Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпығА


Магистратураға түсуші тұлғаларға қойылатын талаптар



бет2/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#124768
1   2   3   4   5   6

5 Магистратураға түсуші тұлғаларға қойылатын талаптар

5.1 6М110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың алдыңғы ең төменгі білім деңгейі – жоғары кәсіби немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

5.2 Магистратураға азаматтарды қабылдау тәртібі Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережелерімен белгіленеді.

5.3 ІӘМ-нің білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалар үшін білім беру ұйымдары қосымша талаптар қоя алады.

Магистранттарды қабылдау крийтерийлері: басқаруға бейімдігі және лидерлік қасиеттерінің болуы, ағылшын тілін білуі, денсаулық сақтау ұйымдары мен менеджмент саласында жұмыс өтілінің болуы. Аталған критерийлерді бағалау үшін тестілеу, эссе жазғызу, сұхбаттасу, кепілдеме хат (хаттар) қолданылады. ІӘМ-нің білім беру бағдарламаларына қабылдау барысында денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс өтілі және ағылшын тілінен тестілеуден өткені туралы сертификаты (TOEFL немесе IELTS) бар тұлғалар артықшылыққа ие.
6 6М110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаның негізгі міндеттері
6.1 «Денсаулық сақтау магистрлерін» дайындау бойынша білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:

- магистрантқа қоғамдық денсаулық сақтау саласынан терең теориялық білім беріп, практикалық тұрғыдан жеке дайындай отырып білімнің жоғары сапасына қол жеткізу, одан арғы кәсіпшілік жұмысына ең маңызды әрі

тұрақты білімдерді меңгеруі;


  • өзін-өзі жетілдіру және өздігінен даму қабілетін қалыптастыру, белсенді тіршілік әрекеті барысында жаңа білімдерді игеруге қажеттілікті және оларды өз бетінше шығармашылықпен игеру дағдыларын қалыптастыру;

  • кәсіби мәдениет деңгейі, оның ішінде кәсіби қарым-қатынас мәдениетінің деңгейі жоғары, азаматтық ұстанымы бар, қазіргі кездегі ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, кәсіптік қызметті табысты атқара алатын мамандарды дайындау;

  • үнемі дамып отыратын шынайы ортада кәсіби икемділікке кепілдік беретін шектес ғылымдар бойынша іргелі біліммен магистранттарды қамтамасыз ету.

6.2 «Іскерлік әкімшілік магистрлерін» дайындау бойынша білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:

- магистрантқа денсаулық сақтау менеджменті саласынан терең теориялық білім беріп, практикалық тұрғыдан жеке дайындай отырып білімнің жоғары сапасына қол жеткізу, магистранттардың қазіргі бизнес әлемінде қажетті стратегиялық ойлау қабілетін дамыту;

- денсаулық сақтау ұйымдарын басқару саласында құзыретті, жоғары білікті, сұранысқа ие мамандарды дайындау;

- денсаулық сақтаудың, медициналық техника мен технологияның, медициналық жұмыстар мен қызмет көрсетудің өзіндік ерекшелігін есепке ала отырып, ұйымдық-құқықтық нысаны әртүрлі денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін және экономикасын ұтымды басқара алатын мамандарды дайындау;



  • магистранттардың өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру, жаңа білімдерді игеруге қажеттілікті және оларды өз бетінше шығармашылықпен игеру дағдыларын қалыптастыру;

  • қазіргі кездегі ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, кәсіптік қызметті табысты атқара алатын мамандарды дайындау.

6.3 «Медицина ғылымдарының магистрлерін» дайындау бойынша білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:

- магистрантқа қоғамдық денсаулық сақтау педагогикалық қызмет саласынан терең теориялық білім беріп, практикалық тұрғыдан жеке дайындай отырып білімнің жоғары сапасына қол жеткізу, магистранттың ең маңызды әрі тұрақты білімдерді меңгеруі;



  • өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру, жаңа білімдерді игеруге қажеттілікті және оларды өз бетінше шығармашылықпен игеру дағдыларын қалыптастыру;

  • кәсіби мәдениет, оның ішінде кәсіби қарым-қатынас мәдениетінің деңгейі жоғары, ЖОО-да оқытушылық қызметті атқара алатын, зерттеу жұмысын және басқару қызметін табысты жүзеге асыра алатын мамандарды дайындау;

  • магистранттарды үнемі дамып отыратын шынайы ортада кәсіби икемділікке кепілдік беретін шектес ғылымдар бойынша іргелі біліммен қамтамасыз ету.

  • ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын үйрету, ғылыми жұмысын докторантурада жалғастыруға қажетті негізді қалыптастыру;

- түлектің жоғары оқу орнындағы педагогика мен психологиядан қажетті білім минимумын алуын және ЖОО сабақ беру тәжірибесін меңгеруін қамтамасыз ету.
7 6М110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламасының мазмұны
7.1 Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім беру мазмұнын анықтайтын түрлі оқу жұмыстарынан құралады, олардың арақатынасын, өлшемі мен есебін көрсетеді.

Оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есепке алу игерілген материал көлемімен жүргізіледі және кредитпен өлшенеді. Сонымен қатар, білім алудың алдыңғы деңгейлерінде игерілген кредиттерді есепке алатын жинақтаушы кредиттік жүйе жұмыс істейді.

7.2 Магистратурада оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау/қорытынды бақылау кезеңінен, практикадан, қорытынды аттестаттау мен демалыстан тұрады. Білім беру және ғылым ұйымдары академиялық кезеңдердің үш түрінің бірін (15 апталық семестр, 10 апталық триместр, 8 апталық тоқсан) дербес өзі таңдап бекітеді.

7.3 Магистратурада оқыту тек күндізгі оқу түрі бойынша жүзеге асырылады.

7.4 Теориялық оқыту міндетті және таңдау компоненттерінен құралады. Міндетті компонент пәндерінің тізімі мен оған сәйкес кредиттердің ең аз көлемі осы стандарт негізінде анықталады. Таңдауы бойынша пәндер тізімі мен оған сәйкес кредиттердің ең аз көлемін жұмыс берушілердің сұранысына және еңбек нарығының талаптарына сәйкес білім беру және ғылым ұйымдары өзі бекітеді.

7.5 Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны дайындық бағытына қарай 1-кестеге сәйкес белгіленеді.


1-кесте





Пәннің аты

Кредиттер көлемі

Оқу мерзімі

1

жыл


1,5

жыл


1,5 жыл ІӘМ

2

жыл


1

2

3

4

5

6

1.

Негізгі пәндер (НП)

13

14

19

22

1.1

Міндетті компонент (МК)

9

9

14

15




Ғылым тарихы  мен философиясы

Философия және ғылым әдістемесі философиялық білімнің саласы ретінде. Өркениет пен мәдениеттегі ғылым. Ғылымның



1

1

1

2

1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6




пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдері. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми төңкерістер. Ғылыми рационалдық. Ғылым дамуының қазіргі кезеңінің ерекшеліктері. Ғылым әлеуметтік институт ретінде. Қазіргі таңдағы ғылыми білімнің құрылымындағы жаратылыстану ғылымдары. Адам, тарих, мәдениет және қоғам туралы ғылымдардың қалыптасу тарихы. Нақты ғылымдардың өзекті философиялық мәселелері.
















Шетел тілі (кәсіби)

Шетел тілін күнделікті және кәсіби қарым-қатынаста белсенді қолдану үшін білімі мен дағдысын дамытып, тереңдету.

Лексика: күнделікті, жалпы ғылыми және кәсіби сипаттағы лексиканы меңгеру - 5000-нан кем емес бірлікті меңгеру.

Грамматика: ғылыми стильдегі грамматикалық құбылыстардың ауызша және жазбаша формалары; етістіктердің жақсыз формалары және олардың оралымдары, салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдер, бағыныңқы сөйлем түрлері, шартты сөйлемдер, шақтардың қиысуы.

Сөйлеу: кәсіптік қызметіне байланысты сан құбылған ситуацияларда, күнделікті қарым-қатынастағы және қоғамдық-саяси мәндегі ауызекі тілді - диалог пен монологті игеру.

Жазу: шетел тілінде реферат, аннотация, тезистер, баяндамалар, түйіндеме жазу дағдысын жетілдіру.

Тыңдау: тұрмыстық, ақпараттық және кәсіптік мазмұндағы хабарларды тыңдап қабылдау.

Аударма: түсіндірме сөздікпен және қос тілдік терминологиялық сөздіктермен, мамандық бойынша анықтамалық әдебиетпен жұмыс жасай білу, шетел тілінен ана тіліне және ана тілінен шетел тіліне жазбаша және ауызша аудара алу дағдыларын дамыту.



2

2

3

2




Педагогика

Педагогиканың жалпы негіздері: негізгі ұғымдар, әдіснама, нысандары және даму



-

-

-

3

1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6




тарихы. Жоғары білім педагогикасы. Қазіргі таңдағы жоғары білімнің негізгі даму бағыттары мен үрдістері. Білім берудің жаңа үлгісі. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім: реформалаудың негізгі кезеңдері, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасу (интеграция).

Педагогикалық қызметтің мәні және құрылымы. Оқытушы тұлғасы, кәсіби қабілеті және біліктілігі.

Жоғары мектепте оқыту теориясы (дидактика): кәсіптік оқытудың мәні мен құрылымы, оқытудың қозғаушы күштері мен принциптері, оқу процесінің мазмұны және оны ұйымдастыру. Жоғары мектептегі тәрбие жұмысы: мәні және негізгі бағыттары. Жетекшілік (кураторлық). Білім берудің қазіргі технологиялары. Оқудың белсенді формалары мен әдістері. Оқу процесін оқытудың кредиттік жүйесі негізінде ұйымдастыру: СӨЖ-ді, педагогикалық бақылауды ұйымдастыру, оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру. Білім сапасының менеджмент жүйесі.

















Психология

Жоғары мектептегі психология пәні және оның міндеттері. Білім беру саласының және ақпараттық ортаның психологиясы. Әлеуметтік психология. Қазіргі заманғы жағдайда оқытудың тиімділігі мен сапасын көтерудің психологиялық әдістері мен тәсілдері. ЖОО оқытушысының профессиограммасы және психограммасы. Қазіргі студенттің психологиялық портреті. Оқу процесінің психологиялық құрылымының динамикалық сипаты. Магистранттардың оқу процесіндегі танымдық қызметінің психологиясы. Интеллектілік (ойлау) қызметін дамыту. Оқу процесін даулы жағдайда басқару. Педагогика-лық қарым-қатынас және педагогикалық ықпал психологиясы. Ғылыми-педагогикалық ұжым-ның қалыптасуы мен дамуының психологиялық ерекшеліктері. ЖОО-ның психологиялық қызметі. Тұлғаның психодиагностика. Педагоги-калық қызметтің психопрофилактикасы.



1

1

1

2

1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6




Менеджмент

Менеджментке кіріспе: негізгі ұғымдар. Басқару процесінің атқаратын қызметі, принциптері және элементтері. Менеджменттің дамуы: менеджменттің пайда болу шарттары мен алғышарттары, менеджмент мектептері. Қазақстандық менеджмент ерекшеліктері. Менеджменттегі интеграциялық процестер. Менеджмент жүйесі: атқаратын қызметі және ұйымдық құрылымы. Менеджменттегі жоспарлау, SWOT-талдау және болжам. Басқару процесі. Менеджмент механизмі. Адами ресурстарды басқару. Персоналды басқару – жоспарлау, іріктеу, орналастыру, персонал мотивациясын бағалау. Кадр саясатын құру кезеңдері мен бағыттары. Кадр жөніндегі ашық және жабық саясат. Кадр саясатын таңдауды анықтаушы факторлар. Менеджердің жеке тұлғасы. Лидерлік және басқару стилі. Топ дамуы және дауларды шешу. Басқару ресурстары, сапасы және тиімділігі. Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі.



1

1

1

-




Эпидемиология және зерттеу әдістері

Эпидемиология ғылым ретінде. Зерттеудің эпидемиологиялық әдістері. Дескриптивті эпидемиология. Негізгі мәліметтер, статистикалық көрсеткіштер, проблеманы бағалау, болжамды тұжырымдау. Эпидемиологиялық зерттеу мәліметтерін өңдеу және талдау. Клиникалық эпидемиология. Скринингтің эпидемиологиялық аспектілері. Эпидемиологиядағы себеп-салдар байланысы. Қоғамдық денсаулықта және денсаулық сақтауды басқаруда эпидемиологиялық әдістерді қолдану. Жұқпалы ауруларды зерттеу және бақылау. Эпидемиологиялық тексеру. Жұқпалы аурулармен күрес. Жұқпалы емес аурулар және олармен күрес. Індеттің ауысуы. Бейспецификалы созылмалы аурулардың таралу көрсеткіші. Созылмалы аурулардың қауіп-қатерлі ықпалы мен этиологиясы және әлеуметтік-экономикалық зардабы. Созылмалы аурулар және жаңа қоғамдық денсаулық сақтау.



1

1

-

2

1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6




Биоэтика негіздері

Биоэтикаға кіріспе. Адам қатыстырылатын биомедициналық зерттеулерді этикалық тұрғыдан және құқықтық қамтамасыз ету. Адам қатыстырылатын биомедициналық зерттеулерді жүргізудің этикалық нормаларын реттейтін құжаттар. Этика жөніндегі Комитетті құру және оның қызметі. Стандартты операциялық емшаралар. Зерттеу жүргізу әдістемесін этикалық тұрғыдан бағалау. Дәрілік препараттарға клиникалық зерттеу жүргізу фазалары. Зерттеу дизайны және биомедициналық зерттеу жүргізу әдістемесін этикалық тұрғыдан бағалау. Хабардар болған соң берілген келісім. Биомедициналық зерттеулерге қатысушыларды сақтандыру арқылы қорғау мәселелері.



1

1

-

1




Ұйымдағы тәртіп

Ұйымдағы тәртіп пәні. Ұйымдық ортадағы адам. Тәртіптің лауазымдық үлгісі. Қызметкерлердің жеке және топтағы тәртібі. Ұйымдағы тәртіптің басқарылуы. Басшының «қарым-қатынас кеңістігі». Тәртіптің нарықта алдын-ала анықталуы. Ұйымдағы тәртіп әлеуеті. Басшының басқару шешімдері. Тапсырманың орындалуын ұйымдастыру. Басшының бақылау тәртібі. Басқарушының даулы жағдайда ұстанатын жолы. Ұйымның корпоративтік мәдениеті. Келіссөздер жүргізу.



1

1

2

1




Макроэкономика мен микроэкономика

Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Негізгі ұғымдар, категориялар, заңдары және экономика дамуының проблемалары, экономикалық процестерді зерттеудің өзіне тән әдістері. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің тұтынушылар нарығындағы тәртібін сұраныс және ұсыным теориясы арқылы талдау, Өндіріс теориясы. Өндіріс факторларының нарығы. Нарықтағы жалпы тепе-теңдік. Инфляция, жұмыссыздық проблемалары, экономикалық құлдырау және экономиканың өсуі. Макроэкономикалық көрсеткіштер және









2




1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6




нарықтық тепе-теңдіктің қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік үлгісі, нарықтардың бірлесіп әрекеттесу үлгісі және ақша кредиттік, салық бюджеттік және сыртқы саясат ықпалынан болатын өзгерістер.
















Қоғамдық денсаулық сақтаудағы статистикалық талдау

Статистика теориясының негіздері. Орташа мөлшер, түрлену көрсеткіштері. Айырмашылықтың растығын бағалау. Динамикалық қатарлар. Кесте түріндегі және графикалық материалдар. Кері талдау. Дисперсиялық талдау. Параметрлік емес өлшем. Стандарттау әдісі, оның мәні және қолданылуы. Корреляциялық талдау. Статистикалық зерттеулердегі графикалық кескіндемелер. Статистикалық материалдарды өңдеуде компьютерлік технологияны қолдану.

Қоғамдық құбылыстар динамикасын зерттеудің статистикалық әдістері. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы. Халық денсаулығының статистикасы. Халықтың сырқаттану деңгейіне талдау. Денсаулық сақтау жүйесінің статистикасы. Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне талдау.


1

1

-

2




Бизнестегі сандық талдау

Статистика теориясының негіздері. Орташа мөлшер, түрлену көрсеткіштері. Айырмашылықтың растығын бағалау. Динамикалық қатарлар. Кесте түріндегі және графикалық материалдар. Кері талдау. Дисперсиялық талдау. Параметрлік емес өлшем. Стандарттау әдісі, оның мәні және қолданылуы. Корреляциялық талдау. Статистикалық зерттеулердегі графикалық кескіндемелер. Статистикалық материалдарды өңдеуде компьютерлік технологияны қолдану.

Әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды статистикалық бақылау. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысы мен динамикасын талдау әдістері.

Экономикалық және басқа да құбылыстарды статистикалық зерттеудегі



-

-

2

-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет