77.34 Су көлігі құралдары мен жабдықтарын жалдау және лизинг
77.34.1 Су көлігі құралдары мен жабдықтарын жалдау
Бұл ішкі класқа:
- су көлігі құралдары мен жабдықтарын: сауда кемелері мен өзге де кемелерді экипажсыз жалдау кіреді
Бұл ішкі класқа:
- су көлігі құралдары мен жабдықтарын экипажбен жалдау, (50-бөлімді қараңыз)
- серуендеуге арналған кемелерді жалдау кірмейді, (77.21.0 қараңыз)
77.34.2 Су көлігі құралдары мен жабдықтарының лизингі
Бұл ішкі класқа:
- су көлігі құралдары мен жабдықтарының: сауда кемелері мен өзге де кемелердің лизингі кіреді
77.35 Әуе көлігі құралдары мен жабдықтарын жалдау және лизинг
77.35.1 Әуе көлігі құралдары мен жабдықтарын жалдау
Бұл ішкі класқа:
- әуе көлігі құралдары мен жабдықтарын: ұшақтарды, тікұшақтарды, ыстық ауамен толтырылған әуе шарларын экипажсыз жалдау кіреді
Бұл ішкі класқа:
- бірге әуе көлігі құралдары мен жабдықтарын экипажбен жалдау кірмейді, (51-бөлімді қараңыз)
77.35.2 Әуе көлігі құралдары мен жабдықтарының лизингі
Бұл ішкі класқа:
- әуе көлігі құралдары мен жабдықтарының: ұшақтардың, тікұшақтардың, ыстық ауамен толтырылған әуе шарларының лизингі кіреді
77.39 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де машиналарды, жабдықтар мен материалдық активтерді жалдау және лизинг
77.39.1 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де машиналарды, жабдықтар мен материалдық активтерді жалдау
Бұл ішкі класқа:
- көбінесе өндірісте негізгі құралдар ретінде пайдаланылатын өзге де машиналар мен жабдықтарды: қозғалтқыштар мен турбиналарды, станоктарды, тау-кен және мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын, құрылысқа, қызмет көрсетуге арналған құрылғыларды, магистралдық құбыр жолдары мен газ тарату жүйелері объектілерін жөндеу, кәсіби радио-, телевизия мен коммуникациялық жабдықтарды, кинофильмдерді шығаруға арналған жабдықтарды, бақылау және өлшеу жабдықтарын, ғылыми, коммерциялық және өнеркәсіптік мақсаттағы өзге де машиналар мен жабдықтарды жалдау
- құрлықтағы көлік құралдары мен жабдықтарды (автомобильдерден басқа): мотоциклдерді, тұруға арналған автофургондар мен автотіркемелерді және т.б., теміржол көлік құралдарын жүргізушісіз жалдау кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- тұруға немесе офистерге арналған контейнерлерді жалдау
- жануарларды жалдау (мысалы, үйірді немесе бәйге аттарды жалдау)
- жүк контейнерлерін жалдау
- жүктерге арналған тұғырықтарды (платформаларды) жалдау кіреді
Бұл ішкі класқа:
- велосипедтерді жалдау, (77.21.0 қараңыз)
- ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарды жалдау, (77.31.1 қараңыз)
- құрылыс машиналары мен жабдықтарын жалдау, (77.32.1 қараңыз)
- есептеу техникасын қоса алғанда, офистік машиналар мен жабдықтарды жалдау кірмейді, (77.33.1, 77.33.8 қараңыз)
77.39.2 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де машиналардың, жабдықтар мен материалдық активтердің лизингі
Бұл ішкі класқа:
- өндірісте көбінесе негізгі құралдар ретінде пайдаланылатын өзге де машиналар мен жабдықтардың: қозғалтқыштар мен турбиналардың, станоктардың, кен және мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының, кәсіби радио, телевизия мен коммуникациялық жабдықтардың, кинофильмдерді шығаруға арналған жабдықтардың, бақылау және өлшеу жабдықтарының, ғылыми, коммерциялық және өнеркәсіптік мақсаттағы өзге де машиналар мен жабдықтардың лизингі
- жүргізушісіз құрлықтағы көлік құралдары мен жабдықтардың (автомобильдерден басқа): мотоциклдердің, тұрыға арналған автофургондар мен автотіркемелерді және т.б., теміржол көлік құралдарының лизингі кіреді
Достарыңызбен бөлісу: |