Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі


-параграф. Жалпы ережелер



бет3/3
Дата02.07.2016
өлшемі0.52 Mb.
#173011
1   2   3

1-параграф. Жалпы ережелер
113. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында активтер мен міндеттемелерді түгендеу жүргізіледі. Түгендеудің негізгі мақсаты:

1) талдамалық есеп шоттарының қалдықтарын түгендеу нәтижелерімен растау арқылы мүліктің бухгалтерлік есеп деректерімен нақты болуын салыстырып тексеру;

2) түгендеу күні мүліктің жай-күйін анықтау;

3) дебиторлық және кредиторлық берешек, күрделі және ағымдағы жөндеу, аяқталған және аяқталмаған құрылыс есебінде толық көрсетілгенін тексеру және растау арқылы мүліктің нақты қолда барын анықтау болып табылады.

114. Орналасқан орнына қарамастан, сондай-ақ ұйымға тиесілі емес, бірақ бухгалтерлік есепте бар (жауапты сақтаудағы, шартқа сәйкес жалға алынған, қайта өңдеу үшін алынған, комиссияға қабылданған) барлық мүлік, сондай-ақ қандай да бір себептермен есепке алынбаған мүлік және міндеттемелердің барлық түрлері түгендеуге жатады.

115. Активтер мен міндеттемелерді тексеру ауқымының дәрежесіне байланысты толық, ішінара, іріктеп түгендеу белгіленеді.

Толық түгендеу активтер мен міндеттемелердің барлығын дерлік қамтиды. Ішінара және іріктеп түгендеу активтер мен міндеттемелердің бір немесе бірнеше түрін қамтиды.

116. Активтер мен міндеттемелерді толық түгендеу жылына кемінде бір рет жүргізіледі. Ішінара түгендеу қажет болған кезде жиі жүргізіледі. Ішінара түгендеу кезінде активтер мен міндеттемелердің түрлерін қамтуды ұйымның басшысы белгілеген ұйымның басшысы (не оның орнындағы тұлға) немесе лауазымды тұлға (тұлғалар) бекітеді.

117. Түгендеу жүргізу мерзімдеріне байланысты жоспарлы (белгіленген мерзімдерде), жоспардан тыс (қажеттілігіне қарай), кенеттен (жоғары тұрған органдардың өкімдері бойынша, олардың құрылтайшы, ұйым басшысы құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдардың талабы бойынша) түгендеу белгіленеді.



118. Түгендеу міндетті түрде:

1) материалдық жауапты адамдар, лауазымды тұлғалар ауысқан кезде;

2) мүлікті талан-таражға салу немесе теріс пайдалану, сондай-ақ бүліну фактілері анықталған кезде;

3) табиғат апаттары, өрт, авария жағдайларында немесе басқа да төтенше жағдайларда;

4) бөлу балансын жасау алдында ұйымды қайта ұйымдастыру кезінде және басқа да жағдайларда;

5) ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізіледі.

2-параграф. Түгендеу нөмірлері немесе штрих кодтар
119. Баланста және жүйеден тыс есепте тұрған мүлікке бақылау жасау үшін ұйым әрбір мүлікке жекелеген түгендеу нөмірін және (немесе) ұйымда белгіленген тәртіпте штрих кодтарды беру арқылы есепке алынуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Түгендеу нөмірлері және (немесе) штрих кодтар олардың түсуіне қарай мүлік объектілеріне реттік-сериялық жүйе бойынша беріледі.

120. Түгендеу нөмірі мүлікті кодтық белгілеу үшін ұйым қолданатын әріптік және (немесе) цифрлық белгілер комбинациясын білдіреді.

121. Штрих код (бұдан әрі – штрих нөмірі) мүлікті кодтық белгілеу үшін машинада оқылатын нысанда (көріп оқылатын белгілер) жүйелі орналасқан параллель штрихтарды және олардың арасындағы аралықтарды білдіреді.

Штрих нөмірлер мүлікке түгендеу жүргізу кезінде арнайы құрылғымен салыстырылып тексеріледі.

Штрих нөмірлерде қажет болған жағдайда мүліктің атауы, түгендеу және зауыт нөмірі, моделі, маркасы, типі, сондай-ақ коды көрсетіледі.

122. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді есепке алу үшін ұйым ақпарат жүйесінде әрбір жекелеген объектіге арналған түгендеу карточкасын жүргізуді қамтамасыз етеді. Түгендеу карточкасының нысанын ұйым өз бетінше әзірлейді. Түгендеу карточкасы негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер объектісінің негізгі сапалық және сандық көрсеткіштерін қамтиды.

123. Ұйым баланста және жүйеден тыс есепте тұрған мүлікке берілген түгендеу нөмірлері және (немесе) штрих нөмірлері бар қолда бар мүліктің жіктелімін жүргізеді.

124. Таңбалануы мүмкін болмайтын мүлікті есепке алу және оған бақылау жасау үшін ұйым қажет болған жағдайда мүліктің тиісті бірлігінің деректемелерінің қарсысына түгендеу нөмірі және (немесе) штрих нөмірі жапсырылатын мүлікті есепке алу журналын еркін нысанда жүргізеді.

125. Түгендеу нөмірлері және (немесе) штрих нөмірлері мүлік объектісінде оны пайдаға асырудан толық шығарғанға дейін не жеке немесе заңды тұлғаларға өтеусіз беру не сату не жою (бөлшектеу) арқылы пайдаланудан шығарылғанға дейін сақталады.

3-параграф. Түгендеуді жүргізу тәртібі
126. Активтер мен міндеттемелерге түгендеуді жүргізу үшін түгендеу комиссиясы құрылады, оның құрамы ұйым басшысының (не оның орнындағы тұлғаның) бұйрығымен бекітіледі.

127. Түгендеу комиссиясының құрамына (бұдан әрі - комиссия) бухгалтерлік қызметтің қызметкерлері және басқа қызметкерлер кіреді.



Комиссия құру туралы бұйрықты бекіткеннен кейін комиссия төрағасына комиссияның құрамын, бұйрықтың нөмірі мен күнін, түгендеуге жататын объектіні, түгендеуді бастау және аяқтау мерзімдерін көрсетіп, ұйымның басшысы (не оның орнындағы тұлғаның) қойған қолымен жазбаша өкімді береді.

128. Түгендеу өткізілгенге дейін комиссия мүшелері:



осы объектілер бойынша өткізілген соңғы түгендеу материалдарымен, соңғы түгендеу нәтижелері бойынша қабылданған шаралармен толық танысады;

қосалқы үй-жайларға, жертөлелерге және бөлек кіретін және шығатын есіктері бар басқа да мүлік сақтау орындарына пломба салады;

түгендеу сәтінде соңғы кіріс және шығыс құжаттарының тізілімін немесе түгендеуге тиісті мүліктің қозғалысы туралы есептерді алады.

129. Мүлікті түгендеу мүліктің орналасқан орны бойынша жүргізіледі.



Нақты қалдықтарды тексеру материалдық жауапты адамның қатысуымен жүргізіледі, бұл ретте, материалдық жауапты адам өзінің учаскесінде комиссия мүшесі болып табылмайды.

130. Есептеу және басқа өлшеулердің нәтижелері түгендеу тізімдемесіне - түгендеу жүргізу сәтінде жасалатын және белгілі бір күнге кем дегенде екі данада мүліктің және міндеттемелердің іс жүзінде болуын растайтын құжат, оған комиссияның барлық мүшелері және материалдық жауапты адам қол қояды. Тізімдеме соңында материалдық жауапты адам комиссияның оның қатысуымен мүлікті тексергенін растайтын, комиссия мүшелеріне қандай да бір талап-арыздарының жоқ екендігі туралы қолхат береді.



Материалдық жауапты адам ауысқан жағдайда мүліктің нақты болуын тексеру кезінде түгендеу тізімдемелерінде осы мүлікті қабылдаған адам оларды қабылдағаны, ал өткізген адам - өткізгені жөнінде қол қояды.

131. Егер мүлікті түгендеу бірнеше күн ішінде жүргізілсе, онда түгенделетін мүлік сақталған үй-жай күн сайын комиссия мүшелерінің және материалдық жауапты адамның қатысуымен мөр басып жабылады.

132. Ұйымға меншік құқығында тиесілі емес, бірақ олардағы мүлікке жеке түгендеу тізімдемелері жасалады.

133. Жарамсыз болған мүлікке жеке түгендеу тізімдемесі жасалады.

134. Түгендеу аяқталғаннан соң ресімделген түгендеу тізімдемесі бухгалтерлік қызметке тапсырылады.

135. Бухгалтерлік қызмет түгендеу тізімдемелерін бухгалтерлік есепте тексеруді жүзеге асырады.

4-параграф. Ақшаны, ақша құжаттарын және қатаң есептілік бланкілерін түгендеу
136. Ақша құжаттарын және қатаң есептілік бланкілерін түгендеу толық әр парақтық есеппен жүргізіледі.

Бүлінген орамдағы қолма-қол ақша, сондай-ақ жекелеген банкноттар мен монеталар комиссия мүшесінің қатысуымен әр парақтық есептеуге және дөңгелектер бойынша есептеуге жатады

137. Ақша белгілерін, ақша құжаттарын және қатаң есептілік бланкілерін түгендеу нәтижелері түгендеу тізімдемесінде көрсетіледі.

Қолма-қол ақша купюрасы мен сомасы бойынша түгендеу тізімдемесі енгізіледі.

138. Түгендеу тізімдемесі бухгалтерлік есептің деректерімен салыстырып тексеріледі. Комиссия артық шығу мен кем шығуды анықтаған кезде түгендеу нәтижесі бойынша хаттамада сомасы көрсетіледі.

139. Жолдағы ақшаны түгендеу осы шоттың есебіндегі сомаларды салыстырып тексеру арқылы жүргізіледі:

қолма-қол ақшаны өткізгенде – банктің түбіртегінің деректерімен, қызмет көрсететін банктің инкассаторларына ақшаны өткізуге ілеспе ведомосының көшірмелері және басқалар;

меншік иегері немесе басқа ұйымдар аударған сомалар бойынша – тапсырманың күнін, нөмірін, сомасын және аударымды қабылдаған қызмет көрсететін банктің атауын көрсетіп, олардан алынған хабарламаға сәйкес.

140. Банк шотындағы ақшаны түгендеу ұйымның бухгалтерлік қызметінің деректері бойынша тиісті шоттардағы сомалардың қалдықтарын банктердің үзінді көшірмелерінің деректерімен салыстырып тексеру арқылы жүргізіледі.


5-параграф. Есеп айырысуды түгендеу

 

141. Кредиттер бойынша банктермен, бюджетпен, жеткізушілермен, есеп беретін тұлғалармен, қызметкерлермен, депоненттермен және басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу:

банктермен, қазынашылық органдарымен, қаржы, салық органдарымен, зейнетақы қорларымен, еншілес ұйымдармен есептердің бірдейлігін тексерумен;

талап-арыздың ескіру мерзімі өткен сомаларды қоса алғанда, берешек сомаларының дұрыстығын және негізділігін тексерумен;

ұйым қызметкерлеріне берешек бойынша депоненттердің шотына аударуға жататын уақтылы төленбеген жалақының сомасын, сондай-ақ ұйымның қызметкерлеріне артық төленген сомалар мен себептерді анықтаумен сипатталады.

142. Жолдағы тауар сомасы мен фактураланбаған жеткізілімдер бойынша жеткізушілермен есептесу бөлігінде кредиторлық берешек шоттары тексеруге жатады.

143. Есеп берілетін сомаларды түгендеу кезінде мақсатты пайдалануын ескеріп, берілген аванстар бойынша есеп беретін тұлғалардың есептері, сондай-ақ әр есеп беретін тұлға бойынша берілген аванстардың сомалары тексеріледі (беру күні, мақсатты пайдалануы).

144. Келешектегі кезеңдердің кірістерін (шығыстарын) түгендеу кезінде құжаттар жөніндегі комиссия шотта көрсетілуі тиіс соманы анықтайды және бухгалтерлік есепте көрсетілуге тиіс соманы түгендеу тізімдемесіне енгізеді.



6-параграф. Негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық емес активтерді түгендеу
145. Материалдық емес активтерді түгендеу кезінде:

материалдық емес активтерді есепте көрсетудің дұрыстығы мен уақтылығы;

ұйымның оны қолдануға құқығын растайтын құжаттардың (патенттер, лицензиялық келісімдер, тауар белгілері және басқалар) болуы тексеріледі.

146. Негізгі құрал-жабдықтарды түгендеу басталғанға дейін:



түгендеу карточкалары, түгендеу тізімдемелерінің және негізгі құрал-жабдықтарды есепке алу жөніндегі тізімнің болуы және жай-күйі;

техникалық паспорттардың және басқа техникалық құжаттамалардың болуы және жай-күйі;

аталған объектілердің ұйымның меншігінде, жауапты сақтауда болуын растайтын құжаттар, сондай-ақ жалдау шарттары болуы тексеріледі. Құжаттар болмаған кезде олардың алынуы және ресімделуі қамтамасыз етіледі.

147. Негізгі құрал-жабдықтарды түгендеу кезінде комиссия объектілерді қарауды жүргізеді және түгендеу тізімдеріне олардың толық атауын, мақсатын, түгендеу нөмірлерін және негізгі техникалық және пайдаланушылық көрсеткіштерін кіргізеді.

148. Негізгі құрал-жабдықтар тізімдемегі объектінің негізгі мақсатына сәйкес атаулары бойынша кіргізіледі. Егер объекті қайта қалпына келтірілсе, қайта жаңартылса, кеңейтілсе немесе қайта жабдықталса және осылардың салдарынан оның негізгі мақсаты өзгерсе, онда ол жаңа мақсатқа сәйкес келетін атауымен тізімдемегі кіргізіледі.

Бір мезгілде бір бөлімшеге келіп түскен, бір типтес түгендеу карточкасында есепке алынатын шаруашылық керек-жарақтың типтес заттары, құралдар және бір құнды оларға ұқсас заттар түгендеу тізімдемесінде осы заттардың санын көрсетіп, атаулары бойынша келтіріледі.

149. Есепке алынбаған объектілер, сондай-ақ есептік тіркелімде оларды сипаттайтын деректер жоқ немесе деректер дұрыс көрсетілмеген объектілер анықталған кезде комиссия түгендеу тізімдемесіне жеткіліксіз, дәйекті мәліметтерді және осы объектілер бойынша техникалық көрсеткіштерді енгізеді.

150. Түгендеу кезінде ұйымның орналасқан жерінен тыс жерде болатын негізгі құрал-жабдықтардың объектілері (автомашиналар, күрделі жөндеуге жіберілген машиналар және құралдар мен соларға ұқсастар) түгендеуді жүргізу туралы өкімде көзделген олардың уақытша шығу кезіне дейін түгенделеді.

7-параграф. Түгендеуді құжаттамалық ресімдеу
151. Түгендеу тізімдемелер қағаз тасымалдағышта ресімделеді. Түгендеу тізімдемелеріндегі жазбалар түзетусіз және тазартусыз жүзеге асырылады.

152. Түгендеу тізімдеменің соңғы парақтарындағы ашық жолдар сызылып тасталады.

153. Материалдық жауапты адам тізімдемеді қатені анықтаған жағдайда, түгендеу аяқталғаннан кейін дереу (қойманы, қамбаны, секцияны және соларға ұқсасты ашқанға дейін) түгендеу комиссияның төрағасына ол туралы хабарлайды. Комиссия көрсетілген фактілердің тексерілуін жүзеге асырады және олар расталған жағдайда, ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте анықталған қателердің жөнделуін жүргізеді.

154. Тізімдемелердің барлық даналарында қате жазбаларды сызып және олардың үстінен дұрыс жазбаларды жазу арқылы қателер түзетіледі. Түзетулер комиссияның барлық мүшелерімен және материалдық жауапты адаммен талданады және оған олар қол қояды.

155. Кем шығу мен артық шығуды жасыру мақсатында комиссияның тізімдемелерге қасақана қате деректерді енгізуіне жол берілмейді.

156. Салыстыру ведомостарында түгендеудің нәтижелері – бухгалтерлік есептің деректері мен түгендеу тізімдемелерінің деректері бойынша көрсеткіштер арасындағы айырмашылық көрсетіледі.



Салыстыру ведомостары түгендеу кезінде есептік деректерден ауытқуы анықталған активтер бойынша жасалады.

8-параграф. Түгендеу айырмашылықтарын

реттеу және түгендеу нәтижелерін ресімдеу
157. Түгендеу кезінде бухгалтерлік есептің деректерімен және мүліктің нақты болуының анықталған айырмашылықтары шығасылар туындаған кезде кіріс ретінде және кем шығулар туындаған кезде шығыс ретінде танылады.

158. Комиссия түгендеу кезінде анықталған кем шығудың және артық шығудың себептерін айқындайды. Комиссияның қорытындылары, ұсыныстары мен шешімдері ұйым басшысы (не оның орындағы адам) бекіткен хаттамамен ресімделеді.

159. Түгендеу нәтижелері түгендеу аяқталған сол кезеңнің бухгалтерлік есебінде және қаржылық есептілігінде көрсетіледі.

Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларына қосымша

Нысан
Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру схемасы




БАСТАПҚЫ ҚҰЖАТ




БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ТІРКЕЛІМІ




СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСЕП



БАС КІТАП


ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК




 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет