Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-бап. Алдын ала өтемақы шараларын енгізу



бет26/29
Дата14.06.2016
өлшемі1.9 Mb.
#135950
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

423-бап. Алдын ала өтемақы шараларын енгізу

1. Алдын ала өтемақы бажы – тергеу жүргізетін орган тергеу барысында субсидияланатын импорттың және сол импортпен байланысты мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залалдың, оны келтіру қаупі немесе мүше мемлекеттердің экономикасы саласын жасауды елеулі кідіртудің болуы туралы алдын ала қорытынды жасаған тауарға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импорты кезінде қолданылатын баж.

2. Егер тергеу аяқталғанға дейін тергеу жүргізетін орган алған ақпарат субсидияланатын импорттың бар екендігі және осымен Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласы залалының шарттасқаны туралы куәландырса, алдын ала қорытындыда қамтылған баяндама негізінде тергеу жүргізетін орган тергеу жүргізілген кезеңде субсидияланатын импорт келтірген Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын болдырмау мақсатында 4 айға дейінгі мерзімде алдын ала өтемақы бажын енгізу арқылы өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдайды.

3. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган алдын ала қорытынды негізінде тергеу жүргізетін орган дайындаған алдын ала өтемақы шарасын енгізу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік ұйымдарымен келіседі.

4. Алдын ала өтемақы бажы тергеу басталған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен бұрын енгізілмеуге тиіс.

5. Алдын ала өтемақы бажы субсидияланатын және экспортталатын тауардың бірлігіне есептелген экспорттаушы шетел мемлекетінің ерекше субсидиясының алдын ала есептелген шамасына тең мөлшерде енгізіледі.

6. Егер тергеу нәтижелері бойынша өтемақы шараларын енгізу үшін негіз жоқ екендігі анықталса, алдын ала өтемақы бажының сомасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.

7. Егер тергеу нәтижелері бойынша өтемақы шараларын қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала өтемақы бажының сомалары тергеу нәтижелері бойынша қабылданған өтемақы шарасын қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап, осы баптың 8 және 9-тармақтарындағы ережелерді есепке ала отырып, осы Кодекстің 428-бабының 4 айқындалған тәртіпте есептелуге және бөлінуге тиіс.

8. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала өтемақы бажының  мөлшерлемесіне қарағанда, өтемақы бажының анағұрлым төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылған жағдайда өтемақы бажының белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген өтемақы бажының сомасына сәйкес келетін алдын ала өтемақы бажының сомасы осы Кодекстің 428-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіпте есептелуге және бөлінуге тиіс.

Өтемақы бажының белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген өтемақы бажының сомасынан асатын алдын ала өтемақы бажының сомасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлеушіге қайтарылуға тиіс.

9. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала өтемақы бажының  мөлшерлемесіне қарағанда, өтемақы бажының анағұрлым жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылған жағдайда өтемақы бажы мен алдын ала өтемақы бажы сомалары арасындағы айырмашылық алынбайды.

10. Алдын ала өтемақы бажы бір уақытта тергеуді жалғастырған жағдайда қолданылады.


424-бап. Тергеу объектісі болып табылатын субсидиялаушы шетел мемлекетінің немесе тауар экспорттаушының ерікті міндеттемелерді қабылдауы

1. Тергеуді тергеу жүргізетін органның жазбаша нысандағы ерікті міндеттемелерді мақұлдағаны туралы шешім қабылдаған кезде өтемақы бажын енгізбей-ақ тоқтата тұруы немесе тоқтатуы мүмкін, оған сәйкес:

1) экспорттаушы шетел мемлекеті субсидиялауды жоюға немесе қысқартуға не болмаса субсидиялау салдарын жою мақсатында тиісті шаралар қабылдауға келіседі немесе

2) тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушы мұндай тауарға олар белгілеген бағаны қайта қарауға келіседі (Кеден одағына мүше мемлекеттердегі экспорттаушымен тұлғамен байланысты болғанда, осы тұлғалардың экспорттаушының бағаларды қайта қарауы туралы міндеттемелерін қолдауын қамтамасыз етеді), осылайша экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерді талдау нәтижесінде тергеу жүргізетін орган осындай ерікті міндеттемелерді қабылдау Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жояды деген қорытындыға келеді.

Тергеу объектісі болып табылатын тауар бағасын арттыру, мұндай ерікті міндеттемелерге сәйкес экспорттаушы шетел мемлекетінің субсидияланатын немесе экспортталатын тауар бірлігіне қатысты есептелген ерекше субсидия мөлшерінен аспауға тиіс.

Тергеу объектісі болып табылатын тауар бағасын арттыру, егер мұндай арттыру Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болып табылса, экспорттаушы шетел мемлекетінің субсидияланатын немесе экспортталатын тауар бірлігіне есептелген ерекше субсидия мөлшеріне қарағанда аз болуы мүмкін..

2. Ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімді субсидияланатын импорт пен тергеу жүргізетін орган шарттасқан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласы залалының болуы туралы алдын ала қорытындыға келмегенге дейін қабылдамайды.

Тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушының ерікті міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімді экспорттаушы шет мемлекеттің уәкілетті органы осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген міндеттемелерді экспорттаушылар қабылдауға келісім алғанға дейін қабылдамайды.

3. Ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімді, егер тергеу жүргізетін орган тергеу объектісі болып табылатын тауарды нақты немесе әлеуетті экспорттаушылардың өте көп болуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша мұндай ерікті міндеттемелерді қабылдаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келсе қабылдамайды. Тергеу жүргізетін орган экспорттаушыларға мұндай экспорттаушылардың ерікті міндеттерінің мақұлданбағаны жөніндегі себептерін хабарлайды және экспорттаушыларға осыған байланысты өз түсіндірмелерін беруге мүмкіндік береді.

4. Тергеу жүргізетін орган экспорттаушылардың әрқайсысына және ерікті міндеттемелерді қабылдаған экспорттаушы шетел мемлекетінің уәкілетті органына оны мүдделі тұлғаларға беруге мүмкіндік алу үшін мұндай міндеттемелердің құпия емес болжамын ұсыну туралы сұрау жібереді.

5. Тергеу жүргізетін орган экспорттаушы шетел мемлекетіне немесе тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушысына ерікті міндеттемелерді қабылдауды ұсына алады, бірақ оны қабылдауды талап ете алмайды.

6. Ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешім қабылдаған жағдайда субсидияланатын импорттың бар екендігі мен осымен шарттасқан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика салаларының залалына қатысты тергеуді экспорттаушы мемлекеттің өтініші бойынша немесе шешімнің негізінде жалғастырылуы мүмкін.

7. Егер тергеу жүргізетін орган тергеудің нәтижелері бойынша субсидияланатын импорттың жоқтығы немесе осымен шарттасқан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика салаларының залалы жоқ екендігі туралы қорытындыға келсе, егер көрсетілген қорытынды елеулі деңгейде мұндай міндеттемелердің бар болуының нәтижесі болып табылатын жағдайды қоспағанда, ерікті міндеттемелер қабылдаған экспорттаушы шетел мемлекеттер немесе экспорттаушылар осындай ерікті міндеттемелерден автоматты түрде босатылады. Егер жасалған қорытынды елеулі деңгейде ерікті міндеттемелердің қолдануының нәтижесі болып табылатын жағдайда осы міндеттемелер қажетті уақыт кезеңінің ішінде күшінде қалуға тиіс екендігі туралы шешім қабылдануы мүмкін.

8. Егер тергеудің нәтижесі бойынша тергеу жүргізетін орган субсидияланған импорттың бар екендігі немесе осымен шарттасқан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика салалары залалының бар екендігі туралы қорытындыға келсе, қабылданған ерікті міндеттемелер олардың шартына және осы Кодекстің ережелеріне сәйкес іс-әрекетін жалғастырады.

9. Тергеу жүргізетін орган, егер олардың ерікті міндеттемелері мақұлданған болса, экспорттаушы шетел мемлекетінен немесе экспорттаушыдан олардың орындауына қатысты мәліметті, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келісімді сұратып ала алады.

Сұрау салынған мәліметтерді тергеу жүргізетін орган белгілеген мерзімде ұсынбау, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келісім бермеу экспорттаушы шетел мемлекетінің немесе экспорттаушының қабылдаған ерікті міндеттемелерді бұзғаны болып саналады.

10. Экспорттаушы шетел мемлекеті немесе экспорттаушы ерікті міндеттемелерді бұзған немесе мұндай міндеттемелерді қайтарып алған жағдайда, егер тергеу әлі аяқталмаса, алдын ала өтемақы бажын немесе егер тергеудің түпкілікті нәтижелері оны енгізу үшін негіз бар екендігі туралы куәландырса, өтемақы бажын енгізу арқылы өтемақы шараларын қолдану туралы шешім қабылдай алады.

Экспорттаушы шет мемлекетке немесе экспорттаушыға өздері қабылдаған ерікті міндеттемелерді бұзған жағдайда, осындай бұзушылықтарға байланысты өзінің түсіндірмесін беруге мүмкіндік беріледі.

11. Ерікті міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімінде осы баптың 10-тармағына сәйкес енгізілуі мүмкін алдын ала өтемақы бажының немесе өтемақы бажының ставкасы айқындалуға тиіс.

12. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган тергеу жүргізетін орган дайындаған осы баптың 1-тармағында көрсетілген ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік ұйымдарымен келіседі.


425-бап. Өтемақы бажын енгізу және қолдану

1. Өтемақы бажын енгізу туралы шешім экспорттаушы шетел мемлекетінің ерекше субсидияларының қолданылу мерзімі ішінде қабылдануы мүмкін.

2. Өтемақы бажын енгізу туралы шешім айрықша субсидия беретін экспорттаушы шетел мемлекетіне консультациялар жүргізу ұсынылғаннан кейін және мемлекет ұсынылған консультациялардан бас тартқан немесе осындай консультациялар барысында өзара тиімді шешімге қол жеткізілмеген жағдайда қолданылады.

3. Өтемақы бажын барлық экспорттаушылар жеткізетін тауарларға қатысты қолданылады және ерікті міндеттемелері мақұлданған экспорттаушылар жеткізетін тауарларды қоспағанда, Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіретін субсидияланатын импорттың мәні болып табылады.

Жекелеген экспорттаушылар жеткізетін тауарларға қатысты өтемақы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшері белгіленуі мүмкін.

4. Өтемақы бажының ставкасы субсидияланатын және экспортталатын тауар бірлігіне есептелген экспорттаушы шетел мемлекетінің ерекше субсидиясының мөлшерінен аспауға тиіс.

Егер субсидия түрлі бағдарламаларға сәйкес берілген жағдайда, олардың жиынтық мөлшері ескеріледі.

Өтемақы бажының ставкасы, егер мұндай мөлшерлеме Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын қалпына келтіру үшін жеткілікті болып табылса, экспорттаушы шетел мемлекетінің ерекше субсидиясының мөлшерінен кем болуы мүмкін.

5. Өтемақы баж мөлшерлемесін айқындаған кезде экономикалық мүдделеріне өтемақы бажының енгізілуі ықпал етуі мүмкін Кеден одағына мүше мемлекеттердің тұтынушыларының тергеу жүргізетін органға жазбаша түрде түскен пікірі есепке алынады.
426-бап. Өтемақы шараларын қолдану мерзімі және қайта қарау

1. Өтемақы шарасы шешім бойынша субсидияланған импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде қолданылады.

2. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімі осындай шараны қолдану басталған күннен бастап немесе жағдайдың өзгеруіне байланысты жүргізілген және сонымен қатар субсидияланатын импорт пен онымен байланысты Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының залалына қатысты болған немесе өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жүргізілген қайта тергеудің аяқталған күнінен бастап бес жылдан аспауға тиіс.

3. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеуді осы Кодекстің 29-бабына сәйкес берілген жазбаша нысандағы өтінішінің негізінде не тергеу жүргізетін органның өз бастамасымен жүргізеді.

Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу өтінішінде субсидияланатын импортты жаңарту не жалғастыру және өтемақы шарасының күшін тоқтату кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі туралы мәліметтер бар болған кезде жүргізіледі.

Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу жүргізу туралы өтініш өтемақы шарасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кешіктірілмей беріледі.

Қайта тергеу өтемақы шарасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін басталуға және оның басталған күнінен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс.

Осы тармақтың ережелеріне сәйкес жүргізілетін қайта тергеу аяқталғанға дейін өтемақы шарасын қолдану шешім бойынша ұзартылады. Тиісті өтемақы шарасын қолдануға ұзартылатын мерзім ішінде алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен қолданылу мерзімі қайта тергеу жүргізуге байланысты ұзартылатын өтемақы шарасын қолдануға байланысты белгіленген өтемақы баждарының мөлшерлемелері бойынша өтемақы баждары төленеді.

Егер тергеу жүргізетін орган өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеудің нәтижелері бойынша өтемақы шарасын қолдануға негіз жоқ деп анықтаса, өтемақы шарасын қолдану ұзартылған мерзімнің ішінде алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіпте алынатын өтемақы бажының сомалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлеушіге қайтарылуға тиіс.

Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу нәтижелері бойынша тергеу жүргізетін орган субсидияланатын импортты жаңарту не жалғастыру және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі анықталған жағдайда өтемақы шарасының қолданылуын ұзартылады. Өтемақы шарасын ұзарту туралы шешім күшіне енген күннен бастап өтемақы шарасын қолдану ұзартылған мерзімінің ішінде алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 428-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.

4. Тергеу жүргізетін органның бастамасы бойынша немесе мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша, егер өтемақы шарасын енгізгеннен кейін кемінде бір жыл өткен болса, өтемақы шарасын қолдануды жалғастырудың орындылығын айқындау және (немесе) оны қайта қарау, оның ішінде жағдайлардың өзгеруіне байланысты жеке өтемақы бажының мөлшерлемелері көлемін қайта қарау мақсатында қайта тергеу жүргізілуі мүмкін.

Жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта тергеу жүргізу туралы өтініш беру мақсатына байланысты мұндай өтініш мынадай нақты дәлелдерді қамтуға тиіс:

өтемақы шарасын қолдануды жалғастыру субсидияланатын импортқа қарсы әрекет ету және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына субсидияланатын импорт салдарынан келтірілген залалды жою үшін талап етілмейді; немесе

өтемақы шарасының қолданыстағы мөлшері субсидияланатын импортқа қарсы әрекет ету және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына субсидияланатын импорт салдарынан келтірілген залалды жою үшін жеткілікті мөлшерден асады; немесе

қолданыстағы өтемақы шарасының субсидияланатын импортқа қарсы әрекет ету және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына субсидияланатын импорт салдарынан келтірілген залалды жою үшін жеткіліксіз.

Жағдайдың өзгеруіне байланысты қайта тергеу ол басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс.

5. Осы Кодекстің 5-тарауының дәлелдемелер беруге және тергеу жүргізуге қатысты ережелері осы бапта көзделген, қайта тергеуге тиісті айырмашылықтарды ескере отырып қолданылады.

6. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 424-бабына сәйкес экспорттаушы шетел мемлекеті немесе экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерге тиісті айырмашылықтарды ескере отырып қолданылады.

7. Қайта тергеу өтемақы шарасы қолданылатын, бірақ ынтымақтастықтан бас тартудан өзге себептер бойынша тергеу жүргізілмеген экспорттаушы үшін өтемақы бажының жеке мөлшерлемесі көлемін белгілеу мақсатында жүргізілуі мүмкін. Мұндай қайта тергеуді көрсетілген экспорттаушының өтініші бойынша тергеу жүргізетін орган бастауы мүмкін.
427-бап. Өтемақы шарасын айналып өтуді белгілеу

1. Өтемақы шарасын айналып өту деп өтемақы бажын төлеуден не қабылданған ерікті міндеттемелерді орындаудан айналып өту үшін тауарларды жеткізу тәсілінің өзгеруі түсініледі.

2. Өтемақы шарасын айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тергеу мүдделі тұлғаның өтініші бойынша немесе тергеу жүргізуші органның жеке бастамасы бойынша басталуы мүмкін.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтініш мынадай:

1) өтемақы шарасын айналып өту;

2) өтемақы шарасының (оны айналып өту салдарын) Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауардың өндіріс көлеміне және (немесе) сатуға және (немесе) бағаға әсерін жою;

3) тауар өндірушілердегі және (немесе) экспорттаушылардағы (мұндай тауардың оның құрамдас және (немесе) туынды бөліктері) ерекше субсидияларды беруден түсетін пайданы сақтаудың дәлелдемелерін қамтуға тиіс.

4. Осы бапқа сәйкес жүргізілетін қайта тергеу кезеңіне Кеден одағы алдын ала өтемақы бажын алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына экспорттаушы басқа үшінші мемлекеттен импортталатын субсидияланатын импорттың мәні болып табылған тауардың және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауарға және (немесе) басқа экспорттаушы шетелдік мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталатын тауардың және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына өтемақы бажын енгізуі мүмкін.

5. Осы бапқа сәйкес тергеу жүргізетін орган қайта жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша осы бапқа сәйкес төленген өтемақы шарасының өтуі белгіленбеген жағдайда, алдын ала алынатын өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен төленген өтемақы бажы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тәртіпте төлеушіге қайтарып беруге жатады.

6. Осы Кодекске сәйкес қолданылатын өтемақы шарасын айналып өтуді осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеу нәтижелері бойынша белгіленген жағдайда, өтемақы шарасын Кеден одағы экспорттаушы үшінші елден Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталатын субсидияланатын импорттың мәні болып табылған тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ басқа экспорттаушы үшінші елден Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталатын субсидияланатын импорттың мәні болып табылған тауарға және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына қолданылады. Осы тармақта көрсетілген өтемақы шарасын енгізу туралы шешімі күшіне енген кезден бастап алдын ала өтемақы бажын алу үшін белгіленген тәртіппен төленген өтемақы баж сомасы осы Кодекстің 428-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіпте есептелінуге және бөлінуге тиіс.

7. Өтемақы шарасын айналып өтуді белгілеу мақсатындағы қайта тергеу ол басталған күнінен бастап тоғыз ай ішінде аяқталуға тиіс.
428-бап. Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу (өндіріп алу) аудару, бөлу және қайтару

1. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу, бұл баждарды төлеу бойынша міндеттердің пайда болуы мен тоқтатылуы, олардың төлену мерзімін және тәртібін анықтау әкелінетін кедендік баждар үшін «Кеден іс туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімін ұзарту немесе бөліп-бөліп төлеу нысанында өзгерту жүргізілмейді.

Осы тармақтың ережелері алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарын есептеу, төлеу және өндіріп алуға қолданылады.

2. Кеден одағы арнайы, демпингке қарсы, өтемақы шарасын қолдану туралы шешімінің күшіне енген күнінен бастап арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының (алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы және алдын ала өтемақы баждарын қоспағанда) сомалары Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты төлеу міндеті осы шараны қолдануды бастаған күннен туындады, олар Кеден одағының нормативтік құқықтық актілерінде айындалған тәртіппен және нормативтер бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттеріне есептелуге және бөлінуге тиіс.

Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, оның ішінде осы баждарды өндіріп алу кезінде «Кеден іс туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде сәйкес оларға төленуге тиіс сол Кеден одағына мүше мемлекетінің уәкілетті органының бірыңғай шотына ұлттық валютада есепке жатқызылуы тиіс.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары:

- арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының түсу (берешекті өтеу есебінен қайтару, өндіріп алу) сомаларын;

- Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің шетелдік валютасында шоттарға аударылған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын;

- Кеден одағына мүше мемлекеттің бюджетіне осы Кеден одағына мүше мемлекеттің арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден түсетін түсімдерінің - Кеден одағына мүше мемлекеттің бюджетіне есепке алынған сомаларын;

- Кеден одағына мүше басқа мемлекеттерінен Кеден одағына мүше мемлекеттің бюджетіне түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын;

- арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден түскен сомаларды аудару бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттің міндеттемелерін орындамауға, толық және (немесе) уақытылы орындамауға әкеп соққан осы баптың ережелерін бұзғаны үшін пайыздардың Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджетіне түскен сомаларын;

- Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің есебіне шетелдік валютада аудару тоқтатылған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын оқшау ескереді.

Жоғарыда көрсетілген түсімдер әрбір Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджетінің атқарылу туралы есептерінде оқшау көрсетіледі

Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органының бірыңғай шотына Кеден одағына мүше мемлекеттің күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күнінде түскен арнайы, демпингке қарсы өтемақы баждарының сомасы есептік жылдың бюджетінің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күні үшін бөлінген арнайы, демпингке қарсы өтемақы бажының сомасы сол Кеден одағына мүше мемлекеттің бюджетіне және Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің шоттарына шетелдік валютада Кеден одағына мүше мемлекеттің ағымдағы жылдың екінші жұмыс күнінен кешіктірілмей аударылады, сондай-ақ есептік жылдың бюджеттің атқарылуы туралы есебінде көрсетіледі.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджетіне Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарынан күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күнінде түскен арнайы, демпингке қарсы өтемақы бажын бөлуден түскен кірістер ағымдағы жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебінде көрсетіледі.

Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеушілер «Кеден іс туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес төленуге жататын жеке есеп-айырысу (төлемдік) құжаттар (нұсқаулықтар) бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органының бірыңғай шотына төлейді.

Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары салықтар және алымдар, сондай-ақ басқа да төлемдерді төлеу есебіне жатқызылмайды.

Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне «Кеден іс туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес төленуге тиіс, Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органының бірыңғай шотына түскен (Кеден одағының кедендік аумағынан тыс әкететін мұнайдан (мұнай өнімдерінен) шығарылатын, шикі мұнайға және тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты әкелінетін кедендік баждарын, әкетілетін кедендік баждарын қоспағанда) салықтар және алымдар, сондай-ақ өзге төлемдер жатқызылуы мүмкін.

Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның бірыңғай шотындағы ақша қаражатын сот актілерінің орындалу тәртібінде немесе қандай да бір өзге әдіспен өндіріп алу мүмкін емес.

4. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарын кедендік органдары алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы алынған Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған шотына ұлттық валютада төленеді (алынады).

5. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының төленген (алынған), сомалары, сондай-ақ алдын ала баждардың тиісті түрлерін алу үшін белгіленген тәртіппен төленген арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы Кеден одағына мүше мемлекеттің арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шараларын қолдану (құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына ұзарту, қолдану) туралы тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап отыз жұмыс күннен кешіктірілмей арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына есепке алуға және олар төленген сол Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке жатқызылуға тиіс.

6. Төлеушіге артық төленген (өндіріп алынған) арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының сомасын қайтару есепті күні орындауға ұлттық (орталық) банк қабылдамаған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қайтару сомасын ескеріп, сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның бірыңғай шотына түскен және есепті күні есептелген уәкілетті органның бірыңғай шотынан ағымдағы күні арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы жүзеге асырылады.

Төлеушіге сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның бірыңғай шотынан артық төленген (өндіріп алынған) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын қайтару есепті күні сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның бірыңғай шотына қайтаруды жүзеге асыру күні түскен (есепке алынған) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы шегінде жүзеге асырылады.

Ағымдағы күнді қайтаруға жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының қайтарылатын сомасын айқындау келіп түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуге дейін жүзеге асырылады.

Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қайтаруды жүзеге асыру үшін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарына сәйкес қайтаруды Кеден одағына мүше мемлекет келесі жұмыс күндері жүзеге асырады. Төлеушіге арнайы демпингке қарсы, өтемақы баждары уақтылы қайтарылмағаны үшін өсімпұлдар (пайыздар) төлеушіге осы Кеден одағына мүше мемлекеттің бюджетінен төленеді және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының құрамына енгізілмейді.

7. Осы бапта белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын есептеу және Кеден одағына мүше мемлекеттердің арасында бөлу тәртібі өсімпұлдарға да қатысты қолданылады.

8. Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органының арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждардарының сомасын Кеден одағына мүше мемлекеттердің арасында бөлуі сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның бірыңғай шотына арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы есептелген есепті күннен кейін Кеден одағына мүше мемлекеттің келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттеріне бөлуге жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының жалпы сомасы есепті күні ұлттық (орталық) банктің арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының қайтару сомасын есептеуге арналған есеп айырысу (төлем) құжаттарын (нұсқаулықтарын) орындауға қабылдамауын ескере отырып, есепті күні түскен (есепке алынған) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасынан ағымдағы күні төлеушіге қайтарылуға жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын шегеру жолымен айқындалады.

9. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы бажының сомаларын Кеден одағына мүше мемлекеттеріне аудару Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары шетелдік валютада Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің шотына сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның бірыңғай шотына есептеу күнінен кейін Кеден одағына мүше мемлекеттегі келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын Кеден одағына мүше мемлекеттерге аударуға арналған есеп айырысу (төлем) құжаты (нұсқаулық) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган ұлттық (орталық) банкке Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің шетелдік валюта шотына одан әрі жіберу үшін Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органның арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есептеу күнінен кейінгі жұмыс күні жергілікті 14  сағатқа дейін Кеден одағына мүше мемлекетке жіберуге тиіс. Аударуға көрсетілген есептік (төлемдік) құжатта (нұсқаулықта) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары үшін күн және Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында ұлттық валютада бөлуге жататын сома көрсетіледі.

10. Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында осы Кодексті іске асыруға қажетті ақпарат алмасу ақпарат алмасу тәртібін, нысандарын және мерзімдерін айқындайтын шешімге сәйкес жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет