Осы жіктеуіште тиісті анықтамалармен бірге мынадай терминдер қолданылады:
3.1 Қызмет түрі: Қызмет түрлерін жіктеудің неғұрлым іріленген санаттарын сипаттайтын өнімнің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) біртекті жиынтығын жасау процесі.
3.2 Қызметтің негізгі түрі: Қосылған құны шаруашылық субъектісі жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі.
_____________________________________________________________________________
Ресми басылым
3.3 Қызметтің қосалқы түрі: үшінші тұлғалар үшін өнімдерді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі.
3.4 Қызметтің қосымша түрі: шаруашылық субъектінің негізгі және қосалқы қызмет түрлерін ғана қолдау үшін жүзеге асырылатын және осы шаруашылық субъект шегінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өндірісінде (тасымалдау, сақтау, сатып алу, өткізуді дамыту, жинастыру, жөндеу және қызмет көрсету, күзету және т.с.с.) тек тұтынуға арналған қызмет түрі.
4 Жалпы ережелер
4.1 Осы жіктеуіштің объектілері (жіктелетін көптік элементтері) шаруашылықтық оқшауланудың, дербестік шарасының әртүрлі дәрежесімен сипатталатын, бірбейінді және көпбейінді қызметі бар шаруашылық субъектілерінің экономикалық қызмет түрлері болып табылады.
4.2 Оларға қатысты ақпарат сұралатын және статистикалық динамикалық қатарлар құрылатын шаруашылық субъектілері статистикалық бірліктер болып табылады.
4.3 Экономикалық қызметтің бір ғана түрімен айналысатын шаруашылық субъектілер меншік түріне (жекеше немесе мемлекеттік) және шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан жіктеуіштің бір ғана топталымында жіктеледі.
4.4 Жіктеуіште қызметті өндірістік және өндірістік емес түрлерге бөлу қарастырылады, бірақ бір жағынан негізгі және қосалқы қызмет пен екінші жағынан көмекші қызмет арасындағы айырмашылығы жүргізіледі.
4.5 Қызметтің негізгі түрі бойынша жіктеу жұмыстың кәсіпорында немесе үй шаруашылығында машинамен немесе қол тәсілімен орындалатындығына немесе орындалмайтындығына қарамастан жүргізіледі.
4.6 Қызметтің негізгі түрін анықтау үшін критерий өнімдердің (тауарлардың және қызметтердің) тауарлық шығарылымы көлеміндегі қосылған құн болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |