Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің



бет4/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   290
ОКЭД kz

5 Жіктеуіш құрылымы

5.1 Жіктеуіш екі блоктан тұрады:


- сәйкестендіру;
- атауы.
Сәйкестендіру блогында жіктеудің 5 деңгейлі иерархиялық жүйесі және кодтың әріптік-сандық әліпбиін пайдалана отырып кодтаудың тізбекті жүйесі қолданылады.
5.2 Жіктеуіш коды NACE Rev.2 кодтау жүйесін сақтай отырып, екінші және үшінші таңба арасындағы, және қызмет түрлерінің ұлттық топтамаларының болуын атап өте отырып, төртінші және бесінші таңба арасындағы нүктелерді қамтиды.
Жіктеуіштің мынадай деңгейлері қабылданды:
бірінші деңгей (жоғары) әріптік кодымен (секциялар) белгіленген;
екінші деңгей екітаңбалы сандық кодымен (бөлімдер) белгіленген;
үшінші деңгей үш таңбалы сандық кодымен (топтар) белгіленген;
төртінші деңгей төрт таңбалы сандық кодымен (кластар) белгіленген;
бесінші деңгей бес таңбалы сандық кодымен (ішкі кластар) белгіленген.

Код құрылымының формуласы мынадай түрде болады:


ХХ бөлім
ХХ.Х топ
ХХ.ХХ клас
ХХ.ХХ.Х ішкі клас

5.3 Секция коды бөлімдерді, топтарды, кластарды және ішкі кластарды анықтайтын кодта болмайды.




Мысалы - «Шикі мұнайды және ілеспе газды өндіру» 06.10.0 кодымен белгіленген, мұнда 06-бөлім коды, 06.1-топ коды, 06.10-клас коды және 06.10.0-ішкі клас коды. «Өңдеу өнеркәсібі» С секциясының коды шикі мұнайды және ілеспе газды өндіру бойынша қызмет кодында болмайды.

Әр бөлімге өзінің коды берілген. Кодтардың кейбір бөлімдері резервте қалдырылған, бұл кодтау жүйесін өзгертусіз халықаралық деңгейдегі жаңа бөлімдер енгізуге мүмкіндік береді. Бұл кодтар жаңа бөлімдердің туындауы әбден мүмкін секцияларда болады.


Бұл жағдайларда жіктеудің белгілі бір деңгейі келесі кішірейтілген деңгейдегі санатқа бөлінбейді, «0» саны қолданылады.


Мысалы - «Темекі өнімдерін өндіру» тобында 12.0 коды бар, себебі «Темекі өнімдерін өндіру» бөлімі (12-код) топтарға бөлінбейді.

Топтар немесе «өзгелер» немесе «басқа топтамаларға енгізілмегендер» «9» санымен белгіленген.




Мысалы - 08.9 «Басқа топтамаларға енгізілмеген пайдалы қазбаларды өндіру» тобы, «Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де пайдалы қазбаларды өндіру» 08.99 класы.

5.4 Осы жіктеуіште экономикалық қызмет түрлерінің жіктелімдік белгілері ретінде әртүрлі жіктеу деңгейлеріне арналған түрлі белгілер пайданылады. Сонымен, секциялар деңгейінде, сондай-ақ ҰЖШ-да пайдаланылатын негізгі жіктелімдік белгілер өндірістік қызметтер мен өнімдердің негізгі сипаттамалары болып табылады; бөлімдер мен топтар деңгейінде (тиісінше 2 немесе 3 таңба) – өндірілетін және пайдаланылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің мақсаты, шикізат түрі және өңдеу технологиясы. Кластарға бөлудің негізгі белгілері (4 таңба) осы класқа енгізілген, статистикалық бірліктер өндіретін өнімнің негізгі бөлігін құрайтын нақты тауарлар мен қызметтер болып табылады. Ішкі кластар (5 таңба) Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының ерекшеліктерін есепке ала отырып кластардың нақтылануын білдіреді.


5.5 Жіктеуіштің секциялар және бөлімдер деңгейіндегі құрылымы







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет