Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін



жүктеу 117.79 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі117.79 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:


1. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жыл, шілде, № 12 (2661), 82-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 10 маусымдағы Заңы; 2014 жылғы 5 шілдеде «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 2 шілдедегі Заңы):

1) 4-баптың 1-тармағы 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«38) пошта операторы – Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген тәртіпте тіркелген, пошта туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес пошта қызметі саласында қызметтерді ұсынатын, жеке немесе заңды тұлға.».

2. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №18-І, 18-ІІ, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат, №24, 145, 146-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; №2, 6-құжат; 2015 жылғы 8 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі Заңы; 2015 жылғы 29 сәуірде «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі Заңы):

1) 152-бап мынадай редакцияда жазылсын:

 «152-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге жөнелту үшiн қабылдау қағидаларын бұзу

 Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасынан жөнелту үшiн қабылдау қағидаларын пошта операторының, темiржол, автомобиль, өзен, теңiз және әуе көлiгi қызметкерлері жасаған бұзушылық –
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.».
3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжат; № 15, 138, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):

1) 31-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Банк клиенттерді тарту жөніндегі, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру жөніндегі, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі шарттың (келісімнің) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлғаның (бұдан әрі - банкке қызмет көрсететін тұлға) заңсыз әрекеті (әрекетсіздігі) үшін банктің аталған тұлғамен жасалған тиісті шарты (келісімі) талаптарына байланысты жауапкершілікте болады. 
      Банк пен банкке қызметтер көрсететін тұлғаның арасындағы шарт (келісім) клиентке қарап шығуы үшін ұсынылуы тиіс және онда банкке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметтерді көрсететін тұлғаның заңсыз әрекеттері үшін банктің клиент алдындағы жауапкершілігі міндетті түрде қамтылуы керек.

Банк және банкке қызметтер көрсететін тұлға арасында шарт (келісім) жасасу тәртібіне, сондай-ақ банкке қызметтер көрсететін тұлғаның қызметіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.».

2) 31-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақшамен толықтырылсын:

«6. Банктерге банктік салым шартын жасасу үшін клиенттерді тарту бойынша банкке қызмет көрсететін тұлғалармен шарттар жасасуға тыйым салынады.».
4. «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):

1) 9-1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) теміржол станцияларындағы, теңіз және өзен порттарындағы (айлақтарындағы), әуежайлардағы, автовокзалдардағы (автостанциялардағы), ішкі сауда объектілеріндегі, пошта операторларының өндірістік объектілеріндегі және өзге де объектілердегі карантинді аймақтарда осы объектілердің иелері - жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды өткізуін ұйымдастырады.»;

2) 12-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) ішкі сауда объектілері, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, өзен порттары, айлақтар, пошта операторларының өндірістік объектілері.»;

3) 13-баптың 4-тармағының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантинге жатқызылған әкелiнетiн өнiмнiң карантиндiк жай-күйiн жүктi тиеп-жөнелтудiң бастапқы орындарында және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезiнде теңiз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, темiржол станцияларында, пошта операторларының өндірістік объектілерінде, ішкі сауда объектілерінде, автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге де объектiлерде қайтадан белгiлейдi. Қайта тиеусiз әкету кезiнде шекаралық пункте және постыда тиеп-жөнелту орнында берiлген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресiмделуiн қадағалау ғана жүзеге асырылады.». 
5. «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат):

1) 55-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«55-бап. Пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдау

1. Пошта операторларына тұрақты рейстер жасайтын кемелерде белгiленген ақыға өз қызметкерлерiнiң iлесiп жүруiмен пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдауға құқық берiледi. 



Пошта байланысы операторлары, Ұлттық пошта операторы қызметкерлерiнiң iлесiп жүруiмен пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдайтын кемелерде пошта қызметiн жүзеге асыру, пошта жөнелтiлімдерiн сақтау және пошта операторлары қызметкерлерiнiң демалуы үшiн белгiленген тәртiппен ақылы негiзде үй-жайлар ұсынылады.

2. Пошта жөнелтiлімдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау тәртiбiн пошта байланысы саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгілейді.

3. Тасымалдаушының кiнәсiнен пошта жөнелтiлімдерiнiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) және жеткізілуінің кешіктірілгені үшiн тасымалдаушының пошта операторлары алдындағы жауапкершiлiгi пошта операторларының жөнелтушi немесе адресат алдында көтеретiн жауапкершiлiгi мөлшерiнен аспауға тиiс.».
6. «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72-құжат, 75-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік пошта одағы актілерінің нормаларымен біріздендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңы):

1) 1-бапта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) автомобиль көлiгi - негiзгi қызмет аясы автокөлiк құралдары мен инфрақұрылымды пайдалана отырып, жолаушылар, багаж, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылатын экономика саласы;»;

7) және 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) автомобильмен тасымалдау - автомобиль жолдары арқылы автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылатын жолаушылар, багаж, жүктер және пошта жөнелтілімдері тасымалы;

8) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрi - тасымалдаушы) - меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде автокөлік құралдарына иелiк етушi, жолаушыларды, багажды, жүктердi және пошта жөнелтілімдерін тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететiн заңды немесе жеке тұлға;»;

2) 8-баптың 1-тармағы 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) пошта жөнелтілімдерін тасымалдау болып бөлiнедi;»;

3) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Жүктерді және пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау»;

4) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«39-бап. Пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау

1. Тасымалдаушылар пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдауды пошта операторларымен жасалған, пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау шарты негiзiнде жүзеге асырады. 

2. Пошта жөнелтілімдерін тасымалдау үшiн әдейiлеп арналған автокөлiк құралы пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау шартына сәйкес қатаң тiкелей мақсатында пайдаланылуға тиiс. Мұндай автокөлiк құралында пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдауға қатысы жоқ бөгде адамдарды тасымалдауға тыйым салынады. 

3. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерiн және басқа да қызметтерді ұсынатын пошта операторларының автомобиль көлiгiнiң және басқа да механикалық көлік құралдарының автомобиль жолдары, автомобиль, темiржол, су станциялары мен вокзалдарының, әуежайлардың аумақтарында орналасқан жүк және багаж кешендерiне, пошта жәшіктеріне, сондай-ақ теміржол станциялары мен вокзалдарының перрондары мен платформаларында пошта вагондарымен пошта жөнелтiлімдерiнің барлық түрімен алмасу үшiн өтуi бiрiншi кезекте және ақысыз жүзеге асырылады. 



4. Егер пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау шартында өзгеше белгiленбесе, пошта жөнелтілімдерін тиеудi және түсiрудi, сондай-ақ оған iлесiп жүрудi және оның жүру жолында сақталуын пошта операторлары қамтамасыз етедi. Егер шарт талаптарынан өзгеше жағдай туындамаса, автомобильмен тасымалдау кезiнде пошта жөнелтілімдерінің сақталуы мен тұтастығы үшiн пошта операторы жауапкершілікте болады.».
7. «Қазақстан Республикасының әуе кеңестігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Заңы):

85-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«85-бап. Пошта жөнелтілімдерінің жоғалғаны, жетiспеушілігі және (немесе) зақымданғаны және жеткiзiлуiнiң кешіктірілгені үшiн тасымалдаушының жауапкершілігі

Тасымалдаушының кінәсінен пошта жөнелтілімдерінің жоғалғаны, жетiспеушілігі немесе зақымданғаны (бүлінгені) және жеткiзiлуiнiң кешiктiрiлгенi үшiн пошта операторлары жөнелтушілердің немесе адресаттардың алдында жауапкершілікте болған мөлшерде тасымалдаушы пошта операторларының алдында материалдық жауапкершілікте болады.».
8. «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік пошта одағы актілерінің нормаларымен біріздендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №230-V Заңы):

1) 2-бапта 5-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) арнаулы байланыс – Ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын әрі заңмен қорғалатын кез келген құпия және құндылықтар, оның ішінде қымбат бағалы металдар, тастар және олардан жасалған бұйымдар бар арнаулы және өзге де жөнелтілімдерді қабылдауды, өңдеуді, күзетуді, тасымалдауды және жеткізуді (табыс етуді) қамтамасыз ететін курьерлік байланыс түрі;»;

2) 24-бапта 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Пошта байланысы қызметтерiн байланыс операторлары көрсетуге құқылы.».
9. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат):

1) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:

«21-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық пошта операторы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету

1. Ұлттық пошта операторы «Халық Үкіметі» мемлекеттік корпорациясымен жасалған шарт негізінде «Халық Үкіметі» мемлекеттік корпорациясы жоқ елді-мекендерде «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беруді ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру бойынша Ұлттық пошта операторы жұмысын ұйымдастыру талаптары мен тәртібі Ұлттық пошта операторы мен «Халық Үкіметі» мемлекеттік корпорациясы арасында жасалатын шартпен белгіленеді.

3. Ұлттық пошта операторы мәліметтерді сұратуға және алуға не мемлекеттік органдардың және өзге тұлғалардың ақпараттық жүйелеріне және деректер базасына, оның ішінде «Мекен-жай тізілімі» ақпараттық жүйесіне кіру рұқсатын алуға құқылы.».


2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Президенті



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет