Орман қорын таулы жерлерге жатқызу туралы
техникалық нұсқаулар 1. Жалпы қағидалар
1. Таулы орман қорына жататын жерлер тек ағаш сүрегін алу көзі ғана емес, сонымен қатар су қорғау, су жүйесін реттеу, топырақ қорғау, климат жақсарту, санитарлық-гигиеналық, шаруашылықты ұйымдастыру және жүргізу, ормандағы пайдасы бар нәрселерді сақтау, жануарлар мен өсімдіктер байлығын арттыру және орман ресурстарын анағұрлым тиімді пайдалану жолы болып табылады.
2. Ормансыз жерлер (5 градустан жоғары), тау етегінен тау жотасына дейінгі аралық, салыстырмалы биіктігі 100 м жоғары болатын тау жүйелері мен жекелеген алқаптарда орналасқан орман қоры жерлері таулы ормандарға жатқызылады.
2. Таулы ормандардың бөлінуі
3. Таулы орман қорына жататын жерлерді бөлу өткен орман орналастыру материалдары бойынша жүргізіледі. Мұндай материалдар жоқ болса, келесі орман орналастыруды жүргізуге дейін картографиялық материалдар бойынша бөлінеді. Барлық кездейсоқ жағдайда оларды бөлу материалдарын дайындауға ғылыми- зерттеу, орман орналастыру, жобалау мекемесі, ғылыми жұмыстармен айналысатын және тағы басқа мамандар тартылады.
4. Таулы орман қоры жерлеріне ереже бойынша, түгелдей есепке алынатын бірліктер- орамдар, сайлар (дачалар) бассейіндер мемлекеттік орман қоры категориясы шегінде жатқызылады.
Таулы ормандар бойынша орман қорын есепке алу жеке жүргізіледі.
3. Таулы ормандардың бөлінуін рәсімдеу тәртібі
5. Таулы орман қоры жерлеріне жатқызу бойынша ұсыныстар орман мекемесінде дайындалып, қосымшасымен бірге облыстық орман шаруашылығындағы аймақтақ органдарға жіберіледі:
1) орман мекемесі және бөлінуі бойынша (түсініктеме жазба) негіздеме;
2) бөлінуі жөнінде аудандық әкімшіліктің шешімі;
3) орман мекемесінің таулы жерлерге жатқызылған аймақтарының белгіленген схемалық картасы;
4) таулы жерге жатқызылуға белгіленген учаскелердің ведомосы;
6. Өкілетті органның аймақтық органы көрсетілген ұсыныстар қарап шығып соңғы шешім шығару үшін облыстық әкімшілікке жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
20___ жылдың ______ № _____
бұйрығына 19 қосымша
Орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасының Кіріспе
1. Орман мекемесінің жалпы жер аумағы, орналасқан жері (мекен жайы, байланыс, облыс және аудан орталығымен ара қашықтықтары) және орман орналастыру жұмыстарын жүргізу заңдылығын негіздеу (келісім, тапсырыс және тағы басқа) туралы мәліметтер келтіріледі. Далалық орман орналастыру жұмыстарын жүргізу технологиясы тиісті құжаттарға негізделіп жасалады, (толық орман орналастыру жартылай және тағы басқа).
2. Негізгі қағидаларды орман шаруашылық облыстарында қолдану тәртібі (бұдан әрі - Негізгі қағидалар), келтіріледі. Олар орманы орналастырылатын мекеме орналасқан облыс үшін жасалады.Облыс картасындағы орман мекемесінің аумағы боялады (А-3 форматынан үлкен емес) (1-сурет)
1 Тарау. Мекеме аумағының орман өсіру және
экологиялық жағдайлары
1. Параграф. Табиғат және климат жағдайлары
3. Орман өсіру аудандары мен жер бедері (таулы, далалы) және климаттық көрсеткіштері осы Ережеге 20-қосымшаның 1-кестесі.Табиғи-климаттық жағдайларының орман өсімдіктеріне тигізетін әсері туралы қорытынды.
2. Параграф. Қоршаған ортаны
қорғауда ормандардың алатын орны
4..Аудандық халық шаруашылығы салаларының орманды сақтауға және олардың жағдайына әсері. Ормандардың ауыл шаруашылығы өндірісіне әсері, демалыс және туризмді, дамыту. Қоршаған ортаны қорғауда ормандардың алатын орны.
2 Тарау.
Өткен тексеру кезеңіндегі шаруашылық
қызметін талдау
1. Параграф. Орман орналастыру жобасының негізгі
қағидаларын орындау
5. Орман мекемесінің ұйымдық- шаруашылық құрылымы, кесу жастарының орналасуы осы Ережеге 20-қосымшаның 2 - кестесі. Орман орналастыру жобасының ауытқыған жерлері мен олардың себептері. Өткен тексеру кезеңінде болған өзгерістерді орман орналастыру құжаттарына енгізу сапасы.
2. Параграф. Өткен тексеру кезеңіндегі орман шаруашылық
шаралар көлемінің орындалуы
6. Өткен орман орналастыру кезеңінде жобаланған орман шаруашылық шаралардың көлемдік көрсеткіштері және олардың тексеру кезеңі мен осы орман орналастыру алдындағы жылғы орындалуы (басты пайдалану, аралық және басқа да кесулері мен орманды қорғау, ұдайы өндіру шаралары бойынша) келтіріледі. Сондай-ақ орман орналастыру жобасынан ауытқу себептері мен нақты қорытындылары көрсетіледі. Барлық мәліметтер жалпы мекеме бойынша беріледі.
3. Параграф. Орман зиянкестері мен ауру ошақтарының
динамикасы
7. Орман зиянкестері мен ауру ошақтарына талдау жасалады. Олармен күресу шаралары осы Ережеге 20-қосымшаның 5- кестеде көрсетіледі.
4. Параграф. Тұқым және тұқымбақтары
8. Орман мекемесінің өзіне қажетті тұқымы мен тікпе ағаш көшеттерінің ассортименті және орман тұқымдарын дайындау көлемі, плюсті алқаағаштар мен ағаштардың болуы, мекеменің отырғызу материалдары мен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер осы Ережеге 20-қосымшаның 6- кестеде келтіріледі.
5. Параграф. Орманды күзету
9. Орман өрттері мәліметтерінің қорытындысы және талдануы осы Ережеге 20-қосымшаның 7- кестеде келтірілген. Орман орналастыруда жобаланған өртке қарсы шаралар көлемінің орындалуы және олардың орындалмау себептері келтіріледі.
6. Параграф. Өткен тексеру кезеңінде
орман шаруашылығын жүргізу сапасы туралы қорытынды
10. Тексеру кезеңінде орман мекемесінің іс-әрекеттерін жалпы бағалау арқылы орман орналастыру материалдарын пайдалану сапасы мен орман шаруашылығын жүргізу сапасы туралы жалпы қорытынды келтіріледі.
3 Тарау.
Орман қорының сипаттамасы
1. Параграф. Мекеме құрылымы
11.Өткен тексеру кезеңіндегі мекеменің құрылымдық өзгерістеріне жасалған талдау нәтижелері енгізілген орман мекемесінің құрылымы осы Ережеге 20-қосымшаның 9-кестеде келтіріледі. Орман шаруашылық мекемесінің карта-схемасында орманшылықтар боялып орналастырылады.
(А-3 форматынан үлкен емес) (2 сурет).
2. Параграф. Мекеме аумағын ұйымдастыру.
Орындалған жұмыстардың көлемі мен сипаты
12. Орман мекемесін ұйымдастыру мен орман орналастыру жұмыстарын жүргізу жылдары туралы мәліметтер (өткен орман орналастыру туралы нақтырақ). Осы орман орналастырудың сипаттамасы (орман орналастыру разрядтары мен атқарылған жұмыстардың технологиясы және картографиялық материалдар) осы Ережеге 20-қосымшаның 10-кестесі. Орындалған жеке жұмыстардың көлемі (қабылдау - өткізу акті) туралы мәліметтер қосымшаларда келтіріледі. АФС жоқ немесе жартылай жоқ аумақтарда атқарылған жұмыстардың технологиясы түсіндіріледі, аэрофотосуреттермен қамтамасыз етілуі осы Ережеге 20-қосымшаның 11-кестесі. Орман мекемесінің жалпы ауданында (өткен тексеру кезеңінде) болған өзгерістерді талдау осы Ережеге 20-қосымшаның 12-кестесі. Басқа орман пайдаланушылардың ормандары туралы қысқаша мәліметтер осы Ережеге 20-қосымшаның 13-кестесі. Ормандардың аумақтағы орналасуы және олардың құрылымы осы Ережеге 20-қосымшаның 14-кестесі.
3. Параграф. Орман шаруашылығын орналастыру
13. Орман мекемесі жерлерін МОҚ категориялары бойынша бөлу осы Ережеге 20-қосымшаның 15-кестесі. Олардың табиғи-экономикалық жағдайларға сәйкестігі талданады да қажет болған жағдайда бөлуді қайта қарау жөнінде ұсыныстар беріледі. МОҚ категориялары бойынша боялған карта-схемасы тіркеледі (А-3 форматынан үлкен емес) – 3 сурет. Ерекше қорғалатын аумақтар мен ормандардың (емдеу, демалу және туризмге арналған) тізбесі де келтіріледі осы Ережеге 20-қосымшаның 16-кестесі. Орман жерлерінің басым тұқымдылары бойынша бөлінуі осы Ережеге 20-қосымшаның 17-кестесі. Кесу жастары мен жас кластарының жас топтарына бөлінуі осы Ережеге 20-қосымшаның 18-кестесі мен өткен орман орналастыру анықтаған кесу жастары бойынша ауытқулардың себептері көрсетіледі.
4. Параграф. Орман қорының жағдайы мен динамикасы
14. Аудандардың жер категориялары бойынша тексеру кезеңіндегі бөлінуі осы Ережеге 20-қосымшаның 19-кестесі. Болған өзгерістердің себептері де көрсетіледі. Орманмен қамтылған жерлердің жас кластары мен тіктік топтары бойынша бөлінуі осы Ережеге 20-қосымшаның 20-кестесі және алқаағаштардың жас кластары бойынша біркелкі бөлінбеуінің себептері. Орманмен қамтылған жерлердің бонитет кластары мен толықтығы бойынша бөлінуі осы Ережеге 20-қосымшаның 21, 22 – кестелері. Орманмен қамтылған жерлердің жас топтары шегіндегі өзгеру динамикасы осы Ережеге 20-қосымшаның 23- кестесі. Жас топтарында болған өзгерістердің себептері де келтіріледі. Орташа таксациялық көрсеткіштердің динамикасы осы Ережеге 20-қосымшаның 24-кестесі және болған өзгерістердің себептері. Орманмен қамтылған жерлердің орман типі топтары бойынша бөлінуі осы Ережеге 20-қосымшаның 25-кестесі. Пісіп келе жатқан және көнерген орман құрушы тұқымдылар алқаағаштарының қолтығындағы өскіннің сипаттамасы осы Ережеге 20-қосымшаның 26-кестесі. Құнды тұқымдылардың өскінмен қамтамасыз етілу барысы.
5. Параграф. Орманның экологиялық жағдайы
15. Орманға келтірілген зиянды әсерлердің көзі мен мөлшері осы Ережеге 20-қосымшаның 27-кестесі және келтірілген зиянның талдануы. Ормандардың өлуі мен сүрек шығындарының (тексеру кезеңіндегі) мөлшері - осы Ережеге 20-қосымшаның 28-кестесі. Сүрек қоры мен тексеру кезеңіндегі сүрек өскінінің ара қатысы осы Ережеге 20-қосымшаның 29-кестесі. Ормандардың экологиялық жағдайы бойынша жалпы қорытынды.
4 Тарау.
Тексеру кезеңіне белгіленген орман шаруашылық шаралары
1. Параграф. Пайдалану қоры
16. Басты пайдалану мөлшері есебінен шығарылған және енгізілген алқаағаштардың аудандары мен қорлары осы Ережеге 20-қосымшаның 30-кестесі. Пайдалану қорының тауарлық құрылымы (осы Ережеге 20-қосымшаның 31-кестесі) тауарландыру негізі ретінде алынған тауарлық кестелер. Кәделік сүрекдің шығуындағы ауытқулардың себептерін талдау.
2. Параграф. Басты пайдаланудың мөлшері мен кесу әдістері
17. Тексеру кезеңіне белгіленетін басты пайдаланудағы кесу әдістері (кесу әдістері кестесі келтіріледі), олардың негізделуі, Орман кодексіне немесе Негізгі қағидаларға жасалатын сілтемелер. Кеспеағаштарды кесу, қалдықтарынан тазарту. Басты пайдаланудың алдағы тексеру кезеңіне белгіленетін жыл сайынғы мөлшерінің есебі (осы Ережеге 20-қосымшаға 32-кесте). Қабылдауға ұсынылатын есепті кеспеағашты талдау.
Ерікті таңдамалы кесулер бойынша орман пайдаланудың жыл сайынғы мөлшерінің есебі (осы Ережеге 20-қосымшаға 33 - кесте). Алдағы тексеру кезеңіне белгіленген басты пайдалану кесулерінің жыл сайынғы мөлшері мен оның салыстырмалы сипаттамасы (осы Ережеге 20-қосымшаға 34-кесте). Болған және қабылданған есепті кеспеағаш көлемдерінің өзгеруін талдау. Басты пайдаланудың жыл сайынғы мөлшерінің орманшылықтар бойынша бөлінуі (осы Ережеге 20-қосымшаға 35-кесте).
3. Параграф. Орман таксалары
18. Орман мекемесінің аумағын сүректі тұтыну пунктерінен кеспеағаштардың алшақ орналасу аймақтары бойынша жобаға сәйкес бөлу (осы Ережеге 20-қосымшаға 36-кесте). Сүректі тұтыну пунктерінен кеспеағаштардың қашықтығы бойынша боялған (А-3 форматынан үлкен емес) карта-схемасы (4-сурет).
4. Параграф. Басқа кесулер
19. Орман мекемесі мен орманшылықтар бойынша басқа кесулердің анықталған және жобаланған көлемі; белгіленген көлемді толық қамтымау себептерін талдау (осы Ережеге 20-қосымшаға 37-кесте).
5. Параграф. Аралық пайдалану кесулері
20. Күтіп-баптау кесулері
Күтіп-баптау жасындағы және күтіп-баптау кесуіне белгіленген алқаағаштарды толымдылықтары бойынша бөлу (осы Ережеге 20-қосымшаға 38-кесте) және күту кесуін қажет ететін алқаағаштарды толық қамтымау себептерін талдау.
Орман орналастыру ұсынып, кеңесте қабылданған күтіп-баптау кесулерінің көлемі мен өтімді және кәделік сүрекдің шығуы (осы Ережеге 20-қосымшаға 39-кесте), сүрекдің шығу пайызының ауытқуына түсіндірмелер.
Күту кесулеріне салыстырмалы сипаттама, олардың орманшылықтар бойынша орналасуы (осы Ережеге 20-қосымшаға 40-кесте) және 1-4 пункттері бойынша ауытқуын талдау. Күту кесуін орындау технологиясы мен тәсілдерінің сипаттамасы.
21. Таңдамалы санитарлық кесулер
Таңдамалы санитарлық кесулерге белгіленген алқаағаштардың сипаттамасы. Таңдамалы санитарлық кесулердің мөлшері (осы Ережеге 20-қосымшаға 41-кесте) және 1-2 пункттері бойынша ауытқуларға түсіндірмелер.
22. Құндылығы төмен алқа ағаштар мен су қорғау және басқа да функциялары жойылып бара жатқан алқаағаштарды қайта құрумен байланысты кесулер. Қайта құруға белгіленген алқаағаштардың қысқаша сипаттамасы және оларды орындау технологиясы. Қайта құрудың жылдық мөлшері және оның орманшылықтар бойынша бөлінуі (осы Ережеге 20-қосымшаға 42-кесте), 1-2 пункттер бойынша ауытқуларға түсіндірмелер.
6. Параграф. Барлық орманды кесу түрлері
бойынша пайдаланудың жыл сайынғы мөлшері
23. Кесулердің барлық түрлері бойынша орманды пайдаланудың жобаланған жылдық мөлшері. Жобаланған кесу көлемдерінің салыстырмалы сипаттамасы, олардың орманшылықтар бойынша (осы Ережеге 20-қосымшаға 43-кесте) бөлінуі және 1-6 пункттері бойынша ауытқуларды талдау.
7. Параграф. Орманды ұдайы өндіру және тұқым шаруашылығы
24. Орман мекемесі құрған және орманды орналастыруда есепке алынған екпе ормандар туралы мәліметтер (осы Ережеге 20-қосымшаға 44-кесте) және болған ауытқу себептерін талдау. Сақталған екпе ормандарының жағдайы (осы Ережеге 20-қосымшаға 45-кесте) және олардың өлуі мен қанағаттанарлықсыз жағдайының себептерін талдау. Табиғи жаңаруға жәрдемдесу бойынша жұмыс көлемдері мен олардың тиімділігін талдау (осы Ережеге 20-қосымшаға 46-кесте). Тексеру кезеңінде орманды ұдайы өндіру шараларының көлемдері (осы Ережеге 20-қосымшаға 47-сурет) және орманды қалпына келтіру шараларымен аумақтың толық қамтылмауының себептерін талдау. Жобаланған екпе орман типтеріне сипаттама, негізгі ережелерге немесе басқа құжаттарға сілтемелер. Екпе орман өндірісінің жылдық көлемдері, табиғи жаңаруға жәрдемдесу мен қайта құрулар (осы Ережеге 20-қосымшаға 48-кесте) және 5, 7, 9 бағандар бойынша жұмыс көлемдеріндегі ауытқу себептерін талдау. Орманшылықтар бойынша орманның қалпына келу көлемдерін бөлу (осы Ережеге 20-қосымшаға 49-кесте).
25. Екпе орман өндірісі мен басқа мақсаттарға тікпе көшеттердің жылдық қажеттілігі (осы Ережеге 20-қосымшаға 50-кесте). Тұқым өсіру мен тұқымбағы шаруашылығын дамыту бойынша ұсыныстар. Селекция негізінде орман екпелерін құру жұмыстарын тұқыммен және тікпе көшеттерімен қамтамасыз ету мүмкіндіктері.
8. Параграф. Орманды күзету
26. Орман мекемесі аумағын табиғи өрт қауіптілігі кластары бойынша бөлу (осы Ережеге 20-қосымшаға 51-кесте). Орман қорғауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар. Орман мекемесі аумағының өртке қарсы жабдықталуы және өртке қарсы құралдармен қамтамасыз етілуі (осы Ережеге 20-қосымшаға 52-кесте). Аумақтың өрт қауіптілігі кластары бойынша жабдықталу нысандары көрсетілген карта-сүлбесі (А-3 форматтан үлкен емес) беріледі (осы Ережеге 20-қосымшаға 5-сурет). Айналымдардың оңтайлы аумағын және санын есептеу (осы Ережеге 20-қосымшаға 53-кесте) кезінде қолданылған құжаттардың қазіргі айналым санымен байланыстылығы көрсетіледі. Орман мекемесі аумағының мастерлік учаскелер мен айналымдарға бөлінуі (осы Ережеге 20-қосымшаға 54-кесте). Олардың саны қазіргі санымен салыстырлып, айырмашылығы негізделеді. Орман мекемесінің карта-сүлбесі көрсетіледі (А-3 форматтан үлкен емес), мастерлік учаскелер мен айналымдар боялады (6-сурет). Белгіленген өртке қарсы шаралардың орындалу технологиясының қысқаша сипаттамасы.
9. Параграф. Орманды қорғау
27. Мекеме ормандарының санитарлық жағдайы. Орманды зиянкестер мен аурулардың және өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен зақымдануын бақылау бойынша ұсынылған шаралар. Орманды қорғау бойынша шаралардың көлемі (осы Ережеге 20-қосымшаға 55-кесте).
10. Параграф. Ормандарды мәдени-сауықтыру мақсатында қолдану
28. Мәдени-сауықтыру мақсатында қолданылатын ормандардың сипаттамасы. Емдеу, демалыс, туризм және тағы басқа аймақтарды ұйымдастыруға арналған ормандарды бөлу туралы ұсыныстар. Рекреациялық аумақты жақсарту шараларының көлемі (осы Ережеге 20-қосымшаға 56-кесте).
11. Параграф. Жанама пайдалану
29. Орманды жанама пайдалану көлемдері (осы Ережеге 20-қосымшаға 57-кесте) мен оларды қолдану бойынша ұсыныстар және қосалқы пайдалану түрлеріне қысқаша талдау. Шабындық алқаптардың сипаттамасы және оларды жақсарту бойынша белгіленген шаралар, көлемдерді орманшылықтар бойынша бөлу (осы Ережеге 20-қосымшаға 58-кесте) және 2 орман орналастыру кеңесінде көлемдерді қабылдамаған жағдайда себебін көрсету. Қосалқы ауыл шаруашылық және орман пайдалану өнімдері өндірісінің көлемі (осы Ережеге 20-қосымшаға 59-кесте) және қажетті түсініктемелер. Мал жаюды реттейтін шаралар. Қосалқы ауыл шаруашылықты дамыту бойынша ұсыныстар, пайдаланылмаған орман алқаптары арқылы ауыл шаруашылық алқаптарын кеңейту мүмкіндіктері және ұжымдық бақ шаруашылығы, бақша және тағы басқалары ретінде жалға беру мүмкіндіктері.
12. Параграф. Жануарлар дүниесін қорғау
30. Орман мекемесі аумағындағы жануарлар дүниесі туралы қысқаша мәліметтер. Биотехникалық шаралар көлемі (осы Ережеге 20-қосымшаға 60-кесте). Орман мекемесі аумағында аңшылық шаруашылығы мен аң аулауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар.
13. Параграф. Басқару және жұмысшы кадрлар
31. Орман мекемесі мен орманшылық жұмыскерлерінің штаты (осы Ережеге 20-қосымшаға 61-кесте). Штат бірліктерінде ауытқулар болса, түсініктемелер беріледі. Орман шаруашылығының жұмыстарына жұмысшы кадрдың қажеттілігі, қамтамасыз етілуі, уақытша орман шаруашылық жұмыстарына олардың қатыстырылуы.
14. Параграф. Орман шаруашылығы құрылыстарының көлемі,
жобаланған орман шаруашылық жұмыстарын орындау үшін
көлік пен техниканы және механизмдерді сатып алу
32. Осы Бағдарламаның 21 параграфында көрсетілгендерден басқа, орман шаруашылық іс-әрекеттері, орындауға қажет жабдықтар мен құрылыс көлемі (осы Ережеге 20-қосымшаға 62-кесте) көрсетіледі.
15. Параграф. Орманды жерлердің өнімділігін арттырудағы
экономикалық және экологиялық іс- шаралардың тиімділігі
33. Орманды пайдаланудың экологиялық көрсеткіштері осы Ережеге 20-қосымшаға 63-кестеде келтірілген. Ормандандыруға жататын аудандардағы жұмыс көлемі туралы қорытынды. Тексеру кезеңінде күтілетін өзгерістер, орман категориялары мен басым тұқымдылар жөнінде қысқаша түсіндірме (осы Ережеге 20-қосымшаға 64- кесте). Жобаланған іс- шаралардың экономикалық тиімділігі жалпылама корытындыланады.
Негізгі таксациялық көрсеткіштердің тексеру кезеңінің соңындағы өзгерістері (осы Ережеге 20-қосымшаға 65- кесте) және олардың себептері.
Қазақстан Республикасы
орман қорында орман орналастыру
жұмыстарын жүргiзу ережелерiнiң
20-қосымшасы
1-Кесте
Климат көрсеткіштері
1
|
Көрсеткіштердің атаулары
|
Өлшем бірліктері
|
Көрсеткіштер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Ауа температурасы: орташа жылдық
|
градус
|
|
|
абсолютті максималды
|
- « -
|
|
|
абсолютті минималды
|
- « -
|
|
2.
|
Жылдық жауын-шашын мөлшері
|
миллиметр
|
|
3.
|
Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы
|
күн
|
|
4.
|
Көктемгі соңғы үсіктер
|
күні
|
|
5.
|
Күзгі алғашқы үсіктер
|
күні
|
|
6.
|
Өзеннің қатуының орташа күні
|
- « -
|
|
7.
|
Өзеннің тасуының орташа күні
|
- « -
|
|
8.
|
Қар жамылғысы: қалыңдығы
|
сантиметр
|
|
|
пайда болу уақыты
|
күні
|
|
|
ормандағы қардың еруі
|
- « -
|
|
9.
|
Топырақтың тоңу тереңдігі
|
сантиметр
|
|
10.
|
Жыл мерзімдері бойынша басым жел
бағыттары: қыс
|
румб
|
|
|
көктем
|
- « -
|
|
|
жаз
|
- « -
|
|
|
күз
|
- « -
|
|
11.
|
Жыл мерзімдері бойынша басым жел бағыттарының орташа жылдамдығы: қыс
|
метр/
секунду
|
|
|
көктем
|
- « -
|
|
|
жаз
|
- « -
|
|
|
күз
|
- « -
|
|
12.
|
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
|
%
|
|
2-Кесте
Басты пайдалану кесулерінің жастары
Негізгі ағаш түрі
|
Жас кластарының ұзақтығы, жыл
|
Басты орман қорларының категориялары (алымы – кесу жастары; бөлімі – жаз класы)
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
МОҚ категориялары кесу жастары бірдей
бойынша 3-5 бағандарына жинақталады
|
3-Кесте
Достарыңызбен бөлісу: |