2-тарау. Агенттіктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 14. Агенттіктің миссиясы: мемлекеттік қызмет, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мемлекеттік бақылау салаларында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.
15. Міндеттері:
1) мемлекеттік қызмет, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мемлекеттік бақылау салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;
2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мемлекеттік қызмет туралы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы сақтау мәселелеріндегі қызметін үйлестіру.
16. Орталық аппараттың функциялары:
1) мемлекеттік қызмет саласында стратегиялар мен бағдарламалар әзірлеу және іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметін бағалауды жүзеге асыратын уәкілетті адамдардың тізбесін әзірлеу;
4) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау құнын есептеу әдістемесін бекіту;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасына мемлекеттік бақылау салаларында нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу және қабылдау;
6) Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерге және азаматтарға консультация беру;
7) мемлекеттік органдарда персоналды басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін және электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеу, оқу, баспа қызметтерін үйлестіру;
9) мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша халықаралық шарттар жобаларын дайындау, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара, іс-қимыл жасау өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
10) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мемлекеттік бақылау салаларындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
11) мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету салаларында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
12) мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу, олардың әлеуметтік-құқықтық қорғалуы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
13) мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқорды (ақпараттық жүйені) қалыптастыру бойынша жалпы үйлестіруді қоса алғанда, мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарының кадр құрамы жай-күйінің мониторингін жүргізу;
14) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, оның ішінде шет елдерде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
15) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды үйлестіру;
16) мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдардың мемлекеттік қызметті өткеруіне мониторинг жүргізу;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және құқық қорғау қызметіне түскен азаматтарды тестілеудің тәртібін, бағдарламаларын айқындау, сондай-ақ оны ұйымдастыру;
18) мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурстарды өткізу тәртібін айқындау;
19) орталық мемлекеттік органда не оның ведомствосында, сондай-ақ орталық мемлекеттік органның немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшесінде не жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органда төменгі болып табылмайтын, "Б" корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс өткізуді келісу және келісу тәртібін айқындау;
20) азаматтардың жеке қасиеттеріне бағалау жүргізу тәртібін айқындау;
21) азаматтардың жеке қасиеттеріне бағалауды оның тиісті қорытындысының нәтижесін бере отырып жүргізу;
22) министрліктер мен орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшыларының және аппарат басшыларының мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын актілерді әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсыну;
23) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастыру;
24) белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен орналасуын келісу;
25) мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
26) мемлекеттік органдар әзірлейтін "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын, кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі бөлігінде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауларды, сынақ мерзімінен өтпеген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қызметінен босатуды келісу;
27) сынақ мерзімінен өту тәртібі мен шарттарын және тәлімгерлерді бекіту тәртібін айқындау;
28) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамадан өтуі тәртібін айқындау;
29) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
30) құқық қорғау органдарының конкурс негізінде орналасатын лауазымдарының тізбесін, құқық қорғау органдарында конкурс және тағылымдама өткізудің шарттары мен тәртібін, сондай-ақ құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын келісу;
31) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту тәртібін айқындау;
32) персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту;
33) мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын әзірлеу мен бекіту;
34) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен еңбек шартын жасасу, ұзарту және бұзу тәртібін айқындау;
35) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсыну;
36) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту;
37) мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау;
38) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
39) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарау;
40) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау жөніндегі мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысын үйлестіру;
41) әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін үйлестіру және әдіснамалық қамтамасыз ету;
42) персоналды басқару қызметін (кадр қызметі) үйлестіру және әдіснамалық басшылық қызметін жүзеге асыру;
43) мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзып қабылдаған шешімдерінің күшін жою туралы лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;
44) мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тексеру нәтижелерінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы өз құзыреті шегінде қаралуы міндетті ұсынулар енгізу;
45) жыл сайынғы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізу;
46) мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, шетелдегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға баруы тәртібін әзірлеу;
47) лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс өтілін есептеу тәртібін әзірлеу;
48) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мансаптық жоспарлау тәртібін әзірлеу;
49) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру және істерді қарау;
50) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпарат сұрату;
51) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
52) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
53) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
54) жеке тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу жөнінде ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;
55) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
56) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
57) Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Агенттіктің құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік қызметті, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрату және алу;
3) мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жасалатын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша тексерістер өткізу, мемлекеттік органдармен келісім бойынша тексерістер өткізуге олардың қызметкерлерін тарту;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тексерістер нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы өз құзыреті шегінде орындауға міндетті ұсынуларды мемлекеттік органдарға енгізу;
5) мемлекеттік қызмет туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау;
6) Агенттіктің, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарына қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
7) Агенттікке және оның аумақтық органдарына жүктелген міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер құру және пайдалану;
8) Агенттік қызметінің басты бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.