Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы



жүктеу 107.17 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі107.17 Kb.


Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласы 2011 жылғы _____ __________ № _____



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының «Айналыстағы ұлттық

валютаның ақша белгілерінің дизайны

(нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру

ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы

20 шілдедегі № 301 қаулысына өзгерістер

енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы


30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ұлттық валюта ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды айналыстан алу бойынша оңтайлы жұмысқа қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1232 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2000 жылғы 29 тамызда № 211 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесінде:

3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) екінші деңгейдегі банктер – екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.»;

8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұлттық Банк Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай мерзімде Ұлттық Банктің филиалдарына, шет елдердің орталық (ұлттық) банктеріне және қаржы полициясы органдарына айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерін ауыстыру талаптары мен мерзімдерін назарда ұстау үшін жібереді, жаңа үлгідегі ақша белгілерінің сипаттамасы мен үлгілерін жібереді.»;

11-тармақ алып тасталсын;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Ұлттық Банктің филиалдары Ереженің 13-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін 3 (үш) жыл ішінде жеке және заңды тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдайды және қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырады.».

Қабылданған ақша белгілерінің төлемділігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесі» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген) белгіленген тәртіппен айқындалады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

«Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны

(нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы»

2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

қаулысының жобасына КЕЛІСУ ПАРАҒЫ





Лауазымы

Аты-жөні

Қолы

Күні

1.

Төрағаның орынбасары

Ғалиева Д.Т.





___.___.2011 ж.

2.

ЗД директоры

Өртембаев А.Қ.



___.___.2011 ж.

3.

ҚАЖД директоры

Шегенов Ғ.Б.



___.___.2011 ж.

4.

БЕД директоры

Шалғымбаева Н.Т.



___.___.2011 ж.

5.

МОЕАД директорының м.а.

Баймуқанов Ж.С.



___.___.2011 ж.

6.

АБАЖЕБ бастығының орынбасары

Валиев Ч.Х.



___.___.2011 ж.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

«Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны

(нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы»

2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА



Р/с№

Жоба туралы мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты




1.

Әзірлеуші бөлімше

Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті




2.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау қажеттілігіне негіздеме

Айналымдағы белгілі бір номиналды ақша белгілерінің жетіспеушіліктігін болдырмау мақсатымен.





3.

Нормативтік құқықтық актінің жобасына қысқаша сипаттама


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

«Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысына өзгерістер енгізіліп отыр.






4.

Жобаны Ұлттық Банк орталық аппаратының мүдделі бөлімшелерімен, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарымен және/немесе өзге де мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер.

Жоба Заң департаментімен, Бухгалтерлік есеп департаментімен, Монетарлық операциялырды есепке алу департаментімен, Автоматтандырылған банктік ақпарат жүйелерін ендіру барқармасымен, ҚРҰБ Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарымен келісілді.




5.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын екінші денгейдегі банктермен, өзге де мүдделі заңды тұлғалармен келісу туралы мәліметтер.

Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен келісілді.




6.

Сараптама кеңесінің және Ұлттық Банк аккредиттеген (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қарауына жіберу туралы мәліметтер


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің мүшелерімен келісілді.




6-1

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін (сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге арналған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жіберу критерийлеріне сәйкес келетін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) Сарапшыға жіберу туралы мәліметтер

«Құқықтық мониторниг сараптама және талдау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-імен келісілді.




7.

Нормативтік құқықтық актінің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысулардың нәтижелері


Жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуіне және (немесе) ұлғаюына әсер етпейді.





8.

Өзге де мәліметтер


Жоқ



Қолма-қол ақшамен жұмыс

Департаментінің директоры Ғ. Шегенов

Орындаушы Асанова Д.

Тел: 2704569

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

«Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы»

2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасына салыстырмалы кестесі.






Жобаның бабы,

тармағы, тармақшасы



Қолданылып жүрген редакция

Ұсынылған редакция

Негіздеме/түсініктеме

1

1-тармақ 6) тармақша

екінші деңгейдегі банктер – Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері және Ұлттық почта операторы


екінші деңгейдегі банктер – екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

МОЕАД ұсынысы қабылданды

2

8-тармақ 6) тармақша үшнші бөлік

Ұлттық Банк бір айлық мерзімде айналыстағы Ұлттық валютаның ақша белгілерін ауыстыру шарты мен мерзімін, жаңа үлгідегі ақша белгілерінің сипаттамасын және үлгілерін шет мемлекеттердің орталық банктеріне жібереді№

Ұлттық Банк Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай мерзімде Ұлттық Банктің филиалдарына, шет елдердің орталық (ұлттық) банктеріне және қаржы полициясы органдарына айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерін ауыстыру талаптары мен мерзімдерін назарда ұстау үшін жібереді, жаңа үлгідегі ақша белгілерінің сипаттамасы мен үлгілерін жібереді.

«Құқықтық мониторниг сараптама және талдау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-інің ескертуі қабылданды.
МОЕАД ұсынысы өзгерістер және нақтылауы қабылданды .

3.

11 тармақ

11. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңінде:

1) екінші деңгейдегі банктер:

операциялық кассалардан заңды және жеке тұлғаларға ескі үлгідегі ақша белгілерін беруді тоқтатады;

жаңа үлгідегі ақша белгілері айналысқа енгізілген күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жеке және заңды тұлғаларға банкоматтар арқылы ескі үлгідегі ақша белгілерін беруді тоқтатады;

ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдайды және жаңа үлгідегі ақша белгілеріне не айналымда жүрген басқа да ақша белгілеріне ешбір шектеусіз айырбастайды;

екінші деңгейдегі банктерде кассалық операциялар жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ескі үлгідегі қалдық ақшаны және операциялық кассаға түскен ақшаны Ұлттық Банктің филиалына міндетті түрде өткізеді.

2) Ұлттық Банктің филиалдары:

айналым кассаларынан екінші деңгейдегі банктерге, заңды және жеке тұлғаларға ескі үлгідегі ақша белгілерін беруді тоқтатады;

екінші деңгейдегі банктерден жаңа және ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдап алғаннан кейін қолма-қол ақшасыз баламасын Ұлттық Банк бөлімшелеріндегі эмиссиялық-кассалық операцияларды жүргізу және құндылықтарды сақтауды қамтамсыз ету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес екінші деңгейдегі банктердің тиісті корреспонденттік есепшоттарына аударады.


Алынып тасталсын


Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңінде айналымдағы белгілі бір номиналды ақша белгілерінің жетіспеушіліктігін болдырмау мақсатымен.

4.

15 тармақ

15. Ұлттық Банктің филиалдары Ереженің 13-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін 10 (он) жыл бойы қабылдайтын болады және олардың түпнұсқалылығы сараптау арқылы анықталғаннан кейін жаңа ақша белгілеріне айырбастайды.


15. Ұлттық Банктің филиалдары Ереженің 13-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін 3 (үш) жыл ішінде жеке және заңды тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдайды және қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырады.».

Қабылданған ақша белгілерінің төлемділігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесі» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысында белгіленген тәртіппен айқындалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген)

Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңінің ұлғайынуына байланысты заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мерзімінің қысқаруы қойылған мақсатқа сәйкес.

«Құқықтық мониторниг сараптама және талдау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-інің ескертуі қабылданды.





Орындаушы Асанова Д.

Тел: 270456, 1036



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет