Қазақстан Республикасының орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы


Орман мекемесі және орманшылықтағы мамандар штаты



бет44/54
Дата21.06.2016
өлшемі6.92 Mb.
#151447
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54

15. Орман мекемесі және орманшылықтағы мамандар штаты



Қызмет атаулары

Адам саны

орман орналастырумен ұсынылған

кеңеспен қабылданғаны







1

2

3

4













16. Орман шаруашылық өндірісіндегі техника мен механизмдер,
құрылыс көлемдері және көлік алу


N

Құрылыс түрлері және алған мүліктер

Өлшем бірлігі

Көлемі

Жоба түрі, марка сы

Орналасқан жері

орталық мекен жай

орманшылық

















































1

2

3

4

5

6

7

8

9

10































      Анықтаманы құрастырушы _____________________________________
                                    қызметі, мекеме

      ___________________________________________


            Ф.А.Т. қолы күні

Қазақстан Республикасы орман 


қорында орман орналастыру 
жұмыстарын жүргізу ережелерінің
23 қосымшасы    

нысан


Таксациялық сипаттама

Орман иесі: ________________           Орманшылық: __________________



Орам _________________________        МОҚ категориясы________________

Телім нөмірі

Ауданы, га

Құрамы, өскін, орман астары, топырағы, жер бедері, телім ерекшелігі

Сүрек қабатының биіктігі, м

Орман элементі

Орман жасы, жыл

Биіктігі, м

Диаметрі, см

Жас кластары, жас топтары

Жас топтары

Бонитет

Орман түрі. Орман өсімдіктерінің өсу ортасының түрі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12





































кестенің жалғасы:

Өсіп тұрған орман қоры м3

Тауар класы

Телімдегі қоры, м3

Шаруашылық тапсырмалар

Орман шаруашылығы жұмыстары біткеннен соң оларға өзгерістер енгізу үшін

сирек орман

қураған ағаш

жеке тұрған ағаш

қалдықтар

гектарда

жалпы телімде

с.і. тұқым түрі бойынша

жалпы

өтімді

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23



































































      Ескерту: Орамда екі немесе одан көп МОҚ категориялары
               болған жағдайда телімдер біртіндеп әр категория
               шегінде жазылады және жеке категория мен жалпы
               орам бойынша қорытынды шығарылады.

      Біртіндеп және жаппай кесу әдістері бойынша мәліметтер тек 10 бағанында көрсетіледі.


      Басты пайдалану мөлшеріне енгізілген алқаағаш туралы мәліметтер 14 бағанында келтіріледі.

Қазақстан Республикасы орман 


қорында орман орналастыру жұ-
мыстарын жүргізу ережелерінің
25 қосымшасы      

Үздіксіз орман орналастыруды жүргізу бойынша әдістемелік
нұсқаулар 1. Жалпы қағидалар

      1. Үздіксіз орман орналастырудың өзі – тексеру кезеңі ішінде апатқа және тағы басқа қолайсыз әсерлерге ұшыраған, шаруашылық шараларын жүргізуге тағайындалған орман қорындағы телімдердің бөліктеріне жыл сайын тексеру жүргізу жұмыстары мен қарапайым орман орналастырудың тұтасуынан тұрады. Жыл сайынғы (ағымдағы) түгендеу жұмыстары жаңа базалық орман орналастыруға дейін жүргізіледі.


      2. Осы әдістеме орман қорын есепке алу және үздіксіз орман орналастыру жұмыстарын жүргізу технологиясы мен ұйымдастырудың мақсатын, жүргізу барысындағы кіріс-шығыс құжаттарының жүйесін айқындайды, өңдеу мен керекті мәліметтерді алу процесін сипаттайды.  Үздіксіз орман орналастыру барысында алынған мәліметтер орман мекемесіндегі орман пайдалануды, орман қоры мен орман шаруашылық бағыты бойынша ақпараттық базасын құруды, мәліметтер банкін жіктеуді қамтамасыз етеді.
      3. Тексеру кезеңіндегі жыл сайын жаңартылатын мәліметтер базасының ақпараттары, алқаағаштар көрсеткіштерінің актуализациясы, орман түгендеу көрсеткіштері, түсіру – геодезиялық және карта құрастыру жұмыстары кезекті базалық орман орналастырудың ақпараттық негізі болып табылады және орман шаруашылығындағы мәліметтер қорының толық жаңаруын қамтамасыз етеді.
      Содан кейін кезекті үздіксіз орман орналастыру циклы басталады. Бұл жағдайда орман шаруашылығы мен орманды пайдалану қарқындылығына байланысты тексеру кезеңінің ұзақтығы тапсырыс берушінің анықтауымен 20-25 жылға созылуы мүмкін.
      4. Үздіксіз орман орналастыруға көшу мен оның тиімділігін арттыруға қажетті жағдайлар:
      1) оны жүргізуге қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың құқықтары мен міндеттерінің анық көрсетілуі;
      2) орман шаруашылықтары және орман орналастыру ұйымдарында орман қоры мен орман шаруашылығы саласындағы автоматтандырылған мәліметтер банкін жасау және оны игеру үшін техникалық, бағдарламалық құралдардың, дайындықтан өткен мамандардың болуы;
      3) шаруашылық жұмыстарын жүргізуге белгіленген телімдердің үлесі жалпы телімдер санының 3 пайызынан кем болмауы;
      4) кезекті базалық орман орналастыруға дейінгі орман мекемелерінің шекараларының сақталуы, олардың аумағының орманшылықтарға, орам торларына бөлінуі, шекараларының тұрақты сақталуы, ірі ұйымдастырушылық және аумақтық құрылымдардың жүргізілмеуі.
      5. Үздіксіз орман орналастыруға көшу белгілі уақыт жағдайларына байланысты негізгі орман орналастырудан кейін (бірақ аралығы 5 жылдан аспай) орман мекемесінің сұрауымен және өкілетті органдардың шешімімен өткен жылдар ішіндегі ағымдағы өзгерістерді толық көлемде орман орналастыру мәліметтеріне енгізе отырып, орман орналастыру ақпараттарын магнитті таспаларда сақтаған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.
      Бұл жағдайда тиісті бағдарламалық құралдар арқылы орман қоры бойынша актуализацияланған мәліметтер қоры жасалады, түзетулер енгізіледі, сипаттамасы күдік тудыратын немесе дұрыс емес телімдер аралап көру әдісімен тексеріледі, сонымен қатар, қажет болған жағдайда, белгіленген тәртіппен ормандардың МОҚ категорияларына бөлінуі қайта қарастырылып, рәсімделеді. Ал күрделі өзгерістер болған жағдайда бұрынғы толтырылған ұйымдық-шаруашылық жоспарға түзетулер енгізіледі негізгі және аралық пайдаланудың есебін қайта береді.
      Көрсетілген жұмыстар орындалғаннан кейін орман иеленушісінің мәліметтері бойынша Орман қорының мәліметтер банкі құрылады.
      6. Орман иеленушісіне тұрақты түрде қолдануы үшін, базалық орман орналастыру кезінде пайдаланылған әуе-ғарыштық фотосуреттер беріледі. Бұл құжаттармен жұмыс істеуге орманшылардың, тағы басқа да мамандардың рұқсаты болады. Сонымен қатар, олар құжаттарды пайдалануға алу, сақтау және жұмыс жасау ережелерін бұзбаулары шарт.
      7. Үздіксіз орман орналастырудың циклы (жыл сайынғы ағымдағы орман түгендеу) орман иеленушісінің орман қоры бойынша төмендегідей ортақ жинақталған мәліметтер базасы құрастырылғаннан кейін басталады:
      1) орман қорының;
      2) картографиялық;
      3) техника-экономикалық көрсеткіштердің және жобалық жоспар нормативтері;
      4) орманды пайдалану;
      5) орманды ұдайы өсіру;
      6) орманды күзету және қорғау;
      7) жол тораптары және гидрография;
      8) нормативті-анықтамалық ақпараттар;
      9) орман қорындағы ағымдағы өзгерістер.
      Аталған мәліметтер базасы бірінші ағымдағы орман түгендеу жұмыстарына дайындық басталмас бұрын арнайы бағдарламалық құралдармен жасалады.
      Бірінші орман түгендеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін оның нәтижелері бойынша барлық мәліметтер қоры жаңартылады, бірақ орман қорының бастапқы мәліметтері мен картографиялық мәліметтер архивтеледі, магниттік таспаларда сақталады.
      8. Мәліметтер қорына төмендегідей ақпараттық толықтырулар енгізіледі:
      1) орман қорының таксациялық сипаттамасы көлеміндегі телім бойынша ақпараттар, орам бойынша жалпы көрсеткіштердің мәліметтері, мемлекеттік және орман кадастры есептерінің мәліметтері. Бұл база көрсеткіштерінің құрамы орман орналастыру ақпараттарын өңдеу жүйелерінің көрсеткіштеріне сәйкес келеді (ОАӨЖ);
      2) мазмұны бойынша әртүрлі масштабтағы картографиялық мәліметтер базасы және орман орналастыру планшеттері, алқаағаштар жоспары, кеспеағаштардың орамдар бойынша альбомы, екпе ормандардың сызбалары, ұзақ мерзімді орман пайдалану учаскелерін белгілеу жоспары, басқа да жұмыстар көлеміндегі сандық және таңбалық ақпараттар;
      3) техника-экономикалық көрсеткіштері мен жоспарлы-жобалық нормативтердің мәліметтер базасы, орман мекемесі мен орманшылықтағы құжаттар, шаруашылық бойынша есептік кеспеағаш, орман дайындау жұмыстары бойынша аралық пайдалану мен ағаш дайындау көлемі, өндіріс қарқындылығы, орман шаруашылық әрекетінің негізгі жобалық және жоспарлық көрсеткіштері жөніндегі ақпараттар;
      4) орман пайдаланудың мәліметтер базасы, негізгі және аралық пайдалану үшін кесу, күту үшін кесу, санитарлық кесу тағы басқа кесулер белгіленген кеспеағаштар мен олардың сортименттік құрылымы, материалдық қаржылай бағасы жөніндегі мәліметтер, шайыр алу учаскелері, ағаш кесу билетін есепке алу мен оны жазып тарату, жоспарланатын шаралар, орман заңдарын бұзушылықты куәландыратын құжаттар, орманды қосымша пайдалану, тағы сол сияқты шаралар жөніндегі мәліметтер;
      5) ормандарды ұдайы өсірудегі мәліметтер базасына табиғи жаңартуларға жағдай жасалатын және орман қорының мәліметтер базасында жоқ екпе ормандары құрылған учаскелердің қосымша сипаттамалары, орман екпелерінің жобасы, оларды түгендеу мен техникалық қабылдау құжаттары, орманның табиғи жолмен қалпына келуіне жәрдемдесу шаралары жүргізілген жерлер, ағашы кесілген жерлерді зерттеу мәліметтері, екпе ормандарды есептен шығару акті, құндылығы шамалы алқаағаштарды қайта қалпына келтіру арқылы жасалған екпе ормандар жөніндегі мәліметтер. Соған қосымша барлық орман орналастыру кезінде есепке алынған немесе түгендеу жылына дейін пайда болған, және ормандарды ұдайы өндіру шараларының қорына енгізілетін ормансыз жерлер жөніндегі мәліметтер енгізіледі;
      6) орманды күзету және қорғау жөніндегі мәліметтер базасы орман өрттерін есепке алу кітабы, ағымдағы түгендеу барысында анықталған орман заңдарын бұзушылықтарды есепке алу кітабы, қолайсыз санитарлық жағдайлар туралы мәліметтер, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының кітабы, алқаағашты бағалау мәліметтері;
      7) жол тораптары мен гидрография жөніндегі мәліметтер базасы, аумақтағы өзендер, барлық мақсаттағы жолдар, жол-техникалық және гидротехникалық құрылыстар, олардың сипаттамасы (сапасы, категориясы және жағдайы), жол тораптары құрылыстарының даму бағытының жағдайы туралы мәліметтер;
      8) нормативтік-анықтамалық ақпараттар базасына сөздіктер, классификаторлар, цифрлық анықтамалықтар, тиісті базаларға енгізілетін мәліметтерді, есептік, логикалық әдістермен бақылау үшін және үздіксіз орман орналастыру құжаттарын алу үшін қажет нормативтік және реттеуші құжаттар.
      Нормативтік-анықтамалық мәліметтер базасы, орман орналастыру мәліметтерін өңдеу жүйесінде қолданылатын анықтамалар, басты және аралық пайдалану кесулері мен ормандарды ұдайы өндіру және сөл ағызу жөніндегі заңдастырылған ережелер мен нұсқаулықтар, жеке қағидалар. Нормативтік-анықтамалық мәліметтердің анықталған құрамы мен оны құру ережелері үздіксіз орман орналастыру мәселелерін шешетін техно-жұмыс жобаларында келтірілген;
      9) ағымдағы өзгерістер жөніндегі мәліметтер базасы қандай да бір әсерге ұшыраған телімдердің барлық өзгерістері жөніндегі мәліметтерді қамтиды. Бұнда барлық жыл бойындағы өзгерістер жөнінде мәліметтер жинақталады да табиғи жағдайда зерттеу қорытындысынан кейін, көрсеткіштері барлық басқа базаларға беріледі. Ал ағымдағы өзгерістердің толық мазмұны стримерде архивтеледі.
      Орман қорындағы учаскелердің шекараларына өзгерістер әкелетін және жаңа телімдердің пайда болуына әкеліп соғатын шаруашылық және тағы басқа әсерлер арнайы бағдарламалық құралдар арқылы сандық пішін құрайтын және картографиялық мәліметтер базасына енгізілетін графикалық құжаттармен қоса жүреді (абристер, көшірмелер және геомәліметтер).
      Орман қорындағы өзгерістер жөніндегі мәліметтер әр ағымдық орман түгендеу жұмыстарынан кейін жиналып тексеру кезеңінің аяқталуына байланысты болашақта орман шаруашылық әрекеттерінің әсерін сараптау мақсатында қолдану үшін және нормативтерді құрастыру үшін архивтеледі;
      10) мәліметтер базасын қалыптастыруға қажет ақпараттар базалық орман орналастыру мәліметтері мен орман мекемелерінің есеп беру және жоспарлық құжатарынан, ағымдағы орман түгендеу барысында толтырылған бағалау карточкаларынан алынады;
      11) циклға байланысты базалық орман орналастыру 5 жылдан кейін орман қорының мәліметтер базасы табиғи өсімге актуализацияланады. Актуализациялауға жарықтандыру, тазарту жасындағы балауса ағаштар мен пісіп жетілген ағаштардан басқа орман шаруашылық және басқа да өзгерістерге ұшырамаған алқаағаштар жатады.
      Актуализация арнайы әдістемемен сыналған модель бойынша, солардың негізінде құрастырылған бағдарлама арқылы, және алқаағаштардың бағалау көрсеткіштерінің өзгеруі арқылы жасалады.
      Мәліметтер қорын жаңартқаннан соң, әр ағымдағы орман орналастыру мәліметтері бойынша табиғи өсімге актуализацияланғаннан кейін үздіксіз орман орналастырудың міндеті жүзеге асырылады;
      12) Үздіксіз орман орналастыру мамандандырылған орман орналастыру партиясының күшімен жүзеге асырылады. Мамандар Орман қорының мәліметтер банкін қолдану және үйрену барысында мыналарды орындайды:
      нормативтік анықтау мәліметтері базасын енгізу;
      ағымдағы түгендеу мәліметтерін енгізу және қадағалау;
      орман қорының телімдік орман бағалау мәліметтерін жүргізу;
      арнайы және жинақталған ақпараттардың мәліметтер базасын актуализациялау;
      орман шаруашылығы шараларының ағымдағы міндетін жоспарлау үшін жұмыс ақпаратын дайындау;
      кеспеағаш қоры жөніндегі графикалық кескіндерді қоса мәліметтер дайындау және өңдеу;
      сұрыптау мен бірге кеспеағашты материалдық-қаржылай бағалау;
      сұраныстар бойыынша анықтамалар беру;
      орман шаруашылық шараларының жылдық жоспарларын жасау;
      орман шаруашылылығы және орман пайдалануды бақылау жөніндегі жинақ ақпараттарды өңдеу, тарату;
      орман қорын есепке алу құжаттарын толтыру;
      орман қорының жағдайын сараптау және бағалау;
      орман мониторингі жөніндегі мәліметтерді дайындау;
      стандартты емес сұраныстарға арналған анықтамаларды дайындау және беру;
      картографиялық мәліметтер базасын жаңарту;
      пайдаланушының сұрауымен оған қажетті объектілердің шекарасы көрсетілген әуе-ғарыштық суреттерді автоматты түрде өңдеу және оларды картографиялық мәліметтер базасына тіркеу.
      9. Өздеріне берілген техникалық құралдар арқылы орманшылар мыналарды қамтамасыз етулері керек:
      1) мемлекеттік орман қорындағы жерлердің жағдайы мен оларды пайдалануды салалық есепке алу және орман кадастры кітабын жүргізу;
      2) ағаш кесуді есепке алу;
      3) кеспеағаштарды материалдық - қаржылай бағалау;
      4) орманды қалпына келтіру жұмыстарын жоспарлау және есепке алу;
      5) орман күзетуді және қорғауды жоспарлау мен есепке алу;
      6) орман өрттері мен олардың салдарын есепке алу;
      7) орман пайдалануды есепке алу;
      8) жерлерді қабылдау мен тапсыруды есепке алу;
      9) сүрексіз қорларды есепке алу;
      10) орман шаруашылығы шаралары бойынша санақ-есеп беру құжаттарын магнитті таспаларда, көшірмелер түрінде дайындау.

2. Үздіксіз орман орналастырудың мақсаты мен міндеті

      10. Үздіксіз орман орналастырудың мақсаты:


      1) орман мекемелерінде орман қорларын тиімді пайдалануды ұйымдастыру және орман шаруашылығын тиімді жүргізуді қамтамасыз ету;
      2) тексеру кезеңінде орманды пайдалану мен орман шаруашылық шаралары салдарынан орманға және қоршаған ортаға әсер ететін орман қорындағы өзгерістерді есепке ала отырып құрастырылған ұйымдық-шаруашылық жоспарын толық жүзеге асыру;
      3) барлық пайдалану түрлері бойынша сүрекдің қорларын толық көлемде анықтау және айқындау, сонымен қатар орман мекемелеріндегі, оның жекелеген бөліктеріндегі, соның ішінде ұзақ мерзімге пайдалануға берілген жерлердегі сүрексіз орман қорын пайдалану қарқындылығын есепке ала отырып, сүрекдің қорларын, олардың пайдалануға жарамдылығы мен тиімділігін анықтау;
      4) орман қорын пайдаланудың барлық түрлерін, орман шаруашылық шараларын жүргізу орындарын белгілеу, алқаағаштардың өсімі мен дамуына, олардың экологиялық жағдайына кері әсер ететін факторларды жою және қолайлы шешімдерін табу;
      5) орманшылықтар мен орман учаскесінен бастап орман мекемелерінің барлық өндіріс звенолары арасында немесе басқа да қызығушылық білдіріп отырған мекемелер арасындағы жарлық және есеп беру құжаттарының (алмасуын) қағазсыз формасына ауысу арқылы тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
      6) жалға берілген орман қорларында шұғыл шараларды қолдана отырып, орманды дайындаудағы және басқа да орман қорындағы керексіз тенденцияларының қалыптасуын болдырмау мақсатында орман жағдайына тұрақты бақылау ұйымдастыру;
      7) базалық орман орналастыру мәліметтерінің нақтылығын арттыру, кезекті орман орналастыру және орман қоры мен орман кадастрын есепке алу бойынша құжаттау жұмыстарына жұмсалатын еңбек шығынын азайту;
      8) орман қорындағы әртүрлі орман пайдалану үшін орман қорының жерлерін бөлудегі геодезиялық және картографиялық белгілену сапасын арттыру, оларды қабылдау және орман пайдалануға тапсыру;
      9) орман мекемесінің аумағында іске асырылған жағдайда ормандардың аймақтық және локальді мониторингі жөніндегі ақпараттармен қамтасыз ету.
      11. Үздіксіз орман орналастыру барысында қойылған мақсатқа сәйкес төмендегідей тапсырмалар кешені шешіледі:
      1) орман шаруашылығы мен орман қоры бойынша мәліметтер банкін және ағымды орман түгендеуді сақтау:
      ағымдағы жылға орман қорының жағдайы, атқарылған шаралар, олардың салдары, орманның босатылуы және оның барлық пайдалану түрлері бойынша дайындалуы, орман қорларына кіретін ұзақ мерзімді пайдалануға берілген орман учаскелеріндегі өзгерістер, орман учаскелерінің (телімдердің) жағдайлары жөніндегі мәліметтерді жинау;
      орманға шаруашылық әсерін тигізетін учаскелерді анықтау;
      кезекті басты және аралықтағы пайдалану жылындағы кеспеағаш қорын бағалау;
      орман пайдалану мен басқа да орманға тигізетін әсерлер жөніндегі мәліметтердің дұрыстығын бақылау;
      мәліметтер базасын ағымды жаңарту;
      ОҚ мәліметтер базасын алқаағаштың табиғи өсіміне байланысты актуализациялау;
      2) орман шаруашылық шаралары мен орман пайдалануды жоспарлау:
      кеспеағаш қорын басты және аралық пайдалану кесуіне дайындау;
      келесі кеспеағаштардың орналасу жоспарын айқындау;
      кеспеағаштарды материалдық-қаржылай бағалау;
      кеспеағаштардың геомәліметтерімен бірге графикалық жоспарын беру;
      ағаш кесу билеттерін беру және есепке алу;
      күту үшін кесу, санитарлық кесу, екпе ағаштарды қайта жаңарту және басқа да кесулерді белгілеу;
      ормандардың ұдайы өсіруге жататын ауданының құрылымы мен көлемін айқындау;
      орман екпелері жұмыстарын іске асыру мен орманмен қамтылмаған жерлердегі табиғи жаңаруға қолайлы жағдай жасау шараларының жылдық жоспарын жасау;
      орманды кесу және орман шаруашылық шаралар жоспарына түзету енгізу;
      табиғи жаңару жағдайы орманмен қамтылған жерлерге ауыстыруға сәйкес келетін немесе ауыстыруға нормативтік мерзімі жеткен орман екпелерінің учаскелерін іріктеу;
      3) орман пайдалану мен орман шаруашылық шараларының жүргізілуін бақылау:
      атқарылған жұмыстарды есепке алу, белгіленген жоспарлардан, орманшылық ережелері мен шектеулерден ауытқуларды тіркеу және бағалау шұғыл шараларды қажет ететін анықталған ауытқулардың белгі беру анықтамасын толтыру;
      басты орман пайдалану кесулерін куәландыру;
      атқарылған орман шаруашылық шараларының сапасын бағалау мен жұмыс нәтижелерін сараптау;
      4) орманды күзету мен қорғауды ұйымдастыру:
      өндірістік қалдықтар әсер ететін аймақтардағы ормандардың орман патологиялық мониторингі;
      қарауға алынған бақылау учаскелерінің санитарлық жағдайын тексеру;
      орман қорғау бойынша есеп беру мен ұсыныстар пішіндерін беру;
      5) орман кадастры, орман шаруашылығы бойынша есепке алу және есеп беру, ормандарды мемлекеттік есепке алу құжаттарын жүргізу, ақпараттық қызмет көрсету:
      орман кадастрлық кітабын жүргізу және орманды мемлекеттік есепке алу пішіндерін немесе оның үзіндісін беру;
      орман шаруашылығы бойынша мемлекеттік статистикалық есеп беру пішінін құрастыру;
      орман шаруашылық саласының әртүрлі ерекшелігі бойынша орман пайдалану, орман қоры мен оның жекелеген бөліктерінің жағдайы жөнінде анықтамалық ақпарат беру;
      орман қоры мен орман шаруашылық шараларының картографиялық және графикалық орындалуы бойынша мәлімет беру;
      6) орман пайдалану мен орман шаруашылық шараларын жоспарлау:
      тексеру кезеңіне орман кесу мен орман шаруашылық шараларының жоспарын жасау (анықтау);
      алқаағаштардан шайыр алу жобасын кесу жоспарымен ұштастыра отырып құрастыру (қалыптастыру);
      орман шаруашылық жұмыстарын жүргізу және оны орналастырудың жылдық жоспарын құрастыру;
      қайта қалпына келтіру учаскелерін орманмен қамтылған жерге, ал жұмсақ жапырақты алқаағаштарды күтіп-баптау кесулері арқылы қылқанды шаруашылыққа ауыстыру жобасына түзету енгізу;
      7) орман қорының жалға берілген учаскелерінде басты пайдалану үшін кесудің және орман шаруашылығын жүргізудің жобасын жасау.
      12. Барлық мәселелер кешені жыл сайынғы орман түгендеудің нәтижесі бойынша шешіледі.
      Болашаққа жоспарлау мәселелері актуализацияланған мәліметтер базасының ақпараттары арқылы шешіледі.
      Пайдаланушылырға орман қоры мен мемлекеттік есепке алудың жаңартылған пішіндерін немесе оның үзіндісін және орман қорының, орман пайдаланудың, орман шаруашылық саласының жағдайы жөніндегі анықтама беру алдын ала анықталған мерзімдерде жүргізіледі.
      Керекті ақпараттарды шұғыл тапсыруды қажет ететін мәселелер бір жылдың ішінде немесе белгіленген уақытта пайдаланушының талабы бойынша шешіледі.
      Үздіксіз орман орналастыру барысында жалға беру қағазы орман қорын жалға алу сұраныстарына байланысты белгілі бір шарттардың көмегімен жалға алушының есебінен құрастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет