Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес медициналық тексерулерден өтуге міндетті қызметкерлерге кепілді қамтамасыз ету жөніндегі істер жағдайы туралы Шешім



Дата23.02.2016
өлшемі59.9 Kb.


Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын

реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссия


№ 2 хаттама Қарағанды қаласы

2007 жылғы 12 шілде Обләкімдік



Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес

медициналық тексерулерден өтуге міндетті қызметкерлерге

кепілді қамтамасыз ету жөніндегі істер жағдайы туралы

Шешім
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 150, 312, 317 баптарына сәйкес жұмыс беруші өз қаражаты есебінде мезгілдік медициналық тексерулер және Қазақстан Республикасының заңдары көздеген жағдайда жұмыскерлердің ауысым алдында медициналық куәландыруын, сондай-ақ кәсіптік сырқат белгілері байқалғанда немесе еңбек шарттарының өзгерістерімен басқа жұмысқа ауысқанда өтуге міндетті.

2004 жылғы 12 наурыздағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың ықпалына шалдыққан қызметкерлерді міндетті алдын-ала және мезгілдік медициналық тексерулерден өткізу жөніндегі Нұсқау мен міндетті алдын-ала және мезгілдік медициналық тексерулер қажет мамандықтар, зиян өндірістік факторлар Тізбесін бекіту туралы» Бұйрығына сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары өткен жылдың 1-желтоқсанынан кешіктірмей (цехтар, мамандықтар, зиян және қауіпті өндірістік факторлар бойынша) алдын-ала немесе мезгілдік медициналық тексерулерге қатысты мөлшерді анықтайды.

Облыстың ұжымдық шарт жасасқан ірі және орта кәсіпорындарында тараптар медициналық тексерулерден өтуге міндетті қызметкерлерді кепілмен қамтамасыз ету жағдайын анықтайды.

Сонымен, «Миттал Стил Теміртау» АҚ ұжымдық шартпен кәсіпорын қаражаты есебімен міндетті мезгілдік тексерулер мен ауысым алды медициналық куәландыру өткізумен металлургиялық комбинат қызметкерлері қамтамасыз етілді. Үш жыл ішінде медициналық тексерулер нәтижелері бойынша 48 кәсіптік сырқат түрі анықталды. Кәсіптік сырқатпен сырқаттанған қызметкерлерге жылына бір рет шипажайға ақысыз жолдама беріледі.

«Миттал Стил Теміртау» АҚ басқармасы кәсіптік сырқат немесе кемтарлық бойынша мүгедектіктің 3-тобын алған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру; осы себептермен мүгедектіктің 1 және 2-тобын алған қызметкерлерге 1 млн. теңге сомасында біржолғы өтемақы төленеді.

«Миттал Стил Теміртау» АҚ көмір департаментінің кәсіпорындарындамезгілдік медициналық тексерулер қорытындылары жыл сайын жинақталып қорытындыланады, әрбір кәсіпорын бойынша қорытынды актісі жазылады. Актіге жалпы кәсіптік сырқаттардың бастапқы белгілері анықталған адамдардың тізімі мен әрі қарайғы медициналық тексерулер мен жеңілдіктер тағайындау жөніндегі нұсқаулары қоса тіркеледі. Кезеңдік медициналық тексерулердің қорытындылары инженерлік-дәрігерлік бригада отырыстарында қаралады.

«Өркен Атасу» ЖШС, «Nova Цинк» ЖШС кәсіпорындары өз қызметкерлеріне осындай іс-шаралар өткізуге 2006 жылы 982,9 мың теңге және сәйкес 700.0 мың теңге сомасын аударды. «Өркен-Кеңтөбе» ЖШС-інде 400 адамның барлығы 2006 жылы мезгілдік медициналық тексерулерден өтті.

Кәсіпорын әкімшілігі және өндірістік құрылыс материалдары мен құрылыс жұмысшыларының кәсіподағы ұжымдық шарт жасасқанда ережелерді ескереді. Осыған сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіпорынға шығып, аймақтық медициналық

мекемелер міндетті медициналық тексерулер өткізеді. Медициналық мекемелер медициналық тексерулер өткеннен кейін, ортақ жазбаша қорытынды шығарады, өз ұсыныстары мен анықталған денсаулық бұзуларды болдырмау жөніндегі және оларды әрі қарайғы сауықтыру жөнінде нұсқаулар береді.

Сонымен, «Имсталькон» АҚ ҚМҚЗ әкімшілігі 2007 жылы міндетті мезгілдік медициналық тексерулер өткізуге 318.0 мың теңге және демалыс аумағына жолдама алуға өз қызметкерлеріне 2,5 млн. теңге шығындады. Ағымдағы жылы «Сеntral Asia Cement» АҚ-да медициналық тексеру қорытындысы бойынша «Самал» шипажайына 50 жеңілдікті жолдама алынды.

Қарағанды облыстық телекоммуникация дирекциясы «Қазақтелеком» АҚ-да 2006 жылы 1389 қызметкер медициналық куәландырудан өтті, шығын 597,9 мың теңгені құрады. Емдеу ұсынылған қызметкерлерге кәсіптік жарамдылық туралы қорытындылар беру мен тексерулер аяқталған соң, емдеу-сауықтыру іс-шаралары және денсаулық жағдайына қарай басқа жұмысқа ауыстыру ұйғарылып отыр.

Қарағанды облысының кәсіпкерлері Ассоциациясы мүшелерінің ұйымдары арасында кәсіпорын қаражаты есебінен міндетті медициналық тексерулер «Дезафарм» ЖШС-інде, (әр қызметкерге тексеруден өту құнын кәсіпорын төлейді) «Оргкомитет МЖК» АҚ отбасылық дәрігерлік амбулатория базасында, «Промуглетранссервис» ЖШС, «Казцетрэлектропровод» ЖШС және басқаларда өткізіледі.

Білім беру департаментімен бірлесіп, облыс кәсіпорындары соңғы жылдары ағымында педагогика қызметкерлерін медициналық тексерулермен қамтамасыз ету жұмысын жүргізеді.

Облыстың білім беру кәсіподағы республикада алғашқылардың бірі болып, педагогикалық персоналдарға ақысыз медициналық тексеруден өтуге облыстық және жергілікті бюджеттер қаражатына енгізуге қол жеткізді.

Сонымен қатар облыстың білім беру ұйымдарында тек педагогика қызметкерлері ғана ақысыз медициналық тексерулерден өтеді, бірақ кезеңдік медициналық тексерулер төлем қаражаты техникалық персоналдарға, медицина қызметкерлері мен асхана жұмыскерлеріне ескерілмеген. Бұл санаттағы қызметкерлер кезеңдік медициналық тексерулерден өз есебінен өтеді, бұл Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 150, 317 бабын бұзу.

Балқаш, Приозерск қалалары мен Ақтоғай, Жаңаарқа, Ұлытау аудандарының бюджетінде медициналық тексерулер төлеміне қаражат мүлдем жоспарланбайды.

Облыс кәсіпорындары басқа да бірқатар жеке меншік және бюджеттік ұйымдарда осы мақсатқа шығыстар ескерілмейтінін атап көрсетеді.

Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының ҚМКМ қызметкерлері ақысыз медициналық тексерулерден өткенде туындаған мәселелер бар. Бұл мақсатқа бюджетте қаржыландыру көзделмеген, медициналық тексерулер өткізуге мемлекеттік тапсырыс қаражатының құнына жоспарланбайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің инспекторлары 2006 жылы кәсіптік жарамдыққа міндетті медициналық тексерулер өткізу жөнінде 212 заң бұзу анықтады.

Орта және шағын кәсіпорындарының кезеңдік медициналық тексерулер өткізу ұйымдастырылмаған ұйымдарының ішінде «Матай Дэни» ЖШС, «Кең Дала» ЖШС, «Заря» ФХНТ, «Приишимская» ФХ, «Тазалық -7» ЖШС, «Центр-Азиястрой» ЖШС, «Еңбек» ПИК және тағы басқалары.

Талқылау нәтижесінде Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясының мүшелері келесідей шешім етті:

1. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті (К.Ж.Аманбаев) облыс ұйымдарында және кәсіпорындарда жұмыс орындарға аттестаттау өткізу ісінің жағдайы және үш жақты комиссияға жазбахат әзірлеу нәтижелері бойынша 2007 жылдың қорытындысы бойынша талдау жасасын;

2. Денсаулық сақтау департаменті (Ш.З.Шайдаров), Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (Т.Н.Хамитов), Экономика және бюдеттік жоспарлау департаменті (Р.К.Оразғұлов), Білім беру департаменті (Е.Н.Иманғалиев), облыс кәсіподақтары Федерациясы (А.А.Мадиярова) заң қызметімен келісіп, медициналық тексерулерден өтуге бюджеттік ұйымдар қызметкерлеріне төлем тәртібін анықтасын және кәсіптік сырқаттардың бастапқы белгілерін анықтау және оларды диспансерлік бақылауға кезеңдік медициналық тексерулер өткізу тәртібін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды бірігіп жасасын;

3. Облыс жұмыс берушілері мен кәсіпкерлері (Т.К.Доскенов, Г.Т.Құрбанбаева, М.Х.Хамитов) облыс кәсіпорындары (А.А.Мадиярова, С.Л.Белкин) ұжымдық шарттар және салалық келісімдер жасасқанда еңбек заңдарына сәйкес жеңіл еңбек төлемімен ұсынылатын кәсіптік сырқатқа шалдыққан қызметкердің сәйкес жағдайын ескерсін.

4. Облыс жұмыс берушілері мен кәсіпкерлері (Т.К.Доскенов, Г.Т.Құрбанбаева, М.Х. Хамитов) еңбек жағдайларына сәйкес осындай тексерулерден өтуге міндетті қызметкерлер үшін кезеңдік медициналық тексерулерден өтуде өз қаражаттары есібінен ұйымдастырсын. Денсаулық сақтау және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп, (А.А.Мадиярова, С.Л.Белкин) жүйелі түрде кәсіпорындарында зиян және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайының мониторингін өткізсін, зиян кәсіптік факторлар салдарынан болған жағдайда жұмысшыларды медициналық және психологиялық бейімдеу мәселелері бойынша оқыту өткізсін.

5. Осы шешімді орындауға жауапты ұйымдар басшылары ОҮК-ге 2007-2008 жылдардың әр жартыжылдықтарының қорытындылары жөнінде келесі айдың 20-сына дейін ақпарат берсін.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау ОҮК жұмыс тобына (С.Ш.Әкенов) және ОҮК үйлестірушісіне (Б.К.Шаханова) жүктелсін.

Тараптар:

Үшжақты комиссия Облыс кәсіподақтар Облыс жұмыс берушілері

төрағасы Федерациясының төрайымы Кеңесінің төрағасы

А.Базарбаев А.Мадиярова М.Хамитов
Орталық Қазақстан кәсіпкерлері Қарағанды облысының еркін кәсіподақтары

ассоциациясының Президенті Конфедерациясының Президенті


Т.Доскенов С.Белкин

Қарағанды облысының кәсіпкерлері



Ассоциациясының атқарушы директоры Г.Құрбанбаева


Каталог: files -> socpartner
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы
socpartner -> Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы №3 хаттама Жезқазған қ. 2007 жылғы 19 қазан
socpartner -> Салалық Келісім және ұжымдық шарт арқылы еңбекші әйелдерді құқықтық және әлеуметтік қорғау туралы шешім


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет