117-1. Осы Ереженің 116-тармағында көрсетілген төлем құжаттарын картотекаға қою кезінде банк картотекадағы төлем құжаттары бойынша міндеттемелерді толық өтегенге дейін банктік шот бойынша клиенттің шығыс операцияларын тоқтатады.
ҚР ҰБ Басқармасының 24.01.04 ж. N 13 (бұр. ред. қара); 2005.27.08. № 95 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 118-тармақ өзгертілді
118. Салық төлеушiнiң банк есепшоттарында теңгемен қаражаты болмаған жағдайда, салық берешегін, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу салық төлеушiнiң банк есепшоттарындағы шетел валютасымен қаражатынан төлем жасалған күнгі валюта айырбастаудың рыноктық бағамын қолданумен теңгемен қойылған салық органдарының инкассалық өкiмдерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
119. Осы Ереженiң 116-тармағында қарастырылған нұсқауларды алушы-банк Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көрсетiлген тәртiпте орындайды.
ҚР ҰБ Басқармасының 18.01.02 ж. N 20; 24.01.04 ж. N 13 (бұр. ред. қара); 2005.27.08. № 95 (бұр. ред. қара); 2006.12.08. № 74 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 120-тармақ өзгертілді
120. Ақша жөнелтушіде салық берешегін өндіріп алуға салық органдарының және атқару құжаттары бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының инкассалық өкімдерін орындау үшін қажетті ақша сомасы жеткіліксіз болған кезде алушы-банк ақша жөнелтушінің пайдасына алушы банктің ақшаны қабылдауына қарай осы инкассалық өкімнің ішінара орындалуын жүргізеді.
Банк салық органының салық төлеушiнiң бiр банктiк есепшотынан салық берешегiн өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмiн орындаған кезде, салық органының аталған банкте ашылған салық төлеушiнiң басқа банктiк есепшотына берген инкассалық өкiмiн, егер мұндай инкассалық өкiмдердi салық органы сол сомаға, берешектiң сол түрi бойынша, сол есептi кезең үшiн берген болса банк салық органының инкассалық өкiмiн орындау фактiсiн растайтын төлем құжатын қосып бере отырып салық органына орындамай қайтарады.
ҚР ҰБ Басқармасының 24.01.04 ж. N 13 (бұр. ред. қара) қаулысымен 121-тармақ өзгертілді; ҚР ҰБ Басқармасының 2005.27.08. № 95 қаулысымен 121-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.12.08. № 74 қаулысымен 121-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара)
121. Салық берешегін өндіріп алуға салық қызметі органдарының және атқару құжаттары бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының ішінара орындалатын инкассалық өкімдерінің акцепті оның бірінші бетіне «Ішінара ақы төлеу» мөртабанын қою арқылы жүргізіледі. Инкассалық өкімнің барлық даналарында ішінара төлемнің күні және сомасы және осы инкассалық өкімнің қалдық сомасы туралы жазба жазылады. Жазба банктің уәкілетті тұлғаларының қолдарымен расталады.
Алушы-банк ішінара ақы төлеу сомасына инкассалық өкімнің электрондық жүйесінде қалыптастыру арқылы акцептелген инкассалық өкімді орындайды. Ішінара ақы төлеу сомасына инкассалық өкімнің "төлемнің мақсаты" бағанында алушы-банк акцептелген инкассалық өкімнің деректемелерін көрсетеді.
Салық берешегін өндіріп алуға салық қызметі органдарының ішінара ақы төлеу сомасына инкассалық өкімде "операция түрі" бағанында осы Ереженің 42-тармағында белгіленген код көрсетіледі.
122. Инкассалық өкiм бөлiп төленгенде алушы-банк ақша жөнелтушiнiң алушы-банктiң операциялық күн бойында банк есепшотына түскен ақша сомасымен төлем жүргiзедi. Бөлiп орындалған инкассалық өкiм толық төленгенше картотекада тұрады.
123. Осы Ереженiң 116-тармағында көрсетiлген нұсқауды алушы-банк сақтауы төлемнiң азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша төлем мiндетiн орындау болып саналмайды немесе мiндеттi төлемдер, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.12.08. № 74 қаулысымен 123-1-тармақпен толықтырылды
123-1. Алушы банкке ішінара орындалған салық берешегін өндіріп алуға инкассалық өкімді қайтарып алу туралы салық органының өкімі келіп түскен кезде, алушы банк ішінара орындалған инкассалық өкімді қайтарады.
ҚР ҰБ Басқармасының 29.12.00 ж. N 488 қаулысымен 124-тармақ жаңа редакцияда; ҚР ҰБ Басқармасының 18.01.02 ж. N 20 ; 2005.27.08. № 95 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 124-тармақ өзгертілді
124. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе банк есепшотына тыйым салу құқығы бар лауазым иелерiнiң тиiстi шешiмдерi негiзiнде ақша жөнелтушiнiң банк есепшотындағы ақшаға тыйым салынған және тыйым салынбаған ақша жеткiлiктi болған жағдайда алушы банк түскен нұсқауларды Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген нұсқауларды орындаудың кезектiлiк тәртiбiмен орындайды.
Ақша жөнелтушiнiң банк есепшотындағы тыйым салынған ақша жеткiлiксiз болса, егер бұл Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе ақша жөнелтуші мен алушы банк арасындағы банктік шот шартында көзделген болса, алушы банк келiп түскен нұсқауды сақтайды және оны қажеттi ақша сомасы жиналғаннан кейiн немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе банк есепшотына тыйым салу құқығы бар лауазым иелерінің шешімдері өзгергеннен кейін Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген нұсқауларды орындаудың кезектiлiк тәртiбiмен орындайды.
Уәкілетті мемлекеттік органдар немесе банк есепшоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар лауазым иелерінің тиісті шешімдері негізінде ақша жөнелтушінің банк есепшоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылған жағдайда, алушы банк мұндай шешімдерді алғаннан күннен бастап келіп түскен нұсқауларды сақтайды және оларды уәкілетті мемлекеттік органдар немесе уәкілетті лауазым иелерінің шешімдері өзгергеннен кейін орындайды.
ҚР ҰБ Басқармасының 2005.27.08. № 95 қаулысымен 124-1-тармағымен толықтырылды
124-1. Клиенттің банктегі ақшасы жеткілікті болған кезде салық берешегін және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті төлеуді қоспағанда, шығыс операцияларын тоқтату туралы салық органдарының өкімдерін банкте бір мезгілде қолдану кезеңінде салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды бірінші кезекте орындайды. Клиентке бірнеше талап қойған кезде салық төлеушінің банктік шотында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен ақшаны алуды жүргізеді.
ҚР ҰБ Басқармасының 2005.27.08. № 95 қаулысымен 124-2-тармағымен толықтырылды
124-2. Клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салуға негіз болған талап-арызды қамтамасыз ету туралы айқындамада клиенттің банктік шоттарының (оның ішінде теңгедегі және шетел валютасындағы) бірнеше нөмірі және бір банктік шотта ақшаның жеткіліксіздігі көрсетілген жағдайда, осы айқындамада банктік шоттарды көрсетудің кезектілік тәртібімен банктік шоттардағы ақшаға тыйым салынады.
Теңгедегі банктік шоттарда ақша жеткіліксіз болғанда ақшаның қалған сомасына тыйым салу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынған күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша айқындамада көрсетілген шетел валютасындағы банктік шоттардан бастап жүргізіледі.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.12.08. № 74 қаулысымен 124-3-тармақпен толықтырылды ; 2007 ж. 30 сәуірдегі № 50 қаулыcымен 124-3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
124-3. Клиенттің банктік шотында тұрған ақшаға уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тиісті шешімдері негізінде тыйым салынған және кейіннен атқару құжаттарымен қоса инкассалық өкімді ұсынған жағдайда, ақша жіберуші банк:
1) уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тыйым салу туралы шешімдерінде көрсетілген ақша жіберушінің деректемелері (атауы және СТН) инкассалық өкім ұсынылған негізде атқару құжаттарында көрсетілген деректемелермен сәйкес келуі;
2) 2007 ж. 30 сәуірдегі № 50 қаулыcымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) атқару құжатын және уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тыйым салу туралы шешімін бір атқарушылық іс жүргізу шеңберінде ұсыну шартымен тыйым салынған ақшаны пайдалана отырып, осындай инкассалық өкімді орындайды.
Осындай инкассалық өкім орындалғаннан кейін «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда банк шотында тұрған ақшаға тыйым салудың күші жойылды деп саналады.
ҚР ҰБ Басқармасының 2005.27.08. № 95 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5-бөлім. Салық төлемеген дебитордың банктік
шоттарынан салық берешегін өндіріп алу тәртібі
ҚР ҰБ Басқармасының 2005.27.08. № 95 қаулысымен 125-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
125. Салық төлемеген дебитордың шоттарына түсуі тиіс ақша есебінен салық берешегін өндіріп алуға салық қызметі органдарының инкассалық өкімі олардың өз дебиторларына талаптары бойынша салық төлемеген дебиторға қызмет көрсететін банкке төрт данада жіберіледі.
126. Салық қызметi органының инкассалық өкiмi бөлек тіркеу журналында төленбеген дебиторлар талабымен тiркеледi.
Бұл журналда инкассалық өкімнiң түскен күнi көрсетіледi, инкассалық өкiмді қандай салық қызметi бердi, оның нөмiрi, күні және сомасы, төлемеген дебитор атауы көрсетiледi.
127. Қарызы бар дебитор инкассалық өкiмдi толық өтегеннен кейiн инкассалық өкiмнің екiншi данасына банк қызметкерiнiң қолымен: "Түскен теңге сомасы __________________________________________
"__"___________ _______ ж. салық қызметі органының "__"
"__"___________ _______ ж. N өкiмiмен бюджетке аударылды деп жазылады.
Инкассалық өкімдер даналары төленгеннен кейiн былайша бөлiнедi:
1) бiрiншi данасы күндік құжаттамаға салынады;
2) екіншi данасы борышы бар дебиторға оның банк есепшотының көшiрмесiмен жіберiледi.
3) үшiншi данасы салық қызметi органына жiберiледi;
4) төртіншi данасы борышы бар адамға жiберiледi.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.12.08. № 74 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын
пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын
төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне 1 қосымша
Алушы-банкке түсті
___________________
Төлем тапсырмасы N___
______ ж. "__"________________
(жазылған күні)
Сома
_____________________________________________________________________
Ақша жөнелтуші ТЖК АЖК
______________________
(атауы)
СТН __________________ БЖК
Алушы-банк ___________
______________________
Бенефициар ___________ ТЖК БеК
(атауы)
СТН______________________
Делдал-банк___________ БЖК
______________________
_____________________________________________________________________
Сомасы жазбамен _________________________
____________________________________________
_____________________________________________________________________
Тауар алынған күн (қызмет көрсету) Төлемнің мақсаты
"___"___________________ ж. коды
Төлемнің мақсаты Бюджеттік жіктеу
__________________________________ коды
(тауардың атауы, орындалған жұмыс,
көрсетілген қызмет,
__________________________________
тауар құжаттарының номерлері және күндері,
шарттың және басқа да деректемелердің
номері мен күні) Валюталау күні
_____________________________________________________________________
Алушы-банк
___ ж. "___"____________ өткізді
__________________________
(жауапты орындаушылардың қолдары)
Басшының аты-жөні _______ Мөртаңбаның орны
М.О. қолы ________
Бас бухгалтердің аты-жөні ______
қолы _______
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.00 ж. N 488 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда;
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.12.08. № 74 қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан
Республикасының аумағында
төлем құжаттарын пайдалану
және ақшаның қолма-қол
жасалмайтын төлемдері мен
аударымдарын жүзеге асыру
ережесіне
2 қосымша
АҚША АУДАРУҒА АРНАЛҒАН ӨТІНІШ
II- (1) Резидент; (2) Резидент емес
ІІ- Экономика секторы (0-9)
┌──────────────────────┐ ┌─────────────────────────────────────┐
│ Бенефициар │ │ Есепшотқа кредиттеу ЖБК │
├──────┬───────────────┤ ├─────────────────────────────────────┤
│ Ел │ │ │ │
│ │ │ ├─────────────────────────────────────┤
│ │ │ │ │
│ │ │ ├─────────┬───────┬───────────────────┤
├──────┴───┐ │ │ ІІІ │ ІV │ КОд │
│СТН (егер │ │ ├─────────┼───────┤ │
│бар болса)│ │ │ │ │ │
└──────────┴───────────┘ └─────────┴───────┴───────────────────┘
ІІІ- (1) Резидент; (2) Резидент емес
ІV- Экономика секторы (0-9)
Алушы банктің комиссиясы
Ақша жөнелтушінің есебінен
Бенефициардың есебінен
|
|
Делдал банктің комиссиясы
Ақша жөнелтушінің есебінен
Бенефициардың есебінен
|
┌────────────────────────┐ ┌────────────────────────────────────┐
│Келісім-шарттың │ │Төлемнің мақсаты │
│нөмірі, күні │ ├────────────────────────────────────┤
├────────────────────────┤ │ТБК │
├────────────────────────┤ ├────────────────────┐ │
└────────────────────────┘ └────────────────────┴───────────────┘
Ақша жөнелтушінің қолдары
|
|
Алушы банк өткізген
|
Басшының аты-жөні__________
М.О. қолы________
Бас бухгалтердің
аты-жөні ______________
қолы _______
|
|
"___"________ж.
Жауапты орындаушының қолы______
М.О.
|
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.12.08. № 74 қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын
пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын
төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне
3 қосымша
"____"____________ ж. ақша жөнелтуші банкі алды
Қабылдау уақыты ______________________________________
|
Достарыңызбен бөлісу: |