Жіберілген ауытқулардың анықтамалық кестесі
№
|
Көрсеткіштері
|
өлшем бірлігі
|
ауытқуды жіберуі
|
1.
|
Құрам коэффициентері
|
бір.
|
1
|
2.
|
жасы 40 дейін
|
жас
|
5
|
|
45-100
|
жас
|
10
|
|
100 жоғары
|
жас
|
20
|
3.
|
Биіктігі: 15метр дейін 15метр артық
|
метр
%
|
1
10
|
4
|
Тауарлық класы
|
бір
|
-
|
5.
|
Диаметірі: 20 дейін 20 сантиметр жоғары
|
сантиметр
%
|
2
10
|
6.
|
Басты пайдаланудағы кесуге белгіленген алқаағаштар қоры
|
%
|
15
|
қалған алқа-ағаштар
|
%
|
20
|
7.
|
Өскін
|
мың. дана/гектар
|
0,5
|
8.
|
Бонитет класы
|
километр
|
-
|
Жаттығу жұмыстарының сапасын бағалау келесі:
№
|
Көрсеткіштері
|
Қанағаттынарлықсыз
|
Қанағаттанарлық
|
Жақсы
|
1.
|
Көрсетілген ауытқулар кестедегіден % жоғары
|
32 тең жоғары
|
16-31
|
15 тен төмен
|
2.
|
% телімдерде екіесе және одан асатын ауытқулар
|
6–дан жоғары
|
4-5
|
3 тен төмен
|
1-4 пункттері бойынша нәтижелер төмендегідей бағаланады: 1 пункт бойынша - 60 пайыз, 2 және 3 пункттері бойынша – 10 пайыз және 4 пункт бойынша 20 пайыз.
Қазақстан Республикасы орман
қорында орман орналастыру
жұмыстарын жүргізу
ережелерінің 8 қосымшасы
Фотосуреттерді жұмысқа дайындау, фотоабрис
пен абристерді түсіру бойынша техникалық нұсқаулық
1. Фотоабристерді құрастыру
1. Фотоабристерді құрастыруда алдымен түрлі-түсті бояумен топографиялық объектілер көрсетіледі. Олар орман карталарының топографиялық элементтері болып табылады: өзен, бұлақ, жол, соқпақ, құрғату жүйесі және басқа да объектілер. Олар аэрофотосуреттерде стереоскоп арқылы көрінеді. Жолдар қызыл бояумен, ал гидрографиялық жүйе көгілдір бояумен боялады. Фотоабристің барлық элементтері аэрофотосуреттің жұмыс алаңында орналасады.
2. Кейін аэрофотосуреттерге шекаралар мен орам соқпақтары
түсіріледі. Ол үшін (қайталап орман орналастыру кезінде) өткен
орман орналастырудың планшеттері (көшірмелері), алқаағаш пландары,
карта-схемалары қолданылады.
Бастапқы орман орналастыруда топографиялық карталар мен планшеттердің жаңадан құрастырылған геодезиялық және топографиялық негіздері қолданылады.
Аэрофотосуреттерде көрінетін соқпақтар мен шекаралар жіңішке сызықтармен түсіріледі: түрлі-түсті аэрофотосуреттерде - ақ бояумен, ал бір түсті суреттерде - қара бояумен. Көрінбейтін әртүрлі сызықтар мен шабылмаған орам соқпақтарының орналасуы аэрофотосуреттердің масштабы мен негізгі бағдарлары бойынша анықталып жіңішке сызықтармен аэрофотосуреттерге түсіріледі.
Фотоабристің соңғы дайындық жұмысы аэрофотосуреттерге соқпақтар мен жолдарды, өзендерді түсіргеннен кейін жүргізіледі.
Бастапқы орман орналастыруда орам жүйесі аэрофотосуреттерге қарындашпен түсіріледі. Ол үшін орам жүйесінің жобасы мен топокарталар қолданылады (кейін олар нақтырақ анықталады).
Аэрофотосуреттерге орам жүйесін түсірген кезде орамдардың нөмірлері орам жүйесінің жобасына сәйкес қойылады. Орам екі немесе одан да көп аэрофотосуреттерде орналасқан жағдайда нөмірі аэрофотосуреттердегі жұмыс алаңдарының барлық бөліктерінде қойылады.
3. Аэрофотосуреттерге объект шекаралары мен орам
соқпақтары түсірілгеннен кейін МОҚ категорияларының шекаралары
шартты белгілер арқылы түсіріледі. Шекаралар негізгі бағдар мен
орам жүйесі арқылы, аэрофотосуреттердің масштабын ескере отырып түсіріледі.
4. Орамдардың ауданын таксациялық телімдерге бөлу фотоабристерді құрастырудың негізгі кезеңі болып табылады. Бұл бөлу аэрофотосуреттердегі таксациялық телім шекараларының шифрын ашып (стереоскоп арқылы) оқу әдісімен жүргізіледі. Қайталап орман орналастыру кезінде телім шекараларының негізі ретінде өткен орман орналастыру белгілеген шекаралар алынады. Аэрофотосуреттердің шифрын ашып оқу кезінде оларға фотосуреттері бойынша түзетулер енгізіледі.
Телім шекаралары таксациялық жұмыстарды жүргізу кезінде
нақтырақ анықталады. Орман екпелері мен кеспеағаштың, ағашы кесілген жерлер мен өртеңдердің шекаралары мұқият анықталады.
5. Орам соқпақтары мен таксациялық нысаналарды өлшеп кесу кезінде олардың нақты орналасуы (аэрофотосуреттердегі) негізгі бағдарлар мен сүлбе нүктелері бойынша анықталады.
Сүлбе нүктелері ретінде құрылыс пен жеке тұрған ағаштар, өзен мен жолдардың бұрылыстары, ормансыз учаскелер сүлбелерінің бұрыштары алынады.
Барлық нақты анықталған бағдарламалармен сүлбе нүктелері аэрофотосуреттерге + 0,2 миллиметр дәлдігімен түсіріледі (түйреледі). Бағдарлар түйрелген жерлер аэрофотосуреттің сырт жағынан дөңгелектеп белгіленеді. Дөңгелектің қасында өлшенетін сызықтың бағдарға немесе сүлбе нүктесіне бағытталатыны туралы белгі қойылады.
6. Таксацияға дайындалған фотоабристе (жұмыс алаңымен шектелгеннен басқа) мыналар көрсетіледі:
1) орман карталарының топографиялық элементтері: өзен, бұлақ, жол, көл тағы басқалары;
2) объект шекаралары (көршілес жер пайдаланушылармен), жер пайдаланушылардың атаулары;
3) соқпақ немесе орамдардың табиғи шекаралары, өлшеу мәліметтері бойынша түсірілген пикеттері бар таксациялық нысаналар;
4) МОҚ категорияларының шекаралары (бет жағында);
5) таксациялық телімдердің шифры ашылған шекаралары;
6) жұмыс алаңдары шегінде орам нөмірлері (бет және сырт жағында);
7) нақты белгіленген бағдарлар мен сүлбе нүктелері (бет және сырт жағында);
8) адрес мөртабаны (сырт жағында).
7. Таксация жүргізілгеннен кейін аэрофотосуреттің бет жағына тушь немесе гуашпен төмендегідей элементтер түсіріледі:
1) сызықтарды өлшеу арқылы нақты анықталған пикетаж (жұп пикеттерінің нөмірлерімен);
2) өлшеудің бағыты (сызықтардың өлшемдері көрсетіледі);
3) таксациялық пункттердің нөмірлері;
4) таксациялық телімдердің анықталған шекаралары мен нөмірлері;
5) картаның топографиялық негізінің анықталған және көтерілген элементтері;
6) тура анықталған тесіктер бағыты және сүлбе нүктелері;
7) анықталған сүлбе нүктелерін орам соқпақтарына байланыстыру;
8. Таксациялық жұмыстардан кейін аэрофотосуреттердің сырт беттеріне мыналар түсіріледі:
1) анықталған бағдарлар мен сүлбе нүктелері белгіленген тесіктер;
2) орам сокпақтарының байлану мәліметтері;
3) орам соқпақтары мен нысаналардың жол, өзен, бұлақ және басқа да бағдарлармен қиылысқан жерлеріндегі байлану мәліметтері;
2. Абристерді қағазда құрастыру
9. Орман орналастыру барысында аэрофотосуреттер жоқ болған жағдайда абристер қағазда құрастырылады. Бұл жағдайда өткен орман орналастыру кезіндегі пикетаж журнал мен планшеттерден алынып, масштабы калькаға немесе миллиметрлік қағазға түсіріледі.
10. Абрис магнитты меридианы бойынша бағдарланады және мәліметтер фотоабрис мәліметтеріне сәйкес келеді, сондай-ақ, анықталған нүктелермен белгіленеді.
11. Орманға шығар алдында өткен орман орналастыруда анықталған таксациялық телім шекаралары планшеттен көшіріледі. Фотожоба мен топокарта бар болған жағдайда (планшет масштабында) абриске жолдар, бұлақтар, өзендер, көлдер, каналдар, саздар және тағы басқа топографиялық элементтер көшіріледі.
12. Телімдер арасындағы белгіленген шекаралар, өткен орман орналастыруда АФС-сіз жүргізілген жағдайда, телім бедері бойынша телімдердің шектелу сызығы бойынша белгіленеді. Телім шекаралары нысаналар арасындағы ашық жерлердің ортасымен жүргізіледі
Қазақстан Республикасы орман
қорында орман орналастыру
жұмыстарын жүргізу ережелерінің
9 қосымшасы
Толымдылық өлшегіштерімен жұмыс істеу және
оларды тексеру әдістері
1. Толымдылық өлшегіштері (бұрышты шаблондар, акад. Анучин призмасы) 1 га сүрек діңдерінің көлденең қиылмаларының аудандарын анықтауға арналған.
Аудандар толымдылық өлшегіштерімен есепке алынатын діңдерді санау арқылы анықталады. Бұл жағдайда діңдердің диаметрі өлшенбейді.
2. Көлденең қималарының аудандарын (өскіні қалың емес сүрекдіңдерде) толымдылық өлшегішпен анықтау нәтижелерінің дәлдігі өте жоғары болады.
Бұрышты шаблондар әртүрлі болады: жақтауының ені 20; 14; 1; 10; және 7,05 миллиметр, ал рейканың ұзындығы бірінші екеуі үшін - 100 сантиметр, қалғандарына – 50 сантиметр.
Ені 20 және 14,1 миллиметр, ал ұзындығы 100 сантиметр бұрышты шаблондар орташа диаметрі 20 сантиметр және одан көп сүрекдіңдерде қолданылады.
Ені 20 миллиметр бұрышты шаблонды қолданған жағдайда, қайта есептеу нәтижелері нақты болып есептеледі, ал шаблонның ені 14,1 миллиметр болса - алынған нәтиже көрсеткіштері екі есе азайтылады. Ені 14,1 миллиметр шаблондардың нәтижелері дәлірек болады. Ені 10 және 7,05 миллиметр, ал ұзындығы 50 сантиметр бұрышты шаблондар ерекше жағдайларда ғана қолданылады (диаметрі 20 сантиметр сүрекдіңдердің көлденең қиылмаларының аудандарын (қосындысын) анықтау үшін). Ені 10 миллиметр шаблонды қолданған жағдайда алынған нәтиже нақты болып есептеледі, ал ені 7,05 миллиметр болса екі есе азайтылады.
3. Бұрышты шаблондармен жұмыс істеген кезде орындаушы алаңның ортасында тұрып, құралды көзіне тақап, шаблонның жырығынан нысананы ағашқа бағыттайды. Діңнің диаметрі шаблонның жырығын толық жапқан жағдайда ғана ағаш есепке алынады. Діңнің диаметрі шаблонның жырығын жаппаса, ағаш есепке алынбайды (1 А сурет).
Күмәнді жағдайларда (діңнің диаметрі шаблонның жырығына тура келсе) ағашқа дейінгі қашықтық пен діңнің диаметрі қайта өлшенеді. Дің диаметрінің (мөлшерінің) жартысы ағашқа дейінгі қашықтықтан кем болған жағдайда, ағаш есепке алынбайды. Мысалы: дің диаметрінің жартысы 10 сантиметр (диаметрі – 20 сантиметр), ал ағашқа дейінгі қашықтық 10,5 метр болса, ол ағаш есепке алынбайды. Диаметрдің жартысы мен ағашқа дейінгі қашықтық бірдей болған жағдайда да ағаш есепке алынбайды.
4. Академик Анучинның призмасымен жұмыс істеген кезде, орындаушы призма алаңның ортасында болатындай орналасады. Призма ағаш діңіне 1,3 метр биіктікте бағыттаған кезде, тік және көлденең бағыттарда жылжытып, көріністің бағытқа перпендикулярлы орналастырылады. Әр ағашты жеке нысаналаған дұрыс. Ол үшін призма көз деңгейіне көтеріліп ағашқа бағытталады да төмен түсіріледі. Осы әдіспен есепке алынған және алынбаған діңдердің шатыспауы қамтамасыз етіледі және орындаушының көру қабілеті сақталады.
Дің көрінісінің жылжу (көлденең бағытта) мөлшері бойынша ағаштар есепке алынған мен есепке алынбағандарға бөлінеді. Призмамен жылжытылған дің бөлігі оның диаметрінен аспаған жағдайда ағаш есепке алынады, ал асқанда – есепке алынбайды (1 Б сурет). Көріністің жылжуы дің диаметрімен бірдей болған жағдайда алаңның ортасынан ағашқа дейінгі қашықтық пен діңнің диаметрі өлшенеді (3 пункіттегідей).
Күмән тудыратын ағаштардың екеуін бір ағаш ретінде алуға болмайды, себебі ол 15 пайыздық ауытқуға әкеліп соғады.
Толымдылық өлшегіштер (шаблон мен призмалар) арнайы құрал-жабдықтарсыз тексеріледі. Ол үшін мөлшері 40 х 40 сантиметр (20 метр қашықтықтағы) ақ қағаз 2 сантиметр ашылған шаблонның тілігіне тура келтіріледі.
4. Шаблонның тілігі 14,1 миллиметр рейканың ұзындығы 1 метр, ал қашықтық 20 метр болған жағдайда қағаздың ені 28,2 сантиметр болып есептеледі.
6. Кеспеағаштарды тұрақты радиусты шеңберлі алаңдармен таксациялау кезінде олар өлшеуіш жіппен алыстан өлшейтін рейка мен академик Анучиннің призмасы арқылы шектеледі. Осы құралдар еңбек өнімділігін 1,5 – 2 есе арттырады. Шеңберлі алаңдарды өлшеуіш жіппен шектеу (шекараларын белгілеу) құралдары (2-сурет) 11,28 метр (шеңберлі алаңдардың ауданы 400 шаршы метр) және 13,82 метр (алаңның ауданы 600 шаршы метр), созылмайтын материалдан жасалған (телефон кабелі) жіптен және екі тіректен (біреуі қозғалмалы, екіншісі - қозғалмайтын) тұрады.
Шеңберлі алаңдарды шектеу кезінде шпилька алаңның ортасын белгілейтін қазыққа қағылады (3А - суреті).
7. Шеңберлі алаңдары призмамен және алыстан өлшейтін рейкамен (диаметрі 2-4 сантиметр, биіктігі адам бойымен бірдей) шектеледі. Вешканың жоғарғы жағы тазаланады немесе шеңберлі алаңдардың радиусына байланысты белгіленген өлшемде боялады. Радиусы 11,28 метр (шеңбердің ауданы - 400 шаршы метр) болған жағдайда вешканың жоғары тазаланған бөлігінің ұзындығы - 22,6 сантиметр, ал радиусы 13,82 метр (ауданы – 600 шаршы метр) – 27,6 сантиметр болады.
Қазықпен белгіленген алаң ортасынан шегініп, тік орналасқан призмадан қарап, оның тазаланған бөлігінің ауытқуынан алаңның радиусын табамыз (3 Б - суреті).
Шеңберлі алаңның ішінде қалған ағаштар әдеттегі әдіспен жаппай қайта есептеледі.
8. Толымдылық өлшегіш пен призманың қайта есептеу ленталарының (енін шектеу үшін) қолданылуы бірдей. Олардың айырмашылығы: вешканың тазаланған ұзындығы (сантиметр) лента ұзындығының екі есе метрлік мөлшеріне тең болады. Мысалы, қайта есептеу лентасының ені 10 метр болған жағдайда вешканың тазаланған бөлігінің ұзындығы 20 сантиметр, ал ені 15 метр – 30 сантиметр, 20 метр – 40 сантиметр болады.
Толымдылық өлшегіштерімен және басқа да шеңберлі
алаңдарды шектеу құралдарымен жұмыс істеу
СХЕМАЛАРЫ
1-сурет Ағаш діңдерін бұрышты шаблон (А) мен (Б) призма арқылы есепке алу ережелері
есепке тексеру есепке есепке тексеріледі есепке
алынады алынбайды алынады алынбайды
2-Сурет Тұрақты радиустағы шеңбер алаңын шектеу құралдары:
1) өлшеуіш жіп; 2) қозғалмайтын сүйем; 3) қозғалмалы сүйем; 4) шпилькасы
3-сурет Тұрақты радиустағы шеңбер алаңын өлшеуіш жіппен (А) алыстан өлшеуіш рейкамен және призмамен (Б) шектеу схемасы
Қазақстан Республикасы орман
қорында орман орналастыру
жұмыстарын жүргізу ережелерінің
10 қосымшасы
нысан
Сүректі ағаш пен бұта тұқымдыларының
толық атаулары мен индекстері
№
|
Сүректі ағаш пен бұта тұқымдарының толық атауы
|
Сүректі ағаш пен бұта түрлерінің индексі
|
Сүректі ағаш пен бұта тұқымдыларының индексі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Негізгі орман құраушы тұқымдылар
|
1. Қылқанды
|
1
|
Қарағай (Pіnus)
|
Қ
|
-
|
|
1) Кәдімгі қарағай (P.sіlvestrіs L.)
|
-
|
Қк
|
|
2) Веймут қарағайы (P.strobus)
|
-
|
Қв
|
2.
|
Шырша (Pіcea)
|
Ш
|
-
|
|
1) Кәдімгі шырша (европейская) (P.excelsa Lіnk)
|
-
|
Шк
|
|
2) Тянь-Шань шыршасы (Шренка) (P.schrenkіana F.M)
|
-
|
Шш
|
|
3) Сібір шыршасы (P. abovata)
|
-
|
Шс
|
3.
|
Майқарағай (Abіes)
|
Мқ
|
-
|
|
1) Сібір майқарағайы (A.sіbіrіka)
|
-
|
Мқс
|
4.
|
Бал қарағай (Larіx)
|
Бқ
|
-
|
|
1) Сібір балқарағайы (L. sіbіrіka Ldb)
|
-
|
Бқс
|
5.
|
Самырсын (Pіnus)
|
С
|
-
|
|
1) Сібір самырсыны ( P. sіbіrіka)
|
-
|
Сс
|
6.
|
Арша (Junіperus)
|
Ар
|
-
|
|
1) Түркестан аршасы (J.turkestanіca Kom)
|
-
|
Арт
|
|
2) Зеравшан аршасы (J. seravscanіca Kom)
|
-
|
Арт
|
|
3) Шар тәрізді арша (J.semіglobosa Rgl)
|
-
|
Аржшт
|
2. Қатты жапырақтылар
|
7.
|
Емен (Quercus)
|
Е
|
-
|
|
1) Қотыр емен (Q.robur)
|
-
|
Еқ
|
8.
|
Шаған (Fraxіnus)
|
Ш
|
-
|
|
1) Жасыл шаған (ланцеты) (F.lanceolata Borkh)
|
-
|
ШЖ
|
|
2) Кәдімгі шаған (биік) (F. excelsіor)
|
-
|
Шк
|
|
3) Шарын шағаны (соғдиындық) (F. sogdіana)
|
-
|
Шш
|
9.
|
Үйеңкі (Acer)
|
Үк
|
-
|
|
1) Үшкір жапырақты үйеңкі (планцент түрлі) (A. platanoіdes L.)
|
-
|
Үкүж
|
|
2) Шағын жапырақты үйеңкі (америкалық) (A. negundo L.)
|
-
|
Үкшж
|
10.
|
Шегіршін (ильм) (Ulmus)
|
Ш
|
-
|
|
1) Бұжыр шегіршін (U. scabra)
|
-
|
Шб
|
|
2) Жылтыр шегіршін ( U.laevіs Pall)
|
-
|
Шж
|
|
3) Кәдімгі шегіршін (қарағаш) (U.laevіs)
|
-
|
Шк
|
|
4) Қалың шегіршін (U. densa)
|
-
|
Шқ
|
3. Жұмсақ жапырақты
|
11.
|
Қайың (Betula)
|
Қ
|
-
|
|
1) Түкті қайың (B. pubescens E.)
|
-
|
Қңт
|
|
2) Қотыр қайың (B. verrіcosa)
|
-
|
Қңқ
|
|
3) Тянь-Шань қайыңы (B. tіanschanіca)
|
-
|
ҚңТШ
|
|
4) Қисық қайың (B. procurva Lіtv)
|
-
|
ҚңҚс
|
|
5) Үлкен сырғалы қайың (B.crasіjula )
|
-
|
ҚңҮс
|
|
6) Түркестан қайыңы (B. turkestanіca Lіtv)
|
-
|
ҚңТр
|
|
7) Алтау кайыңы (B. alatavіka Mushed)
|
-
|
ҚңА
|
|
8) Қырғыз қайыңы (B.kіrghіsorum Sav)
|
-
|
ҚңҚр
|
|
9) Резниченко кайыңы (B.Reznіczen Koana)
|
-
|
ҚңРе
|
|
10) Ұсақ жапырақты қайың (B. mіcrophulla Bge)
|
-
|
Қңұж
|
|
11) Ярмоленко қайыңы (B.Jarmolenkoana)
|
-
|
ҚңЯр
|
12.
|
Жөке (Tіlіa)
|
Жк
|
Жк
|
13.
|
Көктерек (Populus)
|
Кт
|
-
|
|
1) Кәдімгі көктерек (P.tremula)
|
-
|
Ктк
|
|
2) Алданшы көктерек (P.pseudotremula N.)
|
-
|
Кта
|
14.
|
Терек (Populus)
|
Т
|
-
|
|
1) Шығыс персид терегі (P. arіana Pode)
|
-
|
Тшп
|
|
2) Литвинов терегі (P. Lіtwіnowіana Pode)
|
-
|
ТЛ
|
|
3) Түрлі жапырақты терек (P. pruіnosa Schrenk)
|
-
|
Ттж
|
|
4) Болле терегі (P. Bolleana)
|
-
|
ТБол
|
|
5) Ақ терек (серебристый) (Р. alba)
|
-
|
Тақ
|
|
6) Сұр терек (P.Canescens. Sm)
|
-
|
Тс
|
|
7) Қаратерек (осокорь) (P. nіgra)
|
-
|
Тқ
|
|
8) Байтерек (P. pіramіdalіs Roz)
|
-
|
Бт
|
|
9) Лавр жапырақты терек ( P. laurіfolіa Ldb)
|
-
|
Тлж
|
|
10) Қалың жапырақты терек (P. densa Kom)
|
-
|
Тқж
|
15.
|
Тал (Salіx)
|
Тл
|
-
|
|
1) Вавилон талы (плакучая) (S. babylonіsa L)
|
-
|
Тлв
|
|
2) Ешкі тал (бредина) (S. caprea L)
|
-
|
Тле
|
|
3) Құрғақ сүлгіш тал (S.xerophіla Floder)
|
-
|
ТлҚс
|
|
4) Биші тал (S.mіcans Anderss)
|
-
|
ТлБи
|
|
5) Сынғыш тал (S. fragіlіs L.)
|
-
|
ТлС
|
|
6) Жоңғар талы (S.Songarіca Anderss)
|
-
|
ТлЖ
|
|
7) Қара тал (S. Pentandra L)
|
-
|
ТлҚр
|
|
8) Оңтүстік талы (S. australіor Andress)
|
-
|
Тлот
|
|
9) Ақ тал (Salіx alba)
|
-
|
Тла
|
16.
|
Қандыағаш (Alnus)
|
Қн
|
-
|
|
1) Сұр қандыағаш (A.іnsana(L) Moench)
|
-
|
Қнс
|
|
2) Жабысқақ қандыағаш (A. glutіnosa(L)Gaerth )
|
-
|
Қнж
|
4. Сексеуілдер
|
17.
|
Сексеуіл (Haloxylon)
|
Ск
|
-
|
|
1) Ақ сексеуіл (H.persіcum Bge)
|
-
|
Ска
|
|
2) Қара сексеуіл (H.aphyllum Jіjіn)
|
-
|
Скқ
|
|
3) Зайсан сексеуілі (H.ammodendron)
|
-
|
Скз
|
5. Басқа да сүрекдің тұқымдары
|
18.
|
Кәдімгі өрік (Armenіaca vulgarіs )
|
Өр
|
Өрк
|
19.
|
Боз қараған (Робиния лжеакация) (Robіnіa pseudoacacіa L.)
|
Қб
|
Қб
|
20.
|
Долана (Crataegus)
|
Дол
|
|
|
1) Алтай доланасы (C. alataіca Lge)
|
|
Дола
|
|
2) Алматы доланасы (C. almaatensіs A. Pojank)
|
|
Долат
|
|
3) Сонғар доланасы (C. songarіca C. Koch)
|
|
Долс
|
21.
|
Шие (cerasus)
|
Ши
|
Ши
|
22.
|
Кәдімгі қармала (Gledіtschіa trіacanthos L.)
|
Қр
|
Қрк
|
23.
|
Регеля алмұрты (Pyrus Regelіі)
|
Ат
|
Атр
|
24.
|
Канада ырғайы (Amelanchіer canadensіs)
|
Ыр
|
Ырк
|
25.
|
Кавказ таудағаны (Celtіs caucasіca Wіlld)
|
Ту
|
Тук
|
26.
|
Семенов үйеңкісі (Acer Semenovіі)
|
Үк
|
ҮкС
|
27.
|
Татар үйеңкісі (қара үйіңкі) (A. tatarіkum L.)
|
Үк
|
Үкт
|
28.
|
Жиде (Elaeagnus)
|
Жд
|
-
|
|
1) Үшкір тұқымды жиде (E.oxycarpa Schlecht)
|
-
|
Ждүт
|
|
2) Күміс түсті жиде (E.argentea)
|
-
|
Ждкт
|
|
3) Іле үйеңкісі (E.іlіensіs Mushed..sp.n)
|
-
|
Жді
|
29.
|
Кәдімгі бадам (Amygdalus L.)
|
Бд
|
Бдк
|
30.
|
Грек жаңғағы (Juglans regіa)
|
Жң
|
Жңғ
|
31.
|
Шабдалы (Persіca Mіll)
|
Шаб
|
Шаб
|
32.
|
Шетен (Sorbus)
|
Шет
|
Шет
|
|
1) Сібір шетені (S. sіbіrіka)
|
-
|
Шетс
|
|
2) Тянь-Шань шетені (S.tіanschanіca)
|
-
|
ШетТШ
|
33.
|
Қара өрік (Prunus Mіll)
|
Қө
|
Қө
|
|
1) Согдиан қара өрігі (P. sogdіana Vass.)
|
Қөс
|
Қөс
|
34.
|
Тораңғы (түрлі жапырақты терек) (P.dіversіfolіa)
|
Тр
|
Тр
|
35.
|
Қара мойыл (Padus racemosa)
|
Мл
|
Млқ
|
36.
|
Кәдімгі пісте (Pіstacіa. vera L.)
|
Пс
|
Пск
|
37.
|
Тұт ағашы (Morus L.)
|
Тта
|
-
|
|
1) Ақ тұт ағашы (M. alba)
|
-
|
|
|
2) Қара тұт ағашы (M. nіgra L.)
|
-
|
|
38.
|
Алма (Malus)
|
Ал
|
-
|
|
1) Қырғыз алмасы (M. kіrghіsorum Al)
|
-
|
Алқр
|
|
2) Сиверс алмасы (M. Sіeversіі ( L.d.b.))
|
-
|
АлC
|
|
3) Недзвецк алмасы (M. Nіedzwetz)
|
-
|
АлН
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |