65.30 Зейнетақымен қамсыздандыру
Аталған класқа тек қана ұйым қызметкерлеріне немесе зейнетақы қорлардың мүшелеріне зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша құрылған заңды тұлғалар (қорлар, жоспарлар және/немесе бағдарламалар) кіреді. Бұл класқа белгілі бір зейнатақысы бар топтық зейнетақымен қамсыздандыруды, сондай-ақ зейнетақы төлемдері зейнетақы жарналары негізінде айқындалатын жеке зейнетақымен қамсыздандыруды кіреді.
Бұл класқа:
- қызметкерлерге зейнетақы төлемдері
- зейнетақы қорларының және зейнетақымен қамсыздандыру қызметі
- зейнетке шығуына байланысты төлемдермен қамтамасыз ету кіреді
Бұл класқа:
- зейнетақы қорларын басқару, (66.30.1 қараңыз)
- міндетті әлеуметтік сақтандыру кірмейді, (84.30.0 қараңыз)
65.30.1 Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру
65.30.2 Мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыру
66 Қаржылық көрсетілетін қызметтер мен сақтандыру саласындағы қосалқы қызмет
Аталған бөлімге қаржылық көрсетілетін қызметтердің өзінен басқа, қаржылық делдалдықпен байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсыну кіреді. Аталған бөлімді бастапқы бөлу қаржылық мәмілелердің немесе ұсынылатын қамсыздандыру типіне негізделген.
66.1 Сақтандыру мен зейнетақымен қамсыздандырудан басқа, қаржылық көрсетілетін қызметтер саласындағы қосалқы қызмет
Аталған топқа акцияларды, қор опциондарын, облигацияларды немесе тауарларға келісім-шарттарды сатып алу және сату рәсімдерін оңайлату мақсатындағы, физикалық немесе электронды сауда орындарының жабдықтары кіреді.
66.11 Қаржы нарықтарын басқару
66.11.1 Тауар биржаларының қызметі
Бұл ішкі класқа:
- тауарлар мен мәмілелер бойынша тауар биржаларының қызметі
- тауарлармен шұғыл келісімшарттар бойынша тауар биржаларының қызметі кіреді
66.11.2 Қаржы нарықтарын басқарумен байланысты қызмет
Бұл ішкі класқа мемлекеттік органдар жүзеге асыратын бақылаудан басқа, қаржы нарықтарының жұмыс істеуі және олардың қызметіне бақылау:
- бағалы қағаздар биржаларының қызметі
- қор биржаларының қызметі
- қор биржаларының немесе тауарлар опциондарының қызметі кіреді
66.11.3 Бағалы қағаздар ұстаушылар және шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша қызмет
Бұл ішкі класқа эмиссиялық бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімі жүйесін, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталдарында қатысу үлестерін, тіркелген тұлғалардың жеке шоттарындағы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын қалыптастыру, жүргізу және сақтауды кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |