекеттік комиссия құрады;»;

3) 18-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«10-1) монументтік өнердің жаңа құрылыстарын орнату бойынша жұмыстар жүргізеді;»;

4) 19-бапта:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) мемлекет меншігі болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру жөнінде келісім береді;»;

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«12) монументтік өнердің құрылыстарын орнатуды бақылауды жүзеге асырады»;

мынадай мазмұндағы 14-9) тармақшасымен толықтырылсын:

«14-9) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу ережесін бекітеді;»;

5) 20-1 баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) монументтік өнердің жаңа құрылыстарының орнатылуын;»;

6) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«30-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануғаберудің тәртібі мен шарттары

Тарих және мәдениет ескерткіштерін жеке және заңды тұлғаларға ғылыми, мәдени-ағарту, туристік және өзге де мақсаттар үшін пайдалануға беру осы Заңмен белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
      Коммуналдық меншіктегі жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша пайдалануға беріледі.

Коммуналдық меншіктегі халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері уәкілетті органның келісімімен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша пайдалануға беріледі.

Республикалық меншіктегі халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері уәкілетті органның келісімімен мемлекеттік меншікті басқаратын уәкілетті органның шешімі бойынша пайдалануға беріледі.»;

7) 40-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңды ұйымдары мен нақты адамдарының Қазақстан аумағында жүргізген археологиялық зерттеулері нәтижесінде алынған барлық материалдар мен табылған заттар ғылыми тіркеліп, өңделгеннен кейін, уәкілетті орган белгілеген тәртібімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беріледі. Олардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетілуіне тыйым салынады.»;

8) 41-бап алып тасталсын.

3. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4,32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) мемлекеттік мұрағат - Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтауға (сатып алуға), тұрақты сақтауға және пайдалануды ұйымдастыруға құқық берілген мемлекеттік ұйым;»;

2) 5-баптың -тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Ұлттық, орталық мемлекеттік мұрағаттарының, Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасы мемлекеттік мұрағаттарының, облыстар, қалалар, аудандар мемлекеттік мұрағаттарының және олардың филиалдарының, арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың, кітапханалардың, мұражайлардың құжаттары Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру негізгі болып табылады.»;

3) 7-баптын 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) 2. Мемлекеттік меншіктегі құжаттарға:

Қазақстан Республикасының Ұлттық, орталық мемлекетті мұрағаттарындағы, Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының және олардың филиалдарында сақтаулы тұрған, соның ішінде 1917 жылға дейін жасалған, арнаулы мемлекеттік мұрағаттардағы, мемлекеттік кітапханалардағы және мұражайлардағы республикалық меншіктегі құжаттар, Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдарының, Жоғарғы сотының, Бас прокуратурасының, Ұлттық Банкінің және басқа да республикалық мемлекеттік заңды қызметі нәтижесінде жасалған және жасалып жатқан құжаттар;»;

4) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын :

«4. Ұлттық мұрағат қорының жеке меншіктегі құжаттарын сақтау мен пайдалану жөніндегі міндеттемелер олардың меншік иелері мен уәкілетті орган және (немесе) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы органымен қол қоятын шарттарда көрсетіледі.»;

5) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар мен олардың филиалдарында сақталатын, пайдалану үшін ашық Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын тегін пайдалануға құқығы бар. Жеке және заңды тұлғалардың жекелеген санаттарына құжаттарды пайдалануды шектеу осы Заңның 16-бабында белгіленіп отыр.»;

6) 18-бапта:

2-тармақта:

10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сондай-ақ мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың сұрауларын қанағаттандыру үшін басып шығару және пайдалану;»;

17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«17) осы Заңның, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және мұрағат ісі және құжаттамалар саласындағы өзге нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау тұрғысынан мұрағат ісі саласындағы бақылау;».

4. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):

1) 1-бапта:

1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) басылымның мiндеттi тегiн данасы - данасы тегін (мәтiндiк, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу басылымының) редакциялық-баспа өңдеуiнен өткен, шығарылым деректерi Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұжымдарына шығарушылардың беруiне жататыны осы Заңмен айқындалады;»;

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) Әлеуметтік маңызды әдебиет - қоғамның рухани-танымдық және интеллектуалдық-мәдени әлеуетін арттыруға, өскелең ұрпақты патриотизм, ұлттық және жалпы адами құндылықтар идеалдары рухында тәрбиелеуге, сондай-ақ, елдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-танымдық және мәдени өміріндегі жетістіктерді кеңінен таратуға бағытталған көркем, ғылыми, публицистикалық, энциклопедиялық және басқа да өзекті шығармалар;»;

мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 12-3) және 12-4) тармақшалармен толықтырылсын:

«12-1) Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасы -ұрпақтан ұрпаққа берілетін әдет-ғұрыптарды, түсiнiктерi мен пайымдарының нысандарын, бiлiм мен дағдыны - сондай-ақ олармен байланысты құралдарды, заттарды, артефактiлердi және мәдени құндылықтардың материалдық емес бөлігі;

12-2) Материалдық емес мәдени мұраны қорғау - материалдық емес мәдени мұраның өмiршеңдiгiн қамтамасыз ету мақсатында оны анықтауды, құжаттауды, зерттеуді, сақтауды, қорғауды, насихаттауды, оның рөлiн арттыруды, ең бастысы оны формалды және формалды емес білім беру арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді қоса есептегенде шаралар қабылдау, сондай-ақ осындай мұраның түрлi аспектiлерiн қайта жаңғырту;

12-3) Қазақстан Республикасы материалдық емес мәдени мұра элементтерінің Ұлттық тізбесі – Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұралары туралы деректер базасын қамтитын ақпараттық жүйе;

12-4) музей қоры - Қазақстан Республикасына тиесілі мұражай заттары мен коллекцияларының жиынтығы;»;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) мәдени қызмет субъектілері – мәдениет саласындағы қызметке қатысушы жеке және заңды тұлғалар;»;

2) 7-бапта:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнінде, сондай-ақ, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастырады және Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;»;

9-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметік маңызды әдебиетті республикалық деңгейде басып шығаруды, сондай-ақ ұлттық фильмдер жасауды қалыптастырады, орналастырады және бақылайды;»;

мынадай мазмұндағы 9-2) және 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:

9-2) әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін шығарудың тақырыптық жоспарын қалыптастыру бойынша сараптамалық кеңесті құрайды және оның ережесін бекітеді;»;

9-3) әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару ережесін бекітеді;»;

15-1) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2) және 18-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«18-1) Қазақстан Республикасы атынан ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитетіне өкілдер ұсынады (жолдайды);

18-2) материалдық емес мәдени мұра элементтерінің Ұлттық тізбесін және оны жүргізу ережесін бекітеді;

18-3) жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары бойынша Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтiк тiзiмiне және Шұғыл қорғауды қажет ететiн материалдық емес мәдени мұра тiзiмiне енгізу жөнінде өтініштер жолдайды;

21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«21) салалық көркем кеңестерін құрады және олар туралы ережелрді бекітеді;»;

23-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«23-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына қорытынды (рұқсат құжаты) беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;»

28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

« 28) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру және растау қағидасын әзірлейді және бекітеді;»;

35-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«35-1) тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұранысына сәйкес Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылатын белгiлердi келiседi не келiсуден бас тартады;»;

мынадай мазмұндағы 35 -2), 35-3), 35-4), 35-5), 35-6), 35-7), 35-8) және 35-9) тармақшалармен толықтырылсын:

«35-2) фильмдерді прокаттау және көпшілікке көрсету ережесін әзірлейді және бекітеді;

35-3) мемлекеттік театрлардың көркемдік қызметкерлері құрамының қойылым нормалары мен әртістердің спектакльдерге шығу нормаларын дайындау және бекітеді;

35-4) мемлекеттік театрлардың және концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, тапсыру және шығынға жатқызу нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;;

35-5) Қазақстан Республикасының мұражай қорындағы мұражай заттарын есепке алу, сақтау, қолдану мен есептен шығару нұсқаулық әзірлейді және бекітеді;

35-6) мемлекеттік мұражай және қорық-мұражайы ғылыми қызметкерлерінің экскурсиялық және дәрістік жүктемелері нормаларын әзірлейді және бекітеді;

35-7) мемлекеттік кітапханалардың кітап қорын есепке алу және есептен шығару турлы нұсқаулықты әзірлеп бекітеді;

35-8) мемлекеттік кітапханалардың кітап қорын дайындау, сақтау және пайдалану турлы ережесін әзірлеп бекітеді;

35-9) бюджет есебінен өткізілетін әлеуметтік-маңызды іс-шаралардың төре алқасы гонорарлары мөлшерлерін және сыйақы қорың әзірлейді және бекітеді;»;

3) 8-бапта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану, сондай-ақ, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;»;

13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына қорытынды (рұқсат құжаты) береді;»;

4) 9-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;»;

5) 11-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ұлттық мәдени игіліктің сақталуына қамқорлық жасауға»;

6) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:

«22-1-бап. Цирктер

1. Цирктер – эстрадалық-цирктік жанрдағы сахналық көрсетілімдерді жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдары.

2. Цирктер меншік нысанына қарамастан көркемдік бағыттар, репертуар таңдауда, туындыларды көпшілік алдында орындау туралы шешімдер қабылдауда, сахна туындыларын жасауда және танымал етуде, сондай-ақ тиімді шығармашылық және өндірістік даму үшін қажетті, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруда ерікті.

3. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту мақсатында халықтың цирк іс-шараларына қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді ұсынуға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік цирктерге бюджет қаражатынан

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен  субсидиялар бөлінеді.»;

7) 24-бапта:

2-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2-1. кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, кітап алмасу және сыйға тарту, қайтарымсыз берілген, мемлекеттік тапсырыс бойынша шығарылған кітаптар жолымен жүзеге асырылады.»;

2-2-тармақ алып тасталсын;

8) мынадай мазмұндағы 24-1 баппен толықтырылсын:

«24-1-бап. басылымның мiндеттi тегiн данасын басып шығару

Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында басылымның мiндеттi тегiн данасын шығарушы немесе тапсырмасы бойынша үшінші жақ дайын болған күннен бастап отыз күнтізбелік күнде Қазақстан Республикасының ұлттық кiтапханалары мен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жолданады.

2. Қазақстан Республикасының ұлттық кiтапханалары мен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы ұсынылған басылымның мiндеттi тегiн данасының сақталуын қамтамасыз етеді.»;

9) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«25-бап. Мұражайлар

1. Мұражайлар - мұражай заттары мен мұражай коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету үшін құрылған, мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу функцияларды жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын көпшілікке танытуды қамтамасыз етуге тиіс мәдениет ұйымдары.

2. Қазақстан Республикасының аумағында әр түрлі бейіндегі мұражайлар, соның ішінде қорық-мұражайлар мен жеке коллекциялар мұражайлары құрылуы мүмкін.

3. Мұражай заттары мен мұражай коллекциялары мұражай қорының құрамына кіреді және елдің мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады.

Мұражай қорларын жасақтау уәкілетті органмен анықталатын мұражайда құрылған қор-сатып алу комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

Мұражай жәдігерлерін мемлекеттік мұражайлардан жеке меншікке беруге тыйым салынады.

4. Мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар ақысы міндетті сипатта болмайтын және жеке және заңды тұлғалармен келісім бойынша айқындалатын, өздерінің негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізуге құқылы. Мұндай тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.

Мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың:

1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындауға және оларды өңдеуге;

2) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсынуға;

3) фото, бейне түсірілімдер жасауға;

4) кәдесый және полиграфия өнімдерін өткізуге;

5) мұражайлар мен мұражай - қорықтар шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізуге құқығы бар.

5. Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай заттары мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу тәртібі мен шарттары және мұражай ісі саласындағы басқа да қатынастар уәкілетті органмен белгілеген тәртіппен реттеледі.»;

10) 28-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Фильмге прокаттау куәлігін беруді уәкілетті орган өзі бекіткен нысан бойынша жүзеге асырады.»;

11) 28-4 баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн (жеткiзiлетiн) фильмдердің прокаттауы кинотеатрларда және осы мақсаттарға арналған кинозалдар мен өзге орындарда 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақ тіліне аударылған нұсқасымен, немесе қазақ субтитрлармен немесе кадрдан тыс дауыспен сүйемелдену тиіс.

Телеарналарда фильмдердің прокаттау тілі «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленеді.»;

12) 32-бап мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2), 15-3), 15-4), 15-5), 15-6) және 15-7) тармақшалармен толықтырылсын:

«15-1) материалдық емес мәдени мұраның тасымалдағышы ретінде тілді қоса алғанда, пайымның дәстүрлері мен нысандары;

15-2) орындаушылық өнерлер;

15-3) әдет-ғұрыптар;

15-4) салт-дәстүрлер;

15-5) мейрамдар;

15-6) табиғат пен дүниеге қатысты білімдер мен әдет-ғұрыптар;

15-7) дәстүрлі кәсіптермен байланысты білімдер және дағдылар;»;

13) 33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын зерттеу ұйымдары уәкілетті органға Мемлекеттік тізілімге енгізілуге жататын объектілер туралы мәліметтер беруге міндетті. Жаңа объектілер мен заттардың анықталуына қарай қажетті мәліметтері бар ақпарат ұсынылады.»;

14) 35-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Мәдени ынтымақтастық мақсатында Қазақстан Республикасы аумағына уақытша әкелінген және өзге мемлекет, шетелдік заңды және жеке тұлғалардың меншігі болатын мәдени құндылықтар Қазақстан Республикасымен қорғалады. Ол құндылықтарға Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы заңнамасы жүзеге асырылады.»;

15) 36-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Заттардың меншік иесі не меншік иесі оған уәкілеттік берген тұлға мәдени құндылықтарды уақытша әкету облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарымен берілетін қорытынды (рұқсат құжат) негізінде жүзеге асыруы мүмкін.

Қорытынды (рұқсат құжат) беруден бас тартуға:

1) оларды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, әкетілетін мәдени құндылықтардың қанағатсыз физикалық жай-күйі;

2) мәдени құндылықтың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;

3) мәдени құндылықтың уақытша әкету мақсатының осы Заңның 35-бабы 1-тармағымен сәйкес келмеуі негіз бола алады.».

5. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24,125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 4-баптың 64) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«64) театрдың, цирктің филармонияның, мұражайдың және мәдени-демалыс ұйымының сахналық көрсетілімдерді жүзеге асыру және көпшілік алдында өнер туындыларын орындау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;».

6. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5,41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 36-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының аумағындағы әрі жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылмайтын барлық тарих және мәдениет ескерткіштері Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.»;

2) 74-баптың 10- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Мемлекеттік меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін жеке және заңды тұлғаларға пайдалануға беруге арналған шартты жасасудың ерекшеліктері «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.


      Республикалық меншіктегі республикалық және халықаралық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұралар объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік меншік жөніндегі уәкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.

Коммуналдық меншіктегі республикалық және халықаралық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұралар объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.

Коммуналдық меншіктегі жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады. Егер тарих және мәдениет ескерткіштеріне жойылу немесе бүліну қаупі төнсе, пайдалануында тарих және мәдениет ескерткіштері бар тұлғаны сот шешімі бойынша оларды пайдалану құқығынан айырған жағдайда шарт бұзылған болып есептеледі.»;

3) 134-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті ұйым жүзеге асыратын қызметті қоспағанда, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және мұрағат ісі;».

2-бап. Осы Заң 2017 жылғы бірінші қаңтарыда қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы және 4-тармағының 11) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы

Президенті



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет