78.1 Жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттіктердің қызметі
78.10 Жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттіктердің қызметі
78.10.0 Жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттіктердің қызметі
Осы ішкі класқа бос орындар тізімін жүргізу, бос орындар туралы анықтамалық ақпаратты ұсыну немесе жұмысқа жіберілетін адам жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттіктің қызметкері болып табылмаған жағдайда талапкерлерді жұмысқа жіберу кіреді.
Бұл ішкі класқа:
- басқару аппараты қызметкерлері лауазымын іздеу мен айқындауды қоса алғанда, персоналды іздеу, кандидаттарды іріктеу және оларды жұмысқа жіберу
- актерлерді, мысалы театр актерлерін іріктеу бойынша агенттіктер мен бюролардың қызметі
- персоналды іріктеу бойынша Интернет агенттіктерінің қызметі кіреді
Бұл ішкі класқа:
- жеке театр немесе әртістік агенттердің немесе агенттіктердің қызметі кірмейді, (74.90.9 қараңыз)
78.2 Уақытша жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттіктердің қызметі
78.20 Уақытша жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттіктердің қызметі
78.20.0 Уақытша жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттіктердің қызметі
Бұл ішкі класқа кадр қызметкерін алмастыру немесе ұсынылған адам уақытша жұмысқа орналастыру жөніндегі ұйымдардың жалдамалы қызметкері болып табылған жағдайда клиенттің жұмыс күшін қолдау мақсатында кәсіпорын клиенттері үшін шектеулі мерзімге қызметкерлерді ұсыну бойынша қызмет кіреді. Алайда осы ішкі класқа жатқызылған ұйымдар клиенттің жұмысты орындау орнында олардың ұсынған қызметкерлеріне тікелей бақылауды жүзеге асырмайды.
78.3 Еңбек ресурстарымен (персоналмен) қамтамасыз ету бойынша өзге де қызмет
78.30 Еңбек ресурстарымен (персоналмен) қамтамасыз ету бойынша өзге де қызмет
78.30.1 Ұлттық компаниялар құрған ұйымдар қызметінен басқа, еңбек ресурстарымен (персоналмен) қамтамасыз ету бойынша өзге де қызмет
Бұл ішкі класқа еңбек ресурстарымен (персоналмен) қамтамасыз ету бойынша қызмет кіреді. Бұл ішкі класқа жатқызылған ұйымдар жұмыс берушіге жалақыны есептеу мақсатында кадрлық есептілікті жүргізу, салықтық ұстаулар төлемдері мен басқа да қаржылық және кадрлық мәселелер бойынша ақпаратты ұсынады, алайда жіберілген қызметкерлерге басшылық жасауға және олардың жұмысын басқылауға жауапты болмайды.
Жұмыс ресурстарын ұсыну әдетте ұзақ мерзімді немесе тұрақты негізде жүргізіледі және осы ішкі класта жіктелген ұйымдар еңбек ресурстарын іздеу мен басқару бойынша көрсетілетін қызметтердің кең спектрін жүзеге асырады.
Бұл ішкі класқа:
- кәсіпорынның басқаруы немесе бақылауымен үйлесімде еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету (осы кәсіпорынның экономикалық қызмет түріне сәйкес келетін ішкі класты қараңыз)
- кадрлық қызметкерлерді уақытша ауыстыру немесе клиенттің жұмыс күшін қолдау үшін еңбек ресурстарын ұсыну кірмейді, (78.20.0 қараңыз)
78.30.2 Стратегиялық объектілерге қызмет көрсету үшін техникалық және қосалқы персоналды ұсыну бойынша ұлттық компаниялар құрған ұйымдардың қызметі
Бұл ішкі класқа:
- стратегиялық объектілерге қызмет көрсету үшін техникалық және қосалқы персонал ұсыну кіреді
78.30.3 Ұлттық басқарушы холдинг үшін кадрлық іс жүргізу бойынша қызмет
Бұл ішкі класқа ұлттық басқарушы холдинг, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) тікелей және (немесе) жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін:
- еңбек қатынастарын ресімдеу
- кадрлық құжаттаманы жүргізу
- жұмыс уақытын есепке алу
- персонал бойынша есептілікті қалыптастыру және уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну
- бос лауазымдарға орналастыру үшін кандидаттарды және қызметкерлерді бағалау
- кандидаттарды іздеу және іріктеу, бастапқы іріктеу
- оқытуды ұйымдастыру және әкімшілендіру жүзеге асырылатын қызмет кіреді
Достарыңызбен бөлісу: |