Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы



Дата11.06.2016
өлшемі36.5 Kb.
#128741


Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында мынадай құрамда Комиссия құрылсын:




Келімбетов

Қайрат Нематұлы




-

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, басшы

Сұлтанов

Бақыт Тұрлыханұлы



-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі


Орынбаев

Ербол Тұрмаханұлы



-

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі


Әбіқаев

Нұртай


-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы


Дауылбаев

Асхат Қайзоллаұлы



-

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры


Түсіпбеков

Рашид Төлеутайұлы



-

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) төрағасы


Жаңбыршин

Қозы-Көрпеш Есімұлы



-

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы


Досаев

Ерболат Асқарбекұлы



-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

Абайділдин

Талғатбек Жәмшитұлы



-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)





Редкокашин

Владимир Николаевич



-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі (келісім бойынша)





Қарақұсова

Гүлжан Жанпеиісқызы



-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы
(келісім бойынша)





Киянский

Виктор Владимирович



-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі (келісім бойынша)





Мырзахметов

Абылай Исабекұлы



-

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)





Аханов

Серік Ахметжанұлы



-

«Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің кеңес төрағасы
(келісім бойынша)





Бахмутова

Елена Леонидовна



-

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)





2. Комиссия тұрақты негізде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың мақсатты, заңды және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырсын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын инфрақұрылымдық және индустриялық жобалардың іске асырылуына мониторинг және қаржылық бөлігіне аудит жүргізсін.

3. Комиссияға:

1) мемлекеттік органдардан, мемлекет қатысатын ұйымдардан және лауазымды адамдардан қажеттi ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды, оның ішінде тиісті лауазымды адамдардың ауызша және жазбаша түсініктемелерін талап ету;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын инфрақұрылымдық және индустриялық жобалардың іске асырылуына мониторинг және қаржылық бөлігіне аудит жүргізу үшін сыртқы сарапшыларды (аудиторларды) тарту;

3) тиісті мемлекеттік органдардың және мемлекет қатысатын ұйымдардың лауазымды адамдарының тәртіптік және өзге де жауапкершілігі туралы мәселені шешу үшін материалдарды жіберу;

4) заңнамада белгiленген тәртiппен қарау үшін ақпаратты құқық қорғау органдарына және ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберу құқығы берілсін.

4. Комиссияның басшысы Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуының жай-күйі туралы тоқсан сайын есеп берсін.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Комиссияның жұмыс органы болып белгiленсiн.

6. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсiн.

Қазақстан Республикасының

Президенті  Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2014 жылғы18 сәуір


№ 281



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет