«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте


-4-бап. Тазартылған алтынға салық салу 1. Алтын өндіруді және шығаруды жүзеге асыратын салық төлеушілердің бағалы металдар



бет5/10
Дата16.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#139772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

244-4-бап. Тазартылған алтынға салық салу

1. Алтын өндіруді және шығаруды жүзеге асыратын салық төлеушілердің бағалы металдар активтерін толықтыру үшін өз өндірісі шикізатынан тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізуі бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.

2. Мыналар:

1) салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған бағалы металдар активтерін толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт, осы баптың 1-тармағында көрсетілген, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар болып табылады.



Редакциялық өзгертулер (ҚҰҰБ туралы қолданыстағы Заңның редакциясымен сәйкестікке келтіру)





253-баб

5-1) тармақша



253-бап. Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар

Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай:



5-1) жоқ;



253-бап. Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар

Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай:



5-1) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарының, оның ішінде осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарының кітапхана қорын уақытша пайдалануға, электрондық түрде беруі жөніндегі;



Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарының кітапхана қорын уақытша пайдалануға беруі, оның ішінде электронлық түрде беруі бойынша қызмет көрсету кезінде ҚҚС босатуды қолдану мақсатында.



255-бап 1-тармақ, 13) тармақша

255-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт

  1. . Мынадай тауарлар:



13) жоқ.

...

255-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт

  1. Мынадай тауарлар:



13) әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктермен әкелінетін діни мақсаттағы заттардың импорты қосылған құн салығынан босатылады .

Осы тармақта көрсетілген тауарларды іріктеу өлшемдері мен тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Осы тармақтың ережелері одан әру өткізуге арналған діни мақсаттағы заттарға қолданылмайды.

...

Импортталатын діни мақсаттағы заттарды ҚҚС босату мақсатвнда.




256-бап 3-3-тармақ

256-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

3-3. Тұрғын үй құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушi осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталған, бірақ мемлекеттік қабылдау комиссиясы тұрғын үйді пайдалануға қабылдаған күннен ерте емес салық кезеңінде осындай тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша мынадай формула:




6. Жоқ.

256-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

3-3. Тұрғын үй құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушi осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталған, бірақ мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы тұрғын үйді пайдалануға қабылдаған күннен ерте емес салық кезеңінде осындай тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша мынадай формула:





6. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу осы Кодекстің 100-бабы 13-тармағына сәйкес есепке жатқызылған соманың мөлшерінде, егер салық төлеушілердің мемлекеттік дерек қорында тұрған салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шыққаннан кейін осы Кодекстің 100-бабы 13-тармағын қолданған жағдайда кемітуге жатқызылуы тиіс.

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

Нақтылаушы түзету.

Егер салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шыққаннан кейін салық кодексінің 100-бабы 13-тармағын қолданған жағдайда ҚҚС бойынша есепке жатқызуды кеміту мақсатында.




257-бап

257-бап. Есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы


1-1. Тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығы:



осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталғанға;

мұндай тұрғын үй ғимаратын мемлекеттік қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдағанға дейін есепке жатқызылуға жатпайды



257-бап. Есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы


1-1. Тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығы:



осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталғанға;

мұндай тұрғын үй ғимаратын мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдағанға дейін есепке жатқызылуға жатпайды



2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

Нақтылаушы түзету.





259-бап

4-тармақ


259-бап. Міндеттемелерді есептен шығару кезінде күмәнді міндеттемелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету



4. Қосылған құн салығын төлеушi - өнiм берушi банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілген қосылған құн салығын қоспағанда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығын есептен алып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеушi - өнiм берушiні Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде жүргiзiледi.



259-бап. Міндеттемелерді есептен шығару кезінде күмәнді міндеттемелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету



4. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттемелер - қосылған құн салығын төлеушi өнiм берушi банкрот деп танылған жағдайда толық немесе ішінара қанағаттандырылмаса, онда осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілген қосылған құн салығын қоспағанда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығын есептен алып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеушi - өнiм берушiні Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде жүргiзiледi.



Нақтылаушы түзету.




263-бап

263-бап. Шот-фактура



7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiнгi бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.



Қосылған құн салығын төлеушi:

электр энергиясын, суды, газды, байланыс қызметтерiн, коммуналдық қызметтер көрсетудi, темір жол тасымалдарын, көлiк-экспедиторлық қызметтер көрсетудi, вагондар (контейнерлер) операторының қызметтерін көрсетуін, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызмет көрсетудi, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде - қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;

есептелген сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-шы күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша;

осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға бір немесе бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу кезінде - оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактураны жазып беруге құқылы.



Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
Жоқ.




14. Бұрын жазып берiлген шот-фактураға тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнi және (немесе) сатып алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, оларды берушi қателердi түзету мақсатында бұрын жазып берiлген шот-фактураның күшiн жояды және ол мынадай талаптарға:

1) бұрынғы нөмiрлерi мен жазып берiлген күнi көрсетiле отырып, осы Кодекстiң 263-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкестiгiне;



2) шот-фактурада бұрын жазып берiлген шот-фактураны түзету күнiнiң көрсетiлуiне;

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының түзетiлген шот-фактураны алғаны туралы мынадай растаулардың бірiнiң болуына:

тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының мұндай шот-фактураны осы баптың 8-тармағына сәйкес қол қоюымен және мөрiмен куәландырылуының болуына;

мұндай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнiң тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының мекенжайына тапсырыс хатпен жiберуiне және оны алғаны туралы хабарламаның болуына сәйкес келуге тиiс түзетiлген шот-фактура жазып бередi.

Осы Кодекстiң 265-бабында көзделген жағдайларда, осы тармақтың ережесi қолданылмайды.

Осы тармақты қолдану мақсатында бұрын жазып берiлген шот-фактурадағы:

тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнiң және (немесе) сатып алушының сәйкестендiру нөмiрiн;

берушiнiң қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қойылғаны туралы куәлiктiң нөмiрiн өзгерту және (немесе) толықтыру тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнi және (немесе) сатып алушыны ауыстыру болып танылмайды.



16-1. Осы баптың 16-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураларды жазып беру:



1) осы баптың 15-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - айналым жасалған күні және одан кешірек жүзеге асырылады. Бұл ретте шот-фактураларды жазып беру күнімен қатар, қызмет көрсетуді беруші айналым жасалған күні қолданыста болатын мөлшерлеме бойынша есептелген салықты көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күнді көрсетеді;

2) осы баптың 15-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда - тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету өткiзілген орын бойынша жүзеге асырылады.



263-бап. Шот-фактура



7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiнгi бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.



Қосылған құн салығын төлеушi:

электр энергиясын, суды, газды, байланыс қызметтерiн, коммуналдық қызметтер көрсетудi, темір жол тасымалдарын, көлiк-экспедиторлық қызметтер көрсетудi, вагондар (контейнерлер) операторының қызметтерін көрсетуін, магистральдық құбыр жүйесі бойынша жүктерді тасымалдау бойынша қызмет көрсетудi, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызмет көрсетудi, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде - қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;

есептелген сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-шы күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша;

осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға бір немесе бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу кезінде - оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактураны жазып беруге құқылы.

Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
Осы Кодекстің 237-бабы 8-тармағында көзделген жағдайда шот-фактура осы Кодекстің 237-бабы 1-тармағының үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген қол қойылған құжатта көрсетілген күннен кейін бес күннен бұрын және кеш жазылып берiледi.



14. Бұрын жазып берiлген шот-фактурада жіберілген қателерді түзету қажет болған жағдайда, ондай шот-фактураларды және түзетілген шот-фактуралардың үзінді көшірмелеріне, күшін жойған шот-фактуралардың үзінді көшірмелерінің берілген күні мен нөміріне де күшін жою жүргізіледі.



Бұрын жазып берiлген шот-фактурадағы қателерді түзету тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнi және (немесе) сатып алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын болуы керек.

Түзетiлген шот-фактура мынадай шарттарға сәйкес болуы керек:

1) осы бапта белгіленген шот-фактуралардың үзінді көшірмелеріне талаптарға сәйкес;

2) шот-фактураның жеке жолында «түзетілген» белгісін және түзету күнін көрсетіп;

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының түзетiлген шот-фактураны алғаны туралы мынадай растаулардың бірiнiң болуына:

тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының мұндай шот-фактураны осы баптың 8-тармағына сәйкес қол қоюымен және мөрiмен куәландырылуының болуына;

мұндай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнiң тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының мекенжайына тапсырыс хатпен жiберуiне және оны алғаны туралы хабарламаның болуына сәйкес келуге тиiс түзетiлген шот-фактура жазып бередi.

Осы Кодекстiң 265-бабында көзделген жағдайларда, осы тармақтың ережесi қолданылмайды.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнi және (немесе) сатып алушыны ауыстыруға осы тармақты қолдану мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнiң және (немесе) сатып алушының атауын өзгерту және (немесе) түзету танылады.



16-1. Осы баптың 16-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураларды жазып беру:



1) осы баптың 15-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - айналым жасалған күні немесе одан кешірек жүзеге асырылады. Бұл ретте шот-фактураларды жазып беру күнімен қатар айналым жасалған күннен кешірек шот-фактураларды жазып беру кезінде, қызмет көрсетуді беруші айналым жасалған күні қолданыста болатын мөлшерлеме бойынша есептелген салықты көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күнді көрсетеді;

2) осы баптың 15-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда - тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету өткiзілген орын бойынша жүзеге асырылады.



Магистральдық құбыр жүйесі бойынша жүктерді тасымалдау бойынша қызмет көрсету бойынша шот-фактура жазып беру мақсатында.

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

Салық кодексінің 237-бабы 8-тармағымен көзделген жағдайларда шот-фактуралар жазып беру мерзімін айқындау мақсатында.


Шот-фактураның күшін жою тәртібін нақтылау.

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Нақтылаушы түзету.





265-бап

265-бап. Қосымша шот-фактураларды жазып беру

1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен қосымша шот-фактураны мынадай:

1) осы Кодекстiң 239-бабына сәйкес салық салынатын айналым мөлшерi түзетiлген;

2) бір мезгiлде мынадай шарттарға сәйкес болған:

тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi шот-фактураны осы Кодекстiң 263-бабында көзделген жағдайларда осындай шот-фактура жазып берiлген күнi қолданыста болған салық ставкасы бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасын көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күннен бұрын жазып берген;



шот-фактура жазып берiлген күнi қолданыста болған қосылған құн салығы ставкасы осындай шот-фактура бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күнi қолданыста болған қосылған құн салығы ставкасынан өзгеше болған жағдайларда жазып бередi.

2. Қосымша шот-фактурада:



1) қосымша шот-фактураның араб цифрларымен көрсетiлетiн реттiк нөмiрi және оның жазып берiлген күнi;

2) қосымша шот-фактура жазып берiлетiн шот-фактураның араб цифрларымен көрсетiлетiн реттiк нөмiрi және жазып берiлген күнi;

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi мен алушының атауы, мекен-жайы және сәйкестендiру нөмiрi;

4) қосылған құн салығының ставкасы;

5) қосылған құн салығын есепке алмай, салық салынатын айналымды түзету мөлшерi;

6) қосылған құн салығының түзетiлген сомасы көрсетiледi.

3. Қосымша шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi жазып бередi және аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы растайды.



 


265-бап. Қосымша шот-фактураларды жазып беру

1. Жеткізуші қосымша шот-фактураны мынадай жағдайларда:


1) осы Кодекстiң 239-бабына сәйкес салық салынатын айналым мөлшерi түзетiлген;

2) бір мезгiлде мынадай шарттарға сәйкес болған кездерде:

тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi шот-фактураны осы Кодекстiң 263-бабында көзделген жағдайларда осындай шот-фактура жазып берiлген күнi қолданыста болған салық ставкасы бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасын көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күннен бұрын жазып берген;

шот-фактура жазып берiлген күнi қолданыста болған қосылған құн салығы ставкасы осындай шот-фактура бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күнi қолданыста болған қосылған құн салығы ставкасынан өзгеше болған жағдайларда жазып бередi.

2. Қосымша шот-фактура мынадай шарттарға:

1) жазып берілген шот-фактура Салық кодексінің 263-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуі керек;

2) қосымшада көрсетілсін:

«Қосымша шот-фактураның» атауы;

қосымша шот-фактура жазып берiлетiн шот-фактураның жазып берiлген күнi;

осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда қосылған құн салығының түзетілген сомасын және салық салынатын айналым мөлшерiн түзету;

осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда қосылған құн салығының түзетілген сомасы және қосылған құн салығының ставкасы;

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының қосымша шот-фактураны алғаны туралы мынадай растаулардың бірiнiң болуына:

тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының мұндай шот-фактураны Салық кодексінің 263-бабы 8-тармағына сәйкес қол қоюымен және мөрiмен куәландырылуының болуына;

мұндай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнiң тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының мекенжайына тапсырыс хатпен жiберуiне және оны алғаны туралы хабарламаның болуына сәйкес келуге тиiс түзетiлген шот-фактура жазып бередi.

Алушының осындай шот-фактураны растау тәртібін және үзінді көшірме жазып беру тәртібін нақтылау мақсатында.




270-бап

2-тармақ





270-бап. Салық декларациясы

2. Осы Кодекстің 68-бабында өзгеше көзделмесе, декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдері табыс етіледі. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.



...

270-бап. Салық декларациясы

2. Осы Кодекстің 68-бабында өзгеше көзделмесе, декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдері табыс етіледі. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.



...






272-бап

3-тармақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет