Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің



бет183/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   290
ОКЭД kz

H СЕКЦИЯСЫ КӨЛІК ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ

Аталған секцияға жолаушылар немесе жүк теміржол, құбырлар, автомобильді, су немесе әуе, тұрақты немесе тұрақсыз қатынасты, сонымен қатар, көлік қоятын алаңдар және терминалдар, жүкті көліктік өңдеу, оларды сақтау және т.б. сияқты қосалқы көліктік қызметтер кіреді. Аталған секцияға сондай-ақ жүргізушісімен немесе операторымен бірге көлік құралын және жабдығын жалға алу жатады. Сондай-ақ аталған секцияға пошта мен курьер қызметтері кіргізілген.


Бұл секцияға:


- автомобильдерден басқа, көлік құралдарын күрделі жөндеу немесе көлік құралдарын түрлендіру, (33.1 тобын қараңыз)
- автомобиль жолдарын, темір жолды, порттар құрылғыларын, ұшу-қону жолақтарын салу, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, (42-бөлімін қараңыз)
- автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, (45.20 қараңыз)
- жүргізушісімен немесе операторымен бірге көлік құралын және жабдығын жалға алу кірмейді, (77.1, 77.3 қараңыз)


49 Құрлық және құбырмен жүретін көліктің қызметі

Аталған бөлімге автомобиль және темір жолдармен жүктерді және жолаушылар тасымалдау, сондай-ақ құбырлар арқылы жүктерді тасымалдау кіреді.




49.1 Қалааралық қатынаста жолаушыларға арналған теміржол көлігінің қызметі


49.10 Қалааралық қатынаста жолаушыларға арналған теміржол көлігінің қызметі

49.10.0 Қалааралық қатынаста жолаушыларға арналған теміржол көлігінің қызметі


Бұл ішкі класқа:


- ауқымды географиялық аумақта орналасқан негізгі қатынас жолдары бойынша жылжымалы құрамды пайдалана отырып темір жолдың магистральды желілері бойынша жолаушылар тасымалдау
- халықаралық қатынастағы теміржолдар бойынша жолаушылар тасымалдау
- теміржол компаниялары қызметінің ажырамас бөлшегі болып табылатын ұйықтайтын вагондардың немесе вагон-мейрамханалардың қызметі кіреді

Бұл ішкі класқа:


- қалалық және қала маңындағы қатынастары арқылы құрлық көлігімен жолаушылар тасымалдау, (49.31 қараңыз)
- жолаушылар теміржол терминалдарының қызметі, (52.21.3 қараңыз)
- теміржол инфрақұрылымын пайдалану, сонымен қатар пойыздарды маневрлеу және құрастырумен байланысты тиісті қызметтер, (52.21.1,52.21.9 қараңыз)
- егер жекелеген фирмалар ұсынса, ұйықтайтын вагондардың немесе вагон-мейрамханалардың қызметі кірмейді, (55.90.9, 56.10 қараңыз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет