Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Жинақтаушы зейнетақы қорының және



Дата24.02.2016
өлшемі79.3 Kb.
#11862


Жоба
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының

қ а у л ы с ы
Алматы қаласы 2012 жылғы «___» _________ № _____
Жинақтаушы зейнетақы қорының және

(немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық

басқаруды жүзеге асыратын ұйымның

ірі қатысушысының жинақтаушы зейнетақы

қорының және (немесе) зейнетақы активтерін

инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын

ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі

коэффициенттерін қолдауы жөніндегі шаралар

туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдауы жөніндегі шаралар туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап екі айдың ішінде өз қызметтерін Нұсқаулыққа сәйкес келтірсін.



Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы «__»_________

№ ___ қаулысына

қосымша
Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын



нормативтік құқықтық актілерінің

тізбесі
 

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы жеткіліктілігі коэффициенттерін, жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беруші акцияларының жиырма бес пайыздан астамын тура немесе жанама иеленетін, ашық жинақтау зейнетақы қорының ірі қатысушыларын қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 246 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5542 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 жылы № 5, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 6 наурызда № 35 (1458) жарияланған).

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 тіркелген, 2010 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 456 (26299) жарияланған) 10-тармағы.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі № 111 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6393 тіркелген, 2010 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 456 (26299) жарияланған) қосымшасының 6-тармағы.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы «__»_________

№ ___ қаулыcымен

бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдауы жөніндегі шаралар туралы нұсқаулық

 

1. Осы Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдауы жөніндегі шаралар туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – Қор) және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – Ұйым) ірі қатысушысының Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдауы жөніндегі шараларды белгілейді.



2. Қордың және (немесе) Ұйымның ірі қатысушысы (бұдан әрі – ірі қатысушы) осы Нұсқаулықта көзделген, Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк маңызы, олардың есебiнiң әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 5789 тiркелген) (бұдан әрi – № 180 қаулы), «Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндерi, оларды есептеу әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 5793 тiркелген) (бұдан әрi – № 181 қаулы), «Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 5810 тiркелген) (бұдан әрi – № 215 қаулы) қаулыларында белгiленген деңгейде қолдауы жөнінде шаралар қабылдайды.

3. Осы Нұсқаулықта айқындалған, Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін ірі қатысушылардың қолдауы жөніндегі шаралар:

1) заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушының Қордың және (немесе) Ұйымның ірі қатысушыларының сақтауы үшін міндетті Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдауы жөніндегі шараларды қолданудың талаптары мен тәртібін белгілейтін ішкі құжаттарын әзірлеуден және бекітуден;

2) Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің қажетті деңгейін (мәнін) тұрақты қамтамасыз етуден;

3) Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің қажетті деңгейін (мәнін) жедел қамтамасыз етуден тұрады.

4. Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің қажетті мәнін тұрақты қамтамасыз ету шаралары:

1) Қордың және (немесе) Ұйымның № 180 қаулыда, № 181 қаулыда, № 215 қаулыда белгiленген пруденциалдық нормативтердi сақтауын тексеру мақсатында Қордың және (немесе) Ұйымның тоқсан сайынғы қаржылық есептiлiгiн талдау негiзiнде Қордың және (немесе) Ұйымның қаржылық жай-күйiн тоқсан сайын бағалаудан, сондай-ақ Қордың және (немесе) Ұйымның меншiктi капиталының жеткiлiктiлiгi коэффициентiнiң төмендеуiне ықпал ететiн тәуекелдердi бағалаудан;

2) Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталы жеткіліктілігінің болжамдық мәндерін тоқсан сайын бағалаудан;

3) Қордағы және (немесе) Ұйымдағы тәуекелдердi басқару жүйесiнiң тиімді жұмыс істеуінің, оның ішінде көрсетілген жүйелердің Заңның 40-1-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келу бағаларының қамтамасыз етілуін жыл сайын бақылаудан;

4) ірі қатысушылары бар Қорда және (немесе) Ұйымда Нұсқаулықтың 6-тармағында көзделген жедел қамтамасыз ету шараларын айқындайтын рәсімдердің болуын жыл сайын бақылаудан;

5) ірі қатысушылары бар Қордың және (немесе) Ұйымның зейнетақы активтерін инвестициялаған кезде инвестициялық декларацияны және меншікті активтерді инвестициялаған кезде Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті активтерін инвестициялау саясатын Қордың сақтауын тоқсан сайын бақылаудан;

6) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5165 тіркелген) сәйкес жасалған, Қордың және (немесе) Ұйымның қаржылық жай-күйі нашарлауы мүмкін жағдайда Қорды және (немесе) Ұйымды қайта капиталдандыру жоспарында көзделген шараларды қабылдаудан тұрады.

5. Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенті № 180 қаулыда, № 181 қаулыда, № 215 қаулыда белгiленген нормативтік мәннен төмен азайған кезде ірі қатысушы оны ұлғайту мақсатында Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентін тұрақты қамтамасыз ету шараларынан басқа қосымша жедел қамтамасыз ету шараларын қолданады.

6. Жедел қамтамасыз ету шаралары:

Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің қажетті мәнін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттерді;

Қор және (немесе) Ұйым активтерінің құрылымын өзгерту жөніндегі іс-әрекеттерді;

Қордың және (немесе) Ұйымның ұйымдастыру құрылымын өзгерту жөніндегі іс-әрекеттерді;

Қор және (немесе) Ұйым акционерлерінің арасында оның жай акциялары бойынша дивидендтер есептеуді және (немесе) төлеуді (таза кірісті бөлуді) тоқтата тұру жөніндегі іс-әрекеттерді көздейді.

7. Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффицентінің қажетті мәнін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттер Қордың және (немесе) Ұйымның орналастырылатын акцияларын ірі қатысушының сатып алуынан, Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті капиталы жеткіліктілігі коэффицентінің қажетті мөлшерін № 180 қаулыда, № 181 қаулыда, № 215 қаулыда белгіленген мәнге келтіру мақсатында осы акциялардың құнын төлеуден тұрады.

8. Қор және (немесе) Ұйым активтерінің құрылымын өзгерту жөніндегі іс-әрекеттер:

1) Қорды және (немесе) Ұйымды кредиттік және (немесе) нарықтық тәуекелдерге ұшырататын операцияларды шектеу немесе тоқтата тұру;

2) портфель бойынша тәуекелдерді азайту мақсатында Қордың инвестициялық портфелін қайта құрылымдау;

3) елеулі шығыстармен байланысты немесе Қорды және (немесе) Ұйымды қосымша тәуекелдерге ұшырататын операциялардың тізбесін және көлемін қысқарту түрінде жүзеге асырылады.

9. Қордың және (немесе) Ұйымның ұйымдық құрылымын өзгерту жөніндегі іс-әрекеттер:

1) әкімшілік-шаруашылық шығыстарды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды шектеу арқылы қысқарту;

2) Қордың және (немесе) Ұйымның штат санын өзгерту;



3) инвестициялық комитеттің құрамын өзгерту түрінде жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет