Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің



бет41/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   290
ОКЭД kz

12 Темекі өнімдерін өндіру

Бұл бөлімге ауыл шаруашылық өнімдерін (темекіні) тұтынуға дайын, түпкілікті өнімге қайта өңдеу кіреді.




12.0 Темекі өнімдерін өндіру


12.00 Темекі өнімдерін өндіру

12.00.1 Темекіні ферменттеу


Бұл ішкі класқа:


- "гомогенделген" немесе "қалпына келтірілген" темекі өндіру кіреді

12.00.2 Темекіден өнімдерді өндіру


Бұл ішкі класқа:


- темекі өнімдерін және темекіні алмастыратын өнімдерді: сигареттерді, сигараларды, түтік және тартатын темекіні, шайнайтын темекіні және иіскейтін темекіні өндіру кіреді

Бұл ішкі класқа сондай-ақ:


- жапырақтың кесіндісін жою және темекі жапырақтарын қайталама кептіру кіреді

Бұл ішкі класқа:


- темекіні өсіру немесе алғашқы өңдеу кірмейді, (01.15.0, 01.63.0 қараңыз)


13 Тоқыма бұйымдарын өндіру

Бұл бөлімге киімді қоспағанда (мысалы, төсек жабдықтары, көрпе, төсек жапқыш, арқан бұйымдарын және т.б.) тоқыма талшықтарын дайындау және иіру, сондай-ақ тоқу өндірісін, маталар мен киімдерді әрлеу, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру кіреді. Табиғи талшықтар алынатын дақылдарды өсіру 01-бөлімде жіктеледі, сол сияқты химиялық өндіріс процесінде алынатын синтетикалық талшықтарды өндіру 20.60-класында жіктелген. Киім өндірісі 14-бөлімде сипатталған.




13.1 Тоқыма талшықтарын дайындау және иіру


13.10 Тоқыма талшықтарын дайындау және иіру

Бұл класқа тоқыма талшықтарын дайындау және иіру операциялары кіреді. Бастапқы шикізат жібек, жүн, жануардан, өсімдіктен алынатын талшықтар, жасанды немесе синтетикалық талшықтар, қағаз немесе шыны талшық және т.б. болып табылады.


Бұл класқа:


- ауыл шаруашылығы өндірісімен жүзеге асырылатын дайындық бойынша операциялар кірмейді, (01-бөлімді қараңыз)

13.10.1 Мақта-мата талшықтары мен мақта талшығын дайындау


Бұл ішкі класқа:


- мақта-мата түріндегі талшықтардың және мақта талшықтарын дайындау операциялары: мақта-мата және мақта тәрізді жіпті өндіру үшін пайдаланылатын талшықтарды кардотүту, тарақпен түту кіреді

Бұл ішкі класқа:


- сыйақыға немесе шарттық негізде мақтаны тұқымынан тазарту кірмейді, (01.63.0 қараңыз)

13.10.2 Мақта-мата талшығы мен мақта талшығын иіру


Бұл ішкі класқа:


- тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін, сату немесе одан әрі өңдеу үшін мақта-маталы және мақта мата түріндегі иірім жіптерді иіру және өндіру
- жіптерді текстуралау, ширату, орау, шиыршықтау және сіңірту
- қағаз жіпті өндіру кіреді

13.10.3 Жүн талшықты дайындау


Бұл ішкі класқа:


- жүн талшықтарын дайындау бойынша операциялар:
- жүнді майсыздандыру және карбондау, жүнді бояу
- жүн талшықтарын кардтық тарау және тарақпен тарау кіреді

13.10.4 Жүн талшығын иіру


Бұл ішкі класқа:


- тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін сату немесе одан әрі өңдеу үшін иірім жіптерді иіру және өндіру
- иірім жіптерді текстуралау, ширату, орау, шиыршықтау және сіңірту кіреді

13.10.5 Зығыр және басқа да өсімдік талшықтарын дайындау


Бұл ішкі класқа:


- зығыр талшықтарын дайындау
- зығырды түту
- иірім жіпті өндіруге пайдаланылатын талшықтарды кардтық тарау және тарақпен тарау
- кендір, кенеп және т.б. сияқты өзге де талшықтарды дайындау кіреді

Бұл ішкі класқа:


- өсімдік тоқыма талшықтарынан тұратын өсімдіктерді шылау (кендір, зығыр, кокос талшығы және т.б.) кірмейді, (01.16.2 қараңыз)

13.10.6 Зығыр және өзге де өсімдік талшықтарын иіру


Бұл ішкі класқа:


- тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін, сату немесе әрі қарай өңдеу үшін зығыр типті иірілген жіптерді иіру және өндіру
- басқа да өсімдік талшықтарды иіру
- иірім жіптерді текстуралау, ширату, орау, шиыршықтау және сіңірту кіреді

Бұл ішкі класқа:


- синтетикалық немесе жасанды талшық және олардан бұйымдар жасау, синтетикалық немесе жасанды талшықтан жасалған жалғыз қабат иірім жіпті өндіру (беріктігі жоғары иірілген жіп пен кілемдерге арналған иірім жіптерді қоса алғанда), (20.60.0 қараңыз)
- шыны талшықтарды өндіру кірмейді, (23.14.0 қараңыз)

13.10.7 Жібек талшықты дайындау


Бұл ішкі класқа:


- жібек талшықтарын дайындау:
- жібек жіптерін түту, жуу және иіру
- талшықты кардтық тарау және тарақпен тарау кіреді

13.10.8 Иірілген жібек жіпті өндіру


Бұл ішкі класқа:


- тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін, сату және одан әрі қарай өңдеу үшін жібектен иірім жіп иіру және өндіру
- иірім жіптерді текстуралау, ширату, орау, шиыршықтау және сіңірту кіреді

13.10.9 Тігін жіптерін өндіру


Бұл ішкі класқа:


- тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін, сату және одан әрі өңдеу үшін әртүрлі тоқыма материалдардан жасалған тігін жіптерін өндіру кіреді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет