Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы



Дата23.02.2016
өлшемі111.89 Kb.
#5011


Жоба

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

қ а у л ы с ы



Алматы қ.

2011 жылғы «___» ___________

№ _____



Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

кейбір қаулыларына ақша төлемдері

мен аударымдарын жүзеге асыру

мәселелері бойынша өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы


30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:

14-тармақта:

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) ақша төлемi және/немесе аударымы бастамашысының уәкiлеттi адамдарының тегі, аты, әкесінің аты. Бұл ретте тегі толығымен, аты және әкесінің аты бірінші әріптерімен көрсетілуі мүмкін. Қағаз тасымалдауышта жасалған құжаттар үшін сондай-ақ нұсқау жөнелтушінің уәкілетті адамдарының қолдары және мөрiнiң таңбасы (егер бар болса);»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Мұндайда ақша жөнелтушiнiң және бенефициардың атауы, сондай-ақ олардың жеке сәйкестендіру кодтары, бірнеше бенефициар көрсетілуі мүмкін бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем құжатын есептемегенде, төлем құжатында бiр рет көрсетiледі.»;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Ұйымдастыру-құқықтық нысандарын қоса алғанда, жөнелтушінің, бенефициардың және оларға қызмет көрсететін банктердің атауын банктердің және клиенттердің жұмысына қиындық келтірмейтіндей етіп қысқартуға жол беріледі.»;

15-тармақ алып тасталсын;

19-тармақта «өзiне қойылған қолдарды және мөр таңбаларын бар үлгiлермен визуальды салыстырып тексеруден басқа, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген қорғау iс-қимылдарының өзге элементтерi кiретiн санкцияланбаған ақша төлемдерiнен және/немесе аударымдарынан олар жасаған қорғау iс-қимылдарының тәртiбiн» деген сөздер «санкцияланбаған ақша төлемдерiнен және/немесе аударымдарынан қорғау iс-қимылдарының өзі әзірлеген тәртiбiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгiленген қорғау iс-қимылдарының өзге элементтерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;

21-тармақ мемлекеттік тілде мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«21. Қағаз тасымалдауыштарда орындалған төлем құжаттарында және оларды қайтарып алу туралы немесе олардың орындалуын тоқтата тұру туралы өкімдерде қандай да бір түзетулер жасауға жол берілмейді. Банк түзетулерді, түзеулерді, сондай-ақ санмен және жазумен көрсетілген сомалардың сәйкессіздігін анықтаған жағдайда, банк төлем құжатын орындауға қабылдамайды және алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, қайтару себебін көрсете отырып, бастамашысына қайтарады.»;

22-тармақта:

бірінші бөлікте:

«оның атауы,» деген сөздер алып тасталсын;

«, сәйкес келмеген жағдайда, ал салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу кезінде, сондай-ақ бюджеттік жіктеу кодының сандық белгісі болмаған және/немесе оның «төлем мақсаты» жолында көрсетілген мәтіндік атауына сәйкес келмеген жағдайда» деген сөздер «сәйкес келмеген жағдайда, бюджетке төлемдерді төлеу кезінде, сондай-ақ бюджеттік жіктеу кодының сандық белгісі болмаған жағдайларда» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші сөйлемнен кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

«Алушы-банк сондай-ақ ақша жөнелтушінің атауы төлем құжатында көрсетілген клиент атауына сәйкес келмеген жағдайларда төлем құжатын акцептеуден бас тартады.»;

мынадай мазмұндағы 27-1 және 27-2-тармақтармен толықтырылсын;

«27-1. Қағаз тасымалдауышта орындалған төлем тапсырмасында ақша жөнелтушінің уәкілетті адамдарының қолдары және егер бар болса – қолдар және мөр таңбасының үлгілеріне/қолдардың үлгілеріне сәйкес оның мөрінің таңбасы болуы тиіс. Егер қолдардың үлгілері және мөр таңбасы бар құжатта/қол үлгісі бар құжатта банк шотын пайдалануға уәкілетті адамдар ретінде бірінші және екінші қол қою құқығына ие адамдар көрсетілсе, төлем құжатында бұл адамдардың қолдарының болуы міндетті.

27-2. Алушы банк немесе бенефициардың банкі осы Ереженің 22-тармағында көзделген негіздемелер бойынша, сондай-ақ төлем тапсырмасында көрсетілген төлем валютасы банк шотының валютасына сәйкес келмеген жағдайларда төлем тапсырмасын акцептеуден бас тартады. Бенефициардың төлем сомасын төлем жасалған күнгі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып конвертациялауды жүзеге асыру арқылы банк шотының валютасында аудару туралы жазбаша растауы болған жағдайда бенефициар банкінің қалауы бойынша төлем валютасы банк шотының валютасына сәйкес келмейтін төлем тапсырмасын орындауына жол беріледі. Конвертацияның жүзеге асырылғаны үшін комиссиялардың мөлшері және алу тәртібі клиент пен қызмет көрсететін банк арасында жасалған шартта айқындалады.»;

28-тармақта:

28-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:

«Бюджетке төлемдерді төлеу кезінде ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы-банкке осы Ереженің № 1-1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасын ұсынады. Ақша жөнелтушінің осы Ереженің № 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасын ұсынуына жол беріледі.»;

үшінші бөлікте «салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді» деген сөздер «бюджетке төлемдерді» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Бюджетке төлемдерді төлеу кезінде төлем тапсырмасында бюджеттік жіктеу кодының сандық белгісі көрсетіледі. Төлем тапсырмасында бюджеттік жіктеу кодын дұрыс көрсетуге жауапкершілікті жөнелтуші атқарады.»;

35-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Ақша жөнелтушінің банкіне бір мезгілде бенефициар әрі бенефициардың банкі болып табылатын тұлға төлемдік талап-тапсырмаларды ұсынған кезде тізілімнің қоса берілуі талап етілмейді.»;

40-тармақтың бірінші бөлігі мемлекеттік тілде мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«40. Ақшаны өндiрiп алушы ақша жөнелтушiнiң банкiне осы өндiрiп алудың негізділігін растайтын ақша өндіріп алу туралы сот шешiмдерi, үкiмдерi, анықтамалары және қаулылары бойынша берiлетiн атқару парақтарының немесе бұйрықтардың түпнұсқаларын немесе жеке сот орындаушысының не атқару құжаттарын орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімінің мөрiмен расталған олардың көшiрмелерiн қоса инкассалық өкiмдi ұсынады.»;

42-тармақта:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық органының міндетті зейнетақы жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алуға арналған инкассалық өкімдерінде «бенефициар» және «бенефициардың банкі» бағандарында Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы көрсетіледі.»;

төртінші бөлік алып тасталсын;

89-тармақтың үшінші сөйлемінде:

«, бланкте белгiленген нысанда» деген сөздер алып тасталсын;

«етіп жолдайды» деген сөздер «ұсыну арқылы бенефициарға хабарлайды» деген сөздермен ауыстырылсын;

100-тармақтың екінші бөлігінде «уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде бірнеше төлемдік талап-тапсырмаларды ұсынған» деген сөздер «төлемдік талап-тапсырмаларды алғаш ұсынған сәттен бастап бір жыл ішінде олардың бірнешеуі ұсынылған» деген сөздермен ауыстырылсын;

116-тармақта:

бірінші бөлікте «бір жыл ішінде» деген сөздер алып тасталсын;

үшінші бөлікте «инкассалық өкімдердің сақталуы» деген сөздер «төлемдік талап-тапсырмалардың сақталу» деген сөздермен ауыстырылсын;

124-3-тармақтың екінші бөлігінде «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда» деген сөздер алып тасталсын;

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакциядағы 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1304 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2001 жылы №5 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:

2-тармақтың екінші бөлігінде және бұдан әрі мәтін бойынша «салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi» деген сөздер «бюджетке төлемдерді» деген сөздермен ауыстырылсын;

13-тармақ «жеке нотариус» деген сөздерден кейін «, жеке сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын;

5-қосымшада:

«ЖБК 368609110» деген жолда «368609110» деген цифрлар алып тасталсын;

«Бенефициардың банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы (корреспонденттік шоттар мен төлемдерге қызмет көрсету бөлімі) ББК 190201125» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Бенефициардың банкі «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны» БСК __________»;

түбіртектің (әлеуметтік аударымдар үшін) және хабарламаның (әлеуметтік аударымдар үшін) бірінші бөлігінде «Кезең» деген баған алып тасталсын;

түбіртектің (әлеуметтік аударымдар үшін) және хабарламаның (әлеуметтік аударымдар үшін) екінші бөлігі «Туған күні» деген бағаннан кейін «Кезең (ай, жыл)» деген бағанмен толықтырылсын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметін көрсету ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 28 наурыздағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5189 тіркелген, 2008 жылғы 23 мамырда «Заң газеті» газетінің № 77 (1303) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметін көрсету ережесінде:

4-тармақта және бұдан әрі мәтін бойынша «веб-сайт», «веб-сайтты», «веб-сайттың», «веб-сайтында» деген сөздер тиісінше «интернет-ресурс», «интернет-ресурсты», «интернет-ресурстың», «интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын.

4. Осы қаулы 1-тармақтың 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін алтыншы, жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырма бесінші – отыз бірінші, елу үшінші абзацтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін «ЖСН (БСН)», «БСН» деген аббревиатуралар «СТН» деген аббревиатура болып саналсын.

6. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):

1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, «Қазпочта» акционерлік қоғамына және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

7. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінімді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.



Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

____________________

2011 жылғы «____» ________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

____________________

2011 жылғы «____» ________

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2011 жылғы «___» __________

№ _____ қаулысына

1-қосымша
«Қазақстан Республикасының

аумағында төлем құжаттарын

пайдалану және ақшаның

қолма-қол жасалмайтын төлемдері

мен аударымдарын жүзеге асыру

ережесіне

№ 1-1 қосымша

Алушы-банкке келіп түскені

Бюджетке төлемдер төлеуге арналаған

№ __________

төлем тапсырмасы



____________________ жылғы «____»

(үзінді-көшірме жасалған күн)


Ақша жөнелтуші                                        Сома (барлығы)

_
ЖСК КОд

БСК
_______________________________

(атауы)


ЖСН (БСН) ________________

Алушы-банк ____________________

Бенефициардың ЖСК KZ24070105KSN0000000__________________ БеК 11
Бенефициардың банкі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі
БСК KKMFKZ2A
Барлығы (сомасы жазумен): ____________________________________________

__________________________________________________________________




Бенефициардың (салық органының)

атауы


Салық органының БСН

Төлемнің мақсаты1


БЖК

ТМК

Сома









































































               

Алушы-банк

_____ жылғы «___»_______ жүргізді
Басшының аты-жөні _____________  _________________________________

(жауапты орындаушылардың қолдары) 

МО қолы ____________________________

Б
мөртабан орны».


ас бухгалтердің аты-жөні______________________

 

қолы _____________________________________





1 заңды тұлға төлемдерді өзінің құрылымдық бөлімшесі үшін жүзеге асыратын жағдайда алдымен заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН, содан кейін оның атауы көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет