Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту



бет4/5
Дата19.07.2016
өлшемі0.74 Mb.
#208966
1   2   3   4   5

«_____» ___________20 ___ жыл

___________________________

(қол қоюға уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Мөр орны

«Келісімшарттардың есептік нөмірлеріне

қарай келісімшарттар бойынша

тауарлардың қозғалысы туралы ақпарат» әкімшілік

деректерді жинауға арналған нысанға қосымша

«Келісімшарттардың есептік нөмірлеріне қарай келісімшарттар бойынша

тауарлардың қозғалысы туралы ақпарат» әкімшілік

деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме


  1. Жалпы ережелер



1. Осы түсіндірме (бұдан әрі –Түсіндірме) «Келісімшарттардың есептік нөмірлеріне қарай келісімшарттар бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды анықтайды.

2. Нысан «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген.

3. Нысанды ай сайын мемлекеттік кірістер органы есепті айдан кейінгі айдың он бірінші күніне дейінгі мерзімде жібереді.

4. Нысанды толтыру кезінде мемлекеттік кірістер органы келісімшарттардың есептік нөмірлеріне қарай тауарларға ресімделген декларациялар туралы қолда бар деректерді пайдаланады.





  1. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме


5. 1 бағанда тауар декларациасындағы тауардың реттік нөмірі көрсетіледі, 2 және 3-бағандарда келісімшарттың есепке алу нөмірі және ол берілген күн көрсетіледі.

6. 2. 3, 6, 12-бағандар мынадай тәртіппен сегіз санды көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.

7. 4-баған мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: экспорт бойынша келісімшарт болса 1 және импорт бойынша келісімшарт болса 2.



8. 5-баған келісімшарттың нөмірі бар болған кезде келісімшарттың осындай деректемесін көрсету арқылы толтырылады.

9. 7-баған 9-бағанда «1» белгісі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің БСН көрсету арқылы толтырылады.

10. 8-баған 9-бағанда «2» белгісі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің ЖСН көрсету арқылы толтырылады.

11. 9-бағанда егер экспортер немесе импортер заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы) болып табылса «1» белгісі немесе экспортер немесе импортер дара кәсіпкер болып табылса «2» белгісі көрсетіледі.

12. 11-баған Одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды декларациялау мақсаты үшін мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі пайдаланатын жіктеушіге сәйкес кеден рәсімдерінің сандық белгісін көрсету арқылы толтырылады.

13. 13-бағанда:

егер тауар тауар декларациясы бойынша есепті айда шығарылған жағдайда, «шығарылған» деген мәртебе көрсетіледі;

егер тауар декларациясына есепті айда түзету шығарылса, «түзетілген» деген мәртебе көрсетіледі;

егер, тауар декларациясы бойынша тауар бұрын шығарылғаннан кейін есепті айда кері қайтарылып алынса, «шығару болмайды» деген мәртебе көрсетіледі.

14. 14-бағанда тауар декларациясындағы тауардың мәребесін өзгерткен күн көрсетіледі.

15. 15-бағанда тауардың статистикалық құны АҚШ доллары бірлігімен көрсетіледі.

16. 16-бағанда тауардың фактуралық құны жеткізу валютасының бірлігімен көрсетіледі.

17. 17-бағанда ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес жеткізу валютасын әріппен белгілеу көрсетіледі.



18. 18-бағанда қайта санау үшін фактуралық құнда пайдаланылған және тауар декларациясында көрсетілген валюта бағамы көрсетіледі.

19. «Қол қоюға уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)», «Тегі, аты, әкесінің аты(бар болса) және «Мөр орны» бағандары Нысанды қағаз тасығышта ұсынған жағдайда толтырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының


2015 жылғы ___ _______
№ ___ қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасында

экспорттық-импорттық валюталық бақылауды

жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және

импорт бойынша келісімшарттардың есептік

нөмірлерін алу қағидаларына

7-қосымша 

Әкімшілік деректерді жинауға арналған
«№ ________/______/______ банктік бақылаудың жеке карточкасы

(есепті айдың соңындағы жағдай бойынша)» нысан

Есепті кезең: _____ жылғы ____ ай
Индексі: EICC_4

Кезеңділігі: ай сайынғы

Ұсынады: уәкілетті банк

 

Нысан қайда беріледі: Ұлттық Банк



 

Ұсыну мерзімі – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде.



Нысан




Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпараттың атауы

Жолдың коды

Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпарат

1.

Банктік бақылаудың жеке карточкасын жіберуге негіз:

10

 

2.

Экспортер немесе импортер бойынша ақпарат:

20

 

3.

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

21

 

4.

БСН

22

 

5.

ЖСН

23

 

6.

Белгісі – заңды тұлға немесе дара кәсіпкер

24

 

7.

Мекенжайы

25

 

8.

Облыстың коды

26

 

9.

Келісімшарттың немесе мәміле паспортының есепке алу нөмірінің деректемелері:

30

 

10.

Нөмірі

31

 

11.

Күні

32

 

12.

Келісімшартты есепке алу тіркеу банкінің БСН-і


40

 

13.

Келісімшарт бойынша ақпарат:


50

 

14.

Белгісі – экспорт немесе импорт

51

 

15.

Нөмірі

52

 

16.

Күні

53

 

17.

Мың бірлікпен сомасы

54

 

18.

Келісімшарт валютасы


55

 

19.

Бейрезидент жөнінде ақпарат:

60

 

20.

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

61

 

21.

Елі

62

 

22.

Репатриациялау мерзімі:

70

 

23.

Бейрезиденттің келісімшарт бойынша экспортер немесе импортер алдындағы репатриациялау мерзімдерінде орындамаған міндеттемелерінің сомасы туралы ақпарат

80

 

24.

Келісімшарт валютасымен

81

 

25.

АҚШ долларымен


82

 

26.

Ескерту:

90

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет