38.11 Қауіпсіз қалдықтарды жинау
38.11.0 Қауіпсіз қалдықтарды жинау
Бұл ішкі класқа:
- қауіпсіз қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды оларды уақытша сақтау орындарынан: қайталама материалдық ресурстар болуы мүмкін қоқыс кәрзеңкелері мен жәшіктер, дөңгелектері бар контейнерлері, бактар, сыйымдылықтар және т.б. жинау
- қайтадан пайдалану үшін жарамды материалдарды (қайталама шикізат) жинау
- қоғамдық орындардағы қоқыс урналарын қоқыстар жинау кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- құрылыс қалдықтарын және ғимараттарды бұзудан кейін қалдықтарды жинау
- қылауыштар және өзге де құрылыс қоқыстары сияқты құрылыс қалдықтарын жинау және жою
- тоқыма бұйымдарын шығарудан қалған қалдықтарды жинау
- қалдықтарды қауіпсіз қалдықтарға арналған қайта өңдеу орындарына тасымалдау бойынша құралдардың қызметі кіреді
Бұл ішкі класқа:
- қауіпті қалдықтарды жинау, (38.12.0 қараңыз)
- қауіпсіз қалдықтарды жоюға арналған қалдықтарды көмуге арнгалған объектілерін пайдалану, (38.21.0 қараңыз)
- қағаз, пластмасса және т.б. сияқты материалдарды белгілі бір санаттарға сұрыптау үшін объектілерді пайдалану кірмейді, (38.32 қараңыз)
38.12 Қауіпті қалдықтарды жинау
38.12.0 Қауіпті қалдықтарды жинау
Бұл ішкі класқа жарылатын, тотығатын, өртенетін, уытты, радияциялық, канцерогенді, коррозиялық, жұқпалы және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды өзге де заттар сияқты, сонымен қатар олар сәйкестендіруден, өңдеуден, буып-түюден өте алатын, сондай-ақ тасымалдау мақсатымен затбелгілер жапсырылатын қатты және сұйық қауіпті қалдықтарды жинау кіреді.
Бұл ішкі класқа:
- пайдаланылған мотор немесе машина майы, қауіпті биологиялық, радиоактивті (ядролық) қалдықтар, пайдаланылған батареяларды және т.б. сияқты қауіпті қалдықтарды жинау жинау
- қауіпті қалдықтарды тасымалдау станциялар қызметі кіреді
Бұл ішкі класқа:
- зақымданған ғимараттарды, құрылыс алаңдарын, топырақты, жер асты суларын өңдеу және тазалау, мысалы асбестті жою кірмейді, (39.00.0 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |