Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 8 қазанда № 7978 тіркелген.
«Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 818-823 (27894) санында жарияланған.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
|
|
Национальный Банк
Республики Казахстан
|
_________________________________________________________________________________________________________________
|
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
|
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
ПРАВЛЕНИЯ
|
2012 жылғы 24 тамыз № 270
|
|
Алматы қ.
|
г. Алматы
|
Бухгалтерлік есеп жүргізуді
ұйымдастыру қағидаларын
бекіту туралы
|
|
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, исламдық арнайы қаржы компаниялары, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы және акционерлік инвестициялық қорлар жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы
|
Г. Марченко
|
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 270 қаулысымен
бекітілген
Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылған ұйымдарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының және акционерлік инвестициялық қорлардың (бұдан әрі - ұйымдар) бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
2. Қағидалардың 4-тарауының 2 және 3-параграфтары екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.
Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар касса операцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы №58 қаулысын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) басшылыққа алады.
3. Қағидалардың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақша құжаты – ақша қозғалысын көрсететін құжат, оның көмегімен касса операциялары есептелінеді;
2) бас кітап – талдамалық есептің деректерін жинақтау, жекелеген шоттар бойынша жүргізілген жазбалардың дұрыстығын өзара тексеру үшін және қаржылық есептілікті жасау үшін пайдаланылатын кітап;
3) белгіленген активтер – ұйымның қызметі барысында бір жылдан астам пайдаланатын материалдық емес активтер, сондай-ақ ұзақ мерзімді активтер;
4) бэк-офис – ұйымның бөлімшесі, оның негізгі функциясы фронт-офистан алынған және (немесе) автоматты режимде ақпараттық жүйеге енгізілген бастапқы құжаттар негізінде қосалқы есептегі жасалған операцияларды тіркеу және (немесе) тексеру болып табылады;
5) кассалық кітап – есепке алу ведомостары, онда банкноттармен, монеталармен және құндылықтармен операциялар көрсетіледі;
6) материалдық жауапты тұлға – атқарып отырған қызметіне, толық материалдық жауапкершілік туралы шартқа сәйкес өзіне сеніп тапсырылған мүліктің сақталуына толық материалдық жауапкершілік атқаратын және ұйымның оған бекітілген мүлкі мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу кезінде комиссиялардың және жұмыс тобының құрамына енгізуге жатпайтын тұлға;
7) мидл-офис – операцияларды жүзеге асыруға, тәуекелдерді бағалауға, лимиттер мен нормативтердің сақталуын бақылауға, жасалынған мәмілелердің ақпарат жүйесінде толтырылған ақпаратты толық сақтау мәніне басқаруға қажетті ақпаратты жинау мен бағалауды қамтамасыз ететін ұйымның бөлімшесі;
8) операциялық күн – кезең, оның ішінде операциялар, ұйым жасаған операциялар туралы ақпаратты тіркеу, жинау және қорытындылау, бастапқы құжаттарды өңдеу және бухгалтерлік есептің тізілімдерінде көрсетілетін қорытындыларды жинақтау жүзеге асырылады;
9) синтетикалық есеп – үлгі шот жоспарларына сәйкес келетін баланстық шоттар бойынша талдамалық есеп деректерін топтастыру;
10) талдамалық есеп – ұйымның толық бухгалтерлік есебі, ол синтетикалық есептің шоттарындағы барлық операциялар туралы толық ақпаратты топтастыратын бухгалтерлік есептің жеке немесе өзге де талдамалық шоттарындағы бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі не ұйымның ақпараттық жүйенің тиісті модулінде жасаған мәмілесі негізінде жүргізіледі;
11) түгендеу – активтердің, міндеттемелердің нақты болуын және жай-күйін бухгалтерлік және баланстан тыс есептің деректеріне сәйкестігін тексеру;
12) үлгі шот жоспарлары – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының мынадай қаулыларымен бекітілген Бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарлары:
«Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі №79 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5348 тіркелген);
«Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары» 2011 жылғы 31 қаңтардағы №3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6793 тіркелген);
13) фронт-офис – ұйымның бөлімшесі, оның негізгі функциясы ұйымның клиенттерімен мәмілелер жасау болып табылады.
2. Бухгалтерлік қызмет жұмысын ұйымдастыру
1-параграф. Жалпы ережелер
4. Бухгалтерлік қызмет басшысы (бұдан әрі – бас бухгалтер) бухгалтерлік есепті жүргізуді, қаржылық есептілікті жасау мен ұсынуды, есептік саясатты қалыптастыруды, бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша басқа да ішкі құжаттарды дайындауды, сондай-ақ оларды ұйымның басшысына (не оның орнындағы адамға) немесе өзге де басқару органына бекітуге ұсынуды қамтамасыз ететін лауазымды тұлға болып табылады.
5. Бас бухгалтердің функционалдық міндеттері ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) немесе өзге де басқару органы бекіткен оның қызметтік нұсқаулығымен айқындалады.
6. Бас бухгалтер ұйымның басшысына (не оның орнындағы адамға) немесе оның орынбасарына тікелей бағынады.
7. Бас бухгалтердің функциялары мыналар болып табылады:
1) ұйымның бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
2) ұйымның есептік саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
3) ұйымның есептік саясаты негізінде жасалатын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілікті жасау бойынша ұйымның ішкі құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз ету;
4) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелері бойынша ұйымның ішкі құжаттары мазмұнының Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына өзектілігін қамтамасыз ету;
5) ұйымның барлық жасалынған операцияларын, сондай-ақ ұйымның қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, олардың бизнес-процесін келісу арқылы олардың нәтижелерін бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте уақтылы және шынайы көрсетуді және (немесе) тексеруді қамтамасыз ету;
6) ұйымның барлық бөлімшелері үшін орындауға міндетті болып табылатын операцияларды орындау, ресімдеу және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулар жасау арқылы бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде бақылау функциясын жүзеге асыру;
7) қаржылық есептілікті толық және уақтылы жасау мен ұсыну жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
8) синтетикалық есептің деректемелерінің талдамалық есептің деректерімен сәйкестігін қамтамасыз ету;
9) бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, олардың ресімделуін және белгіленген тәртіппен мұрағатқа өткізуді қамтамасыз ету;
10) деректердің электронды түрде сақталуын бақылау;
11) бухгалтерлік есепті автоматтандыру және оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарау және келісу;
12) ұйымға түгендеу жүргізу қағидаларын әзірлеуді қамтамасыз ету;
13) бас бухгалтердің қызметтік нұсқаулығында және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген өзгеде де функциялар.
8. Ұйымның (филиалдың, өкілдіктің) бухгалтерлік қызметінің қызметкерінің, ұйымның бас бухгалтерін қоспағанда (бұдан әрі – бухгалтер) функциялары ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес мыналар болып табылады:
1) ұйымның бас бухгалтерінің нұсқаулары мен өкімдерін орындау;
2) қағаз тасымалдауышта және электронды түрде қалыптастырылған бастапқы құжаттар тізбесін жасау, оларды бас бухгалтерге және оларды қажет болған жағдайда ұйымның басшысына (не оның орнындағы адамға) немесе өзге де басқару органына келісуге ұсынуға ұсыну;
3) бастапқы құжаттарды ойдағыдай ресімдеуді және сақталуын қамтамасыз ету;
4) қол қою үлгілерінің, электрондық цифрлық қолдардың болуын қамтамасыз ету;
5) ұйымның ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар.
9. Ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) және (немесе) бас бухгалтері немесе өзге де басқару органы ұйымның құжаттарына қол қоюға, оның ішінде электрондық цифрлық қолдарды пайдалана отырып, ұйымның ақпарат жүйесінде операцияларды көрсетуге рұқсат беретін уәкілетті тұлғаларды айқындайды.
2-параграф. Істерді қабылдау және өткізу тәртібі
10. Материалдық жауапты тұлға, оның ішінде бас бухгалтер қызметтен босатылған кезде істерді (лауазымды тұлғаның функционалдық міндеттерін орындауға байланысты құжаттарды, сондай-ақ мүлікті, мөртабандарды, мөрлерді және басқалары) қайта тағайындалған материалдық жауапты тұлғаға (ал ол болмаған кезде – ұйым басшысының (не оның орындағы адамның) бұйрығымен тағайындалған қызметкерге немесе бас бухгалтерге) беру Қағидаларда және ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Бас бухгалтер қызметінен босаған кезде жаңа тағайындалған бас бухгалтерге немесе ұйымның басшысына (не оның орнындағы адамға) істер өткізіледі.
11. Ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) немесе өзге де басқару органы лауазымнан босату істерді қабылдауды және өткізуді қажет ететін тұлғалардың (материалдық жауапты және басшылық қызметті атқаратын) (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) тізбесін бекітеді.
12. Істерді қабылдау және өткізу үшін ұйым (филиал, өкілдік) басшысының (не оның орнындағы адамның) немесе өзге де басқару органының бұйрығы негізінде істерді қабылдау және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады. Комиссия хатшысы ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) тағайындаған ұйымның қызметкері болып табылады.
13. Істерді және міндеттерді бір тұлғадан екінші тұлғаға қабылдау мен өткізу ұйым (филиал, өкілдік) басшысының (не оның орнындағы адамның) немесе өзге де басқару органының мыналардан тұратын бұйрығы негізінде жүргізіледі:
1) істерді өткізетін және қабылдайтын тұлғалар туралы ақпарат;
2) күн, ол бойынша істерді қабылдау және өткізу жүргізіледі;
3) бір айдан аспайтын істерді қабылдау және өткізу мерзімі;
4) комиссия құрамы.
Бухгалтерлік құжаттарға қол қоюға уәкілетті тұлғаларды айқындағанға дейін Қағидалардың 9-тармағына сәйкес істі қабылдаушы тұлғаның бақылауымен істі өткізуші тұлға қол қояды.
14. Істерді қабылдау және өткізу қорытындылары бойынша комиссия хатшысы қабылдаушы және өткізуші тараптар, комиссия мүшелері, комиссия төрағасы қол қоятын істерді қабылдау және өткізу актісін жасайды. Істерді қабылдау және өткізу актісінде оған қоса берілген құжаттар тізбесі көрсетіледі. Істерді қабылдау және өткізу актісі кемінде екі данада жасалады. Істерді қабылдау және өткізу актісінің бір данасы істі өткізуші тұлғаға беріледі, істерді қабылдау және өткізу актісінің екінші данасы ұйымда қалады. Қажет болған жағдайда ұйым екі данадан астам істерді қабылдау және өткізу актісін жасайды.
15. Істерді қабылдау және өткізу жөніндегі комиссияның функциялары мыналар болып табылады:
1) істерді қабылдауды және өткізуді ұйымдастыру;
2) істерді қабылдау және өткізу актілерін жасауды қамтамасыз ету;
3) істерді қабылдау және өткізу кезінде кем шығуды, артық шығуды, мүлікті бүлдірген не басқа да жөнсіздіктер жіберген тұлғалардан алынған жазбаша түсініктемелерді қарау және істерді қабылдау және өткізу актісінде оларды реттеу тәртібі туралы ұсыныстарды көрсету;
4) істерді қабылдау және өткізу күні жүргізілген түгендеу нәтижелерін тексеру;
5) істі өткізетін лауазымды тұлғаның комиссияның қарауына ұсынған құжаттарын тексеру;
6) бухгалтерлік балансты және ұйымның пайдалары мен зияндары туралы есептің шынайы болуын, cондай-ақ бухгалтерлік қызмет істерін қабылдаған және өткізген жағдайда істерді қабылдау және өткізу күні олардың барлық талдамаларын тексеру;
7) ұйымның ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар.
16. Тексеруден өткен құжаттарға комиссия мүшелері, сондай-ақ істі өткізуші және қабылдаушы адамдар қол қояды және комиссия төрағасының қарауына беріледі.
17. Комиссияның төрағасы және мүшелері істерді қабылдау және өткізу бойынша құжаттардың өз құзыреті шегінде толық, шынайы және уақтылы берілуін қамтамасыз етеді.
18. Ұйымның (филиалдың, өкілдіктің) басшысы (не оның орнындағы адам) немесе өзге де басқару органы қабылдау және өткізу актісін бекіткеннен кейін істерді қабылдау және өткізу аяқталды деп саналады.
3. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |