«2007 жылғы 23 қарашадағы Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы»



Дата07.07.2016
өлшемі14.11 Kb.
#183300
«2007 жылғы 23 қарашадағы Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы іске асыру жөніндегі шаралар туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

баспасөз-релизі

«2007 жылғы 23 қарашадағы Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – жоба) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі дайындады.

Жоба Балаларға және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарына алименттерді өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы Конвенцияның 4 және 6-баптарына (бұдан әрі – Конвенция) сәйкес әзірленді.

Конвенцияның 4-бабына сәйкес Уағдаласушы мемлекет Конвенциямен осындай органға жүктелетін функцияларды жүзеге асыру үшін Орталық органды тағайындайды.

Жобада Қазақстан Республикасының атынан Орталық орган ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотын белгілеу қарастырылады.

Конвенцияның 6-баптың 3-тармағына сәйкес, Орталық органның функцияларын осы бапқа сәйкес, осы мемлекеттің құқығында белгіленген шектерде мемлекеттік органдар немесе осы мемлекеттің құзыретті органдарының бақылауындағы өзге де органдар орындайды. Осындай мемлекеттік органдарды немесе өзге де органдарды, сондай-ақ олардың байланыс деректері және өкілеттіктерінің шегін айқындауды Уағдаласушы мемлекет Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага Конференциясының Тұрақты Бюросына хабарлауға тиіс.



Осыған орай, жобамен Орталық органның функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қаржы министрлігі және Әділет министрлігі анықталады.

Жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға және бюджеттен қосымша қаржылық шығындарға әкеп соқпайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет