Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі


«Сыртқы сауда келісімшарты сомасына қатысты шекті мән, ол асып кеткен жағдайда мұндай келісімшартқа есептік тіркеу талабы қолданылады » көрсеткіші



бет2/4
Дата03.07.2016
өлшемі0.53 Mb.
#175011
1   2   3   4

10. «Сыртқы сауда келісімшарты сомасына қатысты шекті мән, ол асып кеткен жағдайда мұндай келісімшартқа есептік тіркеу талабы қолданылады » көрсеткіші

Көрсеткішті қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері

Жыл сайын

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7584 тіркелген «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысы.

Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісін сипаттау (есептер болған кезде осы есептерге қатысты деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)

Сыртқы экономикалық келісімшарттардың сомасы бойынша шекті мәнді айқындау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7584 тіркелген «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысында көзделеді.

Көрсеткіштің белгілі бағдарламалық құжатқа қатыстылығы (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы

Шығыс ақпаратын орналастыру орны

«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.


11. «Инспекциялаумен қамтылған уәкілетті ұйымдардың саны»


Көрсеткішті қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі ақпараттық жүйесі

Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаты (есептер болған кезде осы есептерге қатысты деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)

Көрсеткіш «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыруы мақсатында тәуекелдер дәрежесін бағалауды қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының 2015 жылғы 2 ақпандағы № 47 бұйрығының негізінде есептеледі.

Деректерді алу көздері: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі ақпараттық жүйесі.

Кезеңділігі: жартыжылдық.


Көрсеткіштің белгілі бағдарламалық құжатқа қатыстылығы (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы

Шығыс ақпаратын орналастыру орны

«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.


12. «Төтенше жағдайлар туындаған кезде төлем жүйелерінің жұмысын резервтік орталықтың серверіне көшіру уақыты» көрсеткіші


Көрсеткішті қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Дереккөзі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Банкаралық Есеп айырысу Орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҚБЕО).

Ақпарат қағаз тасымалдағышта талдамалық жазба түрінде «Төлем жүйелеріне қадағалауды (оверсайтты) жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 332 бұйрығының талаптарына сәйкес ұсынылады.



Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаты (есептер болған кезде осы есептерге қатысты деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)

Осы көрсеткіш есептік емес, ал ҚБЕО «Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету» стратегиялық бағытына қол жеткізу үшін жүргізетін іс-шаралардың нәтижесі болып табылады.

Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін резервтік сервердің бағдарламалық-техникалық кешеніне көшірудің нәтижелері туралы мәліметтер Қазақстанның төлем жүйелерін резервтік орталықтың серверлеріне көшіру уақытын көрсете отырып, талдамалық жазба түрінде ұсынылады. Осылайша осы көрсеткіш есептелмейді және оған басқа қатысушы көрсеткіштер кірмейді.

Деректерді алу мерзімдері: төлем жүйелерін резервтік орталықтың серверлеріне көшіру бойынша жұмыс жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде.


Көрсеткіштің белгілі бағдарламалық құжатқа қатыстылығы (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы

Шығыс ақпаратын орналастыру орны

«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.


13. «Төлем карточкаларын және қашықтықтан төлеу тәсілдерін (Интернет, мобильдік төлемдер) пайдалана отырып жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер санының 2012 жылмен салыстырғанда өсуі» көрсеткіші


Көрсеткішті қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Дереккөздері: екінші деңгейдегі банктер және «Қазпочта» акционерлік қоғамы.

Ақпарат ай сайын Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6217 тіркелген «Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 16 қаулысында белгіленген нысандар бойынша ұсынылады.



Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаты (есептер болған кезде осы есептерге қатысты деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)

Көрсеткіш әртүрлі кезеңдердегі (жылдардағы) төлем карточкаларын және қашықтықтан төлеу тәсілдерін пайдалана отырып жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер саны көрсеткіштерін 2012 жылғы көрсеткіштермен салыстыру арқылы есептеледі.

Көрсеткішті есептеу үшін төлем карточкаларын және қашықтықтан төлеу тәсілдерін пайдалана отырып, Интернет және мобильді телефондар арқылы жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер көрсеткіштерінің мәндері қосылады.

Деректерді алу мерзімдері: ай сайын онына дейін.


Көрсеткіштің белгілі бағдарламалық құжатқа қатыстылығы (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы

Шығыс ақпаратын орналастыру орны

Ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында

«Статистика»/«Төлем жүйелері» бөлімінде жарияланады.

«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.



14. «Банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі» көрсеткіші


Көрсеткішті қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын


Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6863 тіркелген «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 бұйрығымен және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8158 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 15 қазандағы № 283 бұйрығымен бекітілген есептілік.

Деректерді шығару Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады.



Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісіне сипаттама (есептер болған кезде осы есептерге қатысқан деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)

Банктердің банктік емес заңды тұлғаларға берген кредиттер көлемінің номиналдық ІЖӨ-ге қатынасы.

Деректерді алу мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың сегізінші күнінен кешіктірмей.



Кезеңділігі: тоқсан сайын.

Белгілі бағдарламалық құжатқа көрсеткіштің қатыстылығы (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы

Шығыс ақпаратын орналастыру орны

«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.


15. «Шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген қарыздардың банктердің несие портфеліндегі үлесі» көрсеткіші


Көрсеткіштің кезеңділігі және қалыптастыру мерзімі

Ай сайын, есепті кезеңнен кейін жиырма бесінші күн

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Ақпарат Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11159 тіркелген, «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 76 қаулысына сәйкес ұсынылатын банктердің есептілігі негізінде қалыптастырылады.

Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісіне сипаттама (есептер болған кезде осы есептерге қатысқан деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген қарыздардың және дара кәсіпкерлерге берілген қарыздардың сомаларының екінші деңгейдегі банктердің несие портфеліне қатынасы

Белгілі бағдарламалық құжатқа көрсеткіштің қатыстылығы (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы

Шығыс ақпаратын орналастыру орны

«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.


16. «ЕДБ-нің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі» көрсеткіші


Көрсеткіштің кезеңділігі және қалыптастыру мерзімі

Жыл сайын

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11159 тіркелген, «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 76 қаулысына сәйкес екінші деңгейдегі банктер ұсынатын есептілік.

Деректерді енгізу ішкі ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылады.



Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісіне сипаттама (есептер болған кезде осы есептерге қатысқан деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)

Көрсеткіш ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есепке алмағанда негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есепке алмағанда банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасы ретін есептелінеді.

Деректерді алу көздері: екінші деңгейдегі банктердің есептілігі.

Деректерді алу мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кейін.

Кезеңділігі: ай сайын.



Белгілі бағдарламалық құжатқа көрсеткіштің қатыстылығы (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы

Шығыс ақпаратын орналастыру орны

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Статистика»/«Қаржы секторының көрсеткіштері»/«Банк секторы»/«Қаржы көрсеткіштері»/«Меншікті капитал, міндеттемелер және активтер туралы мәліметтер»» бөлімінде жарияланады.

«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.




17. «Банктік емес қаржы ұйымдары секторының шоғырлануы» көрсеткіші


Көрсеткіштің кезеңділігі және қалыптастыру мерзімі

Жыл сайын

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының мынадай қаулыларына сәйкес ұсынатын есептілігі:

1) «Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 130, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8571 тіркелген;

2) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 227, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8856 тіркелген;

3) «Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 8 мамырдағы № 74, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11160 тіркелген.

Деректерді енгізу ішкі ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылады.


Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісіне сипаттама (есептер болған кезде осы есептерге қатысқан деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)

Көрсеткіш сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдары, микроқаржы ұйымдары активтерінің Қазақстанның қаржы жүйесінің жалпы активтеріне қатынасы ретінде есептелінеді.

Деректерді алу көздері: қаржы нарығы субъектілерінің есептілігі.

Деректерді алу мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кейін.

Кезеңділігі: тоқсан сайын.



Белгілі бағдарламалық құжатқа көрсеткіштің қатыстылығы (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы

Шығыс ақпаратын орналастыру орны

«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.


18. «Сыртқы және ішкі міндеттемелер бойынша дефолтқа, оның ішінде техникалық дефолтқа жол берген жүйе құраушы қаржы институттарының саны» көрсеткіші


Көрсеткіштің кезеңділігі және қалыптастыру мерзімі

Көрсеткіш жүйе құраушы қаржы институттарының дефолт фактісін белгілеуіне орай қалыптасады

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Дефолттың алғышарттары мыналар негізінде белгіленеді:

екінші деңгейдегі банктердің қағазбен немесе электрондық тасымалдауышпен түскен есептілігі;

Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 59-3-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес ұсынылған банкті қайта құрылымдау туралы шешімі.

Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісіне сипаттама (есептер болған кезде осы есептерге қатысқан деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)

Көрсеткіш дефолтқа жол берген жүйе құраушы қаржы институттарының жалпы саны ретінде қалыптастырылады және санмен көрсетіледі.

Екінші деңгейдегі банкті жүйе құраушы банк қатарына жатқызу үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10210 тіркелген, «Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 257 қаулысының 4-тармағында белгіленген критерийлер пайдаланылады.



Критерийлерді есептеу күнтізбелік айда жүзеге асырылады. Егер кез келген төрт критерийдің орташа мәні Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бес критерийден 10%-ға асатын болса, екінші деңгейдегі банк жүйе құраушы банк болып танылады. Есептеу күнінің алдындағы қатарынан алты ай орташа мәнді есептеу кезеңіне кіреді.

Белгілі бағдарламалық құжатқа көрсеткіштің қатыстылығы (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы

Шығыс ақпаратын орналастыру орны

«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.


19. «Бес ірі банктің банк секторының активтеріндегі үлесі» көрсеткіші


Көрсеткіштерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері

Ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күніне дейін

Ақпарат көздері (нысандары, ақпараттық жүйелер)

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11160 тіркелген, «Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 74 қаулысы.

Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаты (есептер болған кезде осы есептерге қатысқан деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)

Бес ірі банктің активтер сомасының (активтерінің ең көп сомасы бар екінші деңгейдегі бес банк) барлық екінші деңгейдегі банктер активінің сомасына қатынасы

Көрсеткіштің белгілі бір бағдарламалық құжатқа қатыстылығы (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама)

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының «2014-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Стратегиялық жоспарын бекіту туралы» 2014 жылғы
15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы

Шығыс ақпаратын орналастыру орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурстары www.nationalbank.kz және www.afn.kz (Қазақстан Республикасының банк секторының ағымдағы жай-күйі жөніндегі ақпарат шегінде).

«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет