Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

«Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының «К1 меншікті капитал жеткіліктілігі» пруденциялық нормативі» көрсеткіші

бет4/4
Дата03.07.2016
өлшемі0.53 Mb.
#175011
1   2   3   4

31. «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының «К1 меншікті капитал жеткіліктілігі» пруденциялық нормативі» көрсеткіші

Көрсеткішті қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері

Ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі – Қор) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8794 тіркелген «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 236 қаулысына сәйкес ұсынатын есептілік

Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаты (есептер болған кезде осы есептерге қатысқан деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)

Қордың меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті Қордың өтімді активтерінің әртүрлілігі мен Қордың 259 200 000 (екі жүз елу тоғыз миллион екі жүз мың) теңге мөлшеріндегі меншікті капиталының ең төменгі мөлшерінің балансы бойынша міндеттемелердің арақатынасы ретінде есептеледі. Егер инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтерінің құны 40 (қырық) миллиард теңгеден асса, онда Қордың меншікті капиталының ең төменгі мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

МРСК = (АПУ - 40 (қырық) миллиард теңге) х 0,0001 + 259 200 000 (екі жүз елу тоғыз миллион екі жүз мың) теңге, мұндағы:

АПУ – инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтері.

Қордың меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні күнделікті кемінде 1 (бір) болады.

Деректерді алу көздері: ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары.

Көрсеткіштерді алу мерзімдері: есепті айдан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей.

Кезеңділігі: ай сайын.

Көрсеткіштің белгілі бір бағдарламалық құжатқа қатыстылығы (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы

Шығыс ақпараттың орналасқан жері

Ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Статистика»/«Қаржы секторының көрсеткіштері»/«Жинақтаушы зейнетақы жүйесі»/«Қаржылық көрсеткіштер»/«Пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы мәліметтер» бөлімінде жарияланады.

«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.

32. «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы білімдерінің орташадан жоғары деңгейі» көрсеткіші

Көрсеткішті қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Халыққа әлеуметтік пікіртерім жүргізу

Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаты (есептер болған кезде осы есептерге қатысқан деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)

Көрсеткіш қаржы өнімдері бөлігіндегі және/немесе пікіртерімдегі барлық сұрақтар бойынша дұрыс жауаптар санының пікіртерімге қатысқандардың жалпы санына ара қатынасы ретінде есептеледі.

Деректерді алу көздері: әлеуметтік пікіртерім өткізген ұйым ұсынған әлеуметтік тексерулерді талдау.

Кезеңділігі: жыл сайын.

Көрсеткіштің белгілі бір бағдарламалық құжатқа қатыстылығы (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы

Шығыс ақпараттың орналасқан жері

«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.

33. «Тұтынушылардың қаржы құралдары туралы хабардар болуының орташадан жоғары деңгейі» көрсеткіші

34. «Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Қаржылық қызметтердің құны» көрсеткіші

Көрсеткішті қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы есеп – Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы баяндамасы. Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы есеп «Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі негізінде елдерді ранжирлейді.

Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаты (есептер болған кезде осы есептерге қатысқан деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)

«Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің» құрамындағы индикатор: «Қаржылық қызметтердің құны».

Деректерді алу көздері: Дүниежүзілік Экономикалық Форум.

Көрсеткіштерді алу мерзімдері: есепті жылғы қыркүйек-қараша.

Кезеңділігі: жыл сайын.

Көрсеткіштің белгілі бір бағдарламалық құжатқа қатыстылығы (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы

Шығыс ақпараттың орналасқан жері

«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.

35. «ҚРҰБ Интернет-ресурсын пайдаланушылардың кіру саны» көрсеткіші

Көрсеткішті қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері

Жыл сайын

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Яндекс.Метрика қызметінен есептегіш.

Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаты (есептер болған кезде осы есептерге қатысқан деректерді алу мерзімдері, кезеңділігі және көздері көрсетіледі)

Кіру санын есептеу үшін бүкіл дүние жүзіне танымал Яндекс.Метрика қызметінен есептегіш пайдаланылады, онда есептік жазба құрылған. Тиісті код Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің опционалды интернет-ресуры беттерінің бастапқы кодына ықпалдасқан. Барлық жинақталған статистикаға қызметтің онлайн-кабинеті арқылы кіруге болады.

Көрсеткіштің белгілі бір бағдарламалық құжатқа қатыстылығы (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-38.67 бұйрығы

Шығыс ақпараттың орналасқан жері

«ҚРҰБ Стратегиялық жоспарын орындау жөніндегі есеп» шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Ұлттық Банк туралы»/«ҚҰБ стратегиялық жоспары» бөлімінде жыл сайын жарияланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет