2. Параграф. Мемлекеттік орман қоры (МОҚ) санаттары
4. Орман қорының қысқаша сипаттамасы. МОҚ санаттары бойынша орман қоры жерін бөлу. МОҚ санаттары бойынша бөлудің халық шаруашылық функциялары мен нормативтері.
Орман қорының жалпы ауданын жер түрлері, орманмен қамтылған жердің және басым тұқымдылар қорының аудандары бойынша бөлу. Орман құрайтын тұқымдылар бойынша орташа таксациялық көрсеткіштер.
5. Облыс аумағындағы ерекше күзетілетін табиғи аумақтардың тізімі, олардың атқаратын қызметі мен жағдайы.
2 тарау. Орман шаруашылығының табиғи және экономикалық даму жағдайлары
1. Параграф. Табиғи және орман өсірушілік аудандастыру
6. Табиғи және орман өсіру аудандарының жалпы сипаттамасы.
Орман иеленушілерді осы аудандар бойынша бөлу (облыстағы табиғи және орман өсіру провинциялары мен аудандардың карта-схемасы келтіріледі).
2. Параграф. Климаттық және топырақ-гидрологиялық жағайлар
7. Оның қысқаша сипаттамасы мен орман алқабының өсуіне және жағдайына тигізетін әсері.
8. Атмосфера, топырақ және су көздерінің ластану себептері. Облыс аумағындағы жасыл желектердің антропогендік зақымдануға тигізетін әсері.
3. Параграф. Ауыл шаруашылығы мен өндірістің сипаттамасы
9. Халық шаруашылығының негізгі салалары және олардың ормандарға тигізетін әсері. Облыс ормандарының облыс пен аудандардың экономикалық жағдайына тигізетін әсері (сүрек пен шабындық және жайылым жерлерімен қамтамасыз ету.
4. Параграф. Орман қорының зерттелуі
10. Өткен орман орналастырудың қысқаша сипаттамасы (орман орналастыру жұмыстарын жүргізу уақыты, технологиясы мен әдістері) ғылыми және жобалау ұйымдары дайындаған техникалық құжаттардың бары – (орман шаруашылығы бойынша). Орман қорының жағдайын жақсартуға бағытталған арнайы тексерулер мен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі.
5. Параграф. Орман типтерінің топтары
11. Алдағы орман орналастыруда қолдануға ұсынылатын ормандардың басым тұқымдылары бойынша тип топтарының схемалары.
12. Орман астары мен ағашы кесілген аудандардағы табиғи жаңғырудың заңдылықтары. Тұқымдылардың ауысуы.
3 тарау. Орман шаруашылығын жүргізуді ұйымдастыру
1. Параграф. Шаруашылық бірліктерінің құрылуы
13. Оның мақсаты, принциптері және ұсынымдары. Негізгі орман құраушы тұқымдылар, орман қорының тұқымдық құрылымы. Тұрақты шаруашылық учаскелерін құру перспективасы. Телімдер бойынша орман таксациялық мәліметтер банкін құру мүмкіндігі мен қажеттілігі. Орман шаруашылығына қатысты табиғи-қорықтық қордың алдағы дамуы.
2. Параграф. Ормандардың кесу жастары
14. Алдағы тексеру кезеңіне орман құраушы тұқымдылар бойынша ұсынылған кесу жастары.
Қажет болған жағдайда олардың өзгеруі орман орналастыру немесе ғылыми ұйымдармен негізделеді және өкілетті органмен бекітіледі.
3. Параграф. Кесу тәсілдері
15. Облыс ормандарында қолданылатын басты мақсатқа пайдаланудағы кесу ережелеріне талдау жүргізу. МОҚ санаттары мен басты пайдалану есебінен шығарылған учаскелердің тізімі. Басты пайдалануда жобаланатын кесу әдістері және оларды талдау (басым тұқымдылары бойынша кесу әдістері кесте ретінде келтіріледі). Кеспеағаштарды кесу қалдықтарынан тазарту және оларды жою әдістері.
16. Кеспеағашты белгілеген кезде өскінді сақтап қалу принциптері және табиғи жаңару процесстерінің байланысы (кесу әдістері бойынша).
4. Параграф. Орманға күтім жасау. Санитарлық кесулер
17. Әртүрлі мақсаттағы ормандарда негізгі орман құраушы тұқымдылар шегіндегі күтіп-баптау кесулерін жүргізу ерекшеліктері. Күтіп-баптау кесулері бойынша қолданыстағы нұсқаулар және олардың облыс алқаағаштары үшін қолданылуы. Табиғи алқаағаштар мен орман екпелеріндегі күтіп-баптау кесулерін жүргізу технологиясы (негізгі орман құраушы тұқымдылар мен кесу түрлері бойынша көрсеткіштер кесте ретінде келтіріледі).
Химиялық әдістерді қолдану мүмкіндігі.
Жабайы жемісті алқаағаштар мен бақтарда күтіп-баптау шараларын жүргізу бойынша ұсынымдар.
18. Санитарлық кесулер. Әртүрлі алқаағаштарда іріктеп және жаппай кесулерді белгілеу принциптері, оларды жүргізу технологиясы. (Қазақстан Республикасы ормандарын қорғаудағы санитарлық ережелерге сілтеме келтіріледі). Ормандарды қоқыстан тазарту мүмкіншілігі мен қажеттілігі.
5. Параграф. Орманды қорғау
19. Орман аурулары мен зиянкестер ошағының динамикасы. Орман зиянкестерінің биологиясы жөніндегі мәліметтер және оларға қарсы шаралар. Орман патологиясының мониторингі. Орман қорғау қызметін ұйымдастыру.
6. Параграф. Орманды ұдайы өндіру. Плантациялық орман өсіру. Қорғаныш орман екпелерін өсіру
20. Орман екпелерін өсірудің қысқаша сипаттамасы. Ұдайы өндіру аудандарының көлемі. Орман екпелерінің типтері, агротехникасы және оларды жасау тәсілдері. Минералдық тыңайтқыштарды қолдану. Орман екпелерін орманмен қамтылған жерлерге ауыстыру.
21. Табиғи жаңаруға жәрдемдесу. Қорғаныштық орман ағаштарын отырғызу. Арнайы мақсаттағы плантацияларды жасау технологиясы. Экзоттар мен реинтродуценттердің ұсынылатын тізімі.
7. Параграф. Орман алқаптарын (бұталарды) қайта құру
22. Алқаағаштарды қайта құру жұмыстарының тәжірибесі мен нәтижелерін талдау. Бұталар қорын қайта құру принципі мен тәсілдері. Қайта құру тәсілдері мен әдістері.
8. Параграф. Тұқым шаруашылығы. Сүрек тұқымдыларын селекциялау мәселесі
23. Плюсті ағаштар (тұқым қорықтарында), плюсті алқаағаштар, тұрақты орман тұқым учаскелері, орман тұқым плантациялары, аналық плантациялар мен генетикалық резерваттары және негізгі орман құрушы тұқымдылардың өнімділігі туралы мәліметтер. Орман қоры жерлерінде ғылым объектілерінің бары: плюсті ағаш клондарының архивтері, плюсті ағаштардың сынақ екпелері, тәжірибелік тұқым плантациялары, гибрид пен сорттардың коллекциялық учаскелері, географиялық және экологиялық екпелері мен ведомстволық сорт сынау учаскелері, орман орналастыру кезінде селекциялық тұқым өсіру объектілерін есепке алу мүмкіндігі және оларды бір мезгілде түгендеу қажеттілігі. Алқаағаштарды селекциялық бағалау шкаласы. Селекциялық негіздегі тұқым базасын құру перспективасы. Орман генетикалық резерваттарын бөліп шығару.
24. Бүршік жеміс және тұқымды жинау, өңдеу және сақтау.
9. Параграф. Тікпе ағаш көшеттерін өсіру
25. Базистік орман тұқымбақтарының нақты болуы жөніндегі мағлұматтар. Декоративті және тұқымдық түрлердің көшеттерін өсіру бойынша арнайы кәсіпорындар мен базистік тұқымбақтарын құру мүмкіндіктері. Тұқымбақта екпе материалдарын (топырақ өңдеу, қар тоқтату, тыңайтқыштарды қолдану, топырақты микоризациялау, егу алдында тұқымдарды егуге дайындау, микроэлементтерді қолдану, тұқымдарды себу, суару, көлеңкелеу, арам шөптермен күресу, өскіндерді тыңайту және тағы басқа), әртүрлі ағаш түрін, декоративті, жемісті тұқымдылар мен бұталарды өсіру технологиясы. Сеппелерді өсіру. Аналық плантацияларды құру. Жабық тамыр жүйесі бар өскіндерді пленкалы жамылғысы бар жылыжайларда өсіру.
10. Параграф. Гидроорманмелиорациясы
26. Гидроорманмелиоративтік қорды құру принциптері. Суармалы жерлердің бар болуы. Орманмелиоративтік жұмыстарын дамыту негізі және жаңа жерлерді кешенді мелиоративтік игеру перспективасы.
11. Параграф. Орманды қорғау
27. Орманды өрттерден қорғау жағдайы. Ормандардың табиғи өртенуі. Орман өрттерінің көлемі және саны. Ормандарды өрттен әуеден және жер бетінен қорғау. Өртке қарсы химиялық станцияларды құру бойынша ұсыныстар. Жобаланатын өртке қарсы шараларды негіздеу. Орман өрттерін сөндіру және аймақты өртке қарсы ұйымдастыру үшін қолданылатын химиялық құралдар мен жаңа техниканың жалпы көрінісі.
12. Параграф. МОҚ бөлімшелерін орман және аңшылық шаруашылығы мүддесі үшін қолдану.
Жануарлар әлемін қорғау
28. Аң аулаудың негізгі объектілері, олардың саны (орман иелерінің мәліметтері бойынша). Аң ауланатын жерлердің 1 мың гектар ауданындағы тығыздығын есептеу, аңшылық фаунасының санын есептеу әдістері.
29. Аңшылық жерлерді бағалау үшін қабылданған шкала. Азық қорын анықтау әдістемесі, түрлерді жоспарлау және биотехникалық іс-шаралар.
30. Спорттық және шетелдік туризм бойынша аң аулау шаруашылықтарына берілетін ұсынымдар. Жабайы аңдар мен құстарды қорғау туралы шаралар. Күзет қызметкерлерінің есептік нормативтері және оларды материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау.
13. Параграф. Қосалқы ауыл шаруашылығы. Жанама орман пайдалану. Екінші дәрежедегі ағаш ресурстарын дайындау
31. Жабайы жемістер мен дәрілік және техникалық шикізаттарды дайындау көлемі мен қосалқы ауыл шаруашылығы өндірісінің өнім көлемі. Жайылым, шабындық, жыртылатын жерлерді жақсарту үшін жобаланатын шаралар. Егін түсімі мен ресурстарын есепке алу әдістемесі (шөп дайындау, бұтақты өнім, топырақты-витаминді ұн, шайыр алу, қайың шырынын алу, ара шаруашылығы, саңырауқұлақ дайындау, өңдеу). 2-ші дәрежедегі орман ресурстарын дайындау (қабықтар, бұталар, түбірлер, тамырлар, жапырақтар, бүршіктер).
14. Параграф. МОҚ учаскелерін ғылыми зерттеу, мәдени сауықтыру, спорттық және туристік мақсаттарға пайдалану
32. Орман қоры жерлерін жоғарыда аталған мақсат бойынша пайдалануға талдау келтіріледі.
15. Параграф. Орман шаруашылық жұмыстарын механикаландыру
33. Негізгі орман шаруашылық жұмыстарын механикаландырудың қазіргі деңгейі мен болашағы. Жаңа машиналар мен механизмдердің қысқаша техникалық сипаттамасы.
16. Параграф. Орман шаруашылығын басқаруды ұйымдастыру
34. Жеке мекемелерді қайта құрудың қажеттілігі мен мақсаты. Жас өспірімдерді еңбекке қатыстыру үлгілері және мектеп орманшылықтары.
17. Параграф. Жобаланатын шаралардан күтілетін өнімділік
35. Орман шаруашылығы өнімділігін жақсартуға бағытталған шаралар тізімі. Ағаш түсімін көтеру және экономикалық тиімділігін жақсарту. Орман қорының тиімді тұқымдық және жастық құрылымы.
18. Параграф. Орман шаруашылығы бойынша жобаланған жұмыстардың экологиялық негіздері
36. Орман пайдаланудың экологиялық көрсеткіштері. Жобаланатын шаралардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау мүмкіндігі туралы қорытынды.
19. Параграф. Орман орналастырудың анықтамалық нормативтік негізі
37. Орман таксациясын аудандастыру. Қорларды өңдеуге арналған кестелер тізімі, пайдалану қорын тауарландыру, ағымдағы өсім таксациясы, табиғи жаңаруды бағалау. Орман орналастыру жұмыстарын жүргізуде және тиісті шараларды жобалауда қолданылатын негізгі және міндетті анықтамалық нормативтік құжаттардың тізімі.
20. Параграф. Ғылыми зерттеу тәжірибелік жұмыстар
38. Орман шаруашылығы саласы бойынша сұрақтарға жауап беретін тәжірибелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізімі.
21. Параграф. Қосымшалар
39. Қосымшаларда барлық негізгі нормативтік (ережелер, жобалар және басқалар) орман шаруашылығын жүргізу саласындағы сұрақтарына қатысты құжаттар енгізіледі. Негізгі ережелер мазмұнына кірмеген, және де қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы орман
қорында орман орналастыру
жұмыстарын жүргiзу ережелерiнiң
5-қосымшасы
Орман орналастыру кеңестерi жүргiзу мақсаты мен тәртiбi
1. Орман орналастыру кеңестерiн жүргiзу мақсаты
1. Техникалық және орман орналастыру кеңестерi, орман орналастыру жұмыстарын жақсы ұйымдастыру мен олардың орындалу ерекшелiктерiн талқылау үшiн өткiзiледi. Бiрiншi техникалық кеңес дайындық жұмыстары кезiнде, бiрiншi орман орналастыру кеңесi далалық жұмыстың басталуына 1-2 ай қалғанда, екiншi техникалық кеңес - объектiде далалық жұмыстар бiткеннен кейiн, екiншi орман орналастыру кеңесi - орман шаруашылық көлемi анықталып, орман орналастыру протоколының жобасын дайындағаннан кейiн өткiзiледi.
2. Қажет болған жағдайда далалық орман орналастыру жұмыстары басталмай немесе жұмыс кезiнде аралық техникалық кеңес өткiзiлуi мүмкiн.
3. Техникалық кеңестi орналастыратын объектiнiң басшысы орман орналастыру партиясының бастығымен келiсiп өткiзедi. Техникалық кеңеске орман орналастыру партиясының бастығы мен мамандары, орман иесiнiң мамандары қатысады.
4. Техникалық кеңесте баяндаманы орман иесiнiң директоры (орынбасары) және орман орналастыру партиясының бастығы оқиды.
2. Орман орналастыру кеңестерiнде шешiлетiн мәселелер
5. Бiрiншi техникалық кеңесте қарастырылатын сұрақтар:
1) дайындық жұмыстың бағдарламасында қарастырылған мәселелер бойынша шешiмдер қабылданып, ұсыныстар талқыланады;
2) объектiдегi далалық орман орналастыру жұмысының ерекшелiктерi анықталады;
3) орман орналастыру жұмысының негiзгi түрлерiнiң көлемi мен мазмұны анықталады;
4) бiрiншi техникалық кеңестiң шешiмдерi орман орналастыруды жүргiзуге наряд-тапсырманы және бiрiншi орман орналастыру кеңесi протоколының жобасын дайындауға негiз болып табылады.
6. Екiншi техникалық кеңесте төмендегiдей мәселелер қаралады:
1) орындалған далалық орман орналастыру жұмыстарын өткiзу актiсi бекiтiлiп, сапасы анықталады;
2) өткен орман орналастыру материалдарына ағымдағы өзгерiстердi енгiзу сапасы анықталып, Орман орналастыру, орман қорын есепке алу және Орман кадастры материалдарына өзгерiстердi енгiзу жөнiндегi нұсқауларға сәйкес актi жасалады (16 қосымша);
3) алдағы тексеру кезеңiне жобаланған орман шаруашылық жұмыстар, өндiрiстiк және тұрғын ғимараттардың, өрт-химиялық станциялардың құрылысы, көлiк-құрал тағы басқаларын алу шаралар келiсiледi;
4) мастерлiк учаскелер мен айналымдардың шекаралары бекiтiледi;
5) ең соңғы акт - орындалған жұмыстардың пайызы бекiтiледi;
6) далалық жұмыстар барысында туған басқа мәселелер шешiледi.
7. Бiрiншi және екiншi орман орналастыру кеңесiн аймақтық орган немесе облыс әкiмшiлiгiнiң орман бөлiмi, орман орналастыру ұйымымен келiсе отырып, күнiн белгiлейдi.
Кеңеске, аумақтық органның басшылары мен мамандары, облыс әкiмшiлiгiнiң орман бөлiмiнiң (егер орман иесi солардың қарамағында болса) басшылары мен мамандары, орман орналастыру мен орман иелерiнiң мамандары қатысады. Қажет болған жағдайда жер ресурстарын басқарудың облыстық және аудандық аумақтық органының өкiлдерi, облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының, ғылыми мекемелердiң өкiлдерi шақырылады.
Орман иеленушiсi қарайтын өкiлеттi органның басшысы кеңестiң төрағасы, ал орман орналастыру ұйымының өкiлi хатшысы болып тағайындалады.
Екiншi орман орналастыру кеңесiнде негiзгi баяндаманы орман орналастыру жобасын дайындаушы жасайды.
Орман орналастыру кеңесi хаттамасының жобасымен кеңеске қатысатындар алдын-ала танысуы керек.
8. Бiрiншi орман орналастыру кеңесiнде далалық орман орналастыру жұмыстарының ерекшелiктерi талқыланады:
1) объект аумағын МОҚ санаттарына, таулы, жазық бөлiктерге және таулы ормандар үшiн жетуi оңай, қиын болып бөлiнуi нақтыланады;
2) көршi жер пайдаланушылармен шекаралардың заңды рәсiмделуiнiң жағдайы талданады;
3) орамдардың шекаралық соқпақтарының жағдайы, орам дiңгектерiнiң, кеспеағаштағы, орман екпелерiндегi орман шаруашылық дiңгектерiнiң және тексеру кезеңiнде орман шаруашылық шаралармен қамтылған басқа учаскелердiң жағдайы анықталады;
4) аумақты ұйымдастыру жобасы нақтыланады;
5) орман шаруашылық шараларын белгiлеу мен орманды таксациялау ерекшелiктерi алқаағаштың халық шаруашылығындағы орнын ескере отырып, анықталады;
6) жекелеген ағаш және бұта түрлерiнiң шаруашылық бағасы анықталады;
7) даму мүмкiндiгi бар, қосымша орман пайдаланудың түрлерi анықталады;
8) ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген орман қоры учаскелерiнiң мәлiметтерi келтiрiледi;
9) орман орналастыру объектiндегi экологиялық жағдай мен табиғи ортаны ластайтын негiзгi көздер зерттеледi;
10) нормативтiк-анықтама құжаттардың тiзiмi анықталады;
11) өткен орман орналастырудың сынақ алаңдары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының сақталуы, жаңа сынақ алаңдарын салу қажеттiлiгi анықталады;
12) объектiлердiң аэрофотосуреттермен қамтамасыз етiлуi анықталады;
13) өткен орман орналастыру планшеттерiнiң жағдайы, олардың жаңа орман картасын жасауға жарамдылығы анықталады;
14) орман орналастыру жұмыстарының ерекшелiктерi тұралы техникалық мәселелер шешiледi және орман орналастыру объектiсiндегi жұмыстардың түрлерi мен көлемдерi бойынша жасалған наряд-тапсырманың жобасы талданады;
15) орман орналастыру партиясын жұмыс күшiмен, көлiкпен, азық-түлiкпен, үймен қамтамасыз ету мүмкiндiгi анықталады;
Тапсырыс берушi жұмыскерлерiнiң орман орналастыру жұмыстарына қатысу тәртiбi анықталады.
Бiрiншi орман орналастыру кеңесiнде қабылданған шешiмдер
хаттамада тiркелiп орман орналастыру өндiрiсiнiң негiзгi құжаты
болып табылады.
9. Екiншi орман орналастыру кеңесiнде:
1) алдағы тексеру кезеңiне белгiленетiн орман шаруашылық шаралардың көлемi (орман орналастыру ұйымы жасаған және хаттама жобасында көрсетiлген) талқыланып, бекiтiледi;
2) хаттаманың жобасы орман иесi бағынатын жоғарғы органға жiберiледi. Ол екi апта мерзiмiнде орман иесi мен орман орналастыру мамандары және облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы өкiлдерiнiң қатысуымен жiберiлген материалдарды талқылайды;
3) екiншi орман орналастыру кеңесiнiң хаттама жобасында орман иесiнiң өткен тексеру кезеңiндегi орман шараларын жүргiзу сапасы туралы, басты пайдаланудың есебi, орман шаруашылық шараның көлемi, ормандарды өрттен қорғау, орман зиянкестерiмен, аурулармен күресу жұмыстарының көлемi анықталады;
4) екiншi орман орналастыру кеңесiнде жобаланған орман шаруашылық шаралар мен есептiк кеспеағаштың көлемдерi туралы келiспеушiлiк болса, талқыланып шешiледi, болмаса - хаттаманың авторы өз пiкiрiн жазып, соңғы шешiм қабылдау үшiн (басқа материалдармен бiрге) өкiлеттi органға жiбередi;
5) егер хаттаманы алдын-ала талдау кезiнде орманды пайдалану нормасының есебiнде ± 10 пайызы қате болмаса, онда тапсырыс берушi мен орман орналастыру ұжымы арасындағы келiсiм бойынша екiншi орман орналастыру кеңесi шақырылмайды және бұл жағдайда екiншi орман орналастырудың хаттамасы рәсiмделiп, орман орналастыру ұйымына жiберiледi;
6) егер белгiлi бiр себептерге байланысты өкiлеттi орган, екiншi орман орналастыру кеңесiнде қабылданған есептiк кеспеағаштың көлемiн өзгертетiн болса, онда орман орналастыру ұйымы өкiлеттi органмен келiсе отырып, орман орналастыру жобасының түсiндiрме жазбасына тиiстi өзгертулер енгiзедi.
Қазақстан Республикасы
орман қорында орман орналастыру
жұмыстарын жүргізу ережелерінің
6-қосымшасы
Орман орналастыру және орман шаруашылық белгілері. Түрлері, көлемі және жалпы техникалық талаптар
Осы техникалық талаптармен орман орналастыру және орман шаруашылық белгілердің типі, мөлшері, жазбаларының үлгілері, орнату орны анықталады.
1. Орман орналастыру және орман шаруашылық белгілердің түрлері
1. Өзінің негізгі бөлінуі бойынша белгілер түрлері төмендегідей:
орам діңгектері, (орам сілтеуіш, бақылау алаңының, орман шаруашылық, шекаралық);
қазық қағып, алаңның ортасын бекітуге арналған (өлшеп есептеу таксациясы және орманның қайта табиғи жаңаруы мен орман екпелерін зерттеу кезінде) (1 сурет).
2. Белгілер әртүрлі болады: ағаш, темірбетонды, темір немесе пластмассалы, тас пирамидалар, қазықтар, ағаштардағы белгілер.
3. Шекаралық шаруашылық, нысаналы сілтеуіш, және сынау алаңдарының орталарын бекітуге арналған діңгектер.
4. Шаруашылық діңгектерді орман мекемелері қояды.
5. Орам діңгектерін және орамды білдіретін діңгектерді орман орналастыру кезінде немесе қайта орман орналастыру кезінде орман мекемелері қояды.
6. Бақылау алаңындағы діңгектерді орман орналастыруда немесе зерттеу кезінде орман мекемелері және тағы басқа ұйымдар бақылау алаңдарын салғанда қояды.
7. Орман орналастыру кезеңдерінің арасында орам діңгектері немесе басқа да діңгектер жарамсыз болып қалған кезде мүмкіндігінше ауыстырылады.
2. Жалпы техникалық талаптар
8. Ағаш діңгектер және қазықтар өсіп тұрған немесе бұрын дайындалған ағаштардан жасалынады. Діңгек қабығы сүрекке дейін аршылып, бұталары шабылып, тазаланады. Діңгектердің жазу жазылатын беті тегіс біркелкі тазаланады және 2,5 см терең ойылмайды.
9. Жазу әдемі, қара майлы бояумен, трафарет арқылы жазылады.
10. Барлық діңгектердің үлкен көлемді жағы жерге көміледі және жерге мықты етіп қағылады.
11. Орман орналастыру белгілерінің түрлері, орналастыру объектісінде діңгектерді қоюға жауаптылар бірінші техникалық кеңесте дайындық жұмыстарына дейін шешіледі.
3. Орман орналастыру белгілері
12. Орам діңгектері және орамдық сілтеуіш діңгектер:
1) орам діңгектері және оларды алмастыратын темір (пластмасс) тақталар мен тас пирамидалар орам соқпақтарының арасына қойылады. Шоқ ормандарда орман орналастыруда кішігірім орман учаскелері жиынтық орамдарға біріктіріледі;
2) соқпақтарынан өтуге болатын орам діңгектері соқпақ ортасынан төмен қойылады (солтүстік батыс жағына). Ол барлық жағынан жақсы көрінетіндей орнатылады;
3) орам және орам сілтегіш діңгектер ағаштан немесе темір бетоннан жасалады;
4) темір бетонды орам және нұсқаушы діңгектер 300 маркалы бетоннан жасалады (1аб сурет). Діңгектердің жоғары жағы төрт қырлы, жалпы пішіні төрт бұрышты болады, діңгектердің жазу жазатын бетінің жоғарғы жағы мен төменгі жағы қара майлы бояумен 1 сантиметр сызықпен сызылады. Діңгектің сан жазылған беті орамға қиғаш орнатылады. Соқпақтардың тік бұрышты қиылысындағы діңгек қабырғасы орам соқпақтарына бағытталып қойылады;
5) темір немесе пластмассадан істелген тақталар тік бұрышты, 3 суретте көрсетілгендей болады;
3 сурет
Тақташалар ақ түсті болады. Орам нөмірі қара майлы бояумен трафаретпен түсіріледі. Трафареттің көлденең өлшемі 2-суретте көрсетілген;
6) тақташалар орам соқпақтарының қиылысына жақын жерлердегі ағаштарда 2,5 метр биіктікте орам соқпағына қаратып ілінеді. Тақтайшалар біреуден немесе екеуден орман соқпағының әртүрлілігіне байланысты болады.
Ағашы жоқ жерлерде тақтайшалар темір қазықтармен бекітіледі (биіктігі жер бетінен 1,5 метр, жерге кірген бөлігі 0,7 метр, қалыңдығы 2 сантиметр кем емес болуы керек);
7) орамдық ағаш және орамдық сілтегіш діңгектер 1-ші суретте көрсетілгендей жасалады.
Діңгектің жоғары жағы шабылған пирамидаға ұқсас, төбесі 4 х 4 сантиметр болады. Жазу жазылатын қабырғаларының қыры 2 сантиметр аспайды, ал төменгі жағы қиғаш су тұрмайтындай болып жасалады. Діңгектің диаметрі 24 сантиметр асқан жағдайда оның басы диаметрінің 1/3 бөлігін құрайды. Сексеуіл ағашынан діңгек дайындағанда оның диаметрі 12 сантиметр төмен болмайды. Орам нөмірі жоғарыдан төмен жазылады.
Діңгектерді тумбалар салу арқылы көмеді (диаметрі 1,5 сантиметр, биіктігі 50 сантиметр, діңгек биіктігі тумбада 50 сантиметр, жер астындағы бөлігі 50 сантиметр);
8) діңгектердің жазу жазатын беті соқпақтардың қиылысу нүктелерімен бірдей болады. Жазу жазатын бетіне орам нөмірі жазылады. Нөмір жазылған беті орам диагоналіне қарай қаратылады. Орам соқпақтарының қабырғасы тік бұрышты болса, діңгектің жазу жазатын бетінің қырлары соқпаққа қарап орналасады;
9) қала және орман бақтарында жасыл аймақтағы, халықаралық және республикалық темір жол немесе автомашина жолдарындағы діңгектер қызыл–күлгін түске боялады, жазу жазатын беті мен жоғарғы жағы ақ түсті болады;
10) таулы немесе баруға қиын аудандарда орам діңгектерін тасты пирамидалар мен үйінділер алмастырады. Пирамидалар үлкен тастармен қаланады, жоғарғы тастарға орам нөмірі орам сандарын жазатын трафаретпен қара майлы бояумен жазылады;
(4 сурет);
11) орам діңгектері (1 сурет) орам соқпақтары мен әртүрлі жер пайдаланулардың қиылысқан жеріне қойылады (негізінен жүретін жолдар, трассалар, ормандағы соқпақ жолдар, өзен, бұлақ, орам шекараларындағы діңгектер);
Трасса, орманның соқпақ жолдары мен өзендердің (орамдық сілтегіш діңгектер қойылатын) тізбесі бірінші техникалық кеңесте анықталады;
12) қорғаныш орман жолақтары, мемлекеттік және республикалық мәні бар темір және автомобиль жолдары, су объектілері, өзен, көл, су қоймасы шетіндегі жолақтары бар ормандарда діңгектердің негізгі бетінен төмен қосымша бет жасалады.
Қосымша жазу бетіне трафаретпен «Қ. Ж.» (қорғаныс жолағы) немесе «Т. Ж.» (тыйым салынған орман жолақтары) жазылады;
13. Шаруашылық шекара діңгектері:
1) шаруашылық діңгектер шекараларды салғанда қойылады (діңгектер немесе қорғандар). Бұрылыс бұрышы 1800-қа жақын (1800 + 20) жерлерде шаруашылық шекара діңгектері қойылмайды;
2) шаруашылық шекара діңгегі 1 сурет бойынша жасалады. Діңгектің жоғарғы жағы конус тәрізді істелінеді. Діңгекте екі жазу жазатын беті шабылып дайындалады. Жоғарғы жазу бетіне «М. О.» 14 (мемлекеттік орман), ал төменгі жазу беті орманға қаратып шабылады және соған орам нөмірі жазылады.
14. Нысаналы діңгектер және нысаналарды сілтегіш діңгектер:
1) нысаналы діңгектер нысаналар мен соқпақтардың қиылысу нүктесінде, жер пайдалану шекараларында қойылады.
2) нысаналы діңгектер 1 сурет бойынша дайындалады. Діңгектің жоғарғы жағы екі қырлы, ені 1 сантиметр болып жасалады. Нысаналы діңгекте бір ғана жазу беті болады, ол нысана бойымен орамға қарай бағытталады. Діңгек төбесі нысана сызығына қаратып қойылады. Нысаналы діңгектің жазу жазылатын беті нысана бағыты бойынша екі жағынан да шабылады. Әр жазу бетіне нысана нөмірі рим сандарымен жазылады.
15. Барлық түрдегі бақылау алаңдарының діңгектері орман орналастыруда және орман шаруашылық жұмыстары кезінде 1–суретте көрсетілгендей орнатылады.
Діңгектерде төмендегідей жазулар үлгісі көрсетіледі:
БА-3-45 – бақылау алаңы, алаң нөмірі, квартал нөмірі;
76-85 – салған жылы, өлшенген жылы;
2-0,25 – секция нөмірі, ауданы, га.
16. Пикеттік қазықтар:
1) пикеттік қазық жүру сызығын өлшеген кезде қойылады.
2) диаметрі 3–5 сантиметр пикеттік қазықтардың жер бетіндегі биіктігі 50 сантиметр болады (1 сурет);
3) пикеттік қазықтарда өлшеу басталғаннан бастап қашықтық бүтін жүздік метрмен (рим сандарымен) белгіленеді. Кертік өлшеу бағытына қарсы жағында жасалады.
Өлшеу ұзындығы, метр 100 200 300 400 500 600 700 800 900 1000 1800
Көрсеткіштер 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 18
4) елді мекендердің жасыл аймақтары мен емдеу-сауықтыру мекемелерінде, ерекше күзетілетін орман аумақтарында, қала ормандары мен орманды парктерінде пикеттік қазықтардың орнына ағаштарға белгі жасауға болады. Белгілер, қашықтығы өлшеу сызығынан 5-м аспайтын жердегі ағаштардың оң жағында жасалады. Өлшеу қашықтығы ағаштың сыртқы жағына қара майлы бояумен 1,5 метр биіктікте жазылады.
17. Сынау алаңдарындағы қазықтар.
Өлшеп-есептеп таксациялау кезінде сынақ алаңдарының орталары мөлшері пикеттік тәрізді қазықтармен бекітіледі. Қазықтардағы белгілерге араб цифрымен телімнің нөмірі жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |