Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің


Поштамен тапсырыс беру немесе Интернет желісі арқылы бөлшек саудада сату



бет182/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   290
ОКЭД kz

47.91 Поштамен тапсырыс беру немесе Интернет желісі арқылы бөлшек саудада сату

Аталған класқа поштамен тапсырыс беру арқылы немесе Интернет желісі арқылы, яғни сатып алушы өз таңдауын жарнама хабарландырулары, каталогтар, Интернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттар, үлгілер немесе кез келген басқа да жарнама өнімдері негізінде жүзеге асыратын және өз тапсырыстарын пошта, телефон немесе Интернет желісі арқылы орналастыратын (әдетте Интернет-ресурстарда орналастырылған арнайы құралдар арқылы) сауда қызметі кіреді. Сатып алынатын өнім тікелей не Интернет-сайттан жүктейне алады не сатып алушыға жеткізіледі.


47.91.0 Поштамен тапсырыс беру немесе Интернет желісі арқылы бөлшек саудада сату


Бұл ішкі класқа:


- поштамен тапсырыс беру арқылы кез келген өнімдерді бөлшек саудада сату
- Интернет желісі арқылы кез келген өнімдерді бөлшек саудада сату кіреді

Бұл ішкі класқа сондай-ақ:


- теледидар, радио және телефон арқылы тікелей бөлшек саудада сату
- Интернет арқылы өтетін аукциондарды бөлшек саудада сату кіреді

Бұл ішкі класқа:


- Интернет желісі арқылы автомобильдер, сондай-ақ олардың тетіктері мен құрал – саймандарын бөлшек саудада сату, (45.1, 45.3 топтарын қараңыз)
- Интернет желісі арқылы мотоциклдер, сондай-ақ олардың тетіктері мен құрал – саймандарын бөлшек саудада сату кірмейді, (45.40.2 қараңыз)

47.99 Дүкендерден, палаткалардан, дүңгіршектерден немесе базарлардан тыс өзге де бөлшек саудада сату

Бұл класқа:


- басқа топтамаларға енгізілмеген, тауарлардың кез келген типін кез келген тәсілмен жүзеге асыратын: үйге жеткізуі бар тікелей сату немесе сауда өкілдері арқылы, сауда автоматтары және т.б. арқылы бөлшек саудада сату
- тікелей тұтынушыларға жеткізілетін отынды (пештік отын, ағаш және т.б.) тікелей сату
- Интернет желісі арқылы сатудан басқа, бөлшек сатуды жүзеге асыратын дүкендерден тыс аукциондар қызметі
- комиссиялық агенттер арқылы (дүкендерден тыс) бөлшек саудада сату кіреді

47.99.1 Тасымалдау және таратпа бөлшек саудада сату


47.99.2 Желілі маркетинг арқылы бөлшек саудада сату


47.99.9 Дүкендерден тыс өзге де бөлшек саудада сату






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет