Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің өзге бірлестіктері



бет5/29
Дата14.06.2016
өлшемі1.9 Mb.
#135950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

4-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің өзге бірлестіктері
84-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері

  1. Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері – кәсіпкерлік субъектілері өзінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, заңды мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйым.

  2. Кәсіпкерлік субъектілердің мүдделерін қозғайтын,нормативтік құқықтық актілер жобаларының сараптамаларын өткізу үшін аккредиттелуге үміткер кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері кәсіпкерлер бірлестіктерін құрады:

республикалық деңгейде – кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктерінің одағы (қауымдастығы), республикалық салаларалық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктері;

облыстық деңгейде – республикалық кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктерінің филиалдары, облыстық кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық бірлестіктері;

қалалық, аудандық деңгейде – республикалық кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктерінің филиалдары, облыстық, қалалық, аудандық кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері.


  1. Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін қаржыландыру кәсіпкерлік субъектілерінің ерікті мүшелік жарналар есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерінен қамтамасыз етіледі.


85-бап. Кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктері қызметінің қағидаттары

Кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:



  1. барлық кәсіпкерлік субъектілерінің тең құқылығы;

  2. мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;

  3. кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің заңды түрде жүзеге асырылатын қызметін шектеуге жол бермейтін тәуелсіздігі;

  4. қызметінің ашықтығы, өз мүшелері алдында есеп берушілік, жауаптылық;

  5. шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы тиімділік, жүйелілік және жеделдік;


5-тарау. Кәсіпкерлік саласындағы өзін-өзі реттеу
86-бап. Кәсіпкерлік саласындағы өзін-өзі реттеу

  1. Өзін-өзі реттеу –кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық жағдай жасауға, тауарлардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасын арттыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасында кәсіпкерлер мен тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған кәсіпкерлік субъектілерінің өз бетімен және бастамашыл қызметі.

  2. Кәсіпкерлік саласындағы өзін-өзі реттеудің мазмұны кәсіпкерлік қызметтің стандарттар мен ережелерін әзірлеу және белгілеу, сондай-ақ көрсетілген стандарттар мен ережелердің талаптарын сақтауды бақылау болып табылады.

  3. Кәсіпкерлік саласындағы өзін-өзі реттеу кәсіпкерлік субъектілерін Ұлттық кәсіпкерлік палатасына немесе кәсіпкерлердің өзге де өзін-өзі реттеу ұйымдарына біріктіру шартымен жүзеге асырылады.


87-бап. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымдары ұғымы

  1. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымдары кәсіпкерлік субъектілерін біріктіретін мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйым деп танылады.

  2. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес, осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген барлық талаптарға оның сәйкестілігі болған жағдайда құрылады.


88-бап. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымдарына қойылатын талаптар

  1. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымы мынадай шарттарды сақтаған жағдайда жұмыс істейді:

  1. өзін-өзі реттеу ұйымының құрамында белгілі бір аяда (салаларда) оның мүшелері ретінде кем дегенде үш кәсіпкерлік субъектісінің бірігуі;

  2. өзін-өзі реттеу ұйымының барлық мүшелері орындау үшін міндетті кәсіпкерлік қызметтің стандаттары мен ережелерінің бар болуы;

  3. өзін-өзі реттеу ұйымының шығарылған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тұтынушылардың алдында оның әрбір мүшесінің қосымша мүліктік жауаптылығын қамтамасыз ету.

  1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбеген жағдайда, коммерциялық емес ұйым өзін-өзі реттеу ұйымы ретінде қызметін жасау, кәсіпкерлік қызметтің стандарттары мен ережелерінің талаптарын өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелерінің сақтауын бақылауды жүзеге асыратын және кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының ішкі құжаттарында көзделген жауапкершілік шараларын кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелеріне қатысты қолдану туралы істерді қарау үшін арнайы органдар құрыуы тиіс.

  2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, оны кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымы деп тану үшін коммерциялық емес ұйымдарға қойылатын талаптар міндетті болып табылады.

  3. Кәсіпкерлік субъектілерін біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарға оны кәсіпкерлердің ұйымы деп тану үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге талаптар белгіленуі мүмкін.


89-бап. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының стандарттары және ережелері

  1. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымы кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының барлық мүшелері орындау үшін міндетті, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар деп түсінілетін кәсіпкерлік қызметтің стандарттары мен ережелерін (бұдан әрі – өзін-өзі реттеу ұйымының стандарттары және ережелері) әзірлейді және бекітеді. Қазақстан Республикасының заңдарымен басқа талаптар, стандарттар және ережелер, сондай-ақ кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының стандарттары және ережелерінің мазмұнының, әзірлеу мен белгілеудің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.

  2. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының стандарттары және ережелері заңдар мен соларға сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуі тиіс. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының стандарттары және ережелерімен кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түріне қосымша жоғары талаптар белгіленуі мүмкін.

  3. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымы кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымымүшелерінің қызметінде кез келген тұлғаларының құқықтары мен заңды мүдделерінқозғайтын ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етуі тиіс.

  4. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының стандарттары және ережелері іскерлік этика ережелеріне сәйкес келуі, өзін-өзі реттеу ұйымын басқарудың тұрақты әрекеттегі алқалы органының қызметкерлері мен мүшелерінің, кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелерінің мүдделер қақтығысын жоюы немесе азайтуы тиіс.

  5. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының стандарттары және ережелері өзге кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне өзін-өзі реттеу ұйымы мүшелерінің зиян келтіруді жүзеге асыруына тыйым салуды белгілеуі тиіс, сондай-ақ жосықсыз бәсекеге, жасаған әрекеттері тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тұтынушыларына моральдық залал немесе нұқсан келтіретін және әрекеттері кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелерінің іскерлік абыройына не кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымының іскерлік абыройына нұқсанкелтіретін өзге де тұлғаларға тосқауыл болатын талаптар белгілеуі тиіс.


90-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымында мүшелігі

  1. Кәсіпкерлердің өзін-өзі реттеу ұйымы кәсіпкерлік субъектілерін, мүшелілігі міндетті болып табылатын Ұлттық кәсіпкерлік палатасындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, ерікті негізде біріктіреді.

  2. Кәсіпкерлік қызметтің әр алуан түрлерін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі бірнеше өзін-өзі реттеу ұйымдарының мүшесі бола алады.

  3. Кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі кәсіпкерлік қызметтің осындай түрімен айналысатын субъектілерді біріктіретін тек бір ғана өзін-өзі реттеу ұйымының мүшесі бола алады.

  4. Өзін-өзі реттеу ұйымының атқаратын функциясы, оның құқығы мен міндеттері, жауаптылығы және құрылу, қызмет ету, тоқтатылу мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен реттеледі.


3-бөлім.

КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨЗАРА

ІС-ҚИМЫЛЫ
6-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығармашылыққа қатысуы
91-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу

  1. Осы Кодекстің 84-бабының 2-тармағында санамалап көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, халықаралық шарттардың мәтіндеріне және Қазақстан Республикасының кәсіпкерліктің мүдделерді қозғайтын өзге де міндеттемелеріне сараптама жүргізуге қатысуға үміткерлер орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда аккредитеуге жатады.

Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу - кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге белгіленген критерийлерге кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің сәйкестігін тиісті мемлекеттік органдардың тануы;

  1. Егер аккредиттелуге бір өңір, бір бір саланы білдіретін екі және одан да көп бірлестік үміткер болған жағдайда, онда ұйымдарда (кәсіпкерлік субъектілерінде) осы бірлестіктің мүшелері болып табылатын, жиынтығында қызметкерлердің көп саны бар бірлестік аккредиттелуге жатады.

  2. Егер аккредиттелуге бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк, бiр қызмет саласын бiлдiретiн екi және одан да көп коммерциялық емес ұйым үмiткер болған жағдайда, онда азаматтардың неғұрлым көп санын бiрiктiрген коммерциялық емес ұйым аккредиттелуге жатады.

  3. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеудi жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.


92-бап. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестер

  1. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестер (бұдан әрі – сарапшылық кеңестер) – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдар жанынан:

жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын, нормативтік құқықтық актілер жобаларына кәсіпкерлік субъектілер мен мүдделі коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттелген бірлестіктерінен сараптамалық қорытындылар алу;

кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, сонымен бірге әкімшілік тосқауылды жоюмақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсынымдар әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін құрылған консультативтік-кеңесші орган.



  1. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестерге Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң, коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi.

Сараптамалық кеңестің отырысы бір тоқсанда кемінде бір рет жүргізіледі.

  1. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi мен коммерциялық емес ұйымдар орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестiң құрамына ұжымдық мүше ретiнде кiредi және өкiлеттiгi сенiмхатпен расталатын өз өкiлi арқылы әрекет етедi.

Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердiң құрамы мемлекеттiк органдар басшыларының шешiмдерiмен бекiтiледi.

  1. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейтiн мемлекеттiк орган, мемлекеттiк құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актілерді қоспағанда, оны сарапшылық кеңестiң қарауына енгiзедi.

  2. Сараптамалық кеңестің нормативтік құқықтық актілердің жобасын, халықаралық шарттардың мәтіндерін және Қазақстан Республикасының өзге де міндеттемелерін қарауы осы Кодекстің 94-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне жіберу арқылы отырыс өткізбестен жүзеге асырылуы мүмкін.

  3. Егер кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптамалық кеңестің қарауына шығарылуы мүмкін.

  4. Сарапшылық кеңестер туралы үлгi ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

  5. Сарапшылық кеңестердiң жұмысын талдау мен оның мониторингiн кәсіпкерлік жөніндегі уәкiлеттi органның жанынан құрылатын үйлестiру кеңесi жүзеге асырады.

Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның басшысы үйлестiру кеңесiнiң төрағасы болып табылады.

Үйлестiру кеңесiнiң құрамын кәсіпкерлік жөніндегі уәкiлеттi органның басшысы қалыптастырады.


93-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерінқозғайтын нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу және қабылдау ерекшеліктерi

  1. Орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.

Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ол келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.

  1. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбада нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптың нәтижелері қамтылуға тиіс.

  2. Осы Кодекстің осы бабында және 70-72-баптарында көзделген талаптар кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың міндетті шарттары болып табылады.

  3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейтін мемлекеттік органдар оларды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.

  4. Мемлекеттiк органдарға, осы Кодекстің 243-бабының 4-тармағында, 244-бабының 1-тармағында, 245-бабының 1-тармағында, 246-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектiлеріне тексеру жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға тыйым салынады.

  5. Осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қатысты осы Кодекске сәйкес Үкімет айқындаған тәртіпте реттеуші әсерге талдау жүргізіледі.


94-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына кәсіпкерлік субъектілерінің сараптамалық қорытындылары

1. Сараптамалық қорытындылар кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және нормативтiк құқықтық акт қабылдағанға дейiн, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесі әрбiр келiсу кезінде оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.

Сараптамалық қорытындылар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.


  1. Сараптамалық қорытындыларды мемлекеттiк органдар белгiлеген мерзiмдерде мыналар:

1) республикалық деңгейде - кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы (қауымдастығы), республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсiпкерлiк субъектілерінің республикалық бiрлестiктері;

2) облыстық деңгейде - кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық бірлестіктері;

3) қалалық, аудандық деңгейлерде - кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері табыс етеді.


  1. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіскен кезде нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.

  1. Кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар сараптамалық қорытынды ұсынған және сарапшылық кеңес мүшесі сарапшылық кеңес отырысын өткізуді талап еткен жағдайларда, мұндай отырысты өткізу міндетті болып табылады.

Бұл ретте сарапшылық кеңестің отырысы сарапшылық кеңес мүшелерін тікелей шақыру не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы жүргізілуі мүмкін.
95-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату)

Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, тиісті органда немесе сарапшылық кеңестің отырысындаолардың қарағанына дейін міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.


96-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу тәртібі

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектісіне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалу үшін қажетті мерзімдер негізге алына отырып белгіленуге тиіс.

Нормативтік құқықтық актілердің қолданысқа енгізілу тәртібі мен мерзімі кәсіпкерлік субъектілеріне залал келтірмеуге тиіс.
97-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерінқозғайтын халықаралық шарттарды әзірлеужәне қабылдау ерекшеліктерi

Халықаралық шарттардың жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттеніп отырған кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын халықаралық шарттарды әзірлеу мен қабылдауда осы Кодекстің 93-96-баптарында көзделген талаптар сақталады.


7-тарау. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыс

98-бап. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыс ұғымы

Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыс бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлік субъектілерінің тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ оларды орындау үшін мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға шарт жасасу арқылы мемлекеттік функциялардың не мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған тапсырысы болып табылады.


99-бап. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыстың негіздері

1. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыс тиімділікке, тең құқылыққа, әділеттілікке, есептілікке негізделеді.

2. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру кезінде мемлекет қаражаты сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы, сапасы, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты іске асыру процесінде талап етілетін негізделген қажетті шығындар ескеріле отырып, ұтымды және тиімді жұмсалуы тиіс.

3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік кәсіпорындар өнім берушіні таңдау кезінде мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға шарт жасасу үшін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сапасының біліктілік талаптарын және стандарттарын белгілеуге құқылы.

4. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыс әділетті және адал жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекеттік тапсырысты өткізу рәсімі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа қатысушы барлық өнім берушілер үшін тең мүмкіндіктерді ұсыну жолымен жүзеге асырылады.

5. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыс мемлекеттік тапсырысты орындауға бағытталған ақша қаражатын пайдаланудың есептілігі негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде оның қатысушылары тапсырыс рәсімін жүзеге асырудың барлық кезеңі және қабылданған барлық маңызды шешімдер жөніндегі мәліметтерді жариялауға және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа өздерінің құзыреті шегінде мүдделі тұлғаларға (тексеруші органдрға, қоғамдық ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне) қажетті ақпаратты ұсынуға міндетті.


100-бап. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыстың қатысушылары

1. Тапсырыс беруші және өнім беруші (орындаушы) кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыстың қатысушылары болып табылады.

2. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік тапсырыстың тапсырыс берушісі болып табылады.

3. Мемлекеттік тапсырыстың өнім берушісі (орындаушысы) жеке кәсіпкер және меншік нысанына қарамастан коммерциялық заңды тұлға атынан кәсіпкерлік субъектісі болуы мүмкін (төменде көрсетілген заңдарды өнім беруші мәніне талдау).


101-бап. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыстың бағыттары

1. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік тапсырыс мынадай бағыттарда:

1) тапсырыс берушілердің ақылы негізде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын мемлекеттік функцияларды не тапсырыс берушінің өкілеттіктері мен қызметін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметерді сатып алуы;

2) тапсырыс берушілердің ақылы негізде Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

3) тапсырыс берушілердің ақылы негізде «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

4) «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сатып алынатын әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді әзірлеуде, зерттеуде, өндіруде, жеткізуде;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда іске асырылуы мүмкін.
8-тарау. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік-жекеше әріптестік
102-бап. Мемлекеттік-жекеше әріптестік ұғымы

Мемлекеттік-жекеше әріптестік – мемлекеттің және жеке кәсіпкерлік субъектілері арасындағы орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың (3-тен 30-жылға дейін) әлеуметтік инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін қаржыландыруға, құруға, реконструкциялауға және (немесе) пайдалануға беруге бағытталған нысаны.


103-бап. Әлеуметтік инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету объектілері

Әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері – қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жүктелген, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын объектілер, объектілер кешендері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет