«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте



бет2/10
Дата16.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#139772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



64-бап

3-тармағы



64-бап. Салық есептілігін жасау ерекшеліктері

3. Егер салық төлеуші Қазақстан Республикасының Үкіметі әртүрлі салықтық нысандар белгілеген салық төлеушілердің санаттарына жатса, онда мұндай салық төлеуші өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген салықтық нысандарды жасауға тиіс.



64-бап. Салық есептілігін жасау ерекшеліктері

3. Егер салық төлеуші уәкілетті органмен әртүрлі салықтық нысандар белгілеген салық төлеушілердің санаттарына жатса, онда мұндай салық төлеуші өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген салықтық нысандарды жасауға тиіс.








65-бап

1, 4 тармақтар




65-бап. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысандарын салық төлеушілердің мынадай санаттарының әрқайсысы үшін:



4. Қазақстан Республикасының Үкіметі корпоративтік табыс салығының сомасы есеп-қисабының мынадай нысандарын:



65-бап. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

1. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысандарын салық төлеушілердің мынадай санаттарының әрқайсысы үшін:




4. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығының сомасы есеп-қисабының мынадай нысандарын:








66-баб

1-тармақ

66-бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

1. Қосылған құн салығы жөніндегі декларация қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының сомасын есептеуіне және:



Бұл ретте есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының қосылған құн салығына есептелген сомадан асып кетуін қайтару жөніндегі талап қосылған құн салығы бойынша бастапқы, кезекті және (немесе) тарату декларацияларында көрсетілуі мүмкін.



66-бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

1. Қосылған құн салығы жөніндегі декларация қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының сомасын есептеуіне және:



Бұл ретте есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының қосылған құн салығына есептелген сомадан асып кетуін қайтару жөніндегі талап қосылған құн салығы бойынша бастапқы, кезекті және (немесе) тарату декларацияларында көрсетілуі мүмкін.



66-баптың 1-тармағы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.





67-бап

1-тармақ




67-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын осы декларацияға қосымшалармен бірге бекітеді:



67-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

1. Уәкілетті орган жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын осы декларацияға қосымшалармен бірге бекітеді:








68-бап

2-тармақ




68-бап. Салық есептілігін табыс ету тәртібі

2. Егер салық төлеуші Қазақстан Республикасының Үкіметі салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші өзі жататын салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша салық есептілігін табыс етуге тиіс.



...

68-бап. Салық есептілігін табыс ету тәртібі

2. Егер салық төлеуші уәкілетті орган салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші өзі жататын салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша салық есептілігін табыс етуге тиіс.



...






69-баб

2, 4-тармақтар




69-бап. Салық есептілігiн керi қайтарып алу тәртібі

2. Жою әдiсiмен мынадай:



2) осы Кодекстiң 68-бабы 2-тармағының талаптарын бұза отырып, салық төлеушi табыс еткен салық есептілігiн;



5) жоқ.

4. Егер салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 2-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етпесе, салық органы салық төлеушiге (салық агентiне) осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарламаны белгiленген мерзiмде жiбередi. Хабарлама осы Кодекстiң 608-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмде орындалуға жатады.





69-бап. Салық есептілігiн керi қайтарып алу тәртібі

2. Жою әдiсiмен мынадай:



2) осы Кодекстiң 68-бабы 2-тармағының, 70-бабы 5-тармағының талаптарын бұза отырып, салық төлеушi табыс еткен салық есептілігiн;



5) талап ету мерзімі өткеннен кейін салық төлеушi табыс еткен салық есептілігiн.

4. Егер салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 2-тармағының 2) - 5) тармақшаларында көрсетiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етпесе, салық органы салық төлеушiге (салық агентiне) осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарламаны белгiленген мерзiмде жiбередi. Хабарлама осы Кодекстiң 608-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмде орындалуға жатады.





Салық заңнамасының аталған нормаларын бұзумен табыс еткен салық есептілігiн кері қайтару мүмкіншілігін қарастыру мақсатында.

Салық кодексінің 69-бабы 2-тармағына на енгізілетін толықтыруларға байланысты






71-бап

71-бап. Уәкілетті органның салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзартуы

1. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші осы Кодекстің 624-бабында көрсетілген мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осындай есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы салықтық өтініш табыс етуге құқылы.


2. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті қарау нәтижелері бойынша оны алғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы немесе мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы шешім шығаруға міндетті.

3. Мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушіде осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініш берген күні алдыңғы он екі айлық кезеңдегі мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімдерін бұзу фактісі болған жағдайда қабылданады.

4. Уәкілетті орган мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін осындай есептілікті табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап үш айдан аспайтын кезеңге ұзартуға құқылы.

5. Уәкілетті орган мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда, мониторингке жататын ірі салық төлеуші осындай есептілікті осы Кодексте белгіленген тәртіппен табыс етеді.

6. Салық қызметі органдарының бағдарламалық қамтамасыз етілімінде электрондық түрдегi салық есептілігiн уақтылы табыс етуге әсер ететін техникалық қателер табылған жағдайда, уәкілетті орган осындай есептілікті табыс ету мерзімін осындай есептілікті табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап үш айдан аспайтын кезеңге ұзартады.


71-бап. Уәкілетті органның салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзартуы

Мониторингке жататын ірі салық төлеуші осы Кодекстің 624-бабында көрсетілген мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін 60 күнтізбелік күнге дейін ұзартуға құқылы.

Мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, мониторингке жататын ірі салық төлеуші тіркеу орны бойынша салық органына мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімі біткенге дейін он жұмыс күннен бұрын хабарлауға міндетті.

2. Алып тасталсын.

3. Алып тасталсын.

4. Алып тасталсын.

5. Алып тасталсын.

6. Алып тасталсын.


71-баптың 2-6-тармақтары алып тасталсын
Іс-әрекет пен рәсімдер санын азайту мақсатында, бқл бап мониторингке жататын ірі салық төлеуші тарабыннан хабарлама сипатын көздейді.

Салық төлеушi (салық агенттерi) жағдайларының жақсаруына байланысты бұл өзгертулердің күші қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін енгізу.





72-бап

1, 2-тармақтар





72-бап. Салық органының салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзартуы

1. Салық органы, мониторинг бойынша есептілікті және тауарлардың Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезіндегі жанама салықтар бойынша салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігінің электрондық түрде табыс етілу шартымен оны табыс ету мерзімін салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша ұзартады.

2. Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы салықтық өтінішті салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзім өткенге дейін осы Кодекстің 76-бабында белгіленген тәртіппен тіркелу есебінің орны бойынша салық органына береді.

Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салық органына салық есептілігін ұзартуға салықтық өтініш берілген күнтізбелік жыл ішінде салық төлеуші (салық агенті) табыс ететін салық есептілігіне қолданылады.



72-бап. Салық органының салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзартуы

1. Мониторинг бойынша есептілікті және тауарлардың Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезіндегі жанама салықтар бойынша салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігінің электрондық түрде табыс етілу шартымен оны табыс ету мерзімін ұзартуға салық төлеуші (салық агенті) құқылы.
2. Осы бапқа сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту үшін салық төлеуші (салық агенті) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарламаны тіркелу есебінің орны бойынша салық органына береді.

Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзім өткенге дейін салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарламаны ақпаратты өндеу компьютеріне қол жеткізетін салық есептілігін қабылдау және өндеу жүйелері арқылы қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде жібереді.

Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салық органына салық есептілігін ұзартуға хабарлама жіберілген күнтізбелік жыл ішінде салық төлеуші (салық агенті) табыс ететін салық есептілігіне қолданылады.



Салық кодексінің 71-бабына өзгертулер енгізілуіне сәйкес осы бап салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту рәсімдерін оңайлату мақсатында хабарлау сипатында болады.





73-баб 4-тармақ


73-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі



4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім салық төлеушіде (салық агентінде) өтініш берілген күні салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған немесе салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеген жағдайда қабылданады.



...

73-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі



4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім:



1) салық төлеушіде (салық агентінде) өтініш берілген күні салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған;

2) салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеген;

3) осы Кодекстің 579-бабына сәйкес салық органы салық төлеушіні әрекетсіз деп таныған жағдайларда қабылданады.



...

Қызметін жүзеге асыру кезеңінде салық есептілігін табыс етпеген әрекетсіз салық төлеуші салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мүмкіншілігін бермеу мақсатында.



78-бап

78-бап. Қаржы лизингі

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан асатын мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе:




егер бастапқы лизинг шарты бойынша аннуитеттік төлем әдісі көзделген жағдайда - қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша лизингтік төлемдердің жалпы сомасы лизингтік төлемдер сомасына азайтылған, лизинг алушыдан бастапқы лизинг шарты бойынша алынған, бастапқы лизинг шарты бойынша лизингтік төлемдердің жалпы сомасынан аспаса;

егер бастапқы лизинг шарты бойынша тең үлестермен төлеу әдісі көзделген жағдайда - қайталама лизингке берілетін лизинг нысанасының құны бастапқы лизинг шарты бойынша лизинг нысанасының төленбеген құнынан аспаса, қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша сыйақы ставкасының мөлшері бастапқы лизинг шарты бойынша сыйақы ставкасының мөлшерінен аспаса;





78-бап. Қаржы лизингі

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан асатын мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе:



егер бастапқы лизинг шарты бойынша аннуитеттік төлем әдісі көзделген жағдайда - қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша лизингтік төлемдердің жалпы сомасы лизингтік төлемдер сомасына азайтылған, лизинг шарты бұзылған күнге есептелген бастапқы лизинг шарты бойынша лизингтік төлемдердің жалпы сомасынан аспаса;

егер бастапқы лизинг шарты бойынша тең үлестермен төлеу әдісі көзделген жағдайда - қайталама лизингке берілетін лизинг нысанасының құны лизинг төлемдерінің сомасына азайтылған, лизинг шарты бұзылған күнге есептелген бастапқы лизинг шарты бойынша лизинг нысанасының төленбеген құнынан аспаса, қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша сыйақы ставкасының мөлшері бастапқы лизинг шарты бойынша сыйақы ставкасының мөлшерінен аспаса;








79-бап

79-бап. Ұзақ мерзімді келісімшарттар

1. Келісімшарт бойынша көзделген өндіру, орнату, құрылыс басталған корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңінің шегінде аяқталмаған өндіруге, орнатуға, құрылысқа арналған келісімшарт (шарт) осы баптың мақсатында ұзақ мерзімді келісімшарт болып табылады.

2. Салық кезеңінде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша іс жүзінде келтірілген шығыстардың сомасы осы Кодекстің 100 - 125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылуға жатады.

3. Ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыстар салық төлеушінің таңдауы бойынша іс жүзіндегі әдіс немесе аяқтау әдісі бойынша айқындалады.



Табыстарды айқындаудың таңдап алынған әдісі салықтық есепке алу саясатында көрсетіледі және келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде өзгертілмейді.

4. Іс жүзіндегі әдіс бойынша есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс есепті салық кезеңінде алынуға жататын (алынған), бірақ ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша осындай кезеңде келтірілген шығыстар сомасынан кем емес табыс деп танылады.

5. Аяқталу әдісі бойынша есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыстың және көрсетілген келісімшарттың есепті салық кезеңіндегі атқарылу үлесінің шығарылған жалпы сомасы ретінде айқындалады.

Бұл ретте ұзақ мерзімді келісімшарттың атқарылу үлесі есепті салық кезеңінде жүргізілген және осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылған шығыстар сомасының осы Кодекске сәйкес келісімшарттың қолданылу кезеңінде шегерімге жатқызыла алатын ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстардың жалпы сомасына арақатынасы ретінде айқындалады.


79-бап. Алып тасталсын.

4 бөлімге көшіруге байланысты.



84-баб

2-тармақ 9) тармақшасы



84-бап. Жылдық жиынтық табыс

2. Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды:



9) жоқ;



10) жоқ.



84-бап. Жылдық жиынтық табыс



2. Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды:



9) осы Кодекстің 279-бабы 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарды алыс-беріс шикізатынан өндірген адам үшін - алыс-беріс шикізатынан өңделген өнімдер болып табылатын акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу бойынша салық міндеттемесін осындай адамның орындау есебінен алуына (алған) жататын өтем сомасы;

10) мемлекеттік мекемеден алынған мемлекеттік кәсіпорынның мүлкінің құны түріндегі:

шаруашылық жүргізу құқығында немесе шұғыл басқару бекітілген осындай кәсіпорынның негізгі құралдары;

осындай шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе шұғыл басқарылатын кәсіпорынға бекітілетін, негізгі құралдарды сатып алуға ақшасы.

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Редакцияны нақтылау.







85-баб

1-тармақ, 1-1), 6) тармақшалары, 4-тармақ



85-бап. Жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыстар

1. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері:



    1. жоқ;


6-1) жоқ;



23-1) жоқ;

...

4. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес табыстарын түзетуге құқығы бар.




85-бап. Жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыстар

1. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері:



1-1) 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасасқан сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақылары түріндегі сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының табысы;



6-1) 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасасқан сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру активтері бойынша қайта сақтандыру активтерін жөніндегі сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының табысы;



23-1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе шұғыл басқару бекітілген осындай кәсіпорындардың негізгі құрал-жабдықтар өтеліміне байланысты туындайтын мемлекеттік кәсіпорынның табысы;



...

4. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес табыстарын түзетуге құқығы бар. Бұл ретте түзетулерді ескере отырып, жылдық жиынтық табыс осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес теріс мәнге ие болуы мүмкін.

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап.

Редакцияны нақтылау.



2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап.

Редакцияны нақтылау.


Редакцияны нақтылау.



87-баб

2-тармағы



87-бап. Құн өсiмiнен түсетiн табыс

2. Осы баптың мақсатында амортизацияға жатпайтын активтерге:




6-1) жоқ;

...


87-бап. Құн өсiмiнен түсетiн табыс



2. Осы баптың мақсатында амортизацияға жатпайтын активтерге:


6-1) инвестициялық алтын;



ҚЕХС сәйкес келтіру.



90-баб

3-тармақ


90-бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс



3. Құрылған сақтандыру резервтерінің осы Кодексте белгіленген мөлшерде және тәртіппен бұрын шегерімге жатқызылған мөлшерлерін азайту сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы құрған сақтандыру резервтерінің мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.




90-бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс



3. Сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есепті салық кезеңінің соңына құрылған сақтандыру резервтері мөлшерінің және алдыңғы салық кезеңінің соңына осындай резервтердің мөлшері арасындағы теріс айырмашылық табыс деп танылады.



2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап.

Редакцияны нақтылау.






90-1-баб

90-1-бап. Жоқ.

90-1-бап. Сақтандыру резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін құру бойынша табыс

Сақтандыру резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін құру бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының есепті салық кезеңінің соңына құрылған сақтандыру активтері мөлшерінің және алдыңғы салық кезеңінің соңына осындай активтердің мөлшері арасындағы оң айырмашылық табыс деп танылады.

Сақтандыру резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін құру тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі айқындайды.

Редакцияны нақтылау.



99-бап

1-тармақ


99-бап. Жылдық жиынтық табысты түзету

1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан:




16) жоқ.

99-бап. Жылдық жиынтық табысты түзету

1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан:



16) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің активтерін инвестициялаудан алынған және оның ұлғаюына бағытталған инвестициялық кірістері алып тасталуға жатады.


Жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру қорының арнайы резервінің қаражатына салық салу тәртібін нақтылау.



100-баб 18-тармақ

100-бап. Шегерімдер

13. Салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару кезінде есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан, қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер шотына есепке жатқызылмаған, нөлдік ставкамен салық салынатын айналымдар бойынша қайтаруға ұсынылмаған сомасынан асып кетуі осы Кодекстің 230-баптың 2-тармағында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін шегерімге жатқызылуға жатады.



...


18. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес шегерімдерді түзетуге құқығы бар.




100-бап. Шегерімдер

13. Осы Кодекстің 230-бабы 2-тармағында көрсетілген талаптарды орындаған кезде, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығарғаннан кейін есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан, қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер шотына есепке жатқызылмаған, нөлдік ставкамен салық салынатын айналымдар бойынша қайтаруға ұсынылмаған сомасынан асып кетуі осы Кодекстің 230-бабы 2-тармағында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін шегерімге жатқызылуға жатады.



...

18. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес шегерімдерді түзетуге құқығы бар. Бұл ретте түзетулерді ескере отырып, шегерімдердің сомасы осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес теріс мәнге ие болуы мүмкін.



2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

Нақтылаушы түзету

Редакцияны нақтылау.




115-баб

5-1) тармақшасы

115-бап. Шегерімге жатпайтын шығындар

Мыналар:

5-1) жоқ;





115-бап. Шегерімге жатпайтын шығындар

Мыналар:



5-1) 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасасқан сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақылары түріндегі сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының шығыстары;



2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап.

Салық кодексінің 85-бабына енгізілетін өзгерістерге байланысты




118-бап

118-бап. Тіркелген активтердің түсімі



4-1 Жоқ.



...

11-2. Жоқ.




118-бап. Тіркелген активтердің түсімі



4-1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе шұғыл басқару бекітілген осындай кәсіпорындарда мемлекеттік мекеменің тіркелген активтерін мемлекеттік кәсіпорынны алған кезде, осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, алынған активтердің аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген баланстық құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.



...

11-2. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының 2012 жылдың 1 қаңтарына топтардың (кіші топтардың) баланстық құндары болмаған жағдайда 2012 жылдың 1 қаңтарына тіркелген активтердің бастапқы құны осындай күнге қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбай, халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес және биологиялық активтердің баланстық құны болып табылады.



84-баптың 2-тармағы 9) тармақшасы және 85-баптың 1-тармағы 23) тармақшасы енгізілуге байланысты.



2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап

тіркелген активтердің бастапқы құнын айқындау үшін





119-баб 14-тармақ


119-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуы



14. Табыс алуға бағытталған қызметте тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатқан кезде:

1) І топ бойынша - тиісті кіші топтардың құндық балансы осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына азайтылады. Кіші топтың құндық балансын азайту активті пайдаланудан уақытша шығарудың және пайдалану уақытша тоқтатылғаннан кейін оны пайдалануға берудің салықтық кезеңдері сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі;



2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша шығып қалу көрсетілмейді.

Тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатуға мұндай активтерді бухгалтерлік есепте негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтатпай, тіркелген активтерді пайдаланудан уақытша шығару жатады.


119-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуы



14. Табыс алуға бағытталған қызметте тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатқан кезде:

1) маусымдық өндірісте пайдаланатын І топтың тіркелген активтері бойынша шығып қалу көрсетілмейді;

2) І топтың өзге де тіркелген активтері бойынша - тиісті кіші топтардың құндық балансы осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына азайтылады. Кіші топтың құндық балансын азайту активті пайдаланудан уақытша шығарудың және пайдалану уақытша тоқтатылғаннан кейін оны пайдалануға берудің салықтық кезеңдері сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі;

2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша шығып қалу көрсетілмейді.

Тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатуға мұндай активтерді бухгалтерлік есепте негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтатпай, тіркелген активтерді пайдаланудан уақытша шығару жатады.

Осы тармақшаның мақсаты үшін маусымдық өндірісте пайдаланатын І топтың тіркелген активтері бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін І топтың тіркелген активтер болып табылады:

  1. мұндай активтер арнайы температуралық режимдерде пайдалану туралы техникалық құжаттамада көрсетілген талаптарына қарай есепті кезеңінің соңына пайдалана алмайды;

  2. күнтізбелік жылдың арнайы, бірақ үш айдам кем емес кезеңінде климаттық, табиғи немесе технологиялық жағдайларына байланысты өндірістік процеске қатысады;

  3. есепті салық кезеңінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланған.



Өндірісте тек жаз айларында пайдаланатын жабдық бар.

Айталық, мысалы, кен байыту үшін гравитациялық тәсіл қолданылады, онда технологиялық жабдық ашық аспан астында жуу-шаю-тұндыру кешенінің жұмысы үшін жаздық нұсқада жасалған.

Жабдық сәуірден қараша айына дейін жұмыс істейді. Қыс мезгілінде жабдықты консервация мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Айталық, мысалы, активтерді пайдаланудан уақытша шығару мен оны пайдалануды уақытша тоқтатудан кейін қайта іске қосудың салық кезеңдері ешқашан бір уақытта келмейді, салық төлеуші осы жабдық бойынша маусымдық сипаттағы амортизациялық шегерімге жатқызу құқығынан айырылады.



123-баб

5-тармақ


123-бап. Инвестициялық салық преференциялары

5. Преференцияларды қолдану мақсаты үшін:



құрылыс мердігерлігі шартын жасасу жолымен салу кезінде - мемлекеттік қабылдау комиссиясы ғимараттың (ғимарат бөлігінің) пайдалануға берілу актісіне қол қойғаннан кейін құрылысты жүргізушінің құрылыс объектісін тапсырысшыға беруі;

қалған жағдайларда - мемлекеттік қабылдау комиссиясының ғимараттың (ғимарат бөлігінің) пайдалануға берілу актісіне қол қоюы Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан салынған ғимараттың (ғимарат бөлігінің) алғаш рет пайдалануға берілуі болып табылады.



123-бап. Инвестициялық салық преференциялары

5. Преференцияларды қолдану мақсаты үшін:



құрылыс мердігерлігі шартын жасасу жолымен салу кезінде - мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы ғимараттың (ғимарат бөлігінің) пайдалануға берілу актісіне қол қойғаннан кейін құрылысты жүргізушінің құрылыс объектісін тапсырысшыға беруі;

қалған жағдайларда - мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясының ғимараттың (ғимарат бөлігінің) пайдалануға берілу актісіне қол қоюы Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан салынған ғимараттың (ғимарат бөлігінің) алғаш рет пайдалануға берілуі болып табылады.



2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап.

Салынған объектіні пайдалануға мемлекеттік қабылдау комиссиясы және қабылдау комиссиясы қабылдайтынына байланысты.






Жаңа бөлім

§ 5-1

Жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет