Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпығА



бет3/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#124768
1   2   3   4   5   6

1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6




индекстік әдістер. Экономикалық статистика, оның пәні және әдістері. Еңбек нарығының статистикасы. Ұлттық есеп жүргізу жүйесі, негізгі категориялары мен міндеттері. Жалпы ішкі өнім статистикасы. Баға статистикасы. Кәсіпорын қаржыларының статистикасы.

Экономикада шешім қабылдаудың сандық әдістері. Экономикалық-математикалық үлгілер. Қаржылық-шаруашылық қызмет көрсеткіштерінің жүйесі. Көрсеткіштердің есебі.


















Бухгалтерлік есеп және аудит негіздері

Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамасы. Есептік кезең. Тауар-материалдық босалқы қорлардың, негізгі құрал-жабдықтың, бейматериалдық активтердің есебі мен бағалануы және олардың өтемпұлы. Капитал мен инвестиция есебі. Бағалы қағаздар нарығы. Дебиторлық берешектің, қарыз міндеттемелерінің және қарызға жұмсалған шығынның есебі. Мердігерлермен, жеткізушілермен және қызметкерлермен жалақы бойынша есеп айырысудың есебі. Қаржы нәтижелерінің есебі. Қаржы есептемесінің сипаттамасы, маңызы және құрамы. Бухгалтерлік есептеменің халықаралық жүйесі. Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік есептеме. Аудиттің сипаттамасы, мақсаты және ауқымы. Сыртқы және ішкі аудит.

Аудитті жоспарлау. Ішкі бақылау жүйесі. Аудиторлық іріктеу, аудиттегі қауіп-қатерді бағалау. Ұзақ мерзімді активтер аудиті. Ұйым міндеттемелерінің және капиталдың аудиті. Аудиторлық қорытынды.


-

-

2

-

1.2

Таңдау компоненті (ТК)

4

5

5

7

2

Бейіндік пәндер (БП)

13

20

19

22

2.1

Міндетті компонент (МК)

6

8

7

10




Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару

Денсаулық сақтау органдарын бақылау және олардың жұмыс істеуі. Мемлекет және халықтың денсаулығы. Мемлекет және жеке тұлға. Денсаулық сақтау саласындағы міндеттердің басқару деңгейіне қарай бөлінуі.



1

2

2

2

1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6




Қоғамдық денсаулық сақтаудың міндеттері. Денсаулық сақтаудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі. Медицинадағы жеке меншік және мемлекеттік секторлар. Медициналық қызмет көрсетуді тіркеу және денсаулық сақтаудағы менеджмент жүйесі. Демография. Халық денсаулығының жай-күйінің мониторингі. Денсаулық сақтаудағы ақпараттық заманауи технологиялар. Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесі. Дамыған елдер мен дамушы елдердегі денсаулық сақтау жүйесі. Денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың проблемалары.

Денсаулық сақтау саясаты және жоспарлау мәселелері. Басқару жүйесі. Нақты міндеттерді орындауға бағытталған басқару. Денсаулық сақтаудағы сапа менеджменті жүйесі. Ұйымдастыру үлгілері. Денсаулық сақтау жүйесін жедел басқару және стратегиялық жоспарлау. Аурухана ұйым ретінде. Медициналық мекемені ұйымдастыру үлгілері. Ұйымдардың жаңа үлгілері.


















Денсаулық сақтаудағы заңнама

Қазақстан Республикасының Конституциясы. Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін реттеуші Қазақстан Республикасының Кодекстері мен заңнамалық құжаттары. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғаудың құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды ұйымдастыру, халықтың санитариялық- эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету, азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамту саласындағы заңнамалары. Үкіметтік емес медициналық ұйымдардың қызметі. Медициналық ұйымдар мен жеке тұлғаларды тіркеу, сертификаттау, лицензиялау және аттестаттау тәртібі. Дәрігер құқығы, азаматтардың, жекелеген топтардың және пациенттердің денсаулықты қорғау саласындағы құқығы. Медицина қызметкерлерінің жауапкершілігі. Медицина қызметкерлерін әлеуметтік-құқықтық қорғау.



1

2

2

2

1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6




Медициналық сараптамалар мен сот сараптамаларының құқықтық негіздері.
















Денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу

Денсаулықты нығайту – қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі бағыты ретінде. Денсаулықтың анықтамасы. Денсаулық критерийлері. Денсаулықты анықтайтын этиологиялық факторлар. Денсаулықтың қалыптасуында өмір сүру салтының, тұратын ортаның, экологиялық ерекшеліктердің, тұқым қуалаушылық факторының маңызы. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері. Ілкі және салдарлық профилактика Жеке адам денсаулығы мен қоғамның денсаулығы, денсаулықты нығайтуда және қорғауда профилактикалық тексерудің маңызы.

Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу. Әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алудың бірінші, екінші, үшінші деңгейлі бағдарламалары. Денсаулықты қорғау және нығайту саласындағы ДДСҰ бағдарламалары. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі денсаулықты нығайту саласындағы денсаулық сақтау саясаты. Денсаулықты нығайту қызметін ұйымдастыру және оны басқару.


1

1

-

1




Дәлелді медицина негіздері

Дәлелді медицинаға кіріспе. Дәлелді медицинаның терминологиясы және құралдары. Медициналық ақпаратты іздестіру әдіснамасы, сенімді дереккөздер мен қорлар. Дәлелді медицинадағы сандық және сапалық зерттеу әдістері. Рандомизацияланған бақыланатын сынақтар. «Алтын стандарт». Дәлелдер сатысы. Зерттеу дизайны және қоғамдық денсаулық сақтаудағы зерттеулердің әдіснамалық сапасын бағалау: сезгіштігі, ерекшелігі, болжам құндылығы. Жүйелі шолу мен мета-талдаудың сыни бағасы. Клиникалық нұсқаулар мен ұсыныстарды әзірлеу және бағалау. Дәлелдену деңгейі.



1

1

-

1




Денсаулық сақтау экономикасы

Денсаулық сақтау экономикасы ғылым



1

1

2

1

1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6




және білім берудің пәні ретінде. Денсаулық экономикалық және әлеуметтік санат ретінде. Экономикалық факторлар және қоғам денсаулығы. Қоғамның және денсаулық сақтаудың даму индекстері. Медициналық қызмет көрсетудің құны. Денсаулық сақтаудағы жалпы шығынның құрылымы. Денсаулық сақтауды қаржыландыру тәсілдері. ҚР денсаулық сақтау экономикасы мен оны қаржыландырудың қазіргі кезеңдегі ерекшелігі. Аймақтық деңгейдегі денсаулық сақтау экономикасы. Медициналық мекемелерді қаржыландыру түрлері. Денсаулық сақтаудағы бизнес-жоспарлау. Медициналық қызмет көрсету бағасын қалыптастыру әдістері. Денсаулық сақтаудың ұлттық шоттары, денсаулық сақтаудың салалық құрылымы. Денсаулық сақтаудағы нәтижелілік пен тиімділік. Инвестицияны экономикалық бағалау. Дүниежүзілік экономиканың даму кезеңдері. Дүниежүзілік экономиканың даму кезеңділігі. Экономикалық интеграцияның негізгі формалары.
















Денсаулық сақтаудағы қаржы менеджменті

Қаржы менеджментінің міндеттері. Қаржы менеджменті теория. Негізгі қаржылық құжаттар.

Бюджет. Шығынды анықтау және пайданы есептеу. Бюджетті құрастыру және басқару.

Госпитальдердегі және емханалардағы қызмет көрсету құнын есептеу әдісі, қызмет көрсету тарификаторын қолдану және клиникалық шығын топтарының жиілік талдауы.

Медицина ұйымының қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Нәтижелерді талдау. Қаржылық үлгілер.


-

-

2

-




Денсаулық сақтауда шешім қабылдау әдістері

Денсаулық сақтауды басқаруда шешім қабылдаудың сапалық және сандық әдістеріне кіріспе. Денсаулық сақтау жүйесін басқарудағы



1

1

-

1

1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6




шешім қабылдау. Болжам жасау. Денсаулық сақтау ұйымдарындағы шешім қабылдаудың әдістері мен қаржылары. Санақ бағдарламаларын қолдана отырып шешім қабылдау. Болжам жасау әдістерін қолдану. Медициналық объектілердің орналасуы және олардың стратегиялық жоспарлануы. Өндірістілікті өлшеу. Мүкаммалдарды басқару. Қызметкерлерді басқару.
















Қоғамдық денсаулық сақтаудан сабақ беру және ғылыми зерттеулер жүргізудің негіздері

Медициналық білім беру міндеттері. Бұрынғы алған білімін жандандыру тәсілдері. Оқыту стильдері. Оқыту әдістері. Жеке білім беру траекториясын әзірлеу.

Шағын топтармен жұмыс тәртібі мен әдістері. Проблемаға бағытталған оқыту. Жобаға бағытталған оқыту. Кері байланыс әдістері. Білімді, дағдыны, қарым-қатынасты, біліктілікті және практикалық жұмысты бағалау әдістері. Негізгі және профильдік пәндер бойынша жазбаша тест сұрақтарын құру. Қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының диплом алғаннан кейінгі және үздіксіз кәсіптік дамуын ұйымдастыру принциптері. Ересектерді оқыту ерекшелігі. Өздігінен білім алу.

Қоғамдық денсаулық сақтаудағы ғылыми зерттеулер. Ғылыми жұмыстың тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау. Зерттеу жобасы элементтері. Зерттеу әдіснамасы. Зерттеуге талдау жасау және қорытынды мен ұсыныстарды тұжырымдау. Ғылыми зерттеуді енгізу және оның тиімділігі. Ғылыми зерттеу жұмыстарының жазылуына қойылатын жалпы талаптар және ресімдеу тәртібі. Ғылыми зерттеу жұмыстарын рецензиялау, жұмыс туралы баяндама, баяндама тезисін құру. Ғылыми материалды баспасөзде жариялауға дайындау.



-

-

-

2

2.2

Таңдау компененті (ТК)

7

12

12

12

3

Практика (педагогикалық, зерттеу)

-

-

-

10

кем емес

-кестенің жалғасы



1

2

3

4

5

6




Практика (өндірістік)

3

кем емес

5

кем емес

7

кем емес

-

4

Магистранттың магистрлік диссертацияны қамтитын эксперименттік -зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)

4

6

6

-




Магистранттың магистрлік диссертацияны қамтитын ғылыми -зерттеу жұмысы (МҒЗЖ)

-

-

-

11

5

Қорытынды аттестаттау

2

2

2

2

5.1

Кешенді емтихан

1

1

1

1

5.2

Магистрлік диссертация қорғау

1

1

1

1




Барлығы

30

кем емес

40

кем емес

45

кем емес

55

кем емес

Е с к е р т у –

Практика мен қорытынды аттестаттауға бөлінетін кредит саны жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінетін кредит санын көбейте алады.


7.6 Білім беру бағдарламасының ғылыми компоненті магистранттың эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмыстарынан, ғылыми жарияланымнан және магистрлік диссертацияны жазудан құралады.

7.7 Білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгерген жағдайда:

бейінді магистратураның білім беру бағдарламасын меңгеріп, оған қойылатын талаптарды орындаған жағдайда магистрантқа «денсаулық сақтау магистрі» академиялық дәрежесі оқыту мерзіміне қарамастан берілуі мүмкін;

ІӘМ бейінді магистратурасының білім беру бағдарламасын меңгеріп, оған қойылатын талаптарды орындаған жағдайда магистрантқа «іскерлік әкімшілік магистрі» академиялық дәрежесі оқыту мерзіміне қарамастан берілуі мүмкін;

ғылыми және педагогикалық магистратураның бағдарламасын меңгеріп, оған қойылатын талаптарды орындаған жағдайда магистрантқа «медицина ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі оқыту мерзіміне қарамастан берілуі мүмкін.

7.8 Бейінді магистратураны бітірген магистрант педагогикалық бейіндегі пәндер циклін меңгеріп, педагогикалық практикадан өткен жағдайда ғана ғылыми және педагогикалық қызметпен айналыса алады. Аталған цикл қосымша берілетін академиялық кезеңде меңгеріледі, циклді бітірген соң оған негізгі дипломына қоса тиісті сертификат беріледі.

7.9 6М110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистрдің негізгі біліктілігіне қойылатын талаптар.



Денсаулық сақтау магистрінің:

- қоғамдық денсаулық сақтаудың ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері туралы, оның негізгі даму бағыттары туралы;

- қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері мен оларды шешудің қазіргі тәсілдері туралы;

- қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік жұмыстың негізгі міндеттері туралы;

- өзінің болашақ кәсібінің, кәсіптік қызметінің нақты саласының маңызы мен әлеуметтік мәні туралы;

- Қазақстан экономикасы жағдайында денсаулық сақтауды инновациялық дамыту міндеттері және оларды жүзеге асыру әдістері туралы;

- қазіргі ғылыми ақпарат туралы және оны өзінің кәсіптік қызметінде қолдану туралы;


  • деректерге статистикалық талдау жасаудың қазіргі әдістері туралы

түсінігі болуы тиіс.

Денсаулық сақтау магистрі мыналарды білуі тиіс:

- қазіргі қоғамдық денсаулық сақтаудың теориясы мен практикасының негіздерін;

- қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі жетістіктері мен даму үрдістері;

- азаматтардың денсаулығын қорғау туралы заңнаманы, медицина қызметкерлері жұмысының құқықтық негіздерін;

- емдеу-сауықтыру және санитариялық-эпидемиологиялық ұйымдар қызметінің ұйымдық-экономикалық аспектілерін;

- денсаулық сақтаудағы маркетинг пен менеджмент әдіснамасын;

- халық денсаулығының көрсеткіштері мен демографиялық көрсеткіштерді есептеу мен бағалау әдістемесін;

- эпидемиялық процестің даму заңдылығы мен механизмін, оның қарқындауына табиғи, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың, урбанизацияның ықпалын;

- профилактикалық және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру және жүргізу ережелерін;

- қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі сандық және сапалық талдау әдістерін;

- кем дегенде бір шетел тілін еркін меңгеру деңгейінде, оның ішінде медициналық ақпаратты еркін түсінетін деңгейде;

- еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының және кәсіби этиканың негізгі ережелерін.



Денсаулық сақтау магистрі мыналарды істей білуі керек:

- зерттелетін процесті талдаудың өркениетті, культурологиялық және ақпараттық принциптері тәсіліне сүйене отырып, зерттеу міндеттерін шешу;

- кәсіптік қызмет саласының пәнаралық, сектораралық кешенді проблемаларын шешу;

- жұмысында ұзақ мерзімді болжам идеологиясын, денсаулық сақтаудың болашағы мен өзгерістерді бағалау әдіснамасын қолдану;

- эпидемиологиялық процестің сандық және сапалық сипатын бағалау;

- командада жұмыс істеу, кәсіптік қызметінде өз бетінше шешім қабылдау;

- өзінің кәсіптік қызметінің нәтижесін болжау; жұмыс процесін бақылау және оның нәтижесін әділ бағалау;

- өзінің алдағы кәсіптік өсуін жобалау;

- білімдерді интеграциялауды және оларды сыпайы, қисынды байланыстырып ауызша және жазбаша формада жеткізе алуды.

Денсаулық сақтау магистрінің мынадай машықтары болуы керек:

- қисынды және сыни ойлау, шешімін қорғау және дәлелдеу, өз пікірін ауызша және жазбаша түрде дұрыс және қисынды құрастыру

- ақпараттық және білім беру технологиясы, ақпаратты іздестіру және креативті шешім қабылдау негізінде өз білімін жетілдіру, кәсіптік біліктілігін арттыру;

- кәсіптік міндетін жүзеге асыруға байланысты мақсатты қоя алу және міндеттерді тұжырымдау;

- кәсіби қызметінде қазіргі ақпараттық технология мен дәлелді медицина принциптерін қолдану;

- кәсіптік міндетін өз бетінше, шығармашылықпен орындау, өзін, өзінің еңбек нәтижесін әділ бағалау.

Денсаулық сақтау магистрі мына жұмыстарда білікті болуы тиіс:

- қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы кәсіптік проблемаларды шешуде;

- кәсіптік, жеке және корпоративтік байланыс орнатуда;

- жеке және кәсіптік өсуге дайын болып, ақпараттық іздестіру проблемасын шешуде.


Іскерлік әкімшілік магистрінің:

- бизнестің және денсаулық сақтау ұйымдарын стратегиялық басқарудың мәні туралы;

- қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері мен оларды шешудің қазіргі әдістері туралы;

- құқықтық реттеу туралы және денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық қызметтің қаржылық аспектілері туралы;

- қазіргі ғылыми ақпарат туралы және оны өзінің кәсіптік қызметінде қолдану туралы;


  • деректерге статистикалық талдау жасаудың қазіргі әдістері туралы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет